«Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды оқиға. Жаңа Конституция жобасы ашық әрі жан-жақты талқыланып, мұқият пысықталды. Талқылау барысында азаматтардың ұсыныстары барынша ескерілді. Бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іс жүзіндегі жарқын көрінісі екені сөзсіз. Сол арқылы Әділетті Қазақстанның конституциялық моделі қалыптасуда. Алдағы уақытта Сенат депутаттары жаңа Ата Заңымыз туралы референдумды ілгерілету жұмыстарына бір кісідей атсалысады. Осы ретте Әділетті Қазақстанның құқықтық негізі қаланатын жауапты кезеңде барша қазақстандық өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, референдумға белсенді қатысады деп сенеміз»,
– деді Мәулен Әшімбаев.
Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Бүгін Астанада Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламның жаңа кітабы көпшілікке таныстырылды. «Рим Папасы Франциск пен Әл-Азһардың Жоғарғы имамы: күрделі жол – адамзаттың бауырластығы туралы құжаттың дүниеге келуі» деп аталатын бұл еңбек қазақ тілінде жарық көріп отыр.
🙂 Мәулен Әшімбаев салтанатты рәсімге қатысушыларға ілтипат білдіре келіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұхаммед Әбделсалам жаһандық деңгейде конфессияаралық және мәдениетаралық диалогты нығайтуға, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеялары мен мақсаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ, Қазақстан мен Әл-Азһар университеті арасындағы ынтымақтастықты арттыруға қосқан үлесі мен осы жолдағы табанды әрі жүйелі еңбегі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталғанын атап өтті. Іс-шарада бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламды қабылдағаны сөз болды.
Толығырақ
🚀 @senate_kz
Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Жаңа инвестициялық циклды бастау. Инвестициялық ахуалды жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді. Қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын талқылады.
🙂 Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Сұлтанбек Мәкежанов жаңа инвестициялық циклді іске қосу қолдау құралдарын сапалы жаңартумен және мемлекеттік органдардың түпкілікті нәтиже үшін жауапкершілігін арттырумен қатар жүруі тиіс екенін атап өтті.
Толығырақ
🚀 @senate_kz
Толығырақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM