ҚазАвтоЖол | КазАвтоЖол | 1403
32.4K subscribers
5.15K photos
6.86K videos
3.18K links
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы
Жаңалықтар, баспасөз релиздер мен оқиғалар

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403

***

Официальный канал АО «НК «ҚазАвтоЖол»
Новости, пресс-релизы и события

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403
Download Telegram
🔹 200 тоннадан асатын мыңға жуық көлік тіркелді: «ҚазАвтоЖол» артық жүк мәселесінің ауқымын жариялады

2026 жылдың сегіз айында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның автоматтандырылған өлшеу станциялары (АӨС) көлік құралдарының рұқсат етілген салмағына қатысты 870 мыңға жуық ықтимал заң бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде салмағы 50 тоннадан асатын көліктер бойынша шамамен 139 мың, 100 тоннадан асатын көліктер бойынша 12 мыңға жуық, ал 200 тоннадан асатын көліктер бойынша 1 мыңға жуық дерек тіркелген.

Бұл көрсеткіштер еліміздің автомобиль жолдарында белгіленген салмақ нормаларын сақтау мәселесінің қаншалықты өзекті екенін аңғартады. Жол конструкциясы белгілі бір нормативтік жүктемеге есептеліп салынады. Ал көлік құралдарының рұқсат етілген салмақтан жүйелі түрде асып жүруі жолдың тозуын жеделдетеді. Соның салдарынан ойық іздер, ығысулар мен жол жамылғысының деформациялары пайда болып, жөндеуаралық мерзім қысқарады.

Мәселе әсіресе жаңадан салынған және қайта жаңартылған автожолдарда өткір тұр. Мемлекет жол желісін дамытуға қомақты қаражат жұмсап келеді. Алайда жолдармен рұқсат етілген жалпы салмақ пен осьтік жүктемеден асатын көліктер тұрақты жүретін болса, жаңа инфрақұрылымды ұзақ мерзімге сақтау қиын. Жаңадан салынған жолдар артық жүктің салдарынан мерзімінен бұрын бұзылмауға тиіс.

Сонымен қатар жекелеген жүргізушілердің автоматтандырылған бақылаудан жалтару әрекеттері де тіркелуде. Ауыр жүк көліктері АӨС-ті жол жиегі немесе техникалық өткелдер арқылы айналып өтуге тырысады. Кейбір учаскелерде мұндай әрекеттердің алдын алу үшін орнатылған физикалық кедергілердің бөгде тұлғалар тарапынан өз бетінше алынып тасталған жағдайлары анықталды.

2026 жылдың басынан бері АӨС нысандарының өртенуіне қатысты үш жағдай тіркелді. Оқиғалардың себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. «ҚазАвтоЖол» жабдықтарды қорғау және автоматтандырылған өлшеу станцияларын айналып өту мүмкіндігін болдырмау бойынша қажетті шараларды жалғастырады.

Бұл ретте салмақ-габариттік бақылауды күшейту жүк тасымалдаушыларға қарсы бағытталған шара емес. Жүк көлігі өнеркәсіптің, құрылыстың, сауданың және транзиттік тасымалдың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Мәселе жүк көлігінде емес – артық жүкте және баршаға ортақ талаптардың сақталуында.

Бір рейсте көбірек жүк тасымалдау жекелеген тасымалдаушының шығынын азайтуы мүмкін. Алайда мұндай үнемнің салдары жолда қалады: жол жамылғысы мерзімінен бұрын тозып, оны қалпына келтіруге қосымша қаражат қажет болады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ АӨС желісін дамытуды және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жалғастырып келеді. Белгіленген салмақ нормаларын жүйелі түрде бұзғаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету және автоматтандырылған бақылауды айналып өту әрекеттерінің жолын кесу маңызды.

Сегіз айда тіркелген 870 мыңға жуық ықтимал заң бұзушылық – назар аударуды қажет ететін елеулі көрсеткіш. «ҚазАвтоЖол» жүк тасымалдаушыларды, ауыр жүк көлігі иелерін, құрылыс және өнеркәсіп кәсіпорындарын белгіленген салмақ пен осьтік жүктеме талаптарын сақтауға шақырады.

Жаңа жолдарды салу жеткіліксіз. Оларды сақтау да – ортақ міндет.
🔹 2026 жылдың 8 айында “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ-ның автоматтандырылған өлшеу станциялары көлік құралдарының рұқсат етілген салмағына қатысты 870 мыңға жуық ықтимал заң бұзушылықты тіркеді

🚙

🔹 За 8 месяцев 2026 года автоматизированными станциями измерения АО «НК «КазАвтоЖол» зафиксировано порядка 870 тысяч вероятных нарушений по допустимой массе транспортных средств
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Почему перегруз так опасен для дороги? Показываем наглядно

Мы много говорим о соблюдении весовых норм. Но что на самом деле происходит с дорогой, когда по ней систематически движутся перегруженные грузовики?

На инфографике показываем этот процесс изнутри. Основной ущерб дорожной конструкции связан не только с общей массой автомобиля, но прежде всего с нагрузкой, которая передается через оси и колеса.

Под повышенной нагрузкой сначала деформируется асфальтобетонное покрытие. Затем воздействие передается на нижние слои дорожной одежды, появляются микротрещины и деформации. При повторяющихся нагрузках они накапливаются — образуются колейность, трещины, просадки и выбоины.

Именно поэтому соблюдение допустимой массы и нагрузки на ось — не формальное требование. Каждый систематический перегруз сокращает ресурс дороги и приближает следующий ремонт.

В конечном итоге последствия затрагивают всех: государство вынуждено раньше направлять средства на восстановление покрытия, а водители получают дорогу с колейностью и деформациями.

Мы не против грузовых перевозок. Они необходимы экономике страны. Мы против перегруза, который сокращает срок службы дорог.

Посмотрите инфографику — в ней наглядно показываем, что происходит с дорожной конструкцией под воздействием тяжеловесного транспорта.

Соблюдай весовые нормы. Сохраним дороги вместе.
🔹 Артық жүк жолды қалай бұзады?

Салмақ нормасын сақтау туралы жиі айтамыз. Ал шамадан тыс жүк тиелген көлік жолмен тұрақты жүргенде асфальттың астында не болып жатқанын білесіз бе?

Жолға түсетін салмақ тек көліктің жалпы массасына байланысты емес. Негізгі жүктеме жолға көліктің осьтері мен дөңгелектері арқылы беріледі.

Артық салмақтың әсерінен алдымен асфальтбетон жамылғысы деформацияланады. Кейін күш жол төсемінің төменгі қабаттарына өтіп, ұсақ жарықтар мен зақымдар пайда болады. Мұндай жүктеме қайталана берген сайын жол әлсіреп, біртіндеп ойық іздер, жарықтар, шөгулер мен шұңқырлар пайда болады.

Сондықтан рұқсат етілген салмақ пен осьтік жүктемені сақтау – жай ғана талап емес. Әрбір артық жүк жолдың қызмет ету мерзімін қысқартып, кезекті жөндеуді жақындатады.
Оның салдары бәріне ортақ: жолды мерзімінен бұрын қалпына келтіруге қосымша қаражат қажет болады, ал жүргізушілер деформацияланған жолмен жүруге мәжбүр болады.

Біз жүк тасымалына қарсы емеспіз. Ол ел экономикасына қажет. Біз жолды мерзімінен бұрын тоздыратын артық жүкке қарсымыз.

Салмақ нормасын сақтайық. Жолды бірге қорғайық!
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Тозған жолдың тағдыры. KAZ19 автожолында 80 шақырым учаске жаңартылады | Jol Live

Қостанай облысынан Ақтөбе облысына кіреберістегі жолдың жағдайы әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді. Қазір KAZ19 автожолының Ақтөбе облысындағы бірнеше учаскесінде орташа жөндеу жүргізілуде.

Жол жабыны қалай жаңартылады? Проблемалы бөліктерде жұмыс қандай технологиямен жасалады? «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған Jol Live жобасында жөндеу барысын құрылыс алаңынан көрсетеміз.

Дереккөз: 24КЗ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Миллиард тенге на ремонт: мы проверили дорогу в Рудном | Jol live

В новом выпуске совместного с АО «НК «КазАвтоЖол» проекта JOL live отправляемся на Западный обход города Рудного. Здесь десятилетиями не было серьёзного ремонта, по дороге ежедневно проходит около 5 тысяч автомобилей, включая большегрузы.
Теперь на обновление участка выделен 1 миллиард тенге. Мы приехали прямо на место, чтобы увидеть, как идут работы, что уже сделано и что изменится для водителей.

Почему дорога так долго ждала ремонта? Были ли выявлены нарушения? Успеют ли подрядчики завершить работы в срок? И главное – какой будет эта дорога после ремонта?

Источник: 24КЗ
🔹 Как платить за платные дороги выгодно: предоплата, RFID и абонемент

Пользоваться платными дорогами в Казахстане можно выгоднее, если заранее выбрать подходящий способ оплаты. Для автомобилистов доступны предоплата, абонемент и RFID-метки, а стоимость проезда по ряду платных участков зависит от того, когда внесена оплата — до поездки или после нее.

Самый простой способ сэкономить — пополнить баланс автомобиля заранее. Например, на платном участке Щучинск – Кокшетау протяженностью 60,75 км проезд легкового автомобиля составляет около 117,21 теңге по предоплате и 140,56 теңге по постоплате, а для грузового автомобиля грузоподъемностью свыше 15 тонн — около 2 495,1 и 2 940,57 теңге соответственно. Таким образом, при регулярных поездках разница становится особенно ощутимой для грузоперевозчиков.

Принцип предоплаты прост: необходимая сумма должна находиться на балансе государственного регистрационного номера автомобиля до проезда по платному участку. Поэтому перед дальней поездкой рекомендуется заранее проверить баланс и при необходимости пополнить его. Контролировать состояние счета и историю операций можно через личный кабинет KazToll.

Для автомобилистов, которые регулярно пользуются платными трассами, «ҚазАвтоЖол» внедрил RFID-метки. Метка устанавливается на автомобиль и привязывается к государственному регистрационному номеру и лицевому счету пользователя. При проезде система идентифицирует транспортное средство и автоматически производит расчет с баланса.

При этом сама RFID-метка не является отдельной скидкой. Ее основное преимущество — автоматизация оплаты: водителю не требуется каждый раз проводить отдельную платежную операцию. RFID-метки предоставляются бесплатно на пунктах взимания платы.

Еще один способ сократить расходы — абонемент. Он предусмотрен для транспортных средств, зарегистрированных в населенных пунктах, прилегающих к соответствующим платным участкам. Абонемент можно оформить на 30 или 365 дней. Для тех, кто ежедневно пользуется одной и той же трассой, такой вариант может быть значительно выгоднее оплаты каждой поездки отдельно.

Таким образом, для нерегулярных поездок оптимальным решением остается предоплата, для постоянных пользователей удобным дополнением станет RFID, а жителям прилегающих населенных пунктов стоит проверить возможность приобретения абонемента.

АО «НК «ҚазАвтоЖол» также рекомендует пользоваться только официальными каналами оплаты и не переходить по сомнительным ссылкам из SMS и мессенджеров. Проверить баланс, задолженность и информацию о платных участках можно через официальные сервисы системы KazToll и контакт-центр 1403.

Главное правило остается простым: планируете поездку по платной дороге — проверьте баланс заранее. Это и удобнее, и выгоднее.
🔹 Ақылы жолға қалай тиімді төлеуге болады: алдын ала төлем, RFID және абонемент

Қазақстандағы ақылы жолдарды пайдаланғанда төлем тәсілін дұрыс таңдау арқылы шығынды азайтуға болады. Жүргізушілерге алдын ала төлем, абонемент және RFID-белгі қолжетімді. Ал бірқатар ақылы учаскеде жол жүру құны төлемнің сапарға дейін немесе одан кейін жасалуына байланысты өзгереді.

Үнемдеудің ең қарапайым жолы – көлік балансын сапарға дейін толтыру. Мысалы, ұзындығы 60,75 шақырым болатын Щучинск – Көкшетау ақылы учаскесінде жеңіл көлік үшін алдын ала төлем шамамен 117,21 теңге, кейін төленсе 140,56 теңге болады. Ал жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көлігі үшін бұл сома тиісінше шамамен 2 495,1 және 2 940,57 теңгені құрайды. Тұрақты қатынайтын көліктер үшін, әсіресе жүк тасымалдаушыларға мұндай айырмашылық айтарлықтай үнем береді.

Алдын ала төлем жасау тәртібі қарапайым: ақылы учаскеге кірмей тұрып, көліктің мемлекеттік тіркеу нөміріне байланыстырылған баланста қажетті қаражат болуы керек. Сондықтан алыс жолға шығар алдында балансты тексеріп, қажет болса алдын ала толықтырған жөн. Шоттағы қаражат пен төлемдер тарихын KazToll жеке кабинеті арқылы бақылауға болады.

Ақылы жолдарды тұрақты пайдаланатын жүргізушілер үшін «ҚазАвтоЖол» RFID-белгілерді енгізді. Белгі көлікке орнатылып, оның мемлекеттік тіркеу нөмірі мен пайдаланушының жеке шотына байланыстырылады. Көлік ақылы учаскеден өткен кезде жүйе оны автоматты түрде танып, төлемді баланстан есептейді.

RFID-белгінің өзі қосымша жеңілдік бермейді. Оның басты артықшылығы – төлем үдерісін автоматтандыру. Жүргізушіге әр сапар сайын жеке төлем жасаудың қажеті жоқ. RFID-белгілер ақы алу пункттерінде тегін беріледі.

Шығынды азайтудың тағы бір жолы – абонемент. Ол тиісті ақылы жол учаскелеріне іргелес елді мекендерде тіркелген көлік құралдарына арналған. Абонементті 30 немесе 365 күнге рәсімдеуге болады. Бір бағытпен күн сайын қатынайтын жүргізушілер үшін әр сапарды жеке төлегеннен гөрі бұл тәсіл әлдеқайда тиімді болуы мүмкін.

Қысқаша айтқанда, ара-тұра сапарға шығатын жүргізушілерге – алдын ала төлем, тұрақты пайдаланушыларға – RFID, ал ақылы жолдарға іргелес елді мекен тұрғындарына абонемент тиімді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ төлем жасау кезінде тек ресми арналарды пайдалануды және SMS немесе мессенджерлер арқылы келген күмәнді сілтемелерге өтпеуді ескертеді. Балансты, берешекті және ақылы жолдар туралы ақпаратты KazToll жүйесінің ресми сервистері арқылы немесе 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.

Басты қағида қарапайым: ақылы жолмен сапарға шығасыз ба – балансты алдын ала тексеріңіз. Бұл әрі ыңғайлы, әрі тиімді.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Остановка без аварийной сигнализации едва не закончилась трагедией на трассе Астана – Караганда – Алматы

Камеры с элементами искусственного интеллекта зафиксировали момент ДТП на автомобильной дороге республиканского значения Астана – Караганда – Алматы.

На кадрах видно, как грузовой автомобиль движется с низкой скоростью, после чего останавливается на проезжей части. При этом аварийная световая сигнализация включена не была. Двигавшийся сзади легковой автомобиль совершил попутное столкновение с грузовиком.

От удара легковой автомобиль выбросило с проезжей части на обочину, после чего он опрокинулся. Обстоятельства происшествия устанавливаются компетентными органами.

