СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Қырғызстанда өткен мерейтойлық Ыстықкөл халықаралық форумына қатысты.

Сенатор форум қатысушыларына Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын жеткізіп, мәдениетаралық диалог пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтті. Сондай-ақ ол Шыңғыс Айтматов шығармашылығының халықтар арасындағы рухани байланысты дамытудағы ерекше рөліне тоқталды.

Форум аясында Чолпон-Ата қаласындағы Мұхтар Әуезовтің үй-мұражайында қоғам қайраткері әрі мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің бюстін ашу рәсімі өтті.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында кедендік реттеу мәселелеріне қатысты заң қаралды.

Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес әзірленген және электрондық сауда арқылы сатып алынатын тауарларды реттеуге бағытталған.

Заңда «электрондық сауда операторы» ұғымын енгізу, электрондық сауда декларациясын қолдану және шетелдік интернет-платформалар арқылы жеткізілетін тауарларға қатысты кедендік рәсімдерді жетілдіру көзделген. Бұл өзгерістер кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттырып, нарықтың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында әлеуметтік заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң қаралды.

Құжат көші-қон саясатын дамыту, инклюзивті мәдениетті қолдау, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және техникалық-кәсіптік білім беру сапасын арттыру мәселелерін қамтиды.

Заңда еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру, дуальды оқыту жүйесін дамыту және кадр даярлау сапасын күшейту көзделген. Депутаттар бұл өзгерістер халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіруге және елдің кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM