🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
Ассалаумағалейкум @@@!

Брат, сені бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын!

Мені өзіңмен өмірдің бір арнасында тоғыстырған тағдырыма ризамын! Шын жүректен денің сау, отбасыңның аман болуын қалаймын және тілеймін! Өмірдегі ең басты нәрселер осы емес пе қазіргі кезде.

Көреалмаушылардың жамандығынан сақ болып, алдыңа қойған мақсаттарыңа жете біл. Өміріңде қуанышты әрі есте қалар сәттер көп болғай! Берекелі отбасы мен адам айтса нанғысыз табыстарға жетуіңе тілектеспін! Ең бастысы, әрдайым жаныңнан табылып, қуанышың мен қайғыңды бөлісуге дайын екенімді біл!

33 жасың құтты болсын!

#туғанкүн
#родной
#брат
#дос
Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол - кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған - дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар.

Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан @@@мен жарты ғасырдан аса достығымыздың жарасып келе жатқанын мақтан тұтамын. Сенің де мағыналы өміріңнің, шуақты шаңырағыңның алтын діңгегі - өмірлік қосағың Жәмиләң, оның жалғасы, ертеңгі мәуелі жемісі - бауыр етің балаларың мен алтын асықтай немерелерің. Бүгінгі 70 жасқа толған мерейлі мүшел тойыңда өзіңе денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіңе баянды бақыт тілеймін!

#туғанкүн
#тойғатілек
#70лет
#друг
#дос
#70жас
@@@ ассалаумағалейкум!
Сізді туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілеймін!
Балаларыңыздың қызығын көріп, үлкен бәйтеректей жапырағыңыз жайыла берсін!

Атқарып жүрген қызмет-міндетіңізде Сізге қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын, сондай-ақ кәсібіңізді ең жоғары дәрежеге жеткізуде
табандылық пен табыс тілеймін!

Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңыздың тірегі, бауырларыңның ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз
биіктей берсін! Әрбір бастауыңызда сәттілік Сізге серік болсын!

#туғанкүн
#брат #аға
#госслужащий
#мемлекеттікқызметкер
Жеңешеу, жаным құтты болсын туған күніңіз! Деніңіз сау, жасыңыз ұзақ болсын! 100 жасаңыз. Бала-шағаңыздың қызығын көріп, алдарыңда аға екеуіңіз күліп, ойнап журе беріңіз. Қыздар-ұллдар оқуларын бітіріп, үміттеріңізді ақтап, аман-сау жүре берсін! Немере сүйіп, келін алып, қыздарды ұзата берейік құдай қаласа! Тек жақсылық болсын! Аман болайық! Папа мен маманың жолын берсін! 😘😘😘💐💐💐

#туғанкүн
#жеңге
#жеңеше
Ағайынға қамқор, бауырға мейірімді, жайсаң да жайдарлы келінімізге әлемдегі бар жақсылықты, дүниенің шуағын, өмірдің жырын, жүрегіне Алланың нұрын тілейміз. Алла жолыңды ақ, көңілінді асқақ, жүрегінді уайымсыз, арманынды айқын, мақсатыңды жарқын етсін!
Денің сау, отбасың аман болсын! Менің бауырым екеуің ауырмай 1000 жасай беріңдер! Ата-анамыз аман болсын! Балапандардың тек рахатын көріңдер, люблю, целую. 😘😘😘!

#туғанкүн
#келін
#невеста