ҚазАвтоЖол напоминает: вынужденная остановка на трассе без обозначения транспортного средства создает серьезную угрозу для остальных участников движения. При вынужденной остановке необходимо незамедлительно включить аварийную сигнализацию и установить знак аварийной остановки в соответствии с требованиями ПДД.

Водителям также необходимо соблюдать безопасную дистанцию и постоянно контролировать ситуацию впереди.

Остановился на дороге — обозначь себя. Другой водитель должен успеть тебя увидеть.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Астана – Қарағанды – Алматы тасжолында апаттық белгісіз тоқтау қайғылы жағдайға әкеле жаздады

Республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автомобиль жолында болған жол-көлік оқиғасының сәті жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау камераларына жазылған.

Бейнежазбадан жүк көлігінің төмен жылдамдықпен қозғалып келе жатып, жолдың жүру бөлігінде тоқтағанын көруге болады. Алайда көліктің апаттық жарық белгісі қосылмаған. Артынан келе жатқан жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысқан.

Соққы салдарынан жеңіл автокөлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

«ҚазАвтоЖол» ескертеді: тасжолда мәжбүрлі тоқтаған көлікті тиісті белгілермен белгілемеу өзге жүргізушілер үшін үлкен қауіп тудырады. Мұндай жағдайда апаттық жарық белгісін дереу қосып, жол қозғалысы қағидаларына сәйкес апаттық тоқтау белгісін орнату қажет.

Сонымен қатар жүргізушілер қауіпсіз арақашықтықты сақтап, алда қалыптасқан жол жағдайын үнемі бақылауда ұстауы тиіс.

Жолда тоқтадыңыз ба – апаттық белгіні қосыңыз. Артыңыздағы жүргізуші сізді дер кезінде көруі керек.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Жол бойындағы қоқыс жәшігі – үйдің қоқысын төгетін орын емес: «ҚазАвтоЖол» тұрмыстық қалдық тастағандарды бейнежазба арқылы көрсетеді

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жекелеген учаскелерінде жол маңындағы елді мекен тұрғындарының тұрмыстық қалдықтарды арнайы көлікпен әкеліп, жол бойындағы қоқыс жәшіктеріне тастап кету фактісі жиі кездеседі. Қаптарға салынған үй қоқысы, қораптар, тамақ қалдықтары және өзге де тұрмыстық қалдықтар соның айқын көрінісі.

Жол бойындағы қоқыс жәшіктері ең алдымен жол пайдаланушыларына арналған. Яғни жүргізушілер мен жолаушылар сапар барысында жиналған шағын көлемдегі қалдықтарды осы жәшіктерге тастай алады. Алайда кей жағдайда олар тұрмыстық қалдықтарды төгетін орынға айналып отыр. Жекелеген азаматтар үйден шыққан қоқысты көлікпен әкеліп, жол жиегіне қалдырып кетеді.

Ал оны кейін жолшылар жинауға мәжбүр. «ҚазАвтоЖол» мамандары күн сайын автомобиль жолдарын, жол жиектерін, аялдама алаңдарын және жол бойындағы аумақтарды күтіп ұстау әрі тазалау жұмыстарын жүргізеді. Алайда негізгі міндеттерімен қатар, оларға басқа адамдардың үйлерінен арнайы әкеліп тастаған тұрмыстық қалдықтарын да жинауға тура келеді.

«ҚазАвтоЖол» мұндай әрекетті жол беруге болмайтын жағдай деп санайды. Бұл қоқыс жәшігінің жетіспеушілігінен немесе кездейсоқ орын алған әрекеттен туындап отырған мәселе емес. Бұл – өзінің тұрмыстық қалдығын жинау міндетін басқа адамдардың мойнына жүктеу.

Мұндай жағдай бейнежазбалардан анық көрінеді: азамат көлікпен келіп, тұрмыстық қалдықтарын жол бойына қалдырып кетеді. Кейін сол жерге жол қызметкері келіп, өзгенің артынан қоқыс жинайды.

Осы мәселеге қоғам назарын аудару мақсатында «ҚазАвтоЖол» алдағы уақытта осындай жағдайлар тіркелген фото және бейнематериалдарды жариялайтын болады. Республикалық маңызы бар автомобиль жолы – ортақ инфрақұрылым. Оның тазалығы тек жол қызметтерінің жұмысына ғана емес, әр азаматтың жауапкершілігі мен мәдениетіне де байланысты.

Жолшылар қоқысты жинайды. Олар бұл жұмысты күн сайын атқарады. Бірақ бұл өзгенің артынан қоқыс жинау – олардың міндеті дегенді білдірмейді.

Таза жол – жолшылардың ғана емес, баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Придорожная урна — не контейнер для домашнего мусора: КазАвтоЖол покажет, кто оставляет бытовые отходы вдоль трасс

Пакеты с бытовыми отходами, коробки, остатки продуктов и другой домашний мусор. На отдельных участках республиканских трасс жители близлежащих населенных пунктов специально привозят отходы на автомобилях и оставляют их в придорожных урнах.

Эти урны предназначены для пользователей дорог — чтобы водитель и пассажиры могли оставить небольшой мусор, образовавшийся в пути. Однако иногда их превращают в площадки для бытовых отходов: люди привозят полные пакеты из дома, выгружают их у трассы и уезжают.

После них остаются наши дорожники. Сотрудники КазАвтоЖола ежедневно очищают дороги, обочины, остановочные площадки и придорожную территорию. Вместо работы по содержанию трасс им приходится убирать мусор, который кто-то сознательно привез из дома.

Мы считаем такое отношение недопустимым. Это не случайность и не вопрос нехватки урн. Это перекладывание собственной ответственности на других людей.

Особенно наглядно это видно на видео: человек приезжает на автомобиле, оставляет бытовые отходы и уезжает. Позже дорожный рабочий приезжает на это же место и убирает за ним.

КазАвтоЖол будет публиковать фото- и видеоматериалы подобных случаев, чтобы обратить внимание на проблему. Республиканская дорога — общее пространство, и ее чистота зависит не только от дорожных служб, но и от культуры каждого человека.

Дорожники уберут. Они убирают каждый день. Но разве это означает, что за собой можно не убирать?
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Жолдағы шектеу

11 қыркүйектен бастап «Алматы – Бішкек» тас жолының 25-ші шақырымында ірі габаритті көліктердің қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу Қаскелең қаласы маңында жол айрығын салу жұмыстарына байланысты енгізіліп отыр. Бұл жөнінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының аймақтық филиалы мәлімдеді.

Жаңа талап биіктігі төрт жарым метрден, ені 8 метрден асатын ауыр жүк көліктеріне қатысты. Ал жеңіл және қоғамдық көліктер әдеттегі режимде қатынайды.

Мамандар жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, балама жолдарды пайдалануды ұсынады. Бұл тәртіп құрылыс жұмыстары аяқталғанға дейін, яғни жыл соңына дейін сақталады.

Дереккөз: Qonaev Media
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Ограничения для большегрузов

С 11 сентября на трассе Алматы - Бишкек временно ограничат движение крупногабаритного транспорта. Речь идёт об участке на 25-м километре автодороги, в районе города Каскелен. Причина - строительство новой транспортной развязки. При этом легковой и пассажирский транспорт продолжит движение в обычном режиме. Ограничения коснутся только большегрузных машин и будут действовать до завершения строительных работ - ориентировочно до конца года.

Жанат Утепбергенов - начальник отдела Алматинского областного филиала АО «НК «ҚазАвтоЖол»:

- Допустимые параметры для автотранспортных составляет высота до 4,5 метра , ширина до 8 м перевозчикам и водителям крупно габаритных автотранспортных средств рекомендуется заранее корректировать маршруты, использовать альтернативные дороги республиканского и областного значения.

