Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
⚡️Алматыда жер сілкінді

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2026 жылғы 17 ақпанда Астана уақытымен 15:09-де жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 км. жерде орналасқан.

«Есептік қарқындылығы: Алматы қаласы 2 балл», – деп хабарлады ТЖМ.


Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱20🙏1
Алматылықтар, жер сілкінісі сезілді ме?
Anonymous Poll
57%
Иә
43%
Жоқ
🤯7❤1🎉1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚽️Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы аясында «Бенфика» өз алаңында «Реал Мадридке» қарсы ойын өткізеді

Матчты сағат 00:50-де «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Қай команда жеңіске жетеді?
⚡2
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

🇰🇿🇰🇬Қазақстан Президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

✔️Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды.

✔️Президенттер достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы мемлекетаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге бейіл екенін растады.
❤5
Дәрігерлер трактор басып кеткен жұмысшының өмірін сақтап қалды

Ақмола облысындағы Жақсы ауданының Новокиенка ауылында жұмысшыны трактор басып кетті. Политравма диагнозымен өте ауыр халдегі зардап шегуші жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді.

🔵«Пациенттің жамбас сүйегін толық реконструкциялауды талап етті. Әдетте мұндай ота тек облыстық орталықтарда немесе республикалық институттарда жасалады. Бірақ пациенттің жағдайы шұғыл көмекті дәл сол жерде көрсетуді қажет етті. Қашықтан кураторлық бақылау арқылы отаны аудандық аурухана дәрігерлері жасауға бел байлады», - делінген Денсаулық сақтау миистрлігінің хабарламасында.


⚡️Мұндай күрделі ота аудан тарихында тұңғыш рет жасалды. Бес маманнан тұратын бригада 7 сағат бойы науқастың жамбас сүйектерін қайта жинап шыққан.

Бүгінгі таңда пациенттің жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде деп бағалануда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤5👏2👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚘 Елімізде көлік бағасы арзандайды

Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспеев мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, отандық зауыттар жыл сайын шығарылатын көлік маркаларының қатарын көбейтіп келеді. Нарыққа жаңа модельдер шыққан сайын баға да біртіндеп төмендейді.

Сондай-ақ отандық өндірістің артуы қытайлық көліктер құнына да әсер етпек.
👍12❤4⚡1❤‍🔥1👌1🤣1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстауда жағалаудан 20 аққудың өлексесі табылды

Құстар Ақтау қаласы мен Сайын Шапағатов елді мекені аумағынан анықталған.

Су сынамаларының нәтижесінде ластаушы заттар болмаған. Құзырлы инспекция аймақта аққулардың жаппай өлімі болмағанын айтып, бұл құбылысты миграция кезеңіндегі табиғи жағдаймен байланыстырды.

Мамандар тұрғындарға аққуларды нанмен қоректендірудің зиян екенін ескертеді.
😱9💔2😭2🙊1
Президент бірқатар заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

▫️«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ОРЕС Халықаралық даму қоры арасындағы жеке сектордағы операцияларды ұйымдастыру туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

▫️ «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
❤3👍3👌1
🚙Елімізде көлік арзандауы мүмкін
Автомобиль құнының түсуіне отандық көлік өндірісінің артуы сеп болмақ.

❗️Алаяқтар тұрғындардың банк карталарын бұғаттай бастаған
Ұлттық банк банк карталарына қатысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді.

⚡️Алматы облысында жер сілкінді
жер сілкінісінің күші Алматыда 2 балл, Талғарда 3 балл, Түргенде 4 балл болған.

📍Түркістан облысында жасырын цех әшкереленді
3 цех жасырын насыбай өнімдерін дайындап, таратумен айналысқан.

▫️Женевада Иран мен АҚШ келіссөзі басталды
Шара Женевадағы Оман елшілігінде өтіп жатыр.

🦢Маңғыстауда 20 аққудың өлексесі табылды
Мамандар барлығы 20 аққудың өлексесін жинап, жою жұмыстарын жүргізді.

📌СҚО-да жабайы жануарларды қолдан азықтандыру маусымы басталды
Шара наурыздың соңына дейін жалғасады.

⚜️Алматылық әжелер өте ұзын сырмақ сырып, рекорд жасамақшы
Қазір қолөнер бұйымының жартысына жуығы әзір.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1👌1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤‍🔥1❤1
⚽️Бүгін

УЕФА Чемпиондар Лигасы. 1-ойын

Бенфика (Португалия) – Реал Мадрид (Испания)

Альваро Арбелоа шәкірттері Жозе Мауриньоның шәкірттерінен жалпы кезеңде кеткен есені қайтара ала ма?

📺«Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде 00:50-де көріңіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥13❤2⚡2🏆1
🔵Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі

Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен министрліктің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға вице-министрлер, комитет төрағалары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың жетекшілері және салалық құрылымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында министрліктің 2025 жылғы қызметінің қорытындылары сараланып, алдағы кезеңге арналған стратегиялық басымдықтар айқындалды. Алқа отырысын ашқан Аида Балаева Негізгі заңға енгізілген ауқымды өзгерістерге ерекше тоқталды. Ол ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселелері алғаш рет конституциялық деңгейде мемлекеттің іргелі даму қағидаттарының қатарына енгізілгенін атап өтті.

📌Кездесу барысында министрлік қызметінің барлық бағыты бойынша жаңа тәсілдер мен заманауи даму үрдістері жан-жақты қаралды. Салаларды уақыт талабына және өзекті сын-қатерлерге сай жүйелі жаңғырту қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡3❤1
❌Мұғалімдерден әлеуметтік желі жүргізуді талап етуге тыйым салынуы мүмкін

Мұғалімдерден әлеуметтік желі жүргізуді талап етуге заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Жуырда Мәжіліс тиісті заң жобасын қарауға кіріседі. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

✅Ата-аналар немесе мектеп басшылығы педагогтерді жұмыстан тыс уақытта ватсап желісі арқылы жауап беруге, рилс түсіруге міндеттей алмайды. Сондай-ақ есепті электронды және қағаз жүзінде қайталап тапсырту алдағы уақытта заңсыз деп саналмақ.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келі шаш шықты

Түркістан қалалық балалар ауруханасында 15 жастағы қызға сирек кездесетін күрделі хирургиялық ота сәтті жасалды.

2 сағат 50 минутқа созылған операция барысында оның асқазанынан 900 грамм шаш түйіні алынған.

Мамандар мұндай жағдай медицинада өте сирек кездесетінін және көмек көрсетілмесе, асқынатынын ескертті.
😱12❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қытайда жаңа жылдық гала-шоуда роботтар өнер көрсетті

Қытайда «Көктем» мерекесіне арналған гала-шоуда Unitree Robotics компаниясының заманауи гуманоид роботтары өнер көрсетті.

Шарада роботтар балалармен бірге синхронды жекпе-жек өнері қойылымдарын орындап шықты.
🤝7👎2
🖥Дипфейкті түпнұсқадан қалай ажыратамыз?
Бір ғана фото арқылы бет әлпет пен дауысты айнытпай келтіріп алдаудың жаңа тәсілі пайда болды.

👩🏻‍🏫Мұғалімдерден әлеуметтік желі жүргізуді талап етуге
тыйым салынуы мүмкін
Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.

🏭Экологиялық автомобиль мен
авиация отынын өндіретін зауыт салынады
Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды.

📉Елімізде жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендеген
Былтыр 434 бала буллингке ұшыраған.

📌«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы 4 басым бағыттан тұрады
Құжатта қандай мәселелер қамтылған?

🌊Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
Ал теңізге тіршілігі байланған жергілікті жұрт байыпты бастамадан үлкен үміт күтіп отыр.

🥇Алтын өндірісі цифрландырылып, өнім көлемі ұлғайды
Осылайша «Алтыналмас» кәсіпорнының Қарағанды облысындағы кен орындары жылына 6 млн тоннаға жуық кен өңдей бастады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👌4❤‍🔥1
Forwarded from QAZSPORTTV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Михаил Шайдоровтың гала-концерттегі образы белгілі болды

⛸ Бұл туралы Олимпиада чемпионы «Qazsport» телеарнасына берген эксклюзив сұхбатында айтты.

🐼 Отандасымыз 21 ақпан күні Миланда үздіктердің қатысуымен өтетін кеште панданың образымен өнер көрсетеді.

📺 Жуырда «Qazsport» телеарнасынан Михаил Шайдоровтың эксклюзивті сұхбаты шығады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝8👍4❤2🎉1
Ұлттық банк телефон арқылы жасалатын жаңа алаяқтық схема туралы ескертеді

🔐 Алаяқтар жеке деректеріңізді пайдаланып, банк не құқық қорғау органы қызметкері ретінде қоңырау шалады. «Картаны бұғаттан шығару» немесе «ақшаны қауіпсіз шотқа» аудару керек екенін айтып, SMS-код пен карта деректерін сұрайды.

❗️Есіңізде болсын:
* Банктер SMS-код сұрамайды;
* Карта деректерін беруге болмайды;
* Банкоматта тұрғанда біреудің өтінішімен ақша аудармаңыз.
Бұл – заңға қайшы, дропперлік деп танылатын әрекет.

Алаяқтық дерегіне тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.
❤3⚡3
Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында үш бірдей жүлдені жеңіп алды

Астанада өткен Central Asia FIRST Championship & Drone Racing 2026 халықаралық фестивалінде алматылық барлық команда жүлделі орын иеленіп, жоғары нәтиже көрсетті.

FIRST LEGO League Explore санатында «Alem Innovators» командасы жеңімпаз атанып, Қазақстан намысын әлемдік финалда - Хьюстон қаласында (АҚШ) қорғайтын болды.

FIRST LEGO League Challenge санатында «ALASH» командасы ІІ орынға ие болып, Грекияның Софико қаласында өтетін халықаралық чемпионатқа жолдама алды.

Ал «KAZBOTS» командасы Core Value Award номинациясының жүлдегері атанып, Қазақстан атынан Бейжіңде (Қытай) өтетін жарысқа қатысады.

Айта кетейік, ауқымды додаға 7 елден 3 мыңнан астам оқушы қатысты.
❤6👍6
💰Жыл басынан бері қазақстандықтарға 395 млн теңге зейнетақы төленді

Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 131,3 млн теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 263,9 млн теңге. Қазір елде 2 млн 538 мың зейнетке бар.

2026 жылғы 1 ақпандағы жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңгені құрады.
🔥2