Өзіңді ілім жолында көруің - Алла Тағаланың саған жақсылықты қалағанына дәлел болмақ.
Шамсуддин Рамли (раһимаһулла)
Шамсуддин Рамли (раһимаһулла)
❤23
Хазіреті Әлиден (Алла оған разы болсын): «Сендер Пайғамбарды қалай жақсы көруші едіңдер?», - деп сұраған кезде ол кісі: «Шөл далада қалған кісі бір жұтым суды қалай жақсы көрсе, біз де Пайғамбарды солай жақсы көреміз!» - дейтін еді.
❤24🔥2
Ризықтың ең қайырлысы - сені шектен шығармайтыны, әрі сені Алланы еске алудан ғапылдықта қалдырмайтыны.
📚 Тафсир әт-Табари
📚 Тафсир әт-Табари
❤21🔥2
Ойдың дұрыстығы ниеттің тазалығымен өлшенбейді.
Ниеті шынайы болғанмен, ойы адасқан адамдар қаншама.
© Имам әл-Бутый (Рахимәһулла)
Ниеті шынайы болғанмен, ойы адасқан адамдар қаншама.
© Имам әл-Бутый (Рахимәһулла)
❤21
Алланың Елшісі Мұхаммед ﷺ Алла жолындағы соғысты қоспағанда, ешбір адамды да, ешбір нәрсені де өз қолымен ұрмаған. Қызметшісіне де, әйелдеріне де қол көтермеген.
Бұл — Пайғамбарымыздың ﷺ мейірімі мен көркем мінезінің айқын көрінісі. Ол ﷺ адамдарға жұмсақтықпен қарап, ешкімге зұлымдық жасамауды үйретті.
Бұл — Пайғамбарымыздың ﷺ мейірімі мен көркем мінезінің айқын көрінісі. Ол ﷺ адамдарға жұмсақтықпен қарап, ешкімге зұлымдық жасамауды үйретті.
❤18😍6
Жастық шақ — нәпсімен күрестің ең ауыр кезең.
Сол жаста нәпсісін жеңіп, күнәсінен тәубе етіп, Аллаға бет бұрған жас — Алланың ерекше жақсы көретін құлдарының қатарынан болады.
Сол жаста нәпсісін жеңіп, күнәсінен тәубе етіп, Аллаға бет бұрған жас — Алланың ерекше жақсы көретін құлдарының қатарынан болады.
❤27
Қазіргі кей ата-енелердің дұрыс емес түсініктерінің бірі - келінді “бүкіл іске үлгеру керек, ұрысса үндемеу керек, сөз қайтармау керек” - деп оны робот секілді көретіндер бар. Ал негізі кезіндегі қазақтар келінді ұрпақ жалғастырушы тұлға деп қарайтын. Оның көңіліне мән беретін. Психикасына мән беретін. Санасы, жүрегі тыныш әйелден сау бала дүниеге келеді деп қараған.
(С) Жомарт Кершеев
(С) Жомарт Кершеев
❤35👍6
Соңғы демінде де:
“Үмбетім, үмбетім…” деп мұңайып, үмбетін ойлаған, күллі ғаламға рақым етіп жіберілген ардақты жан — Мұхаммед ﷺ Пайғамбарымыз.
Сені сағындық, я Расулаллаһ ﷺ… ❤️
“Үмбетім, үмбетім…” деп мұңайып, үмбетін ойлаған, күллі ғаламға рақым етіп жіберілген ардақты жан — Мұхаммед ﷺ Пайғамбарымыз.
Сені сағындық, я Расулаллаһ ﷺ… ❤️
❤41😭3👍1💔1
Алла Тағаланың сізден нені қалайтынын білгіңіз келсе — дінді терең түсінуге ұмтылыңыз.
Себебі Алла Елшісі ﷺ былай деген:
«Алла кімге жақсылық қаласа, оған дінді терең түсінуді нәсіп етеді».
(Хадис)
Себебі Алла Елшісі ﷺ былай деген:
«Алла кімге жақсылық қаласа, оған дінді терең түсінуді нәсіп етеді».
(Хадис)
❤25
Біліп қой: жамандық ұмытылмайды, жақсылық жоғалмайды. Сені қанағаттандырған аз нәрсе, көңіліңді алаңдататын көп нәрседен жақсырақ. Және жәбір көрген адамның дұғасынан сақтан.
📚Рисалатул мустаршидин
📚Рисалатул мустаршидин
❤20
«Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың (ﷺ) мәулітін оқытуға жұмсаған болар едім».
©️ Хасан әл-Басри (р.а.)
©️ Хасан әл-Басри (р.а.)
❤19
Тек әке ғана түнгі сағат екіге дейін ұйықтамай жүріп, таңғы алтыда ояна алады.
Қарызға батып, қалтасында ақшасы болмай, жалғыз қалса да, бір күні бәрі жақсы болатынына деген сенімін тоқтатпайды.
Міне, осыны Аллаға иман ету дейді…
Қарызға батып, қалтасында ақшасы болмай, жалғыз қалса да, бір күні бәрі жақсы болатынына деген сенімін тоқтатпайды.
Міне, осыны Аллаға иман ету дейді…
❤28
Ниетіңнің түзу болуы, ешкімнің ала жібін аттамауың — үлкен ізгілік. Бірақ бұл намаздың парыздылығын мойныңнан түсірмейді.
Адамдарға зияныңды тигізбеу — бір міндет, ал Аллаға құлшылық етіп, намазды орындау — бөлек міндет.
Адамдарға зияныңды тигізбеу — бір міндет, ал Аллаға құлшылық етіп, намазды орындау — бөлек міндет.
❤20👏2
Нағыз көркем мінез –
қиындықта, шаршағанда,
ашуланғанда, ашыққанда
көрінеді. Ал бәрі жақсы болып
тұрған кезде кез келген адам
көркем мінезді бола алады.
Шейх Сағид әл-Камали حفظه الله
қиындықта, шаршағанда,
ашуланғанда, ашыққанда
көрінеді. Ал бәрі жақсы болып
тұрған кезде кез келген адам
көркем мінезді бола алады.
Шейх Сағид әл-Камали حفظه الله
❤29😢2🔥1
Ішіндегі тамағы таусылған соң, ыдыс-аяқты “лас” деп атай бастайды.
Сондықтан өмірде шектен тыс ашылып кетпе, бар болмысыңмен байланып қалма, сырыңды кез келген адамға ақтарма, жүрегіңді толықтай біреудің қолына ұстатпа.
Адамды қадірлей білу керек, бірақ өз қадіріңді де жоғалтпау керек.
Тым қатты берілген жүрек — кейде ең қатты жараланатын жүрек.

