Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Бүгінгі күннің басты жаңалықтары

📚 Франкфуртте Қазақстанның 300-ге жуық кітабы таныстырылды

Германияның Майндағы Франкфурт қаласында Frankfurter Buchmesse 2026 халықаралық кітап жәрмеңкесі өтті. Қазақстанның ұлттық стендінде 15-тен астам отандық баспаның 300-ге жуық кітабы ұсынылды. Жәрмеңкеге 30-дан астам қазақстандық баспагерлер мен әдебиет саласының өкілі қатысты.

🚑 Жедел жәрдем қызметінде не өзгерді?

Енді жедел жәрдемнің қозғалысын онлайн бақылауға болады. Қазір жүйе Ақтөбе және Шымкент қалаларында сынақтан өтіп жатыр. Әзірге ол бірінші санаттағы шақыртуларға қолжетімді. Жедел жәрдем қызметкерлері бейнежетондармен, ал бригадалар рациялармен және мобильді камералармен жабдықталуы тиіс.

🥋 Қазақстандық дзюдошы әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді

Шерзод Давлатов 15-сатыға жоғары көтеріліп, әлемдік рейтингте 9-орынға жайғасты. Жаңартылған рейтингке сәйкес, қазақстандық спортшының еншісінде 3263 ұпай бар. Бакуде өткен әлем чемпионатында Шерзод Давлатов 60 келі салмақта күміс жүлдегер атанған еді.

🎾 Рыбакина мен Соболенко АҚШ-та өтетін турнирге қатысады

Әлемдік рейтинг көшбасшысы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Арина Соболенко қарашада өтетін WTA турниріне қатысатындарын жариялады. Былтыр Әр-Риядта өткен жарыстың финалында Рыбакина Соболенкодан басым түсіп, мансабында алғаш рет беделді титулды жеңіп алған еді. Биыл қос теннисші тағы да кездесуі мүмкін.

🛣️ Елімізде 4 мың шақырымнан астам автомобиль жолы жөнделіп жатыр

Қазір 3,6 мың шақырымнан астамында орташа жөндеу, ал 343 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Жыл соңына дейін күрделі жөндеуден өткен 97 шақырым жол пайдалануға беріледі.
❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
😍Нью-Йорк төрінде қазақтың күйі күмбірледі

HASSAK этно-фольклорлық ансамблі Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында «Аманат» туындысын орындады.

«Әлемнің мыңдаған шамы жарқыраған Нью-Йорк төрінде қазақтың өнерін паш етіп, ұлттық мәдениетімізді әлемге таныту - біз үшін үлкен мақтаныш!», - деп жазды ансамбль әлеуметтік желідегі парақшасында.


🎥: hassak_official
👍16🔥2🤔1🎉1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤1🎉1
Қазақстанда автожол саласын реформалау үшін жұмыс тобы құрылды

📌Премьер-министр Олжас Бектеновтің өкімімен автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды.

Негізгі міндеттері:

⏺ Жол құрылысы жүйесін және жол сапасын бағалау тәсілдерін қайта қарау;
⏺ Құрылыс стандарттары мен нормаларын жаңарту;
⏺ Саланы басқаруға цифрлық шешімдерді енгізу;
⏺ Мемлекеттік қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету.

Жұмыс тобына мемлекеттік органдардың, салалық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен Құрылтай депутаттары кірді.

📌Премьер-министр 1 желтоқсанға дейін автожол саласын түбегейлі реформалау, оның ішінде заңнамалық өзгерістер бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

💬@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1🎉1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤13🔥1🎉1
Алматыда мектептің 47 оқушысы ауруханаға түсті

12–13 қазанда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды.

Интернаттағы тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды.

Мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары тексеру жүргізіп, зертханалық зерттеуге сынамалар алды.

Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.

@qazaqstantv
👍3😱1🎉1
🇰🇿🇧🇪Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан шығарып салды

Корольдік отбасының мемлекеттік сапары бүгін Алматыда жалғасады.

💬 @qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3🎉1
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылы алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында өткізілетін «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарына үміткерлер анықталды.
 
Іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандық журналистердің, редакциялар мен шығармашылық ұжымдардың үздік жұмыстары байқаудың қорытынды кезеңіне өткен.
Байқауда 12 аталым бойынша 600-ден астам журналист өтінім берген. Биыл алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» аталымы енгізіліп отыр.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының үш жобасы үміткерлер тізіміне енді. Олардың қатарында «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетілетін «Қырқынды құрылыс бағдарламасы», Қазақ радиосынан өтетін «Ойтұма» бағдарламасы және «Qyzylzhar» Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының «112 Солтүстік» ақпараттық-талдамалық бағдарламасы бар.  

Жеңімпаздардың есімдері 2026 жылғы 16 қазанда белгілі болады.
👍3🎉1
📊 Олжас Бектенов: Біз әрқашан бюджет кірістері мен шығыстары арасындағы айырмашылықты мүмкіндігінше азайтуға тырысамыз

Құрылтай отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бюджет тапшылығын қысқарту Үкіметтің негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

Болжам бойынша:

🔘2027 жылы бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңгені (ЖІӨ-нің 2,3%-ы) құрайды;

🔘2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 1 трлн теңгеге (ЖІӨ-нің 0,4%-ы) дейін төмендету жоспарланып отыр.

Бұл ретте өткен жылғы болжаммен салыстырғанда 2027 жылға тапшылық 3,7 трлн теңгеден 4,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Үкімет экономикалық өсім, салық базасын кеңейту, салық реформасын жүзеге асыру және салықтық әрі кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру есебінен кіріс базасын нығайту бойынша жұмыс жүргізуде.

💬 @qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🎉2
Qazaqstan.tv
Алматыда мектептің 47 оқушысы ауруханаға түсті 12–13 қазанда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Интернаттағы тағы 8 бала оқшауланып, медициналық бақылауға алынды. Мектептің…
📌 Алматыдағы РФММ оқушыларының ауруханаға түсуі: Мектеп асханасынан санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Master Food» ЖШС-нің тамақтану блогында азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын алу және тамақтануды ұйымдастыру талаптары сақталмаған.

Тексеру нәтижесінде бес қаулы шығарылып, мектеп пен асхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ жекелеген тағамдарды сатуға тыйым салынып, қажетті құжаттары жоқ сүт өнімдері алынды.

Қазіргі жағдай бойынша, 48 оқушы ауруханаға жатқызылған. Барлығының жағдайы тұрақты, реанимациялық көмекті қажет ететін науқастар жоқ.

Тексеру материалдары құқық қорғау органдарына жолданды. Инфекцияның шығу себебін анықтау үшін зертханалық зерттеулер жалғасуда.

💬 @qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🎉2
Мемлекет басшысы World Aquatics президентін қабылдады

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев World Aquatics президенті Хусейн Әл-Мусалламмен кездесті.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық ұйымның Қазақстан су спорты түрлері федерациясына көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, өзара серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың су спорты түрлеріне қызығушылығы артып келе жатқанын жеткізіп, отандық атлеттер ел намысын халықаралық деңгейде, соның ішінде Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында лайықты қорғап жүргеніне тоқталды.

Хусейн Әл-Мусаллам қол жеткізілген табыстар мен қазақстандық спортшылардың биыл ХХ жазғы Азия ойындарында көрсеткен шеберліктері елдің спорт саласын өркендетуге айтарлықтай әлеуеті бар екенін айғақтайтынын атап өтті.
❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Францияда оқушылар шеруі қақтығысқа ұласты

Франциядағы шерулерге қатысып жатқан демонстранттар саны 161 500-ге жетті. Өткен тәулікте бүкіл ел аумағында жоғары сынып оқушыларын қолдап университет студенттері мен кәсіподақ ұйымдары да көшеге шықты.

Оқушылардың манифестациялары қыркүйектің соңында басталған еді. Олар мектептерді жөндеуден өткізу, мұғалімдер қатарын көбейту, сабақ уақытын қысқарту туралы талап қойды. Осы уақыт ішінде жүздеген мектеп өртеліп, бірқатар оқу орны уақытша жабылып, полицейлер, оқытушылар және демонстранттар зардап шеккен.
👍3
Qazaqstan.tv
📌 Алматыдағы РФММ оқушыларының ауруханаға түсуі: Мектеп асханасынан санитариялық талаптардың бұзылғаны анықталды Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Master Food» ЖШС-нің тамақтану блогында азық-түлікті сақтау, дайын тағамдардың тәуліктік сынамаларын…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы оқушылардың жаппай улануына байланысты полиция қылмыстық іс қозғады

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Оған оқушылардың жаппай улануы себеп.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қаулысына сәйкес білім ордасы мен асхананың қызметі уақытша тоқтатылып, сабақтар онлайн форматқа ауыстырылған. Полиция жаппай улануға қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.
👀3❤1
Асқарбек Ертаев: Әлеуметтік қолдауды бөлу кезінде кірістермен қатар шығыстар да ескеріледі

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларын тағайындау тәртібін өзгерту жоспарланып отыр.

Құрылтай отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев отбасының әл-ауқаты Цифрлық отбасы картасы арқылы бағаланатынын айтты.

«Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік дерекқорлардан үй шаруашылығы туралы сегіз негізгі бағыт бойынша 50-ден астам көрсеткішке қатысты мәлімет жинайды. Олардың қатарында жұмыспен қамту, кірістер, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, несиелік жүктеме, білім беру және басқа да мәліметтер бар», – деді министр.


Жаңа тәртіп бойынша:

▫️Отбасылар әл-ауқат деңгейіне қарай бес санатқа (A, B, C, D, E) бөлінеді.

▫️А және В санатындағы отбасылар әлеуметтік қолдаудың жекелеген шараларына үміткер бола алмайды.

▫️Банк шоттары мен депозиттер туралы мәліметтер отбасы мүшелерінің келісімімен алынады.

«30 дерекқормен ықпалдастырылған мәліметтер күн сайын жаңартылып отырады, ал отбасының санаты ай сайын айқындалады. Мәселен, қазан айында «В» санатында болған отбасы белгілі бір тәуекелдерге байланысты желтоқсан айында «С» санатына ауысса, оған мемлекеттік қолдау шаралары бірден, проактивті түрде тағайындалады», - деді А.Ертаев.


💬 @qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👎1🥴1
Қазақстанда жеті жылда 1200-ден астам өнеркәсіптік жоба іске асырылды

2019–2026 жылдары елімізде жалпы құны 8,7 трлн теңге болатын 1226 өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде 106,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

📌 Негізгі көрсеткіштер:
▪️ Машина жасау саласында 187 жоба іске асырылып, 25,6 мың жұмыс орны құрылды.
▪️ Алматы мен Қостанайдағы жаңа автозауыттардың жалпы өндірістік қуаты жылына 190 мың көлікке жетеді.
▪️ Арнайы экономикалық аймақтарда 561 жоба жүзеге асырылып, 15,9 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

2026 жылы 1,7 трлн теңгеге 200 өнеркәсіптік жобаны іске асыру жоспарланған. Ұсынылған мәліметке сәйкес, оның 100-і іске қосылып, 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
👍7😁2❤1🔥1😢1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық қордан үш жылда 5 трлн теңге бөлінеді

2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028-2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт көзделді.

Бұл қаражат қайда жұмсалады? Бүгін Құрылтайда бюджеттің алдағы үш жылға арналған жоспары таныстырылды. Тілші Самал Қабышева рет-ретімен баяндайды.
👍4❤1🤷‍♂1🔥1🙏1
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру, Президент тапсырмаларын орындау мен бастамаларын ілгерілету, соның ішінде бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында және Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі есебін тыңдады.

Атап айтқанда, Вице-Президент конституциялық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру, жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру секілді ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Президент конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.

📌Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік және азаматтардың жасампаз мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылуы елімізді қарқынды дамытудың маңызды алғышарттары саналады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2🔥1🙏1👌1
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Баку әуежайынан Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов күтіп алды.
👍3❤2🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Король Филипп қазақ қызынан садақ атуды үйренді

Король Филипп Алматыда дәстүрлі садақ ату өнерімен танысты. Әлеуметтік желіде Бельгиялықтар Королінің қазақ қызынан садақ атуды үйреніп жатқан сәті түсірілген видео тарады. Бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
 
Айта кетейік, Король Филипп пен патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары Алматы қаласында жалғасып жатыр.

Видео: patrickcharlesweber
👏9❤3😁1🙏1👌1