🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
🙂👋Ребята, всем привет! 🤟

⚜Хотите сэкономить ваше время для написания поздравлений с днем рождения на казахском языке + хорошая открытка?

⚜ Изначально Канал создан был чисто для себя. Я испытывал трудности при поздравлении родственников в поисках и подборе нужных и красивых казахских слов.

⚜Я просто собирал понравившиеся для себя поздравления и складывал в своем чулане.

⚜Но потом подумал, что возможно не только я имею эти проблемы.
Кому поможет канал, буду только рад помочь!

👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇
📣Канал в инстаграме - https://www.instagram.com/semiztilekvip 📣.

👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇👇
📣 Телеграм канал! t.me/semiztilek
Асыл Әке, ардағы ұл-қызының,
Бәрін болжап жүретін алдағының.
Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа,
Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін.

Анамыз Айшаменен қанаттасып,
Жүріңіз әр күн сайын алға басып.
Сіздерді мақтан етіп біз тұралық,
Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып.

Жан Әке, құтты болсын 60 жасың,
Біз үшін ардақты ғой алтын басың.
Немереден көріңіз шөберені,
Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.

#туғанкүн
#папа
#әке
Аяулы Ана! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз! Арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!

Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
Алпыстың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!

#туғанкүн
#мама
#анашым
@@@ аға, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілеймін!
Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, үлкен бәйтеректей жапырағыңыз жайыла берсін!
Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңыздың тірегі, бауырларыңның ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз
биіктей берсін!

#туғанкүн
#универсал
Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар таудай сүйеніші, немерелерінің абыздай ардақты атасы ..... жеті асудың бел ортасы - 75 жасқа толып отыр. Осынау мерейлі белесінде отағасына, әкемізге, атамызға шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі болып ортамызда жүре беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа толы болсын деп тілейміз.

Жетпіс бесің жеті белес ортасы,
Асқар таудың сияқтанған жартасы.
Өсіп, өніп қанат жайсақ бүгін біз,
Әкелікті ақтай білген арқасы.

Құтты болсын, жетпіс бестің белесі,
Тоқтамасын өмір-кештің кемесі.
Жамбылдайын жүз жасыңды көрейік,
Мерейтойлар тойланумен келесі!,
- деген шынайы ақ тілегімізді өзіңізге осынау атаулы күніңізде арнағымыз келеді.

#супруг
#күйеу
Сізді айтулы оқиға – 60 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз бүкіл өміріңізді мемлекетке қызмет ету ісіне арнап, нағыз отаншылдық пен мақсаткерлік танытып, Қазақстанның жаңа толқыны үшін өнегеге айналдыңыз.
Сіздің біліміңіз, жоғары жауапкершілік пен біліктілігіңіз әріптестеріңізді тәнті етеді, Сіз олардың арасында зор беделге бөленіп отырсыз. Бүгінгі айтулы күнде Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, сәтті істер, қажымас жігер және қызметіңізде тың табыстар тілеймін!
Шаңырағыңызда және туған-туыстарыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!

#коллега
#әріптес
#мемлекеттікқызметкер #госслужащий
Сізді бүгінгі есте қаларлық ереулі мерекеңізбен –
өте әдемі әрі мәнді 55 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Атқарып жүрген қызмет-міндетіңізде Сізге қасқырдың қайратын, арыстанның айбатын, жылқының сақтығын, бүркіттің қырағылығын, сондай-ақ жұмысыңызды ең жоғары дәрежеге жеткізуде
табандылық пен табыс тілеймін! Әрбір бастауыңызда сәттілік Сізге серік болсын!
Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз, ұрпағыңыздың аспаны ашық, дұшпаны қашық болып, оларға жаны мен тәні сұлу жандар ғашық болсын! Осы пәниде Сізге тек қана жақсылық тілеймін! Отбасыңыз аман болсын!

#руководитель
#басшы
#мемлекеттікқызметкер #госслужащий
Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы құқықтанушыдан Қазақ елінің белгілі де беделді заңгері, қоғам қайраткері деңгейіне көтерді. Мемлекеттік жоғары басқару органдарында жауапты қызметтер атқардыңыз, қатарыңыздың тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз.
Қадірлі.................! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың иглігі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз.

#руководитель
#басшы
#мемлекеттікқызметкер #госслужащий
#заңгер
#юрист
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып,
әріптестеріңіздің ізгі көңілінен шыққан ақ тілектерін жолдаймыз!
Ұжымыңыз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Отбасыңыздан береке-бірлік, басыңыздан бақ-дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз!

#коллега
#әріптес
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып,
кіршіксіз көңілден шыққан ізгі тілектерімізді жолдаймыз!
Ұжымда адал еңбеккер, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірманды ана, асыл жар бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз. Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз. Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан қызық-қуаныш арылмасын!

#коллега
#әріптес
Сіздің бүгінгі қуанышты сәтіңіз - туған күніңіз құтты болсын!
Көлік қызметкерлері қашанда халыққа барынша сапалы,
жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді мақсат ететіні анық.
Бұл салада Сіз өз білімділігіңізбен, тәжірибелілігіңізбен,
адал еңбегіңізбен ерекшеленіп келесіз.
Сізге таза көңілімнен шыққан ізгі ниетімді білдіре отырып, бақытты да баянды ғұмыр, жемісті де жеңісті күндер, қажымас қажыр-қайрат,
талмас талап-жігер тілеймін.
Әрқашанда деніңіз сау, көңіліңіз жайдары,
отбасыңыз берекелі болсын!

#коллега
#әріптес
#мемлекеттікқызметкер #госслужащий #транспортнаяслужба #тасымалдауқызметі
Туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып,
шынайы көңілден шыққан ізгі тілегімді жолдаймын!
Кең байтақ еліміздің жүрегі – астанамызда көп жылдан бері
................ саласының жұмысын жандандырып еселі еңбек етіп
жүрген жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірісіз.
Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз,
әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді
білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға,
мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілеймін.
Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын,
мерейіңіз үстем болсын!

#коллега
#әріптес
#мемлекеттікқызметкер #госслужащий
👼👶👼👶👼👶👼👶👼👶

Бала – адамның бауыр еті. Адамның бар қызығы – баланы мейірлене иіскеу болса, сол бақытқа бүгін өздерің де жетіп отырсыңдар.

Бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!

Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір – жасы ұзақ болсын.

Ата-анасының үмітің ақтайтын, маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетсін!

#шілдехана
#бесіктой
#ребенок
#мальчик

🎂 👨‍👩‍👦 🧒 👶👼🧸🎁🎂
👼👼👼👼👼👼👼👼👼👼👼👼

Ардақты ағайын! Қадірлі қонақтар!
Қымбатты қуаныш иелері!
Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген қанатты сөз бар.

Көктегі жаңа бір жұлдыз жарқырағандай, адамзат қатарына тағы бір нәресте қосылды. Бауы оның берік, ырыс оған серік болсын!

Тезірек ер жетіп, қолқанаттарыңа айналсын! Оған да, өздеріңе де бастай бақ, шаштай дәулет берсін!
Қуаныш құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін!

👼🧚‍♂👼🧚‍♂👼🧚‍♂👼🧚‍♂👼🧚‍♂👼🧚‍♂

#шілдехана
#бесіктой
#ребенок
#мальчик

(девочке говорят бой жетіп - вместо ер жетіп)

🤱👼🤱👼🤱👼🧖‍♀💅