СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Бүгін Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Сенат Бюросының отырысы өтті. Депутаттар 4 маусымға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін айқындады.

Алдағы отырыста сенаторлар заңнаманы Конституция талаптарына сәйкестендіруге, сайлау, прокуратура және әлеуметтік қамсыздандыру салаларын жетілдіруге бағытталған заңдарды қарайды.

Сондай-ақ ғылым, ғылымды қажетсінетін аумақтар, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және әскери қызмет мәселелеріне қатысты түзетулер талқыланады.

Бұдан бөлек, күн тәртібіне Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер, сондай-ақ басқа да бірқатар заң енгізілді.

Отырыс барысында Мәжіліс қабылдаған заңдар тұрақты комитеттер арасында бөлініп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Сенаттың жұмыс жоспары талқыланды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙂Сенат депутаты Бибигүл Жексенбай Жапонияға жұмыс сапары барысында Nihon Hidankyo ұйымының басшылығымен кездесті. Кездесуде ядролық қарусыздану және бейбітшілік мәдениетін нығайту мәселелері талқыланды.

Сенатор Семей ядролық сынақ полигонының зардаптары Қазақстан үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтарды қолдау мәселелеріне тоқталды.

Тараптар Семей полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай қолға алынған «Балалар бейбітшілікті бейнелейді» халықаралық акциясын таныстырып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң қаралды.

Түзетулер Салық кодексінің нормаларын жаңа Конституция ережелеріне сәйкестендіруге бағытталған. Құжатта бір палаталы Парламент – Құрылтайдың құрылуына, Қазақстан Халық Кеңесінің жасақталуына және азаматтардың Конституциялық Сотқа жолдаған өтініштері бойынша мемлекеттік бажды алып тастауға қатысты өзгерістер көзделген.

Отырыс барысында қатысушылар ұсынылған нормаларды және оларды іске асыру мәселелерін талқылады.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесі талқыланды.

🙂Комитет төрағасы Әли Бектаев жерлерді бөлу процесін цифрландыру ашықтықты арттырып, жер ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететінін атап өтті.

Отырыс барысында қайтарылған жерлерді экономика айналымына тарту, электрондық конкурстар өткізу және жер қатынастарын цифрландыру мәселелері қаралды.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM