🇰🇿🇷🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
✉️Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мереке серб халқының ұлттық бірлікке, дербестік пен дәйекті дамуға ұдайы бейіл екенін көрсетеді.
Жеделхатта еліміздің Сербиямен шынайы достыққа және ортақ ұмтылысқа негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны жазылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Сербия халқына бақ-береке тіледі.

🤝6❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📸Іле Алатауы паркінде үнді жайрасы фототұзаққа түсіп қалды
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қызыл кітапқа енген үнді жайрасының 3 дарағы фототұзаққа түсіп қалды. Қазір парк аумағында олардың 32 дарағы бар.
Аталған сирек кеміргіш Қазақстан фаунасындағы жайра тұқымдасының жалғыз өкілі.

❤5🥰5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❓Бюджеттің мақсатты жұмсалмауының салдары қандай?
🔺Мемлекеттен бөлінген қаржыны игеру маңызды ма, әлде нәтиже шығару ма?
📺Осы және өзге де мәселелер бүгін 20:00-де «Апта» бағдарламасында.

❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
LRT аялдамасында өрт шықты
Астана қаласының Сарайшық ауданы, Нұрмағамбетов көшесіндегі аялдамадан өрт шықты.
ТЖМ мәліметінше, ғимараттың жертөлесінде электр кабельдері мен құрылыс қоқысы өртенген.
Өрттің себебі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ.

❤2😱2
🌟Vogue Italia басылымы Михаил Шайдоровтың костюмін «ең сәнді» деп бағалады
Милан-Кортина 2026 қысқы Олимпиадасы спорттық сайыстардан бөлек, сәнді көріністерімен де назар аудартты. Vogue Italia тілшілері де спортшылардың жарыс киімдерін жоғары бағалады.

«Қазақстандық спортшы Михаил Шайдоров «Дюна» фильмін еске түсіретін костюмімен көрерменді ерекше тәнті етті. Костюмнің нәзік матасы бір-бірімен керемет үйлесім тапқан», - делінген жазбада.
🔥27❤1😍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️Президент: Энергетика министрлігінің бұрынғы басшылары тек мұнаймен шұғылданған, электр желілері әбден ескірген. Электр қуатының өндірісі екінші орында қалған
Жыл басында елордаға атқарушы билік өкілдерін жинаған Мемлекет басшысы дәл осы энергетика саласындағы біраз мәселені көтерді. 2025 жылы Қазақстан 3,7 миллиард киловатт-сағат электр энергияны сырттан сатып алды. Бұл салаға бір триллион теңгеден астам инвестиция құйылса да, оның басым бөлігі тек ескіні бүтіндеуге, яғни жөндеу жұмыстарына жұмсалған.
Бүгін «Ақорда» бағдарламасы 17:40-та «Qazaqstan» телеарнасында көрсетіледі.

🔥4❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Енді аялдамадағы камералардан бұзақылардың жеке дерегін анықтауға болады
🎥Астанада жылы аялдамаларға арнайы камералар орнатыла бастады.
❓Дәл «Сергек» сияқты жұмыс істейтін құрылғының қандай ерекшелігі бар?
🔺Толығырақ видеодан көріңіз.

❤12🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❓ Жаслан Мәдиев Үкіметтің кеңейтілген отырысында неге қобалжыды?
Президент кезінде қыруар қаржы жұмсалып, үлкен үмітпен іске қосылған KazLLM мен AITU мессенджерінің бүгінгі ахуалына қатысты ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтен жауап алды.
«Ақорда» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV» YouTube арнасында.

⚡4👍3❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💰Бюджеттің тиімсіз игерілуіне не себеп?
📊Жоғары аудиторлық палата 2023 жылы 489 млрд, 2024 жылы 475 млрд, 2025 жылдың тек бірінші тоқсанының өзінде 355 млрд теңге тиімсіз игерілгенін анықтады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент 1 мамырға дейін бюджет бағдарламаларына ревизия жүргізуді тапсырды.
💬Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Омархан Өксікбаевтің сөзінше, бюджет процесінде 4 деңгей бар. Олар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, және ауылдық бюджет. Сондықтан бөлінген қаржы республикадан қаңтарда бөлінгенімен, ауылдағы бюджет сол ақшаны ерте дегенде наурыз айында алады.
💬Ал экономикалық шолушы Айбар Олжайдың айтуынша, қаражатты игеру мемлекеттің сатып алу жүйесіне де байланысты. Құжаттардан шикілік шығып, жылдың басында сатып алу тиісті тендерлер жылдың ортасына дейін созылады.
❓Мемлекеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалмауына тағы не себеп? Жалпы бюджет қалай игеріледі?
📺«Апта» бағдарламасының толық нұсқасы «Qazaqstan TV»YouTube арнасында.

❤6⚡1
Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі
ҚР Қорғаныс министрінің Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізіледі.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
«Осыған орай 16–18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техниканың қозғалысы жүзеге асырылады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін»,-делінген хабарламада.

🤝6❤2
Жетісу облысында қар құрсауынан 17 адам эвакуацияланды
Жетісу облысында ауа райының нашарлауына байланысты құтқарушылар екі ауданда 17 адамды эвакуациялады.
Алакөл ауданында қар құрсауында қалған үш көліктегі 14 адам, ал Сарқан ауданында жолда қалған көліктегі 3 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ауа райын ескеріп, сақтық шараларын сақтауды ескертті.

✅Алматы жастары Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қолдау акциясын өткізді
Алматыда Балуан Шолақ спорт кешенінің алдында 500-ге жуық жас жиналып, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровты жеңісімен құттықтауға арналған қоғамдық-патриоттық акция өткізді.
Шара жастардың ел спортшыларына қолдау білдіру мақсатында өтті.
Видео: jas.almaty

👍8🎉6❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Ғылым тілімен» – ғылым мен білім саласындағы өзекті жаңалықтарды кең аудиторияға түсінікті форматта ұсынатын ақпараттық-танымдық жоба
Бағдарламада отандық және шетелдік ғылыми зерттеулер, инновациялық технологиялар, сондай-ақ түрлі салалардағы заманауи жетістіктер жүйелі түрде таныстырылады.
Жоба аясында ғалымдар мен сарапшылар қатысып, күрделі ғылыми ұғымдар мен үрдістерді нақты деректерге сүйене отырып түсіндіреді.
«Ғылым тілімен» көрерменге ғылыми ойдың маңызын ұғындырып, білімге деген қызығушылықты арттыруды мақсат етеді.
Эфир уақыты: дүйсенбі, 19:00. Жүргізушісі – Анель Рахымжан.

❤7
🏆 Бибісара Асаубаева 12-ші Әлем чемпионын жеңді
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева ресейлік және швейцариялық 12-ші Әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңді. Аталған жеңіс 2027 жылы Вайссенхаус қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді.
Бұл туралы Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Сондай-ақ спортшы келесі жылы жарысқа қайта оралуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

👍21🎉9🔥3
Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының сайты референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған.
referendum2026.kz платформасында Негізгі заң жобасының толық мәтіні, сарапшылардың материалдары және Коалицияның жұмысы туралы жаңалықтар орналастырылған.
Ресурс азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсініп, алдағы дауыс беру алдында негізгі сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді ақпарат көзі ретінде әзірленген.

❤3🥱2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Өскеменді көк түтін басты
Өскеменде мектептер онлайн оқыту форматына көшті. Қазгидромет өңірде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркелгенін хабарлады.
Ауа сынамалары нәтижесінде көміртегі тотығы мен күкірт диоксиді мөлшері шекті деңгейден асқаны анықталды.
Мамандар тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

👎4❤1⚡1
🔸Алматыда Гиннеске ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленіп жатыр
Алматыда ұзындығы 110 метрлік бірегей сырмақ Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылуға дайындалып жатыр. Сырмақ дәстүрлі басу және тігу әдістері арқылы қолмен жасалып, классикалық қазақ ою-өрнектерімен безендірілуде.
Жұмысты 21 наурызға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сырмақ Наурыз мерекесінде көпшілік назарына ұсынылады.

👍13❤1
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Президент спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.
Ерсін Балтағұл Президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев балуанға алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатуға және Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты нығайтуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.

👏7❤3