ҚазАвтоЖол | КазАвтоЖол | 1403
32.4K subscribers
5.15K photos
6.86K videos
3.18K links
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы
Жаңалықтар, баспасөз релиздер мен оқиғалар

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403

***

Официальный канал АО «НК «ҚазАвтоЖол»
Новости, пресс-релизы и события

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403
Download Telegram
🔹 Солтүстік Қазақстан облысында KAZ02 автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар KAZ02 «Астана – Көкшетау (айналма жолы) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автомобиль жолының 341–473 шақырым аралығындағы таңдаулы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба аясында келесі жұмыстар атқарылды:

– 56 шақырымда қолданыстағы асфальтбетон жабыны жонылды;
– 55,6 шақырымда тығыз ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасынан тегістеуші қабат төселді;
– 48,6 шақырымда қиыршықтас-мастикалы асфальтбетон қоспасынан жол жабынының жоғарғы қабаты төселді;
– 47,3 шақырымда жол жиектері нығайтылды.

Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстар жол жабынының сапасын жақсартуға, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және жол пайдаланушылары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

🌐Телеграм 🌐 Инстаграм 🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 1,2 тонны в минуту: что дорожники собирают с обочин казахстанских трасс

Песок, мелкий щебень, грунт и другой дорожный смет — то, что водитель практически не замечает, пока все это находится за пределами полосы движения. Однако чистая обочина — это не только внешний вид трассы. Это видимость разметки, состояние проезжей части и безопасность движения.

Для содержания республиканских автодорог «КАЖсервис» применяет специальную подметально-уборочную технику элеваторного типа. Ее главное отличие от обычной уборки щетками заключается в принципе работы: смет не просто перемещается в сторону — он механически подбирается с поверхности и сразу загружается в кузов движущегося самосвала.

За один проход техника очищает полосу шириной до 3 метров, может работать со скоростью до 25 км/ч, а производительность по сбору смета достигает 1,2 тонны в минуту. Для подавления пыли предусмотрена система увлажнения с запасом воды более одной тонны.

Такой способ особенно эффективен при очистке обочин и края проезжей части, где после зимы и в процессе эксплуатации накапливаются песок, грунт и мелкий щебень. Механический принцип позволяет работать в том числе на неровных участках покрытия.

Есть и важный эффект для автомобилистов. При правильной организации работ собранный материал направляется внутрь уборочного механизма и далее в кузов самосвала, а не просто сметается в сторону. Это позволяет снижать разлет мелких камней и щебня в направлении проезжающих автомобилей, а очистка края покрытия помогает сохранять хорошо различимыми дорожную разметку и границы проезжей части.

Для дорожников это обычная ежедневная работа. Для водителя ее результат выглядит гораздо проще: чистая обочина, видимая разметка и меньше посторонних предметов рядом с колесами автомобиля.

Содержание дороги начинается с деталей, которые водитель может даже не заметить. Но именно из таких деталей складывается безопасность трассы.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Минутына 1,2 тонна: жолшылар тасжол жиегінен не жинайды?

Құм, ұсақ қиыршық тас, топырақ және жол бойына жиналған өзге де қалдықтар. Көлік жүргізушісі мұның бәрін көп жағдайда байқамауы мүмкін. Алайда жол жиегінің тазалығы – тек сыртқы көрініс емес. Ол жол таңбаларының анық көрінуіне, жол жамылғысының жай-күйіне және қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау кезінде «ҚАЖсервис» арнайы элеваторлық үлгідегі сыпыру-жинау техникасын пайдаланады. Оның қарапайым сыпырғыш техникадан басты айырмашылығы – жиналған құм мен қиыршық тасты жол шетіне ысырып тастамайды. Арнайы механизм оларды жол бетінен жинап алып, бірден қатар жүріп келе жатқан түсіргіштің шанағына тиейді.

Техника бір жүріп өткенде ені 3 метрге дейінгі жолақты тазартады. Жұмыс жылдамдығы сағатына 25 шақырымға дейін, ал жол бетіндегі қалдықтарды жинау өнімділігі минутына 1,2 тоннаға дейін жетеді. Жұмыс барысында шаң көтерілмеуі үшін бір тоннадан астам су қоры бар ылғалдандыру жүйесі қарастырылған.

Бұл әдіс әсіресе қыс мезгілінен кейін жол жиегі мен жүру бөлігінің шетіне жиналып қалған құмды, топырақты және ұсақ қиыршық тасты тазалауда тиімді. Механикалық жинау жүйесі жол жамылғысының тегіс емес учаскелерінде де жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Мұның жүргізушілер үшін де маңызы бар. Жиналған материал жол шетіне жай ғана сыпырылмай, арнайы механизм арқылы түсіргішке тиеледі. Соның арқасында ұсақ тас пен қиыршық тастың қозғалыстағы көліктерге қарай шашырау қаупі азаяды. Ал жол жамылғысының шетін тұрақты тазалау жол таңбалары мен жүру бөлігінің шекарасын анық көруге мүмкіндік береді.

Жолшылар үшін бұл – күнделікті жұмыстың бір бөлігі. Ал жүргізуші оның нәтижесін қарапайым нәрселерден байқайды: таза жол жиегі, анық көрінетін жол таңбасы және көлік дөңгелегінің маңында шашылып жатқан бөгде заттардың азаюы.

Жолды күтіп ұстау кейде жүргізуші байқамайтын ұсақ жұмыстан басталады. Ал қауіпсіз жол дәл осындай маңызды бөлшектерден құралады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Ақтөбе облыстық филиал мамандары құқық қорғау органдарымен бірлесіп, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауыр жүк көліктерімен күрес бойынша рейдтік жұмыс жүргізді

🚙

🔹 Специалисты Актюбинского областного филиала совместно с правоохранительными органами провели рейдовые мероприятия на автомобильных дорогах республиканского значения по выявлению нарушений со стороны большегрузного транспорта.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Более 25,8 млн проездов за лето: куда чаще всего ездили казахстанцы

С 1 июня по 31 августа 2026 года на 28 платных участках республиканских автодорог Казахстана зафиксировано 25 818 167 проездов. В среднем за три летних месяца автомобили совершали порядка 281 тысячи проездов в сутки.

Самым загруженным направлением лета стал участок Алматы – Конаев — более 4,3 млн проездов. На втором месте — Шымкент – граница Узбекистана с 2,68 млн проездов, на третьем — Шымкент – Тараз, где зарегистрировано 1,87 млн проездов.

Высокая интенсивность движения также наблюдалась на направлениях Тараз – Кайнар, Астана – Темиртау, Астана – Щучинск, Шымкент – Кызылорда и Конаев – Талдыкорган. Только на десять наиболее востребованных участков пришлось более 18,2 млн проездов, или около 71% всего летнего трафика на платной сети.

География автомобильных поездок показывает высокий спрос как на маршруты между крупнейшими городами страны, так и на направления к популярным туристическим и рекреационным зонам. Алматы – Конаев, Астана – Щучинск, Щучинск – Кокшетау, Караганда – Балхаш, Кызылорда – Аральск, Ушарал – Достык и другие трассы становятся частью внутренней туристической мобильности Казахстана.

Развитие качественной дорожной инфраструктуры является одним из факторов роста автомобильного туризма. Чем доступнее регионы, безопаснее трассы и комфортнее сама поездка, тем больше возможностей появляется для путешествий внутри страны. АО «НК «ҚазАвтоЖол» продолжает масштабную работу по строительству, реконструкции, ремонту и содержанию республиканской сети автодорог, сокращая время в пути и повышая транспортную доступность регионов.

Отдельное направление работы — развитие придорожного сервиса. Сегодня вдоль республиканских автомобильных дорог функционирует порядка 1 500 объектов сервиса: автозаправочные станции, пункты питания, гостиницы, зоны отдыха, санитарные объекты и другие виды услуг для автомобилистов.

Одновременно дорожная инфраструктура постепенно адаптируется к развитию электротранспорта. Вдоль республиканских трасс уже функционируют более 60 электрозарядных станций для электромобилей. Расширение такой сети позволяет увеличивать географию междугородних поездок на электрическом транспорте и формировать современную инфраструктуру автопутешествий.

Рейтинг платных участков по количеству проездов с 1 июня по 31 августа 2026 года:

1. Алматы – Конаев — 4 310 266;
2. Шымкент – граница УР — 2 682 324;
3. Шымкент – Тараз — 1 872 053;
4. Тараз – Кайнар — 1 815 796;
5. Астана – Темиртау — 1 493 818;
6. Астана – Щучинск — 1 460 655;
7. Шымкент – Кызылорда — 1 408 438;
8. Конаев – Талдыкорган — 1 202 409;
9. Щучинск – Кокшетау — 1 063 372;
10. Обход Тараза (Кайнар – Шымкент) — 945 725;
11. Костанай – Денисовка — 853 586;
12. Астана – Павлодар — 837 185;
13. Караганда – Балхаш – Бурылбайтал — 788 183;
14. Алматы – Хоргос — 767 108;
15. Кокшетау – Петропавловск — 591 025;
16. Кызылорда – Аральск — 567 233;
17. Павлодар – Семей – Калбатау — 461 152;
18. Шу – Бурылбайтал — 392 358;
19. Актобе – граница РФ (Оренбург) — 376 518;
20. Кандыагаш – Макат — 297 804;
21. Талдыкорган – Усть-Каменогорск — 286 907;
22. Костанай – граница РФ (Троицк) — 281 813;
23. Ушарал – Достык — 267 250;
24. Павлодар – граница РФ (на Омск) — 262 766;
25. Уральск – граница РФ (на Самару) — 192 314;
26. Уральск – граница РФ (на Саратов) — 169 382;
27. Бурылбайтал – Курты — 128 487;
28. Бейнеу – Акжигит (граница УР).

Летний трафик показывает, что автомобиль остается одним из ключевых способов передвижения по Казахстану. Поэтому развитие дорог сегодня — это не только вопрос транспортного сообщения. Это доступность туристических объектов, развитие малого бизнеса вдоль трасс, новые точки придорожного сервиса и возможность свободнее путешествовать по стране на собственном автомобиле.
🔹 Жазда ақылы жолдармен 25,8 млн сапар жасалды: ең танымал бағыттар анықталды

2026 жылғы 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 28 ақылы учаскесінде 25 818 167 көлік жүріп өту дерегі тіркелді. Жаздың үш айында тәулігіне орта есеппен 281 мыңға жуық көлік жүріп өткен.

Жаз мезгіліндегі ең қарқынды бағыт Алматы – Қонаев учаскесі болды. Мұнда үш айда 4,3 млн-нан астам көлік жүріп өткен. Екінші орында – Шымкент – Өзбекстан Республикасының шекарасы бағыты: 2,68 млн. Үшінші орында Шымкент – Тараз учаскесі тұр. Бұл бағытта 1,87 млн көлік жүріп өту дерегі тіркелген.

Тараз – Қайнар, Астана – Теміртау, Астана – Щучинск, Шымкент – Қызылорда және Қонаев – Талдықорған бағыттарында да көлік қозғалысының жоғары қарқындылығы байқалды. Сұраныс жоғары он учаскенің өзінде 18,2 млн-нан астам көлік жүріп өткен. Бұл ақылы жолдар желісіндегі жазғы трафиктің шамамен 71%-ын құрайды.

Автокөлік сапарларының географиясы еліміздің ірі қалаларын байланыстыратын бағыттармен қатар, танымал туристік және демалыс аймақтарына апаратын жолдарға да сұраныс жоғары екенін көрсетеді. Алматы – Қонаев, Астана – Щучинск, Щучинск – Көкшетау, Қарағанды – Балқаш, Қызылорда – Арал, Үшарал – Достық және басқа да бағыттар Қазақстандағы ішкі туризмнің маңызды көлік арналарына айналып келеді.

