СЕНАТ
✔
3.85K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда мәслихат депутаттары, жұртшылық және этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі мәні мен 15 наурызда өтетін республикалық референдумдағы бірлескен жұмыстың басым міндеттері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев конституциялық реформа – елдің саяси жүйесін демократияландыруға, «Әділетті Қазақстан» идеясын жүзеге асыруға және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды қадам екенін атап өтті. Жаңа Ата Заң мемлекеттілікті нығайтуға, халық бірлігін бекітуге және заманауи мемлекеттік модельге өтуге негіз болмақ.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🙂 Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен барлық салада жүзеге асырылып жатқан кешенді жаңғыртулардың заңды жалғасы екенін атап өтті. Ол азаматтар 15 наурызда жаңа Ата Заң жобасы бойынша республикалық референдумда өз таңдауын жасайтынын және бұл қадам мемлекеттілікті нығайтуға, Тәуелсіздікті күшейтуге, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын айтты.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда қалалық кітапхана ұжымымен және белсенді жастармен кездесіп, жаңа Конституция бойынша референдумның негізгі мақсаты жөнінде пікір алмасты. Кездесу барысында кітапхананың қоғамдағы рөлі, білім мен ақпараттық ресурстарды дамыту мәселелері талқыланды. Сенат Төрағасы жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен білімге қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті, сондай-ақ ұсыныс-пікірлерді тыңдап, алдағы бірлескен жобаларға баса назар аударды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM