Sakenqyzy
4.05K subscribers
47 photos
5 videos
12 files
17 links
Парақшадағы жазбалар өз жүрегіме насихат
Download Telegram
Кейде ұйқыңнан оянып “бұл түсім екен ғой” деп шүкір етесің. Кейде “бұл түсім болғанда ғой” деп айтар екенсің. Өмір алма-кезек.
❤104😢46💊8
Яндекс таксидің рейтингі төмен болса, отмена беріп тастайтын едім ,жүргізушінің мінезі жайсыз шығар деп. Енді сол отмена бере бергеннен өзімнің рейтингім түсіп кетіпті, енді мінезі жайсыз адам өзіммін😅
😁163❤19🤓5🥰3🤗2😎1
Сатылымда🤩🤩🤩

📚Қазынаға толы салауат
🖌️Автор: Абдулла Сиражуддин р.һ
🔎Аударған: Бағылан Шежімбай ұстаз

Кітапта:
🍁Салауат айтудың пайдалары, үкімдері мен мән мағынасы, т.б салауатқа қатысты көптеген хадистер және салауат айту жайлы барлық тақырып қозғалған.

🎙️Кітап ішінде Олжас Ханафин ұстаздың “салауат сырлары”дәрістері кюар код арқылы берілген.

💰6200тг
📤почта ТЕГІН
📲87476819163 (ватсап)
📍Шымкент қ
❤48🤩5😍5
Кітап сатып алу ризықты арттырады. Ал оқу сананы арттырады. Ал салауат жайлы кітап тіпті береке емес пе?🥹
Жеткізу, почта тегін. Мәуліт айында бір-бірлеріңізге сый жасаңыздар, ал тапсырыс беріп тастаңыздар…👉🏻👈🏻😌
1❤78👏5🕊4
Бұл дүниедегі кейбір уақытша нәрселерді жіберіп үйрену қажет, қанша қиын болса да. Жақсы көретін дүниеңмен, жақсы көретін адаммен қоштасу өте жағымсыз. Бәлкім Алла бізге сол сезімдерді сездіріп үйретуде. Бұл дүниемен біз қоштасқанда ауыр болмас үшін. Қоштасу сезімдері жанымызға бөтен болып қиналмау үшін.
❤109💔30✍12
Адам сезімдерін сезе алады, бірақ атау беріп айтуы өте маңызды. Ол адамдар арасындағы байланысты, бір-бірін түсінуді жеңілдетеді. Кейде адам үнсіз қалса, ол адам ашулы ма, ренжулі ме, шаршаңқы ма, не екенін түсінбейсің. Сол үшін де адамдардың “мені ешкім түсінбейді” деуі сезіп тұрған эмоцияларын анықтап айтпағандықтан.

Балаларымыз болашақта адамдармен мәміледе қиналмас үшін, қәзірден эмоцияларына атау беріп үйрету қажет екен. Мысалы ұлыма “сен ашулысың ба, шаршап тұрсың ба, ренжідің бе? ” деген секілді көңіл-күйіне қарай айтып сұрақ қоямын. Сол кезде ол эмоциясын танып, атауын білетін болады. Солай айтқандықтан ұлым “мама, мен ашуланып тұрмын, ренжідім” деген сөзді анық ашық айтады. Бірақ “ жақсы көрем, сағындым” сөздерін бәсең дауыспен ұялып айтады. Сол үшін де әсіресе ұл балада осы эмоциялық интеллектіні (eq) көбірек дамыту қажет. Кейін отбасыда әйелі “мені жақсы көрмейді,сезімдерін айтпайды” деп ренжіп, бір-бірін түсінбей жүрмес үшін:)
❤70💯23👍16🆒1
Ақылға салсаң бұл дүние “сынақ алаңы” болғандықтан тек сынақтардан тұру керек еді. Алайда, Алла сондай мейірімді, ауыртпашылығымызға қарағанда жеңілдіктерімізді көбейткен екен. Әлхамдулиллә!
❤153❤‍🔥11💊8🆒1
Шыдамсыздықтың бір ғана пайдасы бар: жақыныңмен ұзақ ренжіспей, жағдайды тез жұмсартуға асығып, кешірім сұрай білу. Ал шыдамды адам: ұзақ ренішін ұстап, үнсіздікте жүре алады.