Сапалы жол инфрақұрылымының дамуы – автотуризмнің өсуіне ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. Өңірлерге жету неғұрлым қолжетімді, жол қауіпсіз әрі сапар жайлы болған сайын ел ішінде саяхаттауға мүмкіндік те арта түседі. Осы бағытта «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастырып келеді. Бұл жол жүру уақытын қысқартып, өңірлердің көліктік қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жұмыстың тағы бір маңызды бағыты – жол бойындағы сервисті дамыту. Бүгінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 1 500-ге жуық жол бойындағы сервис нысаны жұмыс істейді. Олардың қатарында жанармай құю станциялары, тамақтану орындары, қонақүйлер, демалыс орындары, санитарлық нысандар және жүргізушілер мен жолаушыларға арналған өзге де қызмет түрлері бар.

Сонымен қатар жол инфрақұрылымы электр көліктерінің дамуына қарай кезең-кезеңімен бейімделіп келеді. Қазіргі уақытта республикалық автожолдар бойында электромобильдерге арналған 60-тан астам электр қуаттау станциясы жұмыс істейді. Мұндай желінің кеңеюі электромобильмен қалааралық сапарлардың географиясын ұлғайтып, заманауи автотуризм инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

2026 жылғы 1 маусым – 31 тамыз аралығындағы көлік жүріп өту саны бойынша ақылы учаскелер рейтингі:

1. Алматы – Қонаев — 4 310 266;
2. Шымкент – ӨР шекарасы — 2 682 324;
3. Шымкент – Тараз — 1 872 053;
4. Тараз – Қайнар — 1 815 796;
5. Астана – Теміртау — 1 493 818;
6. Астана – Щучинск — 1 460 655;
7. Шымкент – Қызылорда — 1 408 438;
8. Қонаев – Талдықорған — 1 202 409;
9. Щучинск – Көкшетау — 1 063 372;
10. Тараз айналма жолы (Қайнар – Шымкент) — 945 725;
11. Қостанай – Денисовка — 853 586;
12. Астана – Павлодар — 837 185;
13. Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал — 788 183;
14. Алматы – Қорғас — 767 108;
15. Көкшетау – Петропавл — 591 025;
16. Қызылорда – Арал — 567 233;
17. Павлодар – Семей – Қалбатау — 461 152;
18. Шу – Бурылбайтал — 392 358;
19. Ақтөбе – РФ шекарасы (Орынборға) — 376 518;
20. Қандыағаш – Мақат — 297 804;
21. Талдықорған – Өскемен — 286 907;
22. Қостанай – РФ шекарасы (Троицкке) — 281 813;
23. Үшарал – Достық — 267 250;
24. Павлодар – РФ шекарасы (Омбыға) — 262 766;
25. Орал – РФ шекарасы (Самараға) — 192 314;
26. Орал – РФ шекарасы (Саратовқа) — 169 382;
27. Бурылбайтал – Күрті — 128 487;
28. Бейнеу – Ақжігіт (ӨР шекарасы).

Жазғы трафик көрсеткіштері автокөліктің Қазақстан ішінде қатынаудың негізгі құралдарының бірі болып отырғанын көрсетеді. Бұл – туристік нысандардың қолжетімділігі, жол бойындағы шағын бизнестің дамуы, жаңа сервис нысандарының ашылуы және азаматтардың ел ішінде автокөлікпен еркін әрі жайлы саяхаттауына мүмкіндік жасау.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Түнде жолға шыққан мал жол апатына себеп болды: оқиға ЖИ-камераға түсті

Жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау камералары республикалық маңызы бар автомобиль жолында болған қауіпті жағдайды тіркеді. Түнгі уақытта ірі қара мал белгіленбеген жерден жолдың жүру бөлігіне шыққан.

