Бұл үмбетке сен сияқты білім алып жүрген адамдар қажет.
Уа, білім іздеуші! Қиямет күні Пайғамбарымыздың ﷺ мақтан ететіндей адам бол.
Өйткені Ұлы Алла белгілі бір адамдар тобын белгілі бір жерде жинайды. Сонда Алланың Елшісі ﷺ олардың қасына келіп, оларға қуанып, басқа пайғамбарларға қарап:
«Сендердің үмбеттеріңде осындай адамдар бар ма?!» — дейді.
Алайда бұл қашан болады?
Егер сен ұлы имамдардың бірі болсаң.
Ал бұған жету үшін көп күш-жігер жұмсау қажет.
— Шейх Абдуссалам Шаннар حفظه الله

❤21
Тұла бойын көреалмаушылық билеген адам ешқашан бақытты бола алмайды.
— Имам әл-Қушәйри (рахимаһулла)
— Имам әл-Қушәйри (рахимаһулла)
❤25😭2
Адамдардың ішінде сырларыңды сақтайтын, кемшіліктеріңді жасыратын, жақсы істеріңді тарататын және жамандығыңды жасыратын адамды ғана серік ет. Егер сондай адамды тапсаң, басқаларға мұқтаж болмайсың!
©️Шейх Юсуф Хаттар
©️Шейх Юсуф Хаттар
❤26🔥2
Уақыты өтіп, күн сайын қартайып бара жатқан жалғыз сен емес. Саған үміт артып отырғандар да қартайып жатыр…
❤35😭5
Егер адамдардың жүректеріне үңіле алсақ, әрбір жүректе “мұңға толы бір оқиғаны” көрер едік.
Бір-бірімізге мейірімді болайық. Алла да бізге мейірімін төгер.
©️Халил Жәбрән
Бір-бірімізге мейірімді болайық. Алла да бізге мейірімін төгер.
©️Халил Жәбрән
❤30
Таңдау өзіңде!
Арман-мақсатың үшін нәпсі қалауыңды тәрк етесің, я болмаса нәпсі қалауларың үшін арман-мақсатыңды тәрк етесің.
©️Әдһәм әл-Ғәсими (хафизаһулла)
Арман-мақсатың үшін нәпсі қалауыңды тәрк етесің, я болмаса нәпсі қалауларың үшін арман-мақсатыңды тәрк етесің.
©️Әдһәм әл-Ғәсими (хафизаһулла)
❤34👍6
Жолыңды тек тақуалық ашады. Жолыңды тек күнә жабады. Басқа амалы жоқ.
❤33🔥2
📍АҚЫЛ мен НӘПСІНІҢ арасында:
«Уа, адам! Ақылың сені тәубеге шақырады, ал нәпсің оған бөгет болады. Екеуінің арасында күрес жүріп жатыр.
Егер сен табанды ниеттен құралған әскеріңді жасақтасаң, жау қашады.
Түнгі намазға тұруды ниет етесің, бірақ ұйықтап қаласың.
Ғылым мәжілісіне келесің, бірақ жүрегің жібіп, көзіңе жас келмейді. Сосын: “Мұның себебі не?” — деп сұрайсың.
Алла Тағала:
﴿قُلْ هُوَ مِنْ عِنْدِ أَنفُسِكُمْ﴾
«Айт: бұл өздеріңнен», — деген.
(Әли Имран, 165)
Күндіз күнә жасадың — түнде ұйқыға қалдың.
Харам нәрсе жедің — жүрегің қараңғыланды.
Қабыл етілген құлдарға жету есігі ашылғанда, сен сол есіктен қуылдың.
Саған өкініш болсын!
Жүректің мубах нәрселерді шамадан тыс ойлауының өзі оған қараңғылық әкеледі. Ендеше, харамды ойлап, оны жоспарлаудың зияны қандай болмақ?!
Миск суға араласса, ол сумен дәрет алуға кедергі болса, нәжістің жағдайы қандай болмақ?
Ғафылдық ұйқысынан қашан оянасың?
— Әбу әл-Фараж Ибн әл-Жәузи (рахимаһуллаһ)

Қиыншылықпен бірге жеңілдік келетіні жәй ғана мүмкін нәрсе емес, ол ақиқат. Себебі Алла Тағаланың өзі берген уәдесі.
❤21
Дүниедегі салиқалы әйелдер хор қыздарынан да абзал әрі сұлу болады.
📚 Имам Абдуллаһ ибн әл-Мубарак «الزهد»
📚 Имам Абдуллаһ ибн әл-Мубарак «الزهد»
🔥17❤5👍2
Жүргіншілері аз екен деп тура жолды жатырқама.
©️Али (радиаллаһу анһу)
©️Али (радиаллаһу анһу)
❤8👍8
Неге мұңайып отырсың?
Жәннаттан мақрұм қалғандайсың ба, әлде тозақпен сүйіншілендің бе?!
Ендеше, дүниенің өткінші уайымына соншалықты берілудің қажеті қанша?
Бұл дүниенің шынайы құны — бір түйір уайымға да татымайды.
©️ Фәнуун

“Жындар мен адамзатты тек Өзіме құлшылық ету үшін жараттым” – деген аятты оқи келе, адам баласының бүкіл өміріндегі ең абзал сәттері – тек Алланы зікір еткен сәттері деп айта аламыз.
Имам ән-Нәуәуи.
(Әл-Әзкәр)
Имам ән-Нәуәуи.
(Әл-Әзкәр)
❤26
Басына үлкен сынақ келсе: “Неге маған?” дейді.
Басына үлкен нығмет келсе: “Неге маған?” – деп ешкім айтпайды.
Осыдан-ақ адам баласының налығыш екенін түсінуге болады.
Алла амандық берсін🤲🏻
Басына үлкен нығмет келсе: “Неге маған?” – деп ешкім айтпайды.
Осыдан-ақ адам баласының налығыш екенін түсінуге болады.
Алла амандық берсін🤲🏻
❤32
Ниетің таза болса, амалыңның соңына дейін жетуіне Алла Өзі-ақ жәрдемдеседі. Амалыңды өзің аяқтай алмасаң да, толық аяқтағанның сауабын жазады.
Ал ниетің лас болса, Алла сені де, амалыңды да тәрк етеді.
©️ Әдһәм Шәрқауи
(وبالحق أنزلناه 📚)
Ал ниетің лас болса, Алла сені де, амалыңды да тәрк етеді.
©️ Әдһәм Шәрқауи
(وبالحق أنزلناه 📚)
❤19
Тойымсыз екі түрлі адам бар. Біріншісі - дүниеге тоймайтын адам. Екіншісі - ілімге тоймайтын адам. Әуелгісі озбырлыққа апарса, екіншісі Рахманның разылығына жетелейді.
©️ Абдулла ибн Масғуд (Алла одан разы болсын)
©️ Абдулла ибн Масғуд (Алла одан разы болсын)
❤25
Пайғамбарымыз ﷺ бірде Әбу Зәрр (родиаллаһу ғанһу) есімді сахабасына былай дейді: «Ей, Әбу Зәрр! Таңертең үйіңнен шығып, Құраннан бір аят үйренуің сен үшін 100 рәкағат нәпіл намаз оқығаннан да қайырлы. Сол секілді таңертең үйіңнен шығып, ілімнен бір бөлім үйренуің сен үшін мың рәкағат нәпіл намаз оқудан жақсырақ».
©️ Имам Ибн Мәжадан жеткен хадис
©️ Имам Ибн Мәжадан жеткен хадис
❤28
«Қандай жағдайда болсаң да, Алладан қорық. Егер қателік іс істесең, сол жамандықтың артынан лезде оны жоятын жақсылық жаса. Адамдармен жақсы мінез-құлықпен қарым-қатынас жаса».
©️ Әбу Зәррдан жеткен хадис
©️ Әбу Зәррдан жеткен хадис
❤31👍1
«Менің өмірден өтуім де сендер үшін рақмет. Өйткені мен бұл өмірден өткеннен кейін сендердің амалдарың маған әкелінеді. Жақсы амал болса, Аллаға мақтау айтамын. Ал жақсы амал болмаса, онда ол үшін Алладан кешірім сұраймын».
©️ Пайғамбар тағылымы
©️ Пайғамбар тағылымы
❤26🔥1
«Мен үшін сендердің ең маңызды шаруаларың – намаз. Кімде-кім намазға берік болса және намазы тұрақты болса, дінін сақтайды. Кімде-кім намазын зая етсе, одан басқа шаруаны оңай зая етпек».
©️ Халифа Омар (родиаллаһу ғанһу) басшыларға жазған хатынан
©️ Халифа Омар (родиаллаһу ғанһу) басшыларға жазған хатынан
❤15