Qazaqstan.tv
✔
41.4K subscribers
20.7K photos
21.5K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
🇰🇿🇧🇪Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.

Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.
👍5❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💸Түркістан облысында үйдің шатырынан 5 млн теңгеден астам ақша табылды

Қазығұрт ауданында тұрғын үйді жөндеу кезінде шатырдан бірнеше пакет ақша табылды. Жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асады.

🔹Жергілікті полиция анықтағандай, тұрғындар қарт әйелдің үйін жөндеуге көмектескен кезде ақшаны тауып алған. Үй иесінің айтуынша, ол қаражатты жылдар бойы жинаған.

Қажетті тексеру шаралары аяқталған соң ақша заңды иесіне қайтарылады.

⚠️Полиция бөтен біреудің ақшасы немесе мүлкі табылған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды ескертеді.
👍8❤2🙏1👌1
📌 Мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау 29 қарашаға белгіленді

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын 29 қарашаға белгіледі.

12 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.

Құжатқа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс сайлауды тағайындау, оған дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылған.
❤1👎1
🔹Қазақстанда туризмді дамыту үшін не жасалып жатыр?
 
Елімізде курорттық аймақтарды жаңғыртуға, инвестицияларды ынталандыруға және көлік қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылып жатыр.

Толығырақ карусельден оқыңыз.
👍3
🇰🇿🇧🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

Мемлекет басшысы Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында Король Филипп пен Патшайым Матильдаға ілтипат білдірді.

Президент мәртебелі меймандардың осы іс-шараға қатысуы тату достық пен екіжақты серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға деген ортақ ұмтылысты көрсететінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіретінін айтты. Соңғы жиырма жылда бельгиялық компаниялар экономикамызға 15 миллиард доллардан астам қаржы құйған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
Президент: Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіреді
 
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында айтты.
 
Бельгия Қазақстан экономикасындағы 10 ірі инвестордың қатарына кіреді. Соңғы жиырма жылда бельгиялық компаниялар экономикамызға 15 миллиард доллардан астам қаржы құйған.
 
«Екіжақты сауда көлемінің өсіп келе жатқаны қуантады. Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауда-саттық шамамен 10 пайызға өсті. Сонымен қатар сауда үдерістерін жеңілдету және тауар айналымы өсімін арттыру үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз қажет», - деді Президент.
👍6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Оңтүстік Кореяда пышақпен жасалған шабуылдан 8 адам жараланды

Инчхон қаласының супермаркетінде ер адам 8 тұрғынды жаралады. Соңғы мәлімет бойынша, көп кешікпей қаскөй тұтқындалып, қамауға алынған.

Зардап шеккендердің алтауы – әйел. Кейбір мәліметтерге қарағанда, 20 жастағы қыздың жүрегі тоқтап қалған.

Куәгерлердің сөзінше, 59 жастағы азамат екі пышақпен шабуыл жасады.
🤯5🤔1
Президент: Қазақстан әлемнің ең ықпалды елдерінің арасында 34-орынға тұрақтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында осылай деді.

«Халықаралық зерттеу және рейтинг агенттіктерінің бағалауына сәйкес, жуықта Қазақстан әлемнің ең ықпалды елдерінің арасында 34-орынға тұрақтады. Макроэкономикалық көрсеткіштерге зер салсақ, еліміз көптеген салада, атап айтқанда, әлеуметтік қорғау, инновациялық саясат, цифрландыру, ЖИ-ді дамыту, сыртқы саясат, ғылым және білім, заң үстемдігі қағидатын орнықтыру, қоршаған ортаны аялау, экологиялық мәдениетті ілгерілету, волонтерлік қозғалысты қолдау, ең маңыздысы, адамның құқығы мен бостандығын қорғауда елеулі прогреске қол жеткізді», - деді Президент.
👍8❤‍🔥2
🇰🇿🇧🇪Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
 
🔹Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильдаға музей экспозициясы, роботты техника аймағы және ЖИ-кинотеатр мүмкіндіктері таныстырылды.
 
🔹Құрметті қонақтарға Alem.ai орталығын дамытудың ұзақмерзімді стратегиясы, TUMO Astana білім беру бағдарламасы, сондай-ақ Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасының жұмысы туралы мәлімет берілді.
 
🔹Зертханада NeuroLearn (ЖИ, нейроғылым мен бейімдеп оқыту салаларындағы зерттеулер) және ParkScreen (Паркинсон ауруын алдын ала анықтайтын ЖИ скрининг әдістері) секілді бастамалар қолға алынған.
 
🔹Іс-шара барысында Гент университетінің атынан Қазақстанның талантты оқушылары мен студенттеріне телескоп табысталды.

🔹Телескопта Нобель сыйлығының физика саласы бойынша лауреаттары Франсуа Энглердің, Герард ’т Хоофттың және Мишель Майордың, сондай-ақ бельгиялық астронавт Франк Де Винненің қолтаңбасы бар.
👍4
Король Филипп: Қазақстан еуразиялық кеңістіктің маңызды аумағы саналады

Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында осылай деді.

«Еуропалық одақтың дәл ортасында орналасқан Бельгия Еуропа нарығына шығатын қақпа ретінде елеулі рөл атқарады. Сондай-ақ технология, инновация, таза энергетика, логистика және халықаралық сауда саласында айтарлықтай тәжірибеге ие. Ал Қазақстан еуразиялық кеңістіктің маңызды аумағы саналады. Географиялық тұрғыдан оңтайлы орналасуының және мол табиғи ресурстарының арқасында Қазақстан әлем экономикасында ерекше орны бар аймақтық сауда, инвестиция және жасыл экономиканы дамыту орталығына айналды», - деді ол.
👍4
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында сөйлеген сөзінен