Тасжолмен келе жатқан жүк көлігі жолға шыққан малмен соқтығысқан. Жүйе жол-көлік оқиғасын жедел анықтап, ақпаратты операторларға жеткізді. Оқиға орнына жол қызметтері жіберілді.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ықтимал қауіпті учаскелерінде малдың жолға шығуына жол бермеу үшін арнайы қорғаныш торлы қоршаулар орнатылады. Алайда мәселе әлі де өзекті. Кейбір мал иелері төрт түлігін қараусыз қалдырады. Сонымен қатар жол бойындағы қоршауларды бүлдіру және олардың жекелеген элементтерін ұрлау деректері де тіркеліп отыр.

«ҚазАвтоЖол» ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне малды қараусыз қалдырмауды және оның автомобиль жолына шығуына жол бермеуді ескертеді. Түнгі уақытта жүргізуші жолға шыққан малды соқтығысуға санаулы секунд қалғанда ғана байқауы мүмкін. Мұндай жағдайда адам өміріне тікелей қауіп төнеді.

Азаматтардың да назарын маңызды мәселеге аударғымыз келеді: жол қоршауын ұрлау немесе бүлдіру – мүлікке келтірілген залал ғана емес. Қоршаудың ашық қалған бөлігі арқылы мал тасжолға шығып, ауыр жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін.

Жүргізушілерден «Мал айдау» және «Жабайы жануарлар» жол белгілері орнатылған учаскелерде жылдамдықты төмендетіп, барынша мұқият болуды сұраймыз. Әсіресе түнгі уақытта және көріну қашықтығы шектеулі жағдайда сақтықты күшейткен жөн.

Мал қараусыз қалмауы керек. Қоршау өз орнында тұруы тиіс. Ал жүргізуші жолдағы күтпеген қауіпке әрдайым дайын болуы қажет. Жолдағы бір сәттік немқұрайлылықтың құны адам өмірі болуы мүмкін.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Стадо на ночной трассе: ИИ-камеры зафиксировали момент ДТП

Камеры с элементами искусственного интеллекта зафиксировали опасную ситуацию на республиканской автодороге: в темное время суток стадо крупного рогатого скота вышло на проезжую часть в неустановленном месте.

Двигавшийся по трассе грузовой автомобиль столкнулся с животными. Система оперативно выявила происшествие и передала информацию операторам. На место были направлены дорожные службы.

Вдоль республиканских дорог на потенциально опасных участках устанавливаются защитные сетчатые ограждения, препятствующие выходу животных на проезжую часть. Однако проблема остается: отдельные владельцы оставляют скот без присмотра, а также фиксируются случаи повреждения и хищения элементов дорожных ограждений.

ҚазАвтоЖол обращается к владельцам сельскохозяйственных животных: не оставляйте скот без присмотра и не допускайте его выхода на автомобильные дороги. Ночью водитель может увидеть животное лишь за несколько секунд до столкновения. Под угрозой оказываются жизни людей.

Отдельно обращаемся к гражданам: кража или повреждение дорожного ограждения — это не просто ущерб имуществу. Открытый участок может стать местом выхода животных на трассу и причиной тяжелого ДТП.

Водителей просим снижать скорость и проявлять повышенную бдительность на участках, обозначенных дорожными знаками «Перегон скота» и «Дикие животные», особенно в темное время суток и при ограниченной видимости.

Скот должен быть под присмотром. Ограждение должно оставаться на своем месте. А водитель — быть готовым к опасности. На дороге цена беспечности может оказаться человеческой жизнью.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 БҚО-да 245 шақырым жол жөнделді

Батыс Қазақстан облысында 245 шақырым автожолды жөндеу жұмысы аяқталды. Енді облыс орталығына баратын уақыт екі есе қысқарды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында облысаралық және ауданаралық автожолдарды кең ауқымда жөндеу жөнінде міндеттер қойылған болатын. Қайта жаңғыртылған күре жол Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстырады әрі көрші Ресей шекарасы бағытына шығуға мүмкіндік береді. Сәйкесінше, тауарлар мен жүк тасымалы артып, қозғалыс қарқыны артады. Ел Үкіметі бұл автожолдарды жаңғыртуға 81,7 млрд теңге инвестиция салынғанын хабарлады.

Сырым Хамзин, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- Осы жобаның аясында 245 шақырым толық асфальтты негізбен қамтамасыз етілді. Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы үш аудан орталығы және ауылдарымен бірлесіп облыс орталығына бұрын 12-14 сағатта жететін болатын. Қазіргі таңда жобаның аясында 5 және 6 сағаттың шамасында облыс орталығына жету қамтамасыз етілді.

Дереккөз: 24КЗ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 245 километров автодорог отремонтировали в ЗКО

245 километров автодорог отремонтировали в Западно-Казахстанской области. Теперь жители отдалённых населённых пунктов смогут добираться до областного центра в два раза быстрее, передает «24KZ».

Реконструкцию провели на трассе, соединяющей три района – Қазталов, Жәнібек и Бөкей орда. На модернизацию автомагистрали направили около 82 млрд тенге инвестиций. Новые дороги обеспечили устойчивое сообщение районов с Уральском и выход к государственной границе с Россией. По этим же направлениям перевозят товары и грузы, проходит специальный транспорт.

Сырым Хамзин, заместитель председателя правления по эксплуатации АО «НК «КазАвтоЖол»:

– В рамках проекта также были устроены площадки отдыха, санитарно-гигиенические узлы, тёплые туалеты. Раньше по этой дороге местные жители до областного центра доезжали порядка 12–14 часов, на сегодняшний день это составляет порядка 5–6 часов. В рамках этого проекта местные жители 3 районов – Касталовка, Жанибек и Бокеординского района – общей численностью 54 тысячи населения имеют доступ к качественной автомобильной дороге.

Источник: 24КЗ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Батыс Қазақстан облысында 245 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары аяқталды: облыс орталығына баратын уақыт екі еседен астам қысқарды

📌Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында облысаралық және ауданаралық автожолдарды кең ауқымда жөндеу жөнінде қойған міндеттері шеңберінде Батыс Қазақстан облысында Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын, жалпы ұзындығы 245 шақырым жолға жүргізілген реконструкция және күрделі жөндеу жұмыстары 100% аяқталды.

Атап айтқанда, жұмыстар ұзындығы 142 шақырым «Қазталов – Жәнібек – РФ шекарасы» автожолында, сондай-ақ ұзындығы 103 шақырымдық «Өнеге – Бисен – Сайқын» автожолында жүргізілді.

Видео: UKIMET
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В Западно-Казахстанской области завершен ремонт 245 км автодорог: время пути до областного центра сократилось более чем вдвое

В рамках задач, поставленных Главой государства в Послании народу Казахстана по масштабированию ремонта межобластных и межрайонных автодорог, в Западно-Казахстанской области на 100% завершены реконструкция и капитальный ремонт трасс, соединяющих районы Қазталов, Жәнібек и Бөкей орда с областным центром, общей протяженностью 245 км.

В частности, работы проведены на автодороге «Қазталов – Жәнібек – граница РФ» протяженностью 142 км, а также на автодороге «Өнеге – Бисен – Сайқын» протяженностью 103 км.

Видео: UKIMET
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Жамбыл облысындағы күрежолдарды қысқа дайындауда

Жамбыл облысының жолдарында қысқы маусымға дайындық жұмысы қарқын алды. Аймақта алғаш рет қауіпті тау жолы саналатын Күйік асуында апатық тұйық салынып жатыр. Сондай-ақ көктайғақ кезінде себілетін инертті материалдарды тасымалдауға ондаған техника жұмылды.

Жамбыл облысы арқылы өтетін басты автожол – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай». Маңызды дәлізде көлік нөпірі көп. Тәулігіне 30 мың көлік арлы-берлі жүріп жатыр. Өңір жолдары жазықпен жалғасып, қырдан құлай түскендіктен қауіпті жол учаскелері де жоқ емес. Сондықтан автобандағы ақауларды анықтап, жарылған жерлер шұғыл жамалып жатыр.

Ал Жуалы ауданы теңіз деңгейінен 1200 метр биікте жатқандықтан қысы қатал, қары қалың. Сондықтан Күйік асуында жол жамаудан бөлек, арнайы апаттық тұйық салынып жатыр. Жол жиегіндегі жотаның бір бөлігін жару арқылы жасалған тұйықтың биіктігі 47 метр.

Еламан Тұрсынбек, «Қазавтожол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалының бас маманы:

- Қазіргі уақытта облыс аумағында 11 өндірістік база және 9 жылыту пункті толығымен дайындалып, қызмет көрсетуге дайын. 23-24%-ға жақындадық. Тиімді және сапалы жұмыс атқаруға ұмтылып жатырмыз, бұрынғыдан да. Техниканың бәрі дайын.

Дереккөз: QAZAQSTAN телеарнасы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 25 км автодороги Астана - Павлодар охвачены средним ремонтом

На отдельных участках республиканской автодороги KAZ04 «Астана – Павлодар – Успенка – граница РФ» в Акмолинской области ведется средний ремонт. Работы охватывают в общей сложности 25 км дороги на участке от 16-го до 160-го километра.

В рамках ремонта восстанавливается цементобетонное и асфальтобетонное покрытие, заменяются поврежденные дорожные плиты, устраняются просадки, трещины и сколы. Также предусмотрены ремонт деформационных швов, устройство водоотводных лотков и установка снегозадерживающих ограждений.

Сейчас замена цементобетонных плит ведется на 16-м, 17-м, 25-м, 35-м и 49–51-м километрах. На 36-м, 62-м и 100-м километрах устанавливаются снегозадерживающие ограждения, а на участке 49–51 км выполняется устройство монолитных водоотводных лотков.

Ремонт трещин на дорожном покрытии уже завершен. Продолжаются работы по замене цементобетонных плит. На участке протяженностью 2 км демонтированы бортовые камни для последующего устройства водоотводных лотков. Еще на 2,5 км установлены стойки снегозадерживающих ограждений.

На объекте задействованы 50 специалистов и 15 единиц дорожной техники. Работы ведутся в дневную и ночную смены.

ҚазАвтоЖол просит водителей соблюдать скоростной режим и требования временных дорожных знаков в местах проведения ремонтных работ.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Астана – Павлодар автожолының 25 шақырымында орташа жөндеу жүріп жатыр

Ақмола облысы аумағындағы республикалық маңызы бар KAZ04 «Астана – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы» автомобиль жолының жекелеген учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың 16-160-шақырымдары аралығындағы жөнделетін учаскелердің жалпы ұзындығы – 25 шақырым.

Жөндеу барысында цементбетон және асфальтбетон жамылғылары қалпына келтіріліп, бүлінген жол плиталары ауыстырылады, шөккен, жарылған және мүжілген тұстары жөнделеді. Сондай-ақ деформациялық жіктерді жөндеу, су бұру науаларын салу және қар тоқтататын қоршаулар орнату қарастырылған.

Қазіргі уақытта 16, 17, 25, 35 және 49-51-шақырымдарда цементбетон плиталары ауыстырылып жатыр. 36, 62 және 100-шақырымдарда қар тоқтататын қоршаулар орнатылуда. Ал 49-51-шақырымдар аралығында монолитті су бұру науаларын салу жұмыстары жүргізілуде.

Жол жамылғысындағы жарықтарды жөндеу аяқталды. Су бұру науаларын салу үшін 2 шақырымда жиектастар алынып, тағы 2,5 шақырымда қар тоқтататын қоршаулардың тіректері орнатылды. Цементбетон плиталарын ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жөндеу жұмыстарына 50 маман мен 15 арнайы жол техникасы жұмылдырылған. Жұмыс күндізгі және түнгі ауысымда жүргізілуде.

ҚазАвтоЖол жүргізушілерден жөндеу жүріп жатқан учаскелерде белгіленген жылдамдықты сақтап, уақытша жол белгілерінің талаптарын орындауды сұрайды.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 В «КазАвтоЖоле» проанализировали, куда ездят казахстанцы летом?

Где отдыхали казахстанцы? В «КазАвтоЖол» проанализировали поездки автолюбителей за это лето и назвали наиболее востребованные направления.

Самая загруженная дорога в стране — между городами Алматы и Конаев. На этой трассе с начала июня по конец августа зафиксировали более четырёх миллионов проездов. На втором месте — путь из Шымкента до границы с Узбекистаном, более двух с половиной миллионов проездов. Третий по популярности — отрезок пути из Шымкента в Тараз — один миллион восемьсот тысяч. Среди популярных маршрутов автолюбителей также направления: Тараз — Кайнар, Астана — Темиртау, Астана — Щучинск, Шымкент — Кызылорда и Конаев — Талдыкорган.

Всего за лето зафиксировали более двадцати пяти миллионов проездов по республиканским платным автодорогам. Только на десять самых популярных маршрутов приходится более семидесяти процентов всего летнего трафика автомашин.

Источник: Первый канал «Евразия»
🔹 Контакт-центр 1403 обработал более 13 тысяч обращений за неделю

С 7 по 13 сентября 2026 года операторы контакт-центра 1403 приняли и обработали более 13 тысяч обращений от пользователей республиканских дорог. Основная часть обращений водителей была связана с оплатой проезда по платным дорогам, оказанием помощи при буксировке неисправных транспортных средств, а также с другими вопросами.

Для удобства и оперативного информирования граждан в контакт-центре функционирует интерактивное голосовое меню (IVR). Благодаря этой системе автоматически, без участия операторов, было обработано 587 обращений. Операторы контакт-центра ответили на 11 793 звонка. Кроме того, через мессенджеры было рассмотрено 920 обращений граждан. Все запросы были обработаны в установленные регламентом сроки.

Национальная компания «ҚазАвтоЖол» предоставляет пользователям несколько удобных каналов связи:

- контакт-центр 1403;
- официальный интернет-ресурс: www.qaj.kz;
- специальные боты в Telegram: @qazavtojolbot и @CallCenterQaj_bot;
- мессенджер WhatsApp: +7 778 001 1403.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Өткен аптада 1403 байланыс орталығы 13 мыңнан астам өтінімді өңдеді

2026 жылғы 7-13 қыркүйек аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 13 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді. Жүргізушілер негізінен ақылы жолдардың төлемі, бұзылған көліктерді сүйреуге көмек көрсету және басқа да маңызды мәселелер бойынша хабарласты.

Азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылған. Осы жүйенің көмегімен 587 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 11 793 қоңырауға жауап берді. Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы 920 өтінім қабылданды. Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады:

- 1403 байланыс орталығы;
- www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы;
- Telegram бот (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 778 001 1403).

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Күйік асуында апаттық тұйық салынды

Жамбылдың жолдары қырлы жерлерден төмен түсіп, жазыққа ұласатындықтан, арасында қауіпті учаскелер де кездеседі. Әсіресе, Күйік асуымен жүру жүк көліктері үшін қиын. Асу тым биік болғандықтан, көп темір тұлпардың тежегішіне салмақ түсіп, ақау пайда болып жатады. Осыны ескерген «ҚазАвтоЖол» автодәліз бойындағы қыратқа апаттық тұйық жол салды. Ол үшін жоталарды жарып, 47 метр биіктікте машинаның екпінін бәсеңдетуге арналған арнайы шағал төседі. Енді қыста тайып, тежегіші істен шыққандар жол жиегіне түсіп, қауіпсіз тоқтай алады. Мамандар бұл шешім трассадағы қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді дейді.

Еламан Тұрсынбек, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалының бас маманы:

— Бұл апаттық тұйықтың негізгі мақсаты — жол бойындағы ауыр жүк көліктерінің тежегіші істен шыққан уақытта бұрылып, осы жаққа төтенше тоқтауға арналған. Бізге ең маңызды нәрсе — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Дереккөз: «Еуразия» бірінші арнасы