🎂Құттықтаулар-тілектер Поздравления на казахском❤️❤️❤️
2.1K subscribers
305 photos
107 videos
30 links
Поздравление на казахском
Қазақша құттықтау
Администратор - @mafusailz
Download Telegram
👨‍👩‍👦👨‍👩‍👦👨‍👩‍👦👨‍👩‍👦👨‍👩‍👦👨‍👩‍👦👨‍👩‍👦 👨‍👩‍👦 👨‍👩‍👦 👨‍👩‍👦 👨‍👩‍👦

Бала – адамның бауыр еті. Бірін бірі жақсы көретін екі адамның жаны мен тәнінен жаралған бала ерекше ыстық.

Отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне мейіріммен қарауына негіз жасайтын алғы шарттардың бірі – олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент.

Сондықтан атамыз қазақ «балалы үй – базар» деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар.

Сол себепті де тойларың тойға ұлассын, өмірдегі көретін қызықтарың көбейе берсін!

🎂👨‍👩‍👦👦👨‍🦲👶👶👨‍🦲

#шілдехана
#бесіктой
#ребенок
🎂🎂🎂🎂🎂🎂🎂🎂🎂🎂🎂🎂

Дүниеде тұңғыш перзенттің келуі әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. Өмірге жаңа келген сәби – кеше ғана үйлену тойын өткізген жас-жұбайларды «әке-шеше», ал олардың ата-анасын «ата-әже» атандырып, осы бір шаңыраққа ерекше бір мейірімділіктің нұрын сыйлайды.

Олай болса, өмірге келген жас сәбидің әке-шешесіне, атасы мен әжесіне мықты денсаулық тілеп, тұңғыштарыңыздың бауы берік болсын дейміз.

Ал жас сәбиге тілеріміз: ата-анасының үмітін ақтайтын маңдай жарқыраған ұл болып ер жетсін! Өмірлі болсын!

👶👶👶👶👶👶👶👶👶👶👶👶

#шілдехана
#бесіктой
#ребенок
#мальчик

(девочке говорят жарқыраған қыз болып)

👨‍👩‍👦🎁👶🙏🧸💖✳️🔴
✴️✴️✴️✴️✴️✴️✴️✴️✴️✴️✴️✴️

Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді!

Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын!
Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата-анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер Азаматына айналсын!

Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін!
Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін.🙏🙏🙏🙏

#шілдехана
#бесіктой
#ребенок
#мальчик

(девочке говорят жарқыраған қыз болып бой жетіп)
👶 👧 ❤️ 👨‍🦲 👦
👶👶👶👶👶👶👶👶👶👶👶👶
Нәрестелі болған қуанышыңыз құтты болсын!
Дүниеге шыр етіп келген алтын асықтай ұлыңыз
келешекте қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет жігіт болып өсіп,
әулетіңіздің жарқын жалғасы,
шаңырағыңыздың лайықты иесі болар ерге,
елінің арқа сүйер еңсесі биік азаматына айналуын тілейміз.
Жас сәбидің ата-анасы ретінде жұбайыңыз екеуіңізге
деннің саулығы мен жанның жылылығын,
таудан биік әкелік жүректің қамқорлығы мен
теңізден терең аналық жүректің мейірімін тілейміз.
Шаңырақтарыңыз шаттыққа, құшақтарыңыз қуанышқа толсын!

#шілдехана
#бесіктой
#ребенок
#мальчик

👶 🧒 👨‍🦲👦🧸🎁⚽️🐣👨‍👩‍👦
🙆👰👑🎀🎎🎂🍰💆💌

Құрметті Аяулы, Ардақты, Өтттее ақкөңіл, келіндеріне зияны жоқ Аппақ енем!

Сізді бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Деніңізге саулық, отбасыңызға, көз қуаныштарыңызға амандық берсін, ісіңізге береке берсін! Аллахым папа екеуіңізге екі дүниенің бақытын, шаттығын берсін!

Ұрпағымызбен, əулетімізбен үлгілі, ... елінің тобырын топқа, бəйгесін атқа қосып, ер-азаматтарымызды таққа отырғызуды, ағайын-туысқанмен ауызбіршілігіміз артқан, ынтымағымыз жарасқан салихалы отбасы болуды нəсіп етсін!

Енешім əрдайым біздің кемшілігімізді кешіріп, қателігімізді түзеп, отбасымыздың түтінінің түзу жағылуы сіздің арқаңыз😘! Өзімнің жіберген қателіктерімнің көптігі қанша болса мен сізге соны еселеп жақсылықпен қайтарамын деп, күнде дұғада болдым.

Алла бəрін көруші, естуші. Мені сізбен түзей бастады, жақындастырды, сізге деген махаббатымды ашты. Мен сізді жақсы көремін. Алтындай,асықтай ұл туып бергеніңізге, біз сияқты бір үйдің қыздарын келін етіп, өсіп, өніп, көбейіп, басымызды біріктіріп жүргеніңізге Аллаға сансыз шүкір! Ауырмаңыз!

Құтты болсын жап-жаңа 56 жасыңыз! Келінің жаман болса ұлыңнан көр - демекші, осы жолдасымның ата-анасы, бауырларына деген ерекше бауырмалдығының, құрметінің арқасында ғана жақсы келін, жақсы əйел болады екенсің. Жалпы, кез-келген келін келген жерінің ата-анасымен, бауырларымен, ағайын-туысымен жақсы мəміледе болса ғана сыйың бар, сыйлы келін ата-анасың.

#туғанкүн
#свекровь
#ене
🎂🎂 🎂🎂 🎂🎂 🎂🎂 🎁🎁 🎁🎁 🎁🎁 🎁🎁

Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

#туғанкүн
#универсал
✴️✴️ 🎂🎂 ✴️✴️ 🎂🎂 🎁🎁 🤝🤝 ✊✊

Бәке ассалаумағалейкум! Туылған күніңізбен құттықтай отырып! Сізге екі дүниенің бақытын тілеймін! Отбасыңыздан ырыс, ынтымақ пен бақыт кетпесін!

#туғанкүн
#друг
#дос
#қысқа
#коротко
Жаным Дина, туылған күнің құтты болсын! Сені шын жүректен құттықтай отырып, саған денсаулық, тау суындай сарқылмас бақыт тілеймін! 😘😘😘
Бүгінгі ең жылы да мейірімді құттықтау сөздер көңіліңнен шығып, өмір сені бақыт құшағында аяласын! 👏👏👏💐💐💐🎊🎊🎉🎉🎂🎂

#туғанкүн
#сестра
#әпке
#группалас
#одногрупник
#құрбы
#подруга