Алладан үлкен ризық сұрап, үйде қол қусырып отыру — әдепсіздік.
Алладан пайдалы білім сұрап, кітаптың бетін ашпау — әдепсіздік.
Алладан денсаулық сұрап, өзіңе зиянды әдеттерден бас тартпау — әдепсіздік.
Дұға — әрекеттің орнына жүрмейді.
Алладан сұра да, сол сұрағаның үшін әрекет ет.
Ризық сұрасаң — ізден.
Білім сұрасаң — оқы.
Денсаулық сұрасаң — өзіңді күт.
Тәуекел — себептерді тастау емес, себептерді жасап, нәтижені Аллаға тапсыру.

❤22
Жасырын рияның мақсаты-адамдар арасында құрметке ие болу, сол арқылы адамдар оның айтқанын орындауын қалау. Ол өз қалауын орындамағандарға ашуланады. Тіпті өзіне тиісті құрмет көрсетпегендерге Алла Тағаланың тезірек жаза беруін де тілеп қоюы мүмкін.
Кім өз бойынан осы қасиеттерді байқаса, біліп қойсын, бұл- жасырын рияның белгісі.
ибн Атоийллә р.һ
Кім өз бойынан осы қасиеттерді байқаса, біліп қойсын, бұл- жасырын рияның белгісі.
ибн Атоийллә р.һ
❤18🔥3
Алла елшісі ﷺ былай деді:
«Фитна мен бүлік орын алған заманда құлшылыққа бекем болу – құдды Маған һижрет еткендей болмақ». (Сахих Муслим)
Адамдар дүниенің буына мастанып, құлшылықты тәрк етіп, харам мен зұлымдық жасап жүрген заманда құлшылыққа бекем болу – Пайғамбарымызбен ﷺ бірге Меккеден Мединаға хижрет еткеннің жақсылығындай сауап болады.

Елемеумен емдел. Расында, зиянның тең жартысы – тым қатты мән бергеннен орын алады.
❤19