Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының сайты референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған.

referendum2026.kz платформасында Негізгі заң жобасының толық мәтіні, сарапшылардың материалдары және Коалицияның жұмысы туралы жаңалықтар орналастырылған.

Ресурс азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсініп, алдағы дауыс беру алдында негізгі сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді ақпарат көзі ретінде әзірленген.
❤3🥱2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Өскеменді көк түтін басты

Өскеменде мектептер онлайн оқыту форматына көшті. Қазгидромет өңірде екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркелгенін хабарлады.

Ауа сынамалары нәтижесінде көміртегі тотығы мен күкірт диоксиді мөлшері шекті деңгейден асқаны анықталды.

Мамандар тұрғындарға сыртта ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
👎4❤1⚡1
🔸Алматыда Гиннеске ұсынылатын 110 метрлік сырмақ әзірленіп жатыр

Алматыда ұзындығы 110 метрлік бірегей сырмақ Гиннестің рекордтар кітабына ұсынылуға дайындалып жатыр. Сырмақ дәстүрлі басу және тігу әдістері арқылы қолмен жасалып, классикалық қазақ ою-өрнектерімен безендірілуде.

Жұмысты 21 наурызға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сырмақ Наурыз мерекесінде көпшілік назарына ұсынылады.
👍13❤1
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады

Президент спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.

Ерсін Балтағұл Президентке ілтипат көрсеткені үшін ризашылығын білдіріп, еліміздің жас спортшыларымен кездесуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев балуанға алдағы уақытта да халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатуға және Қазақстан мен Жапония арасындағы достықты нығайтуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.
👏7❤3
Президент спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін сумошы Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
👍17
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Сарасөз» – қоғамдық-саяси, әлеуметтік және рухани бағыттағы өзекті мәселелерді кәсіби деңгейде талқылайтын ақпараттық-сараптамалық бағдарлама

Жоба аясында ел өміріндегі маңызды үрдістер, мемлекеттік саясат, мәдениет пен білім саласындағы бастамалар кеңінен сөз болады. Студия қонақтары – қоғам қайраткерлері, сала мамандары мен сарапшылар.

Бағдарламада нақты дерекке негізделген байыпты талдау мен мазмұнды пікір алмасу ұсынылады.

Эфир уақыты: сейсенбі, 20:00. Жүргізушісі – Сағатбек Қалиев.
❤1
Алматылық оқушылар халықаралық фестивальде жеңіске жетті

2026 жылғы 10-13 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында FIRST Robotics - Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 халықаралық фестивалі өтті. Ауқымды додаға 7 елден 3000-нан астам оқушы қатысты.

Алматылық FIRST LEGO League Explore санатында Alem Innovators командасы турнирдің ең жоғары марапаты - Champions Award Winner атағын иеленді.

Олар енді АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST әлемдік финалында Қазақстан атынан қатысады.
👏8👍3❤1
✅Астанада жаңа балалар травматологиясы ашылды

Астана қаласының Нұра ауданында жаңа балалар травматологиялық пункті ашылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың соңында елордадағы балалар саны 561 мыңға жеткен. Осыған дейін Есіл және Нұра аудандарында қосымша балалар травмпункті болмаған.

Жаңа бөлімше шұғыл травматологиялық көмек көрсетеді және заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
❤9
📞 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

🇰🇿🇷🇺Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.
👎8❤5👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абзал Әжғалиев: Көрерменнің қолдауы біз үшін маңызды

Отандасымыз шорт-тректен Олипмиада ойындарында (500 метр) мәре сызығын бірінші болып кеті.
👍13❤10
Денис Никиша ширек финалға шықты

Отандасымыз үшінші орын алғандар арасынан үздік төрттікке еніп, келесі кезеңге жолдама алды.
🤝15❤7👌2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олар нағыз қазақ жауынгері рухының қандай болатынын әлем жұртшылығына паш еткенін, Қазақстанның беделін биікке көтергенін атап өтті.

🔵«Намысты қолдан бермей, байрақты бәсекеде топ жардыңыздар! Соның арқасында көк Туымыз желбіреді. Еліміздің мерейі үстем болды. Халқымыз сіздерді мақтан тұтады. Әлемнің 48 елінен 100-ден астам команда жиналған Дубайдағы дүбірлі дода – халықаралық маңызы бар оқиға. Бұл аса тартысты жарыс деп айтсақ, қате болмайды. Себебі барлық командалар бес күн бойы өте күрделі мақсаттарға қол жеткізу үшін көптеген тосқауылдарды еңсеруі қажет болды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Мемлекет басшысының Жарлығымен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жеңіспен оралған бір топ офицер мен әскери қызметкер Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8❤‍🔥3👌2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«+30°C пен -30°C арасы»: Астананың аязын сағынып келген батыр

12 ақпан Дубайдан UAE SWAT Challenge халықаралық додасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды. Ал бүгін Мемлекет басшысы ел намысын қорғаған әскери қызметкерлерді Ақордада қабылдады.

