Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🌲Бүгін - Орман шаруашылығы қызметкері күні

Қазан айының үшінші жексенбісінде елімізде Орман шаруашылығы қызметкері күні аталып өтеді.

Атаулы күн 2017 жылы кәсіби мереке ретінде белгіленген.

Орманды қорғап, табиғи байлықты сақтауға үлес қосып жүрген мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
👍11👏1🎉1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❓Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз гранттар кімдерге беріледі?

📌Оның талаптары қандай? Ал қаржыны алып келісімшартты орындамағандарға қандай шара қолданылады?

📺 Осы және өзге де өзекті мәселелер бүгін 20:00-де «Апта» бағдарламасында.
🎉4👍2
🤔Кітап оқып ақша табуға бола ма?

Кітап оқуды табыс көзіне айналдырып жүрген адамдар бар. Олардың қатарында қолжазбаларды оқып, кітаптарға пікір жазатындар, аудиокітап дыбыстап, оқу марафондарына қатысатындар бар.

📚Кітапқұмарлықты қалай табысқа айналдыруға болады? Карусельден оқыңыз.
🔥7
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

🏒 Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының соңғы кездесуінде қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея құрамасын 5:1 есебімен жеңді.

🔹 Бұған дейін отандастарымыз Жапонияға (0:4) және Қытайға (1:2) есе жіберген еді.

🥅 Турнирге Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары қатысты.

🥇 Азия чемпионатының алтын медалі үшін Жапония мен Қытай құрамалары таласады.
👏6❤2
Forwarded from QAZSPORTTV
Бүгін V Жазғы Пара Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді

📆 18–24 қазан аралығында Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында V Жазғы Пара Азия ойындары өтеді


🔹 Биылғы додада Азияның 45 елі мен өңірінен 4 мыңға жуық спортшы 18 спорт түрінен 502 медаль жиынтығын сарапқа салады.

🇰🇿 Ашылу салтанатында Қазақстанның Мемлекеттік туын Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков пен парадзюдошы Аяла Мереке алып шығады. Ұлттық құрама сапында 12 спорт түрінен 150 спортшы ел намысын қорғайды.

📺 Ашылу салтанатын бүгін сағат 14:00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалаңыз!
👍6❤1
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔥🇰🇿 Қазақстан құрамасы V Жазғы Пара Азия ойындарының салтанатты шеруінен жүріп өтті

🔹 Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан V Жазғы Пара Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның Мемлекеттік туын Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков пен парадзюдошы Аяла Мереке алып шықты.

Биылғы додада Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 150 спортшы бақ сынайды. Отандастарымыз 12 спорт түрінен ел намысын қорғайды.

📌 Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!
👍8❤1
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📆 18–24 қазан күндері Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында V Жазғы Пара Азия ойындары өтеді

🔹 Байрақты бәсекеге Азияның 45 елі мен өңірінен 4 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 18 спорт түрі бойынша 502 медаль жиынтығын сарапқа салады.

🇰🇿 Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 150 спортшы бақ сынайды. Отандастарымыз 12 спорт түрінен ел намысын қорғайды.

Алға, Қазақстан!
👍10❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💰 Кәсіп бастауға арналған қайтарымсыз грант беру тоқтатыла ма?

Елімізде кәсіп бастауға берілетін қайтарымсыз гранттардың тиімділігі қайта қаралып жатыр. Себебі мемлекеттен қаржылай қолдау алған азаматтардың бір бөлігі кәсібін тоқтатқан.

💬 «Әділдік жолы» РҚБ өкілі Назима Жұбандықованың айтуынша, грант алған кей азаматтардың қаржылық сауаттылығы төмен, ал ұсынған бизнес жобаларының өміршеңдігі аз.

📊 2022 жылы грант алған 21,6 мың адамның жартысы, ал 2023 жылы қолдау алған 9 мыңға жуық азаматтың 3 мыңы кәсібін тоқтатқан. Оларды қаржыландыруға 37 млрд теңге бөлінген. Биыл гранттың екінші легін беру тоқтатылып, бағдарламаның тиімділігі зерделеніп жатыр.

❓ Қайтарымсыз гранттар кімдерге тиімді? Мемлекеттік қолдау неге нәтиже бермей жатыр? Ал жұмыссыздық жәрдемақысына қатысты қандай өзгерістер енгізілді?

🎥 Толығырақ тілші Қозы Көрпеш Жасарал сараптамасында.

📺 «Апта» бағдарламасының толық нұсқасын «Qazaqstan TV» YouTube арнасынан көре аласыздар.
👍3