Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді

«Бас тақырып» бағдарламасы бүгін 14:15-те көрсетіледі.
❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Түркістан облысында әйелін күштеп психоневрологиялық диспансерге жатқызған ер адам сотталды

Сот басты айыпталушыны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ал жәбірленушіні емдеу мекемесіне жеткізуге көмектескен екі досы 8 жылдан жаза алды.

Сонымен қатар үшеуі жәбірленушіге 11 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

❗️Ал Жаркент қаласында төрт жасар баласын қатыгездікпен соққыға жыққан әйел психиатриялық стационарға мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Зардап шеккен бүлдіршін мамандардың бақылауымен арнайы мекемеге орналастырылды.
🤯5❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬 Жаңа Конституция жобасы: Цифрлық қауіпсіздік

Жаңа Ата заң жобасы азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды құжат ретінде бағалануда.

Құжатта цифрлық қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылған. Тұрғындардың айтуынша, бұл норма жеке деректерді қорғап, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатердің алдын алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады

🇰🇿🇺🇸18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.

Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады.

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍5❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қытайда жаңа жылдық дрон шоу өтті

Қытайда Көктем мерекесі - Қытай Жаңа жылы кең көлемде аталып өтуде. Мерекеге орай елдің бірқатар қаласында дрон шоу, халықтық қойылымдар ұйымдастырылып, роботтар қатысқан дәстүрлі гала-концерттер көрсетілді.

Биыл Қытай жаңа жылы 17 ақпанда басталды. Ресми 15 күнге созылады.
❤8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
 
🇰🇿🇯🇵Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
 
Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті. Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің аса жауапты қызметіне табыс, ал жапон халқына құт-береке тіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Эксклюзив: Түркия елшісінің кабинетінде қазақ тұлғалары туралы қандай кітаптар бар?

Қазақстандағы Түркия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Мұстафа Капуджу «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді. Сондай-ақ елші тілші Темірлан Нұржанұлына жеке жұмыс кабинеті мен кітаптарын көрсетті.

Толығырақ 19 ақпан 14:15-те «Дипломат» арнайы жобасынан көре аласыз.
❤11
Forwarded from QAZSPORTTV
🇰🇿 Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

📺 Барлық жарыстарды «Qazsport» телеарнасы және сайтынан көре аласыздар.

🔥 Сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан! 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Таразда 13 жастағы қызды екі жігіт ұрлап кетпек болды

Оқиға 16 ақпан күні күндіз тіркелген. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кетті. Мына кадрларды қыздың әкесі бейнебақылау камераларынан алып жариялаған.

Жазбаны көрген әкесі дереу қызымен байланысып, не болғанын сұраған.

Полиция күдіктілерді «адам ұрлауға оқталу» бабы бойынша ұстағанын хабарлады. Оқиғаға қатысты тексеру жүріп жатыр.
🤬9❤3🤯3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақ блогері әлем бойынша үздік атанды

Қазақстандық Дастан Мұхамедрахим Cannes WIBA Awards 2026 байқауында әлем бойынша үздік Travel blogger атанды.

WIBA (World Influencer, Blogger Association) жыл сайын әлемнің ең үздік инфлюенсерлері мен блогерлерін марапаттайды. Марапаттау рәсімі Францияның Канна қаласында өтеді.
❤19🔥9
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🦠 Алматыда 400-ден астам бала қызылша жұқтырған

Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі – екпе алмаған бүлдіршіндер.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бүгінде қызылшаның 482 жағдайы тіркелген. Оның 451-і – 14 жасқа дейінгі балалар.

Мамандар инфекцияның таралу қаупі әлі де жоғары екенін айтып, мектептер мен балабақшаларда медициналық бақылау күшейтілгенін жеткізді.

Дәрігерлер әсіресе 4 жасқа дейінгі балалар арасында қауіп жоғары екенін ескертіп, екпені уақытында алу маңызды екенін атап өтті.
❤5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📸Алтын-Емел ұлттық паркінде тас сусарлары фототұзаққа түсіп қалды

Тас сусар - епті, түнгі белсенді жыртқыш. Жартасты, таулы аймақтарды мекендейді. Ол экожүйенің тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

Кадрлар бұл жердің тас сусарлар үшін маңызды тіршілік орны екенін көрсетеді.
😍1
Қазақстан ғылым саласында Орталық Азияның көшбасшысы атанды

Қазақстан SCImago Research Group халықаралық ғылыми белсенділік рейтингінде Орталық Азия елдері арасында бірінші орынды иеленді.

1996-2024 жылдар аралығындағы деректер бойынша республика әлемдік рейтингте 69-орынға тұрақтап, басқа мемлекеттерден айтарлықтай озық тұр.
❤3
🇷🇺🇺🇦🇺🇸 Ресей, Украина мен АҚШ арасында үшжақты келіссөз өтті

Женевада Ресей, Украина және АҚШ өкілдері қатысқан үшжақты келіссөздердің екінші күні күтпеген жерден аяқталды. Бұл жолғы кездесу алты сағатқа емес, екі сағатқа ғана созылып, жабық форматта өтті.

Украина мен АҚШ делегацияларының құрамы өзгермеген. Ал Ресей тарапын президент көмекшісі Владимир Мединский бастап барды.

Бұған дейін келіссөздердің екі раунды Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен. Алайда олар нақты нәтиже бермеген.

Тараптар арасындағы негізгі келіспеушіліктер – Донбасс мәртебесі және Запорожье атом электр станциясының болашағы.
❤7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🩺 Биыл 32 аудандық аурухананы жаңғырту аяқталады

Медициналық нысандар ғимаратынан бастап, құрал-жабдықтары мен кадрлық әлеуетіне дейін толық жаңартылуда.

Бұл туралы денсаулық сақтау саласының кеңейтілген алқа отырысында мәлім болды. Жиынға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қатысып, медицина қызметін жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстаудағы 5 жерасты мешіті ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енуі мүмкін

Маңғыстаудағы Бекет ата, Қараман ата, Шопан ата, Сұлтан үпі және Шақпақ ата мешіттері ЮНЕСКО әлемдік мұра тізіміне ұсынылуы мүмкін.

Өркениет пен мәдениетіміздің терең тамырын көрсететін құнды мұралардың құжаттарын ЮНЕСКО сарапшылары арнайы келіп алып кеткен. Нәтижесі биыл жарияланады.
🔥2