«KAZ SWAT» D тобының мүшесі Ербол Мақажанов «Ақорда» бағдарламасына сұхбат берді. Бағдарламаның жаңа шығарылымы 22 ақпан 17:40-та көрсетіледі.
❤8👍6👌1
📚Түркістандық 4 жасар вундеркинд бала дайындық сыныбында оқиды

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылында 4 жастағы Әли Адамбек ерекше ойлау қабілетімен көпті таңғалдырды. Ол екі және үш таңбалы сандарды ойша есептеп, көбейту амалдарын ағылшын тілінде орындайды.

Мұғалімдердің айтуынша, Әли дайындық сыныбында оқығанымен, тіпті 5-6 сынып оқушылары шеше алмайтын күрделі есептерді жылдам шығарады. Сондай-ақ әліппені толық меңгеріп алған.

«Басқа балалар мультфильм көрсе, Әли ағылшын тіліндегі математикалық контенттерді қызығып тамашалайды. Ұйықтар алдында ертегі тыңдаудың орнына жарты сағат бойы есеп шығарып, көбейту кестесін айтуды өтінеді», - дейді анасы Нұргүл Мырзағали.
👍11❤7🔥5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Ақордаға жылда келеміз. Қуаныштымыз!»

Ақыл Ақпарұлы – 26 жыл әскери салада табанды қызмет етіп келе жатқан нағыз патриот. Ол UAE SWAT Challenge додасында қазақстандық жауынгерлерге нұсқаушы болды. Еліміздің үш бірдей құрамасы 48 елден келген 109 команда ішіндегі үздік 20 қатарына кіріп, ел абыройын үстем етті.

Қуанышын жасыра алмаған әскери қызметкер «Ақорда» бағдарламасына сұхбат берді. Бағдарламаның жаңа шығарылымы 22 ақпан 17:40-та көрсетіледі.

Видео: ulttyq_ulan_resmi
❤13
✉️Мемлекет басшысы Литва Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇱🇹Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гитанас Науседаны Литваның ұлттық мейрамы – Мемлекеттілікті қалпына келтіру күнімен құттықтады.

Президент екіжақты қарым-қатынас деңгейіне жоғары баға беріп, қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаның мемлекеттік қызметіне толағай табыс, ал достас Литва халқына құт-береке тіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌷Алматыдағы ботаникалық бақта бәйшешек гүлдеді

Алматыдағы ботаникалық бақта бәйшешектер гүл аша бастады. Мамандардың айтуынша, биыл алғашқы гүлдер қаңтар айында байқалып, ал жаппай гүлдеу ақпанның ортасында басталған.

🔵Бақ әкімшілігі гүлдерді жұлмауға және табиғатқа ұқыпты қарауға шақырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркия туризм саласында рекорд орнатты

Түркия әлемдегі ең көп турист баратын елдердің қатарында төртінші орынға көтерілді. 2025 жылы елге 63, 94 млн турист келген.

Түркия статистика агенттігінің мәліметінше, туризмнен 65, 23 млрд доллар кіріс түскен. Ең көп турист Ресейден, одан кейін Германия мен Ұлыбританиядан келген. Ал Қазақстаннан шамамен 200 мың турист барған.
1😍14👍9❤3👏1🤝1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3🔥1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤖Елімізге мамыр айында робот таксилер келеді

Тұрғындар енді жүргізушісі жоқ көлікке отырып, діттеген жеріне жете алады. Жоба әуелі Астана және Алматы қалаларында пилоттық режимде іске қосылмақ. Қандай маркадағы машина сатып алынатыны әзірге белгісіз.

🚘Көлік жасанды интеллект негізінде жұмыс істейді. Барлық бағдаршамдарға чип салынады. Олар көлікке белгі беріп отырады. Сондықтан қауіпсіздік жағына алаңдамауға болады, дейді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.

Соңғы үлгідегі технологиямен жұмыс істейтін мұндай такси қызметі қымбат болмай ма? Видеодан біле аласыз.
❤8👍5