Qazaqstan.tv
✔
41.4K subscribers
20.7K photos
21.5K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
Қазақстанда жеті жылда 1200-ден астам өнеркәсіптік жоба іске асырылды

2019–2026 жылдары елімізде жалпы құны 8,7 трлн теңге болатын 1226 өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде 106,8 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

📌 Негізгі көрсеткіштер:
▪️ Машина жасау саласында 187 жоба іске асырылып, 25,6 мың жұмыс орны құрылды.
▪️ Алматы мен Қостанайдағы жаңа автозауыттардың жалпы өндірістік қуаты жылына 190 мың көлікке жетеді.
▪️ Арнайы экономикалық аймақтарда 561 жоба жүзеге асырылып, 15,9 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

2026 жылы 1,7 трлн теңгеге 200 өнеркәсіптік жобаны іске асыру жоспарланған. Ұсынылған мәліметке сәйкес, оның 100-і іске қосылып, 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
👍7😁2❤1🔥1😢1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық қордан үш жылда 5 трлн теңге бөлінеді

2027 жылы 2 трлн теңге, ал 2028-2029 жылдары жыл сайын 1,5 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт көзделді.

Бұл қаражат қайда жұмсалады? Бүгін Құрылтайда бюджеттің алдағы үш жылға арналған жоспары таныстырылды. Тілші Самал Қабышева рет-ретімен баяндайды.
👍4❤1🤷‍♂1🔥1🙏1
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қариннің ішкі саясаттың басым бағыттарын жүзеге асыру, Президент тапсырмаларын орындау мен бастамаларын ілгерілету, соның ішінде бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуында және Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында айтылған міндеттерді іске асыру жөніндегі есебін тыңдады.

Атап айтқанда, Вице-Президент конституциялық құндылықтарды түсіндіру және насихаттау, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру, жаңа қоғамдық этика қалыптастыру, «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету, «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысына этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру секілді ішкі саясаттың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Президент конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді.

📌Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық, бірлік және азаматтардың жасампаз мақсаттар жолында жұдырықтай жұмылуы елімізді қарқынды дамытудың маңызды алғышарттары саналады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2🔥1🙏1👌1
Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 7-саммитіне қатысу үшін Баку қаласына жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Баку әуежайынан Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Самир Шарифов күтіп алды.
👍3❤2🔥1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Король Филипп қазақ қызынан садақ атуды үйренді

Король Филипп Алматыда дәстүрлі садақ ату өнерімен танысты. Әлеуметтік желіде Бельгиялықтар Королінің қазақ қызынан садақ атуды үйреніп жатқан сәті түсірілген видео тарады. Бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
 
Айта кетейік, Король Филипп пен патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары Алматы қаласында жалғасып жатыр.

Видео: patrickcharlesweber
👏9❤3😁1🙏1👌1
😍Әлемдегі ерекше кітапханаларды білесіз бе?

Дизайны және сәулетімен таңғалдыратын әлем кітапханаларын назарларыңызға ұсынамыз.

🤔Ал сіз соңғы рет қашан кітапханада болдыңыз?
👍11❤2👏2🔥1😍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қазақстан Орталық Азияда инвестиция тарту бойынша көш бастады

«Ашық алаң» бағдарламасында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұлов осылай деді.

«7 жылда 155 млрд доллар инвестиция тарту үлкен көрсеткіш. Қазақстан Орталық Азия елдері арасында бірінші орында тұр. Осы Орталық Азия елдеріне шетелден салынатын инвестицияның 70 пайызы Қазақстанға келеді», - деді ол.


«Ашық алаң» бағдарламасының толық нұсқасын Qazaqstan TV YouTube парақшасынан көріңіз.
🔥6❤2👏1👌1
Ресейлік әнші NAVAI Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды

🚔 13 қазанда «Қордай» өткізу пунктінде NAVAI лақап атымен танымал шетелдік орындаушы ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысының Полиция департаментi мәлімдеді.

Тексеру барысында оның көлігінен есірткі заты табылып, тәркіленген. Аталған дерек бойынша есірткі контрабандасына оқталу күдігімен қылмыстық іс қозғалды.