Әр жақсы қасиеттің қара тұсы болады, дәл солай кемшілік көрінген қасиеттің де бір жақсылығы бар.
❤93👍18❤‍🔥1
Дүниеде анаған бір, мынаған бір жалтақтап бос қиялдан арылмай өмір бойы “ой, бәрекелді!” дегізерлік бір іс ете алмаған, сары уайыммен, байбаламмен күні өткен езден жаман адам болмайды.

✍🏻Жүсіпбек Аймауытұлы
❤86✍17👍14
“Нәпсіңді талқанда!”

Нәпсіңді ұр, даңқың қара майданда көмілсін,
Нәпсің орнатқан тақ қара топыраққа көмілсін!

Халық бүгін мақтады деп, өзіңді сұлтанмын деп ойлайсың ба?
Егер қошеметке семірген болсаң, бұл атақ та көмілсін!

Біліміңмен наданды басып, өзіңді ғариф (ақиқатты таныған жан) санайсың ба?
Даналықпен сатылған осы мінезің де көмілсін!

Шапаныңды киіп алып, көшеде кереметіңді саудалайсың ба?
Егер дорбаңда дәруіш деген атпен бірге тәкаппарлық та жүрсе, ол да көмілсін!

“Мен жоқпын, мен ешкім емеспін” деп, сол жоқтықтың өзін мақтанға айналдырдың ба?
Егер сол жоқтықтың ішінде де пұт болса, сол менмендігің де көмілсін!

Сафи, көп сөйлеме, өзіңді фәнилікке жеткен жанмын деп ойлайсың ба?
Егер сенен әлі де сол “мендік” қалса, ол да көмілсін!

✍🏻Эмир Сафи
❤72👍10💔6🥰1
Шейх Әли Тантауи р.һ:

Өмірімде ешкімді жазғырып көрмедім. Кім маған жақсылық қылса оған да жақсылық қылдым. Кім маған жаманшылық қылса себебі бар шығар деп үзірмен қарадым. Ал кім сол жаманшылығын қайталай берсе, беделімді түсірместен қадірімді сақтап, оларды біржолата тәрк еттім.

📖Саф жүрек
❤100👍25🕊7
Көркем түрде жан тапсырудың бір себебі- үнемі Пайғамбарға ﷺ салауат айту. “Дәләйл хойрот” кітабын үнемі оқып жүрген адамдардың барлығы көркем түрде жан тапсырған.

📖Сырға толы салауат
❤106🕊9👏7
Пайғамбарымыз ﷺ :
Бірін-бірі жақсы көретін екі адам жүздесіп, екеуі де Пайғамбарға ﷺ салауат айтса, бір-бірінен ажырап, қоштасқанша, олардың бұрынғы және кейінгі күнәлары кешіріледі.

📚Қазынаға толы салауат
❤59👍15
“Дәләйл хойрот” кітабы (7 күнге арналған салауат жиынтығы)
💰5900тг

“Қазынаға толы салауат” кітабы
💰6200тг

📲8747 681 91 63
📍Шымкент қ
📤почта бар
🤩14❤10
Ойлап отырмын, адам қайтыс болғанда оған тағы бір өмір сүру мүмкіншілігі болса иә деп. Бірақ Алла бізге одан да үлкен нәрсе берген екен. Ол қателік жасағанда қайта тәубе ету мүмкіншілігі. Тіпті жер мен аспанды толтырып күнә жасаушыға да тәубе етуге, Өзіне оралуға мүмкіндік берген екен. Тәубе - қайта тірілумен пара-пар.
❤126✍9🥰7💘5