Астанада алғаш рет өтіп жатқан «Astana 2026 World Boccia Cup» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне Қазақстан Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев қатысты.
🙂 Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде параспортты дамытуға және инклюзивті қоғам құруға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, әлемнің көптеген елінен келген спортшылардың қатысуымен өтіп жатқан жарыс Қазақстандағы паралимпиадалық қозғалыстың дамуына тың серпін береді.
Айта кетейік, «Astana 2026 World Boccia Cup» 1-9 маусым аралығында өтеді. Турнир Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады. Қазақстан намысын жарыста 10 спортшы қорғайды.
🚀 @senate_kz
Айта кетейік, «Astana 2026 World Boccia Cup» 1-9 маусым аралығында өтеді. Турнир Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады. Қазақстан намысын жарыста 10 спортшы қорғайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Отырыс барысында сайлау заңнамасын, прокуратура органдарының қызметін және қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар инвесторлардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге назар аударылды.
Түзетулерге сәйкес Бас Прокурорға инвестициялық омбудсменнің құқықтық мәртебесі беріледі. Сондай-ақ сотталған әйелдер мен жас баласы бар азаматтарды ұстау жағдайларын жақсартуға қатысты нормалар қарастырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілді:
1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым);
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне оларды Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру, Қазақстан Республикасының сайлау және прокуратура туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым);
3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы (бірінші оқылым);
4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым);
5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым);
6. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым).
БАҚ өкілдеріне арналған брифинг жоспарланғанын хабарлаймыз.
Отырысты
🌐senate.parlam.kz ресми сайтында
📺«24kz» телеарнасында
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM