СЕНАТ
✔
3.84K subscribers
8.49K photos
2.26K videos
1.06K files
3.51K links
ҚР Парламенті Сенатының ресми Telegram-парақшасы/Официальный Telegram-канал Сената Парламента РК

▫️Instagram: https://instagram.com/senate_kz
▫️YouTube: https://www.youtube.com/@senate_kz
▫️TikTok: www.tiktok.com/@senate_kz
Download Telegram
🙂Сенат Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жақып Асанов ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Алексей Роговпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар адам құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және сараптамалық өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

Жақып Асанов цифрлық технологиялардың дамуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа тәсілдерін талап ететінін атап өтті. Сондай-ақ тараптар Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметін жетілдіру, азаматтық қоғаммен өзара байланыс және бірлескен сараптамалық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында нотариаттық қызмет пен заң көмегіне қатысты заң қаралды.

Құжат нотариат саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

Заңда нотариаттық цифрлық архив құру, атқарушылық жазбаларды автоматты бөлу жүйесін енгізу, нотариустардың жауапкершілігін күшейту және мемлекет кепілдік берген заң көмегінің аясын кеңейту көзделген. Сондай-ақ азаматтардың Конституциялық Сотқа жүгіну кезіндегі құқықтық қорғалуын күшейтуге арналған нормалар енгізіледі.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Астанада Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні. Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітабы мен «Талдау мектебінің» бесінші легі әзірлеген «SMART GOVERNANCE: тиімді басқаруға қажетті деректер, аналитика және жасанды интеллект» тақырыбы бойынша талдау баяндамалары жинағының тұсаукесері өтті.

🙂Іс-шара барысында Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан реформалардың мәні мен маңызына тоқталып, деректерге негізделген басқару мен бүгінгі қоғамдағы сапалы талдау жасаудың рөлін атап өтті.

Жаңа кітапта еліміздегі жаңғыру үдерістерінің негізгі бағыттары қамтылса, талдамалық жинақта урбанистика, экология, білім, энергетика, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару салалары бойынша зерттеулер топтастырылған.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2
🔴Құрметті БАҚ өкілдері, ертең, 25 маусымда сағат 10:00-де Сенат отырысы өтеді.

Күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілді:
1. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология және экономиканың жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (екінші оқылым);
2. 2010 жылғы 10 желтоқсандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы;
3. 2015 жылғы 15 қыркүйектегі Әскери және басқа да құралымдарды, олардың жылжымалы мүлкін, сондай-ақ әскери мақсаттағы өнімді тасымалдау саласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы;
4. Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісімді ратификациялау туралы;
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және ұтымды пайдалану туралы келісімді ратификациялау туралы;
6. Психологиялық қызмет туралы;
7. Қазақстан Республикасындағы кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым);
8. Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым);
9. Кредиттік рейтингтік қызмет туралы;
10. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын жетілдіру және цифрландыру, банкроттық, сондай-ақ мемлекеттік органдарды бағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы(бірінші оқылым);
11. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым);
12. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы;
13. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу, энергетика және атом саласын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым);
14. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (бірінші оқылым).

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг жоспарланғанын хабарлаймыз.

Отырысты
🌐senate.parlam.kz ресми сайтында
📺«24kz» телеарнасында
🖤YouTube арнасында көре аласыздар.

🚀@senate_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM