Qazaqstan.tv
✔
41.4K subscribers
20.7K photos
21.5K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада әскери авиацияның ұшу жаттығулары өтіп жатыр

10–14 қазанда елордада өтетін бірқатар халықаралық іс-шараларға байланысты кейбір көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі хабарлады.

«Іс-шараларда ҚР арнайы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштерінің күштері мен құралдарын пайдалану көзделген. Оған қоса, 9 қазаннан бастап қаланың әуе кеңістігінде әскери авиацияның ұшу жаттығулары жоспарланған», - делінген хабарламада.
❤3👍3
🏥Енді қазақстандықтар МӘМС-тегі мәртебесіне қарамастан медициналық көмек ала алады

Елімізде 2027 жылдың қаңтарынан бастап азаматтарға медициналық көмек көрсету тәртібі өзгеруі мүмкін. Емханаға алғаш рет жүгінген кезде МӘМС жүйесіндегі сақтандырылған мәртебесіне қарамастан, базалық медициналық қызметтерді алу мүмкіндігі қарастырылып отыр.

🖇Қолжетімді қызметтер қатарында қан мен зәр талдауы, ЭКГ, флюорография, пульсоксиметрия және бірқатар УДЗ зерттеулері бар.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі «Ашық НҚА» порталындағы бұйрық жобасында жариялады.

Құжатты қоғамдық талқылау 23 қазанға дейін жалғасады.
❤6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚠️Заңсыз онлайн-казиноның айналымы 3,1 млрд теңгеге жеткен

Шымкентте заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған екі азамат сотталды. Тергеу мәліметінше, олар құмар ойындарға адам тарту үшін мессенджер арқылы ұсыныстар жіберген. Қатысуға ниет білдіргендерге аккаунт ашылып, логин мен пароль берілген.

Ал ақша қабылдау мен ұтыстарды төлеу үшін 14 дроппердің атына рәсімделген банк шоттары пайдаланылған. Екі онлайн-платформаның жалпы ақша айналымы 3,1 миллиард теңгеге жеткен.
👍3
✈️ Астана мен Алматыдан Оманға тікелей рейстер ашылады

23 қазаннан бастап Қазақстанның екі қаласынан Оман Сұлтандығына тікелей әуе рейстері қатынай бастайды.

Air Astana әуе компаниясы Астана мен Алматыдан Оманның Салала қаласына тұрақты рейстерге билет сатуды бастады.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
👍3👎1
Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.
👍2
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынды

Мемлекет басшысы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында ТМД-ның ұзақмерзімді басымдықтарын белгілеу қажеттігін атап өтті.

«Атқарушы комитетке елдеріміздің үкіметтерімен бірлесіп, ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынамын. Бұл – ортамерзімді перспектива. Ең алдымен, мемлекеттеріміз үшін аса маңызды басымдықтарға мән берген жөн. Олар: экономика, энергетика, инфрақұрылым, озық технологиялар және адам капиталы», - деді Президент жиында.
👍1
Президент 2027 жылы Астанада ЖИ саласы мамандарының ТМД аясындағы арнайы форумын өткізуді ұсынды

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында айтты. Президент цифрландыру рөлі артып, жасанды интеллектіні немесе суперинтеллектіні қолдану аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект стратегиясы, заңнама, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша тәжірибе алмасатын тұрақты механизм қалыптастыру бастамасын көтерді. Оған ғылыми орталықтар, университеттер, компаниялар мен стартаптар қатыса алады.
🤷‍♂1
Жиында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев сөз сөйледі.
👍3
Президент: Кітап оқыған адам ғана білімді, парасатты тұлға болып қалыптасып, өмірден өз орнын табады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында осылай деді.

«Бізге халықтарымыздың достығына арқау болатын жаңа ынтымақтастық жолдарын іздеу қажет. Жастардың оқуға құштарлығына қолдау білдіру өте өзекті. Себебі артық білім – кітапта. Кітап оқыған адам ғана білімді, парасатты тұлға болып қалыптасып, өмірден өз орнын табады», - деді Президент.
❤5💯2
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінен
❤7
Жалған таныстық: Қыз атын жамылып, ақша бопсалағандар сотталды

Астанада үш ер адам қыздардың атынан жалған Telegram аккаунттарын ашып, азаматтарды кездесуге алдап шақырған. Кейін оларды қала сыртына күштеп әкетіп, ұрып-соққан. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

💰 Күдіктілер жәбірленушілерді масқаралайтын бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытып, 2,2 млн теңге бопсалаған. Сондай-ақ бірін микроқаржы ұйымынан несие алуға мәжбүрлеп, екіншісінің көлігін иемденген.

⚖️ Сот үш ер адамды адам ұрлау және бопсалау қылмыстары үшін кінәлі деп танып, 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.
❤7