1.9K subscribers
118 photos
125 videos
149 files
80 links
Download Telegram
Сүйінші ағайын!!!

Көптен күткен “Айша” кітабы жарық көрді.Сұраған кісілер мүмкіндікті пайдаланып қалыңыздар.
❤41👍6🤩2
❤16
Бұл еңбек мүміндердің анасы Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) тұлғасына және оның Алла Елшісі Мұхаммедпен ﷺ қарым-қатынасына қатысты кең тараған негізсіз күмәндар мен қауесеттерге Құран, сүннет және тарихи деректер негізінде ғылыми жауап беруге арналған.

Кітапта Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) тегі, балалық шағы, Пайғамбарымызбен ﷺ отбасылық өмірі, көркем мінезі, білімдегі орны, хадис іліміндегі қызметі, Пайғамбар ﷺ алдындағы ерекше мәртебесі және оның себепкерлігімен түскен аяттар жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар, Айша анамызға (Алла оған разы болсын) қатысты айтылатын жалалар мен күмәндердің негізсіз екені дәлелдер арқылы талданып, оларға ғылыми тұрғыдан жауап беріледі.
❤32👍1
Merci.pdf
1.4 MB
❤17🔥3
Мұхаммед мейірім пайғамбары.
Қатыгездікке толы уақытта,бір-бірімізге күшімізбен ,мансабымызды көрсету арқылы өзгені төмендетуге тырысатын уақытта Пайғамбар мейірімділігі жүрегімізді азда болса жұмсартар деген ойдамын.

Пайғамбардың дүние есігін ашуы Алланың ең ұлы мейірімі.


Еңбекті бағалаймын десеңіздер:

Kaspi: 4400430378203787
❤33
‎البَلاَءَ مُوَكَّلٌ بِالمَنْطِق


«Бәле-жала айтылған сөзге байлаулы» (яғни: "Бәле тілден" / "Аузыңнан шыққан сөз басыңа келеді")

Ал-Мунаи «Файд ал-Қадир» еңбегінде бұл сөздің мағынасын былай түсіндіреді: «Бұл — анық-қанығына көз жеткізбей, асығыс сөйлеуден сақтандыру. Өйткені адам өзі қайтара алмайтын бәле-жалаға ұшырап қалуы мүмкін».

Сондай-ақ ол былай дейді: «Пенде үндемей тұрғанда амандықта болады. Ал сөйлей бастағанда, сөзінің сынағы арқылы оның ішкі дүниесі ашылады: ол не қауіп-қатерге, не жеңіске (сәттілікке) ұшырайды».

«Сахих әл-Бұхариде» Ибн Аббастан (Алла оларға разы болсын) жеткен хадисте: Алланың елшісі ﷺ науқастанып жатқан бір кісінің көңілін сұрай кіріп: «Оқасы жоқ, Алла қаласа, бұл (ауру) — күнәлардан тазартқыш», – деді. Ал әлгі кісі: «Жоқ! Бұл — кәрі шалдың қанында қайнап, оны қабірге сүйреп бара жатқан қызба ауру!» – деп жауап қайтарды. Сонда Пайғамбар ﷺ: «Олай болса, солай-ақ болсын», – деді.


Ауызға ,санадағы ойға ие болу керек. Кім біледі қазіргі шағымданып жүрген күйімізді кезінде Құдайдан тілімізбен сұрап алған шығармыз.
❤26
‎إِنَّمَا أُكِلْتُ يَوْمَ أُكِلَ الثَّوْرُ الأَبْيَضُ

«Мен ақ өгіз желінген күні-ақ желінгенмін» (мағынасы: "Басқаға келген бәле түбі өзіңе де жетеді" немесе "Бірліктен айырылған күнде құрығанбыз")


Мүміндердің әмірі Әлидің (Алла оған разы болсын) былай дегені жеткен: «Менің және Османның мысалы тоғайда өмір сүрген үш өгіздің — ақ, қара және жирен өгіздің мысалы сияқты. Олармен бірге бір арыстан да бар еді, бірақ үш өгіз бірге жүргенде арыстан оларға бата алмайтын. Сонда арыстан қара өгіз бен жирен өгізге: "Тоғайдағы біздің орнымызды мына ақ өгізден басқа ешкім білдірмейді, өйткені оның түсі алыстан көрінеді, ал менің түсім сендердікіне ұқсас. Егер маған оны жеуге рұқсат берсеңдер, тоғай өзімізге қалады", – деді. Олар: "Ал, жесең же", – деді, ол ақ өгізді жеп қойды. Сосын арыстан жирен өгізге: "Менің түсім сенің түсіңе ұқсас, қара өгізді де жеуге рұқсат ет, тоғай екеумізге ғана қалсын", – деді. Ол да: "Жесең же", – деді, арыстан қара өгізді де жеді. Содан соң арыстан жирен өгізге: "Енді сені де жейтінім анық", – деді. Жирен өгіз: "Маған үш рет айғайлауға рұқсат бер", – деді. Арыстан рұқсат еткенде, ол: "Біліп қойыңдар, мен ақ өгіз желінген күні-ақ желінгенмін!" – деп айғайлады».
Содан соң Әли (Алла оған разы болсын) дауысын көтеріп: «Біліп қойыңдар, мен Осман өлітірілген күні-ақ әлсіредім



(құнынан айырылдым)» – деді.

Бұл нақыл сөз бауырынан, серігінен айырылып, соның зардабын тартқан адамға қатысты айтылады.

Қызық иә)

Бәріміз білеміз,бірақ бәріміз сол қателікті істейміз)
❤18
Басқа біреудің үйіне кіру үшін есігінің алдында рұқсат сұрап тұрған болсаң, көзіңнің үйдің ішіне түсіп кетуінен, үй ішіндегі әуретке назарың түсуден көздеріңді сақтағайсың. Өйткені бұл - айып, жаман іс.
Сағд ибн Ғұбада (Алла оған разы болсын) айтты: Бір ер адам Пайғамбарымыздың ﷺ есігінің алдына келді де, есіктің дәл алдында тұрып кіруге рұқсат сұрады. Алла Елшісі Міне, былай қарай деп есіктің дәл алдынан кішкене бұрды, одан соң аздап артқа қарай алыстауды бұйырды. Содан соң: «Расында рұқсат сұрау - қарау үшін болады»,-деп айтты.

[من أدب الإسلام 📚]
❤45👍6
Сахабалардың (Алла олардың баршасынан разы болсын) Алланың Елшісіне ﷺ деген әдептері соншалықты Пайғамбарымыздың ﷺ есігін тырнақтарымен қағатын еді. Имам Бухари «Әдәб әл-муфрод» кітабында баян етеді.

Әдеп — діннің нұры!

[من أدب الإسلام 📚]
❤43👏3
📖 «АЙША» кітабының таныстырылымы

«Айша (Алла оған разы болсын): даналық пен тақуалықтың шамшырағы» — Исламдағы білімділік пен парасаттылықтың, тақуалық пен көркем мінездің үлгісі болған Айша анамыздың (р.а.) өнегелі өмірі мен тағылымын танытатын құнды еңбек.

Құрметті Оқырмандар сіздерді білімге, ізгілікке, рухани кемелдікке үндейтін рухани мәжілістен құр алақан қалмаңыз!
Баршаңызды асыға күтеміз🌼

📚 Кітаптың авторы — Бағлан Шежімбай.

Кітаптың мазмұнымен жақынырақ танысып, автормен жүздесіп, рухани тағылымға толы әңгімеге бірге қатысуға шақырамыз!

📍 Түркістан қаласы
📅 18 қазан
⏰ 10:00
🎟️ Кіру тегін
📞 Тіркелу үшін: +7 778 409 7494
❤11👍4
Пайғамбарымызға ﷺ Мү’минун сүресінің алғашқы он аяты уахи етілген уақытта, құбылаға қарап былай дұға жасады:

«اللهما زدنا و لا تنقصنا، و أكرمنا و لا تهنا، و أعطنا و لا تحرمنا، و آثرنا و لا تأثر علينا، و ارض عنا و أرضنا, ثم قرأ علينا: لقد أنزلت عليَّ عشر آيات من أقامهن دخل الجنة»

«Аллаһым, бізге (уахиыңды) арттыра көр кеміте көрме, бізді (іліміңмен) құрметті еткейсің әрі қорлатпағайсың, бізге бер де мақрұм қалдыра көрме, бізді өзгелерден үстем ет бірақ өзгелерді бізден үстем ете көрме, бізден разы бол және бізді де разы еткейсің»,-деді де, одан соң: «Расында маған он аят түсірілді, кім ол аяттарды ұстанса Жаннатқа кіреді»,-деп айтты.
(Абу Дауд, Тирмизи)

[علوم القرآن 📚]
❤33👏3
Ілім мен әдептің ұлы көрінісі

Ислам тарихындағы ерекше сәттердің бірі жайлы Әш-Шағби былай әңгімелейді:

Бір күні Құранды жинақтаған ұлы сахаба Зәйд ибн Сәбит өз анасының жаназа намазын шығарып болды. Намаздан кейін оның мініп қайтуы үшін қашырын алдына әкеліп жақындатады. Сол сәтте Ардақты Пайғамбарымыздың көкесінің баласы, Құранның ұлы тәпсіршісі — Ибн Аббас келіп, Зәйдтің атқа мінуі үшін оның үзеңгісінен ұстайды.
Мұны көрген Зәйд ибн Сәбит дереу сасып қалып:

– «Бері шық, уа, Алла Елшісінің көкесінің ұлы!» – деп бәйек болады.

Сонда Ибн Аббас қарапайымдылық пен үлкен ілтипат танытып:

– «Біз ғалымдарымызға міне, осылай құрмет көрсетуге бұйырылғанбыз» – дейді.

Бұл жауапқа тәнті болған Зәйд ибн Сәбит те қалыспай, Ибн Аббастың қолынан сүйіп:

– «Ал біз Ардақты Пайғамбарымыздың әулетіне осылай қызмет етіп, құрмет көрсетуге бұйырылғанбыз» – деп жауап қатады.

“Шифа” Қоди Ғиад

Бұл – ілім иелері мен үлкендердің бір-біріне деген асқан құрметі мен кішіпейілділігінің теңдесіз үлгісі. Нағыз ілім адамды тәкаппарлыққа емес, қарапайымдылық пен әдепке жетелейтінінің айғағы.
❤18👍16
Сүннетке сай амал етудің жемісі

Имам Ахмад ибн Ханбалдан былай деп риуаят етіледі:

«Бірде мен бір топ адамдармен бірге болдым. Олар киімдерін толық шешіп, суға түсті. Ал мен мына хадисті басшылыққа алып «Кімде-кім Аллаға және Ақырғы күнге иман келтірген болса, моншаға (немесе суға) изарын (әурет жерін жабатын оранышын) байламай кірмесін». Сондықтан мен киімімді (әуретті ашатын болған соң ) шешпедім.

Содан соң сол түні түсімде бір дауыстың маған былай деп айтқанын: «Әй, Ахмад! Сүйінші! Шын мәнінде, Алла Сүннетті амалға асырғаның үшін сені кешірді және сені артыңнан еретін (үлгі тұтатын) имам етті»-деп айтқанын естідім.

Мен: «Сен кімсің?» — деп сұрадым.
Ол: «Жебрейілмін» — деп жауап берді.»

“Шифа” Қоди Ғиад

Сенде моншада,футболда,качкада әуретіңді жапсаң Жәбірейілдің даусың еститін едің)!
❤30🔥5
Алла Тағала қасиетті Құранда адамның қалай жаратылғаны жайлы былай айтады:

Адам әлсіз жаратылған, асығыс жаратылған, зиянның ішінде тағысын тағы.

Одан кейін Рахманның құлдары мен мүміндер жайлы сөз қозғайды. Осылайша Раббымыз бізге Өз кітабында қандай екенімізді және қалай қарай ұмтылу керек екенімізді А нүктесінен Б нүктесіне дейін анық, айқын етіп көрсетіп берді.
❤34😍4
Бәлкім саған келе жатқан нығметтен бір күнәң ғана тосып тұрған болар
❤36😢25👏1