Источник: Qonaev Media
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 «Волошинка – Сергеевка – Тимирязева» автожолында жөндеу жұмыстары жалғасуда

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында республикалық маңызы бар автомобиль жолының бірқатар учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазір республикалық маңызы бар «Волошинка–Сергеевка–Тимирязево» тасжолының бірнеше учаскесі қалпына келтіріліп жатыр.
Жалпы ұзындығы 45 шақырымды қамтитын жолдың негізі толық нығайтылып, асфальттың төменгі қабаты төселді. Ал жоғарғы сапалы қабаты қазірдің өзінде 30 шақырымнан астам аумаққа құйылған. Бұдан бөлек, жол жиектері бекітіліп, жүргізушілер мен жолаушылар үшін 3 жаңа автопавильон орнатылды.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, өңірдегі көлік қатынасының сапасын едәуір жақсартпақ.

Дереккөз: Qyzyljar TV
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Ремонт дороги «Волошинка - Сергеевка - Тимирязева»

По информации пресс-службы АО «НК «ҚазАвтоЖол», в Тимирязевском районе продолжается ремонт дороги «Волошиинка - Сергеевка - Тимирязева». Работы охватывают 45 километров. На всём участке уже подготовлено основание и уложен нижний слой асфальта. Верхнее покрытие готово на 30,6 километра. Также укрепляются обочины и устанавливаются автопавильоны.

Ремонт направлен на повышение безопасности и комфорта для водителей.

Источник: Qyzyljar TV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 В Кызылординской области прошло оперативно-профилактическое мероприятие «Перевозчик»

В Кызылординской области на автомобильной дороге республиканского значения KAZ06 «Карабутак – Кызылорда – Шымкент» прошло оперативно-профилактическое мероприятие «Перевозчик».

Основная цель мероприятия – проведение разъяснительной работы с водителями транспортных средств, осуществляющих пассажирские и грузовые перевозки, а также профилактика дорожно-транспортных происшествий.

В мероприятии приняли участие представители Кызылординского областного филиала АО «НК «ҚазАвтоЖол», Кызылординского областного филиала ТОО «ҚАЖСервис» и сотрудники Департамента полиции Кызылординской области.

Специалисты провели с водителями разъяснительные беседы и напомнили о необходимости соблюдения требований безопасности дорожного движения, скоростного режима, контроля технического состояния транспортных средств и повышенного внимания к дорожной обстановке.

Профилактические мероприятия направлены на повышение ответственности участников дорожного движения и предупреждение дорожно-транспортных происшествий.

🌐Телеграм 🌐 Инстаграм 🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Қызылорда облысында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

Қызылорда облысында республикалық маңызы бар KAZ06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автомобиль жолы бойында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарының жүргізушілеріне жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.

Іс-шараға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қызылорда облыстық филиалының, «ҚАЖСервис» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының өкілдері және Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.

Мамандар жүргізушілермен кездесіп, жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, жылдамдық режимін бұзбау, көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау және жол жағдайына қарай сақтық шараларын қабылдау қажеттігін түсіндірді.

Мұндай профилактикалық жұмыстар жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттырып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

🌐Телеграм 🌐 Инстаграм 🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 В Северо-Казахстанской области на автодороге KAZ02 проводятся работы по среднему ремонту

В Северо-Казахстанской области на отдельных участках автомобильной дороги республиканского значения KAZ02 «Астана – Кокшетау (обход) – Петропавловск – граница РФ (п/п Жана Жол)» км 341–473 проводятся работы по среднему ремонту.

В рамках проекта выполнены следующие работы:

– фрезерование существующего асфальтобетонного покрытия – 56 км;
– устройство выравнивающего слоя из горячей плотной мелкозернистой асфальтобетонной смеси – 55,6 км;
– устройство покрытия из горячей щебеночно-мастичной асфальтобетонной смеси – 48,6 км;
– укрепление обочин – 47,3 км.

В настоящее время работы по среднему ремонту выполняются в соответствии с утвержденным графиком. Проводимые работы направлены на улучшение состояния дорожного покрытия, повышение безопасности движения и создание более комфортных условий для участников дорожного движения.

🌐Телеграм 🌐 Инстаграм 🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM