Orientalist's Notes
10.8K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Таңғы кофе ішіп отырмын. Келесі үстелде отқан адамға бір жас бала келеді де “Бата айтып берейін бе” дейді. Әлгі кісі ұялғаннан “Ну давай” деп келісті.

Қазақтың баласы. Бата айтып берді. Артынан каспиін айтты да, ақша аудартып алды.

Сосын маған келді “Бата айтып берейін бе?” деп. Келіспедім.

Кәсіптің түрі көп, алайда бата (қазақтың дұғасы) сатып кәсіп қылмаған дұрыс. Соған итермелеп отқан ата-анада мәселе бар.

Иә, бала ширасын, піссін деп түрлі іс жасатып көруге болады-ау, бірақ шекараларды білген дұрыс-ақ.

Далада жүгері сатсын, паркте балмұздақ ұсынсын… Тек қайыр тілемесін.

#ой_түймекке
❤194👏54👍34🔥18💯15
04.05.2026 — 10.05.2026 арасы тек 140 бет кітап оқи алдым.

Алдыңғы апта 323 бет кітап оқыдым.

Сәуір айында 541 бет ғана оқуға мүмкіндік болды.

“Иқро” үмметіміз! Құдайдың бірінші әмірі “Оқы!” болды.

Өсу, өркендеу — тек оқу арқылы болады.

#ой_түймекке
🔥64❤48👍18🫡1
Кітап оқуды үйретті Алла Тағала. Қазір, шүкір, кітап шығаруды үйрендік.

Алланың қалауымен, Bolashaq баспа үйіміздің атынан + 4 жаңа кітабымыз басылып, дайын болып, қолымызға жетті. Енді хабарлап, контент жасап бастаймыз.

1. Студентке кеңес
2. Кәсіпкерлік пен сауда әдебі: әрбір кәсіпкер білуі тиіс 40 хадис
3. Бәрі нөлден басталады: табысты 101 бизнес-хикая
4. Өміріңді нұрландырар 50 шамшырақ
5. Аманат. Сунан әт-Тирмизидің аудармасы мен түсініктемесі. I кітап “Тазалық” пен “Намаз” тараулары

Не де болса "ғалымның хаты өлмейді". Осы салаға кіргеніме, қызмет етіп жатқаныма еш өкінбеймін.

Сан ғасыр өтсе де, кітап деген нәрсе қалады, маңызын жоғалтпайды.

Профессор, доктор Абдулкарим Баккар айтады, бала тәрбиесінде әрбір адамның үйінде кітапхана болуы шарт деп. Сол арқылы біз ұрпақ тәрбиелей аламыз. Яғни, болашаққа үлкен мақсат, жоспар қойған адам міндетті түрде кітапқа көңіл бөледі.

#ой_түймекке #BolashaqBooks
❤125👍23🔥7👏5⚡2🤝1
Хоть ребенок и живет сегодняшней жизнью, однако он больше принадлежит будущему.

(c) Bolashaq баспа үйінен шығатын кітаптан үзінді

#ой_түймекке #BolashaqBooks_rus
👍76❤61👏9
Бүгінгі таңда жігіттермен бас қосып жолыққан кезде, егер олар үшінші жігітті жамандамаса (ол жерде жоқ), соның өзі үлкен олжа болып тұр.

Өзге досты н/е өзге адамды сөз етпейтін дос — құнды дос.

Ондай доссыз өмір бос.

Ой түймекке түрткенім ғой. Осылай жазатынымыз бар еді…

#ой_түймекке
❤200👍32🔥23💯7
Бір айға жуық ештеңе жазбасам да оқырманым боп қалған жандарға алғыс білдіремін.

Жалпы есепте осы жыл басталғалы түрлі кезеңдерден өттім, трансформацияландым.

20 — 25 жас аралығы көзді ашып-жұмғанша өте шықты.

25-ке келген кезде "пай-пай" деген шақтың өтіп жатқанын түсіне бастадым. Неге көп қаламгерлер "ай-хай 25" деп жазған, жырлаған, толғаған?

Оны тек сол жасқа жеткенде ұқсаң керек...

26-ға толғанда қатты қуанбадым, 27-ге толғанда мұңайдым...

Орда бұзар шаққа 3 жыл қалды, ал.

Шүкір, Алла деп "Bolashaq" деген баспа үйін аштық, 27-ге кеп жеткен жетістігім осы болды. Өмірімнің соңына дейін 100 кітап шығарсақ деген арман болған, жасалып жатқан жұмыс көлеміне қарасақ, 6 айдың ішінде 100-ден асып кетіппіз. Енді ол мақсатты 1000 кітап деп көтердік. 1000-ға жеткенде 10мың кітап деп көтерерміз, оған дейін жан нәсіп.

Жалпы бар ғой, құлатып барып көтереді өмір, көтеріп тұрып жылатады, кейде жылытады. (Сәл-пәл қиыннан қиыстырып, ұйқас кеп қалатыны бар, сол кезде жыламасаң да жыладым деп жазуға тура келеді 😂)

Жазудан қол үзбедік, айтпағым сол. Бос нәрсе жазғанша, жазбаған абзал ғой. Мейлінше ой түймекке сеп болар дүниелер толғаймын.

#ой_түймекке
❤189👍69🔥11⚡8🤩4🐳2🕊1🤝1
Telegram арнамыз аздап шаң басып қалыпты. Шілде айының 3-не бір төбе көрсетіп, қайта ғайып болыппыз.

Жазу — ол да шығармашылық қой, асылы. Шығармашылықта тоқырау болып тұрады. Адам дәйім жаза да бере алмайды. Жазбаққа ой көп, алайда сөз жетпей жатады, кейде сезінуді ғана қанағат тұтамыз. Бұрында алып ұшып сезгеніміздің бәрін төгетінбіз пернетақтаны теріп...

Сонымен қоса жазу — сен жиған білім комплексінің айнасы. Біліміңді толықтырып отырмасаң, жазарың таусылады.

3 ай бұрын жасым 27-де болыпты, әлі 27-демін. 😄

Бұл арна 2019 жылы ашылған, сол кездегі алғашқы жазбаны оқып көрсеңіз болады. (үстін басыңыз)

Бір кірсең тоқтай алмайсың, төменге сырғытып кете бересің. Бір адамның ғұмыры, шынымен. Қарап отырып арасында өшіріп тастау қажет, жойып жіберуге тұрарлық нәрселер бар екен, алайда өшірмедім, солай қалсын дедім. Трансформация, ойлардың өзгеруі, 20 жастағы максимализм, бойдақтық тентектік, үйленген кездегі эйфория, отбасылық өмір мектебінің тәжірибесі, балалы болғаннан кейінгі түрлену — бәрін-бәрін қамтып тұрғандай онлайн қойын дәптер хәліне келіп қалыпты.

#ой_түймекке
❤88👍26🔥4
Негізі бөліскім келетін нәрсе бар.

2023 жылы ұлды болдым. Сол кездегі естеліктер, баламен бірге есейгендегі түйген ойлар, перзенттеріме үйретсем деген нәрселер, әкелік кеңестер, отбасылық жоспарлар... Соның бәрін жазып алғым келетін. Оған не түрткі болды? 2022 жылы жазда елге ұштық. Ұшақта Имам Ғазалидің "أيها الولد" (Ей, балам) деген кітабын тыңдап келдім (иә, Turkish Airlines әуе бортында бар-тын).

Алайда тек қалау болып қалды. Әне-міне жасаймын деп жүргенде 3,5 жыл өтіп кеткен ғой.

Бір қызығы, отырып жаза салатын дүние болғанын қаламадым. Тұңғышым бірінші мүшелінен шыққанға дейін жазылатын кітап болса деп едім (13 жас), 13 жасына толғанда өзіне табыстайтындай.

Соған енді кірісіп жатырмын. Ал сіздерге жеткізгім келген ой: уақыт тез өтіп кетеді екен. Жасағыңыз келген ой, жоспар болса жазып алыңыз да, бісміллә деп кіріспесін бастай беріңіз.

Бұрындағы ұстанымым да солай болатын. Алланың қалауымен, екі кітап жазып үлгердік: 1) TilBil Polyglot; 2) Студентке кеңес.

Супер-пупер дегенге таласым жоқ. Сол жазылған кездегі деңгейімізге сай, әйтеуір. Ондағы мораль басқа (ақша табудың тысында)... Яғни, ертең ұрпақтарым менің ой-пікірімді іздесе кітап бетінен таба алады. Төмпешік боп жатқан кезде де ұрпақпен тілдесудің бір жолы деп білемін.

Анадолы түріктері балаға anneli babalı büyütsün дейді (ата-анасы бар болған хәлде өсіп жетілуін жазсын). Аман-есен болуымызды тілейміз Алладан, ұрпақ үшін де, ел үшін де. Өліп кеткеннен тірі болып беру маңызды қазір. Cол, түпкі ойды түсіндіре алдым деп ойлаймын.

#ой_түймекке
❤120👍28🔥16
Мынау тегін, курстарымыздың пробный сабақтары. Тіл үйренуді ойлап жүрген жандарға танысу үшін өте жақсы. Әр курстың бірінші сабақтарын тегін көре аласыз сайттан:

https://shadi-courses.kz/courses/proba-sabaq/
❤38👍9
Әрдайым айтатын қағида бар ғой Connect all dots (бүкіл нүктелерді біріктір) деген. Сол нәрсе өмірлік. Әрдайым жаңа қабілет, жаңа білім үйренуден тосылмау қажет.

Қосымша: айтылған қағида жайлы видео-рилс инстаграмда, көру үшін көк сілтеме үстін басыңыз.

Бүгін үйренген қандай да бір қабілетің — ертеңгі наның болып қалуы мүмкін. Қызық қой, адам бір мамандықты оқиды, алайда ризығы басқа қабілеті себепті кеп жатады. Өмірде ондай да мысалдар жетерлік.

Заңгер мамандығын алып көрейік. Қазақстан жылына 14 мың заңгерге дейін оқытып даярлайды екен. Ал енді сол 14 мыңның бәрі бірдей өз саласында қызмет етіп жатыр ма? Ол жалпы мүмкін емес нәрсе. 50% сол салада жұмыс істесін делік. Қалған жартысы бәрібір түрлі салаға кетеді.

Әрдайым оқудың, үйренудің мәнін жеткізгім келеді. Қазіргі таңда білім талап етушінің бойында болуы қажет маңызды қабілеттердің бірі — бейімділе алу.

#ой_түймекке
❤72👍28
Биыл бөле қарындасым бірінші курсқа түсті. Астанаға келгенінде құжаттарымен, жатақхана алу шараларымен көмектесіп, жандарында жүрдім.

Қазіргі жаңа толқын көш ілгері, оқымыстылар көп, ҰБТ нәтижелері өте жоғары студенттер жетерлік, бәсекелестік мықты.

Қосымша: бұл жерде плюстарын жазуды мақсат еттім, кез келген буында кемшіліктер болады.

Енді, перзент тәрбиелеп отқан ата-ана ретінде одан сайын көп еңбектенуіміз қажет екенін түсіндім. Өзімізді дамыту, балаларымызға инвестиция жасау, бәсекеге жарамды болатындай білім беру, қабілет игеруге мүмкіндіктер жасау, процессте болу, тәрбиелеу.

"Маған бәрібір" десең, сондай келешек аласың.

Мұсылман ретінде ақидамызға берікпіз. Ризық — Алла Тағаладан. Біз тек әрекет-амалымызбен көрсете білуіміз қажет.

#ой_түймекке
❤115👍30🔥11⚡4
Кедейлік ер жігітке намыс емес,
Жоқшылықта туысың таныс емес.
Суық үй, арық соғым, жаман әйел,
Үшеуі кедейліктен алыс емес.

(с) Шал ақын Құлекеұлы

Осы жазбаның астындағы пікірлер:

Бәрін әйелдерге тіреп қоя береді екенсіңдер…

Еркектер өздерінің еріншектігін ақтап әлек…

Барлығын әйелге ысырып қоя салады…

Really? Біздің қоғамға не болған? Ер азаматтарға да, қыздарға да…? Терең таным, критикалық ойлау, сөздің байыбына бару дегеннен жұрдай болғанбыз, себебі кітап оқымаймыз. Құдай-ау, қарапайым ғана сөзді түсіне алмайтындай жағдайға жеткенбіз бе?

Соңындағы бір ғана сөз, оның өзінде реттілік бар. “Әйел” деген нәзік-нәзік деп, тым ессіздікке де түспеу қажет қой.

Суық үй қайда қалды? Арық соғым қайда қалды? Шал ақын оны еркекке қаратып айтып отыр емес пе?!

Алған әйелің жаман болса, міне, соның өзі кедейлікке жетеді деп жатыр