Qazaqstan.tv
✔
41.4K subscribers
20.7K photos
21.5K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
📌 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен
🔥5🥱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында бюджет есебінен қаржыландырылатын барлық бағдарламаларды 1 мамырға дейін толық тексеруді тапсырды.

Жиында инфляцияны баяулату, жаңа Салық кодексі, жұмыспен қамту, цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды.

Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасады. Ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляцияны төмендету шараларын таныстырды.
💰 Ұлттық қор – балаларға: 35 млн доллар тұрғын үй мен білім алуға жұмсалды

Ұлттық қордан қаражат алған жас қазақстандықтар тұрғын үй мен білім алуға 35 млн АҚШ долларын жұмсаған. Бұл 2024–2026 жылдар аралығындағы көрсеткіш.

Осы кезеңде барлығы 223 мыңнан астам өтініш қабылданып, толық орындалды. Оның ішінде 22 млн доллардан астамы тұрғын үй жағдайын жақсартуға, ал 13 млн АҚШ долларынан астамы білім беру қызметтерінің ақысын төлеуге бағытталған.

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында кәмелетке толған әрбір азамат өз шотындағы қаражатты толық пайдалануға құқылы. Ал игерілмеген сома жинақтау шотында сақталады.
❤6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
♟Бибісара Асаубаева Әлем чемпионы атағына үміткерлер турниріне қатысады

Қазақстандық әйгілі шахматшы, халықаралық гроссмейстер Бибісара Асаубаева биыл Кипрде өтетін үміткерлер турнирінде ел намысын қорғайды.

Ол әлемнің ең үздік 8 шахматшысымен кездесіп, әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды. Бұл – Қазақстан шахматы тарихындағы маңызды оқиға.

Бибісара «блиц ханшайымы» деген лақап атпен танымал. Шахматшының айтуынша, ол күніне 8-9 сағат жаттығады.
❤11🔥3
💸 Шымкентте алимент төлемеген азаматтардың қарызы 5 млрд теңгеге жуықтаған

Қалада 3,5 мыңға жуық борышкер тіркелген, олардың шамамен 700-і табысын көрсете алмаған.

Осыған байланысты борышкерлерді жұмыспен қамту мақсатында арнайы жәрмеңке ұйымдастырылды. Шараға 30 кәсіпорын қатысып, вакансия ұсынды. Кейбір мекемелер мамандығы жоқ азаматтарды тегін оқытып, сертификат беруге дайын екенін мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, борышкерлерді тұрақты жұмысқа орналастыру алимент берешегін өтеуге мүмкіндік береді.
❤3
⚡️Ақтөбеде батут орталығы мүгедек болып қалған балаға 7 млн теңге төлейді

Ақтөбеде батут орталығында жарақат алып, үшінші топ мүгедектігі берілген балаға 7 млн теңге моральдық өтемақы төленетін болды.

Бала ойын кезінде құлап, аяғынан ауыр жарақат алған. Бірнеше рет ота жасалып, Илизаров аппараты орнатылған. Ұзақ уақыт ем қабылдап, мектепке бара алмаған, репетитор көмегіне жүгінген.

Алғашқы сот инстанциясы өтемақыны 2 млн теңге деп белгілеген.

Алайда апелляциялық сатыда батут орталығының кінәсі дәлелденіп, моральдық зиян көлемі 7 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
😭7❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❓Елорда тазалағына жауапты мамандардың бір күні қалай өтеді?

Коммуналдық қызметкерлердің жұмыс уақыты нешеде басталады? Қар тазалау кезінде қандай техникалар жұмылдырылады?

🎥Толығырақ видеодан көріңіз.
❤6
«Халық ұсынысы ескеріліп, Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді»

Конституциялық комиссияға келіп түскен ұсыныстар мұқият зерделеніп, Ата заң жобасына бірқатар қосымша нормалар енгізілді. Бұл туралы комиссияның XI отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Конституция жобасының 8-бабындағы меншікке қатысты норма нақтыланып, енді «Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады, оларға кепілдік беріледі және тең қорғалады» деп жазылатын болды.

Сондай-ақ 14-бапқа адам құқықтары мен бостандықтарының ҚР заңнамасының мазмұны мен қолданылуын айқындайтыны туралы толықтыру енгізілді.

Бұдан бөлек, Президенттің Құрылтайды тарату өкілеттіктері қайта қаралып, бұл міндетті емес, Мемлекет басшысының құқығы ретінде бекітілетін болды. Сонымен қатар Құрылтайды таратуға қатысты шектеулер де нақтыланды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қатысты түпкілікті шешім жалпыұлттық референдумда қабылданатынын айтқан еді.
❤4
🔵Динара Зәкиева: Тұрғын үйге құқық – адам қауіпсіздігінің негізгі шарты

Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрғын үй құқығы мен балалардың мүддесін қорғау бөлігінде конституциялық кепілдіктерді күшейтуге бағытталған бастама көтерді.

«Бүгін таңертең Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды негізсіз тұрғын үйден шығарудан және баспанасынан айырудан қорғау кепілдіктерін күшейту қажеттігіне ерекше назар аударды. Тұрғын үйге құқық – бұл әлеуметтік кепілдік қана емес, әсіресе балалар туралы сөз болғанда адамның қауіпсіздігінің негізгі шарты», – деді спикер.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹Президент: Біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.

«Бәріңізге мәлім, Қазақстан өтпелі кезеңге аяқ басты. Біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз. Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай отырысында конституциялық реформаның маңызды тұстары туралы айтқанымды білесіздер. Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы жағынан да, кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы Комиссия құрамында шетел мамандары жоқ», - деді Мемлекет басшысы.
👎2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Мемлекет басшысы: Бұл құжат мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түскенін көрсетеді

«Азаматтарымыз Конституция жобасының түрлі баптарын қызу талқылап жатыр. Қоғамның саяси мәдениеті және белсенділігі артып келеді. Бұл – менің саяси бағдарымда көрсетілген негізгі міндеттердің бірі. Еліміз үшін «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт» және «плюрализмге – ашықпыз, экстремизмнен – қашықпыз» қағидаттары өте маңызды. Сол арқылы қоғамдық диалогтың дамуына, еліміздің үздіксіз алға басуына жол ашылады. Қазірдің өзінде бір нәрсені күмәнсіз айтуға болады: жұртшылық назарына мүлде жаңа құжат ұсынылып отыр. Бұл құжат мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түскенін, яғни сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
LRT көктемде іске қосылады

Елордада LRT желісінің екінші кезеңіне дайындық жұмыстары басталды. Қазір Шыңғыс Айтматов көшесінде инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізілуде.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қазір жеңіл рельсті көлік жүйелері сынақтан өтіп жатыр. Жолақы құны мен төлем тәсілдері сол кезде нақтыланады.
❤2👍2
✉️Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаичиді құттықтады
 
🇰🇿🇯🇵Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Санаэ Такаичиді Жапониядағы Парламент сайлауында Либералды-демократиялық партияның жеңіске жетуіне орай құттықтап, жеделхат жолдады.

– Бұл елеулі жетістік – Сіздің парасатты саясатыңыз бен Өзіңіз басқарып отырған партияның маңызды жоспарларына барша отандасыңыз көрсеткен сенімнің айқын дәлелі екені сөзсіз. Халқыңыздың жарқын болашағы үшін сіңіріп жатқан қажырлы еңбегіңіз, қолға алған тың бастамаларыңыз еліңізді бүгіннен де биік табыстарға жетелей беретініне кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.


Президент былтыр Жапонияға жасаған ресми сапарын ыстық ықыласпен атап өтіп, өзара уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықты сапалы деңгейге көтергенін жеткізген. Сондай-ақ қазақ-жапон қарым-қатынастарының жоғары қарқынын сақтап, оны ұдайы дамыту үшін Санаэ Такаичимен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін растаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🐆Катонқарағайда ілбіс фототұзаққа түсіп қалды

Катонқарағай ұлттық паркінде қар барысы үш күшігімен фототұзаққа түсіп қалды.

Парк әкімшілігінің мәліметінше, бұл өте ерекше жағдай. Өйткені ілбіс күшіктері анасының жанында шамамен екі жыл болады. Осы уақытта олар аң аулауды, қауіптен сақтануды үйренеді.
❤16👍5❤‍🔥1👏1😍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Оралда іздеуде жүрген азамат ЖИ арқылы ұсталды

Орал қаласында заманауи цифрлық технологиялардың көмегімен іздеуде жүрген азамат қолға түсті. Қаланың түнгі клубтарының бірінде орнатылған бейнебақылау камерасы келушіні тіркеді.

Тұлғаны тану функциясымен жабдықталған бейнеаналитика жүйесі бейнені автоматты түрде іздеуде жүрген адамдардың дерекқорымен салыстырып, сәйкестікті анықтады.

📌Анықталғандай, азамат Ақтөбе облысы аумағында жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілініп, іздеуде болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📢Жаңбыр, жел, көктайғақ: ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу жасады

Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ІІМ барлық жүргізуші мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Қазіргі уақытта 20-дан астам учаске жабық. Олар - Абай, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Карағанды, Қостанай, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

Министрлік жол бағытын мұқият жоспарлап, көлік құралының техникалық жағдайын тексеруді ескертті.
😨6❤2🙏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🦢Каспий жағасында аққу көбейді

Соңғы жылдары жағажайдан көрінбеген аққулар биыл қайта оралды. Мамандар мұны құстардың көші-қонымен байланыстырады.

📍Ақтаудан 10 шақырым жерде орналасқан Қаракөлде 4-5 мың аққу қыстап жатыр. Ал аралдарда 20 мыңға жуық аққу бар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Михаил Шайдоровтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері

⛸ Отандасымыз мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарының қысқа бағдарламасында үздік бестікті (92,94 ұпай) түйіндеді.

1.Илья Малинин (АҚШ) - 108.16
2.Юма Кагияма (Жапония) - 103.07
3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) - 102.55
4.Даниэль Грассль (Италия) - 93.46

🔥 Михаил Шайдоров еркін бағдарламада 13 ақпан күні өнер көрсетеді.
❤16👍3👏1
📢Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды

Астана қаласының Білім басқармасы қолайсыз ауа райына байланысты хабарлама таратты.

Басқарма мәліметінше, 11 ақпан күні бірінші ауысымда оқитын 0-6 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
🏨Елордадағы емханада ми қызметін зерттейтін аппарат іске қосылды

Елордадағы №2 қалалық емханада электроэнцефалография (ЭЭГ) кабинеті ашылды. Жаңа аппарат мидың функционалдық жағдайын анықтауға арналған диагностикалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.

🔵«Аталған зерттеу үнемі бас ауруына шағымданатын, есінен тану, құрысу белгілері бар, жарақаттан кейінгі асқынуларды бастан өткерген азаматтарға, сондай-ақ балалардың сөйлеу дамуының кешеуілдеу жағдайларында жүргізіледі», - деп хабарлады қала әкімдігі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8