Qazaqstan.tv
✔
41.5K subscribers
20.7K photos
21.4K videos
16 files
8.79K links
⚡️Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз,
📢Айтар жаңалығыңыз,
⚠️Жариялағыңыз келетін ақпаратыңыз болса,
❗️Онда бізге жіберіңіз.

Видео, фото және аудиоларды жүктеп, қысқаша мәліметті қоса жолдаңыз.

@qazaqstantvshare_bot
Download Telegram
⚡️Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді

Мемлекет басшысы жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан бірегей биоалуантүрлілігімен ерекшеленетінін айтты.

«Табиғаттың осы сыйын сақтау – жұрт алдындағы борышымыз, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық алдындағы жауапкершілігіміз. Бұл құндылықтар Қазақстанның жаңа Конституциясында айқын көрініс тапты. Ел тарихында алғаш рет жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мемлекеттіліктің негізін құрайтын қағидаттардың бірі ретінде Ата заңымызда бекітілді. Енді азаматтар табиғат пен оның ресурстарын көзінің қарашығындай сақтауға міндетті. Бұдан бөлек, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің маңызды мақсаттарының бірі ретінде белгіленді. Табиғат байлығын сақтау экономикалық өрлеумен қатар жүруі керек екеніне сенімдіміз. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы осы құндылықтарды арқау еткен. Бұл қозғалыс қарапайым экологиялық тазалық ауқымынан шығып кетті. Оның азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқаны қуантады», – деді Президент.


@qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді

Ереванда өтіп жатқан COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Ананимен және Еуропалық комиссияның таза, әділ және бәсекеге қабілеттілікке көшу мәселелері жөніндегі атқарушы вице-төрағасы Тереза Риберамен кездесті.

Халед Әл-Ананимен кездесуде Қазақстанның ЮНЕСКО-мен білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды.
👍4😁1
Президент: Киіктің әлемдік популяциясының 98 пайызға жуығы қазақ даласын мекен етеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі.

«Мұз дәуірін өткерген ежелгі жануардың даламыздағы экологиялық тепе-теңдікті сақтаудағы орны ерекше. Бүгінде киіктің әлемдік популяциясының 98 пайызға жуығы қазақ даласын мекен етеді. Егер елімізде 2003 жылы небәрі 21 мың бас киік болса, биыл көктемге қарай бұл көрсеткіш 4,7 миллионға жетті», – деді Президент.
🎉10❤1
🌿 Президент Биоалуантүрлілік жөніндегі конвенция Хатшылығының өңірлік кеңсесін Алматыда орналастыруды ұсынды

Президенттің пікірінше, бұл кеңсе Орталық Азия елдеріне биоалуантүрлілік жөніндегі Куньмин-Монреаль жаһандық негіздемелік бағдарламасын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, ғылыми тәжірибе алмасуға және табиғатты қорғау жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ете алады.

🤖 Сондай-ақ биоалуантүрлілікті сақтау үшін озық технологияларды кеңінен қолдануға шақырды.
👍6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📺«Қазақстан» телерадиокорпорациясы құрамындағы 14 аймақтық телеарнаның жетекшілері Басқарма мүшелерімен кездесіп, филиалдардың жыл басынан бергі нәтижелері мен болашақ даму бағыттарын талқылады.

Жиында өндіріс барысы, техникалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық мәселелері қаралды.

🔚Жаңа телевизиялық маусымда аймақтық арналар түрлі тақырыптар мен жанрларды қамтитын 80-ге жуық жаңа бағдарламаны көрермен назарына ұсынды. Аталған жобалар мемлекеттік маңызы бар бастамаларды түсіндіруге, өңірлердің тыныс-тіршілігін кеңінен танытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Сонымен қатар телеарналар контент өндіруде жасанды интеллект технологияларын қолдана бастады.

📌Айрықша айта кетерлігі, биыл бірнеше филиалдың материалдық-техникалық базасы мен инфрақұрылымы жаңартылып, көп жылдан бері өзекті болып келген мәселелер оң шешімін тапты. Аймақтық арналар өткен жылы 18 қызметтік автокөлікпен, биыл демеушілердің қолдауымен тағы 5 көлікпен қамтамасыз етілді.

Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайту, жобаларды әзірлеуде жаңашыл тәсілдерді қолдану және цифрлық кеңістіктегі белсенділікті күшейту міндеттері қойылды.

Бұған қоса мемлекеттік идеологияны ілгерілету, филиалдардың жұмыс тиімділігі мен контент сапасын арттыру бағытында бірқатар маңызды тапсырма берілді.

📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📺 Қазақ радиосы «Үркер» ұлттық сыйлығын иеленді

«Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты Қазақ радиосының «Ойтұма» бағдарламасы «Үздік радиожоба» номинациясы бойынша «Үркер» ұлттық сыйлығын иеленді.

📌Жобада қазақ ойшылдарының еңбегі мен көзқарасы туралы айтылып, адамгершілік құндылықтар, тәрбие және рухани даму мәселелері сөз болады.

🎙Бағдарламаны журналист Мұхамедәлі Болатұлы жүргізеді.

Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
🔥4❤1👏1🎉1🙏1
📺«Qazaqstan» телеарнасының «Қарқынды құрылыс» жобасы «Үздік телевизиялық материал» аталымы бойынша «Тұмар» жүлдесін алды

Жобада еліміздің әр өңірінде салынып жатқан тұрғын үйлердің, мектептердің, ауруханалар мен өзге де әлеуметтік нысандардың құрылыс барысы көрсетіледі.

🗺Бағдарламаның түсірілім тобы бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Бескөл емханасының, Көкшетау мен Қызылордадағы ауруханалардың, Кендірлі, Арқалық, Қатонқарағай және Зайсан әуежайларының құрылысымен танысып, көрерменге көрсетті.

