qazaqormany
626 subscribers
3.17K photos
582 videos
5 files
215 links
Download Telegram
🌲 Құрылтайда орман әлеуетін дамыту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

🏛️ Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің ұйымдастыруымен «Орман әлеуетін дамыту және оның экологиялық және климаттық мақсаттарға қол жеткізудегі рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

🤝 Комитет төрағасы Серік Егізбаевтың төрағалығымен өткен жиынға БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, мемлекеттік органдардың, министрліктер мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

🌳 Орман қорын қалпына келтіру және ұлғайту

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев еліміздегі орман қорын қалпына келтіру және ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

📊 Негізгі көрсеткіштер:

🌱 2021–2025 жылдары елімізде 1 млн гектардан астам аумаққа 1 млрд 648 млн көшет отырғызылып, егілді.

🌿 2026 жылғы 9 қарашадағы жағдай бойынша қосымша 290 млн көшет егілді.

🌲 2035 жылға қарай орманмен көмкерілген жерлердің аумағын 14,7 млн гектарға дейін жеткізу көзделіп отыр.

🔥 Орман өрттерінің алдын алу және жаңа технологиялар

Дөңгелек үстелде орман қорын ұлғайту, өрт қауіпсіздігін күшейту, тозған жерлерді қалпына келтіру, орман шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу және жеке инвестицияларды тарту мәселелері талқыланды.

🌍 БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча орман әлеуетін дамыту климаттың өзгеруіне қарсы күрестің және биоалуантүрлілікті сақтаудың маңызды құралы екенін атап өтті.

🏅 Іс-шара соңында марапаттау рәсімі өтті. Орман шаруашылығы саласының дамуына және табиғи ресурстарды қорғауға үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды.

💚 Орман ресурстарын сақтау, қалпына келтіру және тиімді пайдалану – еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен болашақ ұрпаққа табиғи байлығымызды жеткізудің маңызды бағыттарының бірі.

⸻

🌲 В Курултае обсудили развитие лесного потенциала и обеспечение экологической безопасности

🏛️ По инициативе Комитета по аграрным вопросам, экологии и природным ресурсам Курултая Республики Казахстан состоялся круглый стол на тему «Развитие лесного потенциала и его роль в достижении экологических и климатических целей».

🤝 В мероприятии под председательством руководителя Комитета Серика Егизбаева приняли участие Постоянный координатор ООН в Казахстане Саранго Раднарагча, представители государственных органов, министерств и организаций.

🌳 Восстановление и увеличение лесного фонда

Вице-министр экологии и природных ресурсов Нуркен Шарбиев представил информацию о проводимой работе по восстановлению и расширению лесного фонда страны.

📊 Основные показатели:

🌱 В 2021–2025 годах в Казахстане на площади более 1 млн гектаров было высажено и посеяно 1 млрд 648 млн сеянцев.

🌿 По состоянию на 9 ноября 2026 года дополнительно высажено 290 млн сеянцев.

🌲 К 2035 году планируется довести площадь земель, покрытых лесом, до 14,7 млн гектаров.

🔥 Предупреждение лесных пожаров и внедрение новых технологий

В ходе круглого стола обсуждались вопросы увеличения лесных площадей, усиления противопожарной безопасности, восстановления деградированных земель, внедрения современных технологий в лесное хозяйство и привлечения частных инвестиций.

🌍 Постоянный координатор ООН в Казахстане Саранго Раднарагча отметила, что развитие лесного потенциала является важным инструментом борьбы с изменением климата и сохранения биоразнообразия.

🏅 В завершение мероприятия состоялась церемония награждения. Ряд представителей отрасли были отмечены наградами за вклад в развитие лесного хозяйства и охрану природных ресурсов.

💚 Сохранение, восстановление и рациональное использование лесных ресурсов остаются важными направлениями обеспечения экологической безопасности страны и сохранения природного богатства для будущих поколений.
👍1
🐅🐎🌿 Бірі қайта оралды. Бірінің саны қалпына келді. Ал енді бірі туған даласында төлдей бастады…

Қазақстанның жабайы табиғатында үлкен өзгерістер болып жатыр. Мұның артында жануарлар дүниесін сақтау, популяцияларды қалпына келтіру және тарихи мекендеріне қайта жерсіндіру бағытындағы көпжылдық еңбек тұр.

🦌 Киік – табиғатты қорғау шараларының нәтижесінде саны айтарлықтай қалпына келген жануар. Қазір оның популяциясын сақтау және тұрақты басқару жұмыстары жүргізілуде.

🐅 Жолбарыс – 70 жылдан астам уақыттан кейін Қазақстан табиғатына қайта оралуда. 2026 жылы «Іле-Балқаш» резерватының аумағында Үміт пен Амур атты екі жолбарыс табиғатқа жіберілді.

🐎 Құлан – тарихи мекендеріне қайта қоныстандырылып, табиғи популяциясын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

🐴 Керқұлан (Пржевальский жылқысы) – Қазақстан даласына қайта жерсіндірілуде. «Алтын Дала» резерватының жерсіндіру орталығында алғашқы құлындар дүниеге келді.

🌱 Бұл жұмыстардың әрқайсысы ғылыми зерттеуді, мекен ету ортасын қалпына келтіруді және тұрақты бақылауды талап етеді.

💚 Мақсат – жануарларды табиғатқа қайтару ғана емес, олардың еркін тіршілік етіп, табиғи жолмен көбейетін тұрақты популяцияларын қалыптастыру.

🎥 Бір бейнеде – еліміздің жабайы табиғатын сақтауға бағытталған ауқымды жұмыстың бір бөлігі.

⸻

🐅🐎🌿 Одни возвращаются. Численность других восстановилась. А у третьих уже появляется новое поколение…

В дикой природе Казахстана происходят значительные изменения. За ними стоят годы работы по сохранению животного мира, восстановлению популяций и возвращению животных в исторические места обитания.

🦌 Сайгак – один из примеров значительного восстановления численности благодаря природоохранным мерам. Продолжается работа по сохранению и устойчивому управлению его популяцией.

🐅 Тигр – возвращается в природу Казахстана спустя более 70 лет. В 2026 году на территории резервата «Иле-Балхаш» в дикую природу выпущены два тигра – Үміт и Амур.

🐎 Кулан – вновь заселяет территории своего исторического обитания. Продолжаются мероприятия по переселению животных и восстановлению природных популяций.

🐴 Лошадь Пржевальского – возвращается в казахстанские степи. В центре реинтродукции резервата «Алтын Дала» уже появилось первое потомство.

🌱 Каждое из этих направлений требует научных исследований, восстановления природных местообитаний и постоянного мониторинга.

💚 Наша цель – не просто вернуть животных в природу, а сформировать устойчивые популяции, способные жить и размножаться в естественной среде.

🎥 В одном видео – часть масштабной работы по сохранению и восстановлению животного мира Казахстана.
🚁🐏 Әуеден бақылау кезінде күтпеген кездесулер!

🌿 Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында браконьерлік пен табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің алдын алу және анықтау мақсатында бірлескен авиациялық рейд жүргізілді.

🚁 Мамандар әуеден ұлттық парктің аумағын бақылап, заңсыз аң аулау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу белгілеріне мониторинг жүргізді.

🐏🐺🦊 Рейдтің ерекше сәті – жабайы жануарлармен кездесу болды! Әуеден арқар, қасқыр және түлкі байқалды.

📸 Бір рейд барысында табиғаттың үш түрлі тұрғынын көру – жабайы жануарлар әлемінің алуан түрлілігін тағы бір мәрте көрсететін ерекше сәт.

🌲 Авиациялық рейдтер жетуі қиын аумақтарды бақылауға, ықтимал заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және табиғи ресурстарды қорғауға мүмкіндік береді.

💚 Біз үшін бұл – ерекше кездесу. Ал олар үшін – өз мекеніндегі күнделікті тіршілік. Сол тіршіліктің қауіпсіздігін сақтау – табиғат қорғау жұмыстарының басты мақсаттарының бірі.

⸻

🚁🐏 Неожиданные встречи во время авиационного мониторинга!

🌿 На территории Баянаульского государственного национального природного парка проведен совместный авиационный рейд с целью предупреждения и выявления фактов браконьерства и нарушений природоохранного законодательства.

🚁 Специалисты обследовали территорию национального парка с воздуха, осуществляя мониторинг возможных признаков незаконной охоты и других нарушений природоохранного законодательства.

🐏🐺🦊 Особенным моментом рейда стала встреча с дикими животными! С воздуха удалось заметить архара, волка и лисицу.

📸 Увидеть сразу трех разных представителей дикой природы во время одного рейда – особенный момент, который напоминает о разнообразии животного мира.

🌲 Авиационные рейды позволяют обследовать труднодоступные территории, своевременно выявлять возможные нарушения и обеспечивать охрану природных ресурсов.

💚 Для нас это необычная встреча. Для них – обычная жизнь в естественной среде обитания. Сохранение этой жизни и ее безопасности – одна из главных целей природоохранной работы.
👍1
🦅 Қыран көзді бүркіт фототұзақ назарында

📸 Алматы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орнатылған фототұзаққа айбынды бүркіттің ерекше сәті түсіп қалды.

🏔️ Бүркіт – аспан әлемінің ең айбынды жыртқыш құстарының бірі. Ол өзінің қырағылығымен, күшті тырнақтарымен және шебер аңшылық қабілетімен ерекшеленеді.

😍 Ал сіз бүркіттің осындай жақыннан түсірілген сәтін бұрын көрдіңіз бе?

———

🦅 Зоркий беркут в объективе фотоловушки

📸 Фотоловушка, установленная на территории Алматинского государственного природного заповедника, запечатлела уникальный момент из жизни величественного беркута.

🏔️ Беркут — одна из самых могучих хищных птиц. Он отличается острым зрением, мощными когтями и непревзойдёнными охотничьими навыками.

😍 А вам когда-нибудь доводилось видеть беркута с такого близкого расстояния?
🦋🔬 Ғылымдағы жаңа жаңалық: Қазақстанда ғылымға жаңа көбелек түрі сипатталды

📚 Қазақстан ғылымы үшін маңызды жаңалық!
Манаш Қозыбаевтың құрметіне ғылым үшін жаңа көбелек түрі аталды — Scythobrya kozybayevi.

📰 Жаңа түрдің сипаттамасы 2026 жылғы 12 қарашада Entomological Studies ғылыми журналында жарияланды.

👨‍🔬 Жаңа түрді сипаттағандардың бірі — Сергей Титов, Институт зоологиясы энтомология зертханасының жетекші ғылыми қызметкері.

🌙 Бұл көбелек — түн көбелегі. Сондықтан оның түсі ашық емес. Алайда түн көбелектері экожүйеде маңызды рөл атқарады және табиғи тепе-теңдіктің ажырамас бөлігі саналады.

🏔 Әзірге Scythobrya kozybayevi тек Шығыс Қазақстандағы Арқалы тауларынан белгілі. Бұл — еліміздің табиғаты әлі де тың зерттеулер мен жаңа ашылымдарға толы екенін көрсетеді.

🔎 Бір қарағанда кішкентай ғана жәндік сияқты көрінгенімен, мұндай жаңалықтар биоалуантүрлілікті зерттеу мен қорғаудың қаншалықты маңызды екенін айқын дәлелдейді.

💚 Қазақстан табиғаты әлі талай ғылыми жаңалықтың бастауы болары сөзсіз!

⸻

🦋🔬 Новое открытие в науке: в Казахстане описан новый для науки вид бабочки

📚 Важная новость для казахстанской науки!
В честь Манаша Козыбаева назван новый для науки вид бабочки — Scythobrya kozybayevi.

📰 Описание нового вида опубликовано 12 ноября 2026 года в научном журнале Entomological Studies.

👨‍🔬 Одним из авторов описания нового вида стал Сергей Титов, ведущий научный сотрудник лаборатории энтомологии Института зоологии.

🌙 Эта бабочка — ночная, поэтому она не отличается яркой окраской. Однако ночные бабочки являются важной частью экосистемы и играют свою роль в поддержании природного баланса.

🏔 Пока Scythobrya kozybayevi известна только из гор Аркалы в Восточном Казахстане. Это еще раз показывает, что природа нашей страны хранит много неизученных и удивительных открытий.

🔎 На первый взгляд это совсем маленькое насекомое, но именно такие находки подчеркивают, насколько важно изучать и сохранять биоразнообразие.

💚 Природа Казахстана еще не раз удивит нас новыми научными открытиями!
👍2