⚖️ Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
😱8🤬4❤3👍1🤣1😭1🙊1
✨ Сәрсенбіні жағымды жаңалықтармен қорытындылайық

🏹 Король Филипп қазақ қызынан садақ атуды үйренді

Король Филипп Алматыда дәстүрлі садақ ату өнерімен танысты. Әлеуметтік желіде Бельгиялықтар Королінің қазақ қызынан садақ атуды үйреніп жатқан сәті түсірілген видео тарады. Бейнежазба желі қолданушыларының назарын аударып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

🗽Нью-Йорк төрінде қазақтың күйі күмбірледі

HASSAK этно-фольклорлық ансамблі Нью-Йорктегі Таймс-сквер алаңында «Аманат» туындысын орындады.

💪 Қайсар мінезді жас спортшы көпшілікті тәнті етті

Нұрсұлтан Темірболатұлының зілтемір көтерген сәті әлеуметтік желіде тарады. Жас спортшының табандылығы көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, жылы пікірлерін жазып жатыр.

🐎 Қазақстан жылқы саны бойынша әлемдегі үздік 5 елдің қатарына енді

2019 жылдан бері еліміздегі жылқы саны 58,6 пайыз өсіп, 4,6 миллионға жеткен. Биыл ірі қара мал саны 10,8 пайыз, қой мен ешкі 7,8 пайыз артқан.

🌾 Гүлнар Қуанышбаева БҰҰ ФАО-ның 100 қаһарман әйелі қатарына енді

Қазақстандық Гүлнар Қуанышбаева БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) тағайындайтын халықаралық сыйлықтың иегері атанды. Әлемнің 131 елінен 600-ден астам үміткер ұсынылып, үздік жүздікке кірген.
🤝6
🌪 Бірнеше өңірде жел тұрып, көктайғақ болады

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.

💨 Абай, Ұлытау, Жетісу, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қатты жел күтіледі.

🌫 Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр.

🧊 Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында көктайғақ болуы мүмкін.

🌡 Алматы облысында түнде күн суытады.

⚠️ Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды сақтық шараларын ұстануға, жолда абай болуға және сапарға шығарда ауа райын ескеруге шақырады.

@qazaqstantv
❤7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⛈Нөсер салдарынан Ыстанбұл көшелерін су басты

Түркияның Ыстанбұл қаласында нөсер салдарынан жолдар мен көлік-инфрақұрылым нысандарын су басты. Көшедегі қозғалыс қиындаған.

Көліктер суға кетіп, тұрғындарды құтқаруға тура келген. Құтқару және кедергілерді жою жұмыстарына 8 мыңнан астам маман мен 2 мың техника жұмылдырылған. Билік 15 қазанда мектептерді бір күнге жабу туралы шешім қабылдады.

📹Видео: Military World
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱8❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📱 Атыңызға қанша SIM-карта тіркелгенін білесіз бе?

Бүгінде телефон нөмірлері арқылы түрлі қаржылық операциялар жасалып, алаяқтық әрекеттерге жол берілуде.

Өзіңізді қаскөйлерден қалай қорғауға болады? Қандай қауіпсіздік шараларын ескерген жөн?

📺 Осы және өзге де маңызды сұрақтардың жауабын бүгін сағат 20:25-те «Ақша әліппесі» бағдарламасынан көре аласыз!
👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Алматыда тапанша алып жүрген әйел ұсталды

Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, Жетісу ауданы Райымбек даңғылының бойында жанына тапанша алып жүрген әйел ұсталған. Тексеру кезінде одан тапанша мен бес оқ табылып, тәркіленген.

Ұсталған әйелдің айтуынша, ол қаруды Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған.

Қазір қарудың қайдан келгені және әйелдің қолына қалай түскені туралы барлық мән-жай анықталып жатыр. Полицейлер әйелдің әрекетіне заң аясында баға берілетінін хабарлады.
❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏊 Жүзуден Әлем кубогының кезеңі басталды

Астанада жүзу спортынан Әлем кубогы басталды. Еліміз аталған байрақты бәсекені алғаш қабылдауы. Жарыс қазанның 15-17 аралығында «Барыс арена» спорт кешенінде өтеді.
👍4