Сондай-ақ Петропавл, Қызылорда және Зерендідегі тұрғын үй құрылысы, Маңғыстау, Қостанай және Өскемендегі жаңа өндіріс орындарының жұмысы қамтылды.

🎙Бағдарлама жүргізушілері – Нұрбек Бекбау, Назерке Өтеген және Карима Садуақас.

📺Хабар әр жұма сайын сағат 14:20-да эфирге шығады.

📹Instagram 📹TikTok 💬WhatsApp 📒Facebook
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤1🔥1👏1👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында жоғалған 7 жастағы бала табылды

Абай облысының Үржар ауданында жоғалып кеткен жеті жасар бала егістік алқабынан табылды.

🔺Баланың туыстары полицияға хабарласып, оның даму ерекшеліктері бар екенін айтқан.

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер баланы ауылдан төрт шақырым жердегі егістік алқабынан сағат 16:00 шамасында тапты.
👍9❤5👏2🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎤Димашты Польшада жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Әнші Димаш Құдайберген жаңа DiMENSIONS әлемдік туры аясында Польшаның Краков қаласына барды. Әуежайда оны жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды.

Айта кетейік, турдың алғашқы концерті 18 қазанда Краков қаласында өтеді.

Видео: dimash_fc_poland
🔥13❤10👏2⚡1🥰1🙏1
😍Бүгінгі күнді жағымды жаңалықтармен қорытындылайық!

⛸Астанада ерекше мұз айдыны ашылады
Астанада ұзындығы 1,4 шақырым болатын ерекше мұз айдыны ашылады. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Мұз жабынының жалпы ауданы 6 мың шаршы метр.

🏆«Қазақстан» телерадиокорпорациясының екі жобасы «Qazaqstan Media Awards» жүлделеріне ие болды
«Qazaqstan» телеарнасының «Қарқынды құрылыс» бағдарламасы «Үздік телевизиялық материал» аталымы бойынша «Тұмар» ұлттық сыйлығын иеленді. Ал Қазақ радиосының «Ойтұма» бағдарламасы «Үздік радиожоба» аталымында «Үркер» ұлттық сыйлығын жеңіп алды.

🥉Шұғыла Өмірбек U23 Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
 АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан халықаралық додада әйелдер күресінен ел қоржынына алғашқы жүлде салынды.

💸Қазақстандықтардың депозиті рекордтық деңгейге жетті
Ұлттық банк тұрғындар мен компаниялардың салымдары туралы ақпаратты жариялады. Жалпы депозит көлемі 51,5 триллион теңге. Қазір азаматтарымыздың депозитте 28,6 триллион теңгесі бар.

⚽️Темірлан Анарбеков – Конференция лигасының үздік үш қақпашысының қатарында
«Қайрат» клубының қақпашысы «Ригаға» қарсы алғашқы матчта пенальтиді қайтарып, командасының ұтылуына жол бермеді. Бұған дейін де айып добын қайтарудағы шеберлігімен көзге түсіп жүрген голкипер осылайша мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.
❤5
☀️+25 градусқа дейін күн жылынады: Демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» болжамынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлгінде жаңбыр, қар жауып, түнде үсік жүруі мүмкін. Алайда кей өңірлерде ауа температурасы +25 градусқа дейін жылынады.
Абай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.

Алматы қаласында 1-3, Алматы облысында 1-6, Жетісу облысында 3-8, Жамбыл облысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

🌫Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау және өзге де бірқатар өңірде тұман түседі.

💨Атырау, Маңғыстау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында шаңды дауыл күтіледі. Жетісу мен Жамбыл облыстарында жел екпіні 28 м/с дейін жетеді.

🌡Ауа температурасы қандай болады?

🔹Батыста күндіз +18-ден +25 градусқа дейін жылы болады. Солтүстік батыста түнде температура -1...-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +15...+20 градусты құрайды.

🔹Солтүстікте түнде 0-ден +5 градусқа дейін жылы болып, кейін -1...-6 градусқа дейін төмендейді. Күндіз температура +6...+12-ден +12...+17 градус аралығында құбылады.

🔹Орталық өңірлерде күндізгі температура +10...+20 градус болады.

🔹Шығыста түнде 0-ден +5 градусқа дейін жылы болып, кейін -1...-6 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.

🔹Оңтүстікте түнде +2...+7 градус, күндіз +18-ден +25 градусқа дейін болады деп болжанады. Оңтүстік шығыста күндіз +10...+18 градус, таулы аймақтарда +3...+8 градус жылы болады.

💬 @qazaqstantv
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9
😍Аптадағы жағымды жаңалықтар!

⚽️Темірлан Анарбеков – Конференция лигасының үздік үш қақпашысының қатарында

🎵Димашты Польшада жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

🥹Англияда Дастанның кішкентай жанкүйері көпті сүйсінтті

💪Астаналық балуан әлем чемпионы атанды

🧑‍🎨Елордалық оқушы 1500 бөтелке қақпағынан Мұқағали Мақатаевтың портретін жасады

🌐Король Филипп пен Патшайым Матильда Қазақстанға келді

Толығырақ оқу үшін
❤10🥰1
📌Енді аналар 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыны жұмыс істеп жүріп те ала алады
 
Енді аналар баласы 1,5 жасқа толмай жұмысқа шықса да бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақысы сақталады. Ол белгіленген мерзім аяқталғанға дейін төлене береді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.

«Әйел жұмысқа оралу мен әлеуметтік төлемді сақтап қалудың бірін таңдамағаны жөн. Жүктілікке және босануға байланысты төлем отбасының санатына қарамастан бұрынғы тәртіппен сақталады», – деді А. Ертаев.
❤4🔥1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝4👍1