ұстаз Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
3.5K subscribers
16 photos
28 videos
1 file
5 links
Download Telegram
Салауат айту – Алла Елшісіне ﷺ деген сүйіспеншіліктің белгісі. Өйткені адам жақсы көргенін көп еске алады.

©️ Ибн әл-Қайим әл-Жәузия
❤24👍3
Түнді тыныштыққа бөлегендей,
жүрегімді де тыныштандыршы.

Кешір мені…

Сенен басқа ешбір есікті қақпауым үшін,
жолымды Өзіңе ғана бұрғайсың🤲🏻
❤17🔥3👍2
«Саған таңғаламын!»

Заман саған ғибрат болмайды, бастан кешкен оқиғалар да сені оятпайды.

Сағаттар өміріңді санап жатыр, ал амалдарың бірінен соң бірі жазылып жатыр.

Ал ең қатты жақсы көретін екі нәрсең – (дүние мен ұзақ арман)Екеуі де өзіңе зиян алып келеді.

©️ Әбул Фараж ибн әл-Жәузи (рахимаһуллаһ)
❤17👍3🔥2
Жақсыға жақсылық етсең — есінен кетпейді,
Жаманға жақсылық етсең — есігіңнен кетпейді.
❤25
Дінге қызмет ету үшін міндетті түрде ұстаз немесе имам болу шарт емес. Қолыңыздан келетін іспен де дінге қызмет етуге болады. Бастысы дінге қалай үлес қоса алуыңызда.
❤21👍3🔥2
Сиқырдың әсерін қайтаруға көмектесетін ең ұлы әрі ең пайдалы нәрсе — Алла Тағаланың Өзінің Пайғамбарына ﷺ үйреткені, яғни «Фәләқ» және «Нәс» сүрелері.»

— Ибн Касир (Алла рақымына алсын)
❤28🔥3
Ғалымдардың өмірін оқып отырып, баланың өмірде өз орнын тауып, адам болуына әкенің үлесі өте көп. Әке болу оңай, бірақ лайықты әке болу өте қиын” деген ойға келдім. Тарихты қарасақ, қаншама ғалымдардың тұлға болып қалыптасуында әкенің орны ерекше екенін байқаймыз. Жалған дүниеде мәңгілікті қалдыруды бір жолы - Алла жолында перзент тәрбиелеу.

Балаңды қари қылсаң, пайдасы санаулы адамға тиеді. Ал балаңды ғалым қылсаң, пайдасы үмбетке тиеді.
❤24👍3🔥1
Дүниедегі ең үлкен ләззат – Алланы тану,
Ақыреттегі ең ұлы ләззат – Оны көру.
❤23👍3👏1
Өз қадіріңді біл!

Егер өз қадіріңді шын мәнінде білгеніңде, оны күнәлармен қорламас едің.

Ібіліс саған сәжде етуден бас тартқаны үшін Алланың рақымынан қуылды.

Сонда саған не болған?! Қалайша оны дос тұтып, бізді тәрк еттің?!

(Яғни, Аллаға мойынсұнуды тастап, шайтанның соңынан ердің.)

©️ Әбул Фараж (рахимаһуллаһ)
❤21😢6
Көшеде жан-жаққа жалтақтау еркектің айбынын кетіреді.

Ибраһим ән-Нахағи (Алла оны рақымына бөлесін).

«Бәһжәту әл-Мәжәлис», 2/644.
❤20👍1
Өлімді жиі еске ал! Егер дүниең кең болып жүрген болса, оны тарылтады. Ал таршылық көріп жүрсең, оны кеңейтеді.

— Омар ибн Абдул Азиз (рахимаһулла)
❤27👍1😁1
Адамдардың арасында жеңіл немесе әдетке айналған істерде Аллаға бойсұнып, ал нәпсісіне ауыр тиетін ұлы міндеттерге келгенде салғырттық танытатындар аз емес.

©️ Әбул Фараж ибн әл-Жәузи (рахимаһуллаһ)
❤17👍1
Қайғыдан шығудың ең нұрлы екі жолы –
Алланы пәктеу («Субханаллаһ») және сәждеге бас қою…

Хижр сүресінің 97–98-аяттарында былай делінеді:

«Расында, олардың айтқандарынан жүрегіңнің қайғырғанын білеміз.
Ендеше, Раббыңды пәктеп, сәжде етушілерден бол».

Қайғы қысқанда – тілің зікірмен дымқыл болсын,
жаның ауырғанда – маңдайың сәждеден табылсын…

Өйткені жүрекке шипа – Алланы еске алу,
ал тыныштықтың ең тереңі – сәждеде.
❤19👍1
Сира — Алла Елшісінің ﷺ өмірбаяны болса, шәмәил — Оның көркем мінезі, сыртқы және ішкі сипаттары, әдеп-қасиеттері туралы ілім. Басқаша айтқанда, бұл — Пайғамбарды ﷺ тану.
❤16🔥5👍3
Егер Алла сені Өзі берген игіліктен айырмасын десең, сен де Аллаға ұнайтын амалдардан айрылма. Егер Оның сені өзіңе ұнайтын күйде қалдырғанын қаласаң, өзің де Оған ұнайтын күйден таймауға тырыс.

— Ахмад ибн Ханбал (Алла оны рақымына алсын)
❤18👍2
Расында, мүмін үшін Жәннаттың ең ұлы нығметтерінің бірі — Алла Елшісі Мұхаммедпен ﷺ бірге болу.

Жәннатты аңсаған жүрек Пайғамбарымызға ﷺ деген махаббатын арттырып, оның сүннетіне берік еруге және онымен бірге болуға деген сағынышын күшейтуі керек.

Өйткені сүйгеніңмен бірге болудан асқан қандай бақыт бар?!
❤17👍2
Барлық ісіңді Алла үшін жаса. Сонда өкініш болмайды.

Али әт-Тантауи (Алла оны рақымына бөлесін).
❤19👍2
Принципсіз адаммен араласпа. Өйткені, оның беті өз пайдасы қайда болса, сол жаққа бұрылып кете береді.

Ибн Ақил әл-Ханбали (Алла оны рақымына бөлесін).

📚 «Әл-Фунун».
❤16👍1
Пенде – шүкірі өте аз болған бір жаратылыс. “Аллаға дұға қылдым, бірақ маған жауап бермеді”,- деп, асығыстық таныта ренжиді.

Бірақ, оның байқамай жүрген дәл қазіргі нығметтері, бұрын қылған дұғасының жауабы екенін сезбейді.
❤24👍3🔥1