Qazaqstan.tv
✔
41.4K subscribers
20.7K photos
21.5K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Дәулет, Димаш және Дина:
Шымкентте үшем дүниеге келді


Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем дүниеге келді. Сәбилер мен анасы бүгін үйіне шығарылды.

Ата-анасы балалардың атын Дәулет, Димаш және Дина деп қойды. Әрқайсысының салмағы екі келіден асты. Екінші және үшінші нәресте бірден реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылып, бір тәуліктен кейін негізгі бөлімшеге ауыстырылды.

Барлық үш нәресте орталық мамандарының бақылауында 11 тәулік болды.

Айта кетейік, бұл отбасыда үшемнің дүниеге келуімен балалар саны жетіге жетті.
👍20❤7🎉4😍1
🥇Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды

🇰🇿 Қазақстан құрамасы Үндістанның астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатының кезекті күнінде қоржынын 3 алтын және 2 күміс медальмен толықтырды.

50 метр қашықтықтан кіші калибрлі винтовкамен жатып нысана көздеу сайысында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев жеңіске жетті. Сол сынның өзінде Никита Шахторин күміс медальді жеңіп алды. Командалық бәсекеде Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин және Константин Малиновский үздік нәтиже көрсетіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

25 метрден жылдам атылатын тапанша жарысында Никита Чирюкин, Артемий Кабаков және Кирилл Цуканов командасы қарсыластарынан озып шығып, алтын медальді иеленді. Ал жекелей сында Никита Чирюкин күміс жүлдегер атанды.

📌Айта кетейік, чемпионат ересектер, жастар және жасөспірімдер санаттарында өтуде. Биылғы додаға құрлықтың 20 елінен 320-дан астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы үш жас санатында 47 мергенмен жарысқа түсті.
🎉13👍9❤8🕊1
Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды тапсырды

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен жұқпалы аурулардың таралуына қатысты кеңес өтті.

▪️Өткен жылда қызылшаға шалдығу деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда 85%-ға төмендеген.

▪️Сонымен қатар жыл басынан бері ел аумағында қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелген.

Ең жоғары көрсеткіштер Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Атырау облыстарында байқалады.

Ауруға шалдыққандардың көпшілігі – вакцина алмаған балалар, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева қызылшаға қатысты эпидемиологиялық ахуалды ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ халық арасында иммундаудың маңыздылығы жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл бағыттағы жұмысты, ең алдымен, Маңғыстау облысында күшейту қажет екені айтылды.
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады

Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.
👍14❤2
Қазақстанда жаңа Конституция жобасы жарияланды

Ата Заңға өзгертулер жалпыхалықтық референдум арқылы ғана іске асады.

Егер жаңа Конституция мақұлданса, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне еніп, Парламент өз өкілеттігін тоқтатады.

Республикалық референдумда Конституция қабылданған күн мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланады.

Жаңа Ата заңға байланысты референдум 15 наурызда өтеді.
❤6👎1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
UAE SWAT Challenge-2026:Президент қазақстандық командаларды құттықтады

Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады.

Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.
❤8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Шымкентте ағаш құлап, 10 жасар бала қаза тапты

Қалада жауған қалың қар салдарынан ағаш құлап, 10 жасар бала көз жұмды.

Дәрігерлер жеткенше бала алған ауыр жарақатынан оқиға орнында қайтыс болғаны анықталды.

Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.
😱10❤1🤯1
Астанада Alem Tech Fest 2026 фестивалі басталды

Елордада Alem Tech Fest 2026 фестивалі өз жұмысын бастады. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект және STEM бағытындағы ең ірі шаралардың бірі.

Биыл фестивальге 5000-нан астам адам қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстанмен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Гонконг және Вьетнамнан келген қонақтар бар.

Қатысушылар FIRST халықаралық бағдарламасы аясында инженерлік жобаларын ұсынып, үздік 14 команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін әлемдік финалға жолдама алады. Фестиваль тағы екі күн жалғасады.
❤7🎉1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️БҚО-да сталкинг жасаған 2 ер адам сотталды

Біріне 346 мың теңге айыппұл салынса, екіншісі 100 сағат қоғамдық жұмысқа міндеттелді.

Ақсайда ер адам бұрынғы танысын аңдып, күш көрсеткен. Бейнебақылау жазбалары негізінде сот оған айыппұл салды.

Бөкей ордасы ауданында тағы бір тұрғын бұрынғы жұбайына қудалау жасағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды.
🤯5❤1
🇰🇿 Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар:

⏰ 15:20 - Тау шаңғысы. (Әйелдер). Финал: Александра Скороходова

⏰ 16:10 - Фристайл-могул. Финал. Ерлер: Павел Колмаков

⏰ 16:50 - Шаңғы жарысы: Надежда Степашкина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Ксения Шалыгина

⏰ 20:20 Конькимен жүгіру. (Әйелдер). 5000 метр: Надежда Морозова

📺 Барлық жарыстарды «Qazsport» телеарнасы және сайтынан көре аласыздар.

🔥 Сәттілік тілейміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысында алимент төлемегендердің жалпы қарызы 167 млн теңгеден асқан

Осыған байланысты аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен «Тәртіпке бастар жол – еңбек» атты форум өтті.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында
әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды анықтау көзделіп отыр. Алимент төлеуден жалтарған 10 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 7 адам қамауға алынды.
🤯4❤1😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🕌 Жаркент мешітіне келетін туристер саны артып келеді

Ұлттық құрылтайда Президент құнды жәдігерлерді ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуды тапсырды. Мемлекет басшысы ерекше атап өткен тарихи орындардың бірі – Жаркент мешіті.

Бірде-бір шеге қақпай салынған бұл сәулет ескерткіші бүгінде Жетісудағы басты туристік нысандардың қатарында.

Тарихи мұражайға айналған мешітті тамашалауға келетін туристер саны жыл өткен сайын артып келеді.
🥰7❤4
Ресейге адыраспан әкелгендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ресейге адыраспан алып өткен азаматтар қатаң жазаға тартылуы ықтимал. Себебі бұл өсімдік көрші елде есірткі затына теңестірілген.

Құрамында есірткі бар өсімдікті елге әкелгені үшін 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал тасымал көлемі ірі болса немесе қылмыстық топ арқылы жеткізілсе, 1 миллион рубльге дейін айыппұл салынып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.
🤣9⚡1👍1👏1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇮🇹 Былтыр Италияға 185 млн турист келген

Ірі халықаралық жарыстар туризмді дамытуға серпін береді. Мысалы былтыр Италияға 185 млн турист келген. Бұл елдің экономикасына айтарлықтай табыс әкелген.

Қазір елде қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатыр. Оған 6 млрд доллардан астам қаржы жұмсалған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай ауқымды шаралар елдің имиджін арттырып, туристер ағынын көбейтеді.

Тілшіміз Азамат Бейбітұлы Миланнан ақпарат таратады. Толығырақ бейнесюжетте.
❤10👍3❤‍🔥1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏖 Қазақстан Ыстықкөлдегі жерді 49 жылға жалға алды

Жалпы аумағы шамамен 60 гектарды құрайтын учаскелерде төрт нысан орналасқан.

Атап айтқанда, «Қазақстан» санаторийі, «Самал» демалыс үйі, «Университет» спорттық-сауықтыру лагері және «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы Қазақстанның меншігінде болады.

Құжат меншік құқығын нақтылап, құқықтық тұрғыда реттеуге бағытталған.
🤝12❤4🤔3👌2
🕌Биылғы Ораза кестесі

Рамазан айы 19 ақпанда басталады.

Қадір түні наурыздың 16-нан 17-іне қараған түнге сәйкес келеді. Ораза айт наурыздың 20-сында басталып, үш күнге созылады. Ал Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді.

📌Пітір мөлшері 735 теңге болып белгіленді.

📺@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤40👍5❤‍🔥4👏4🎉1👌1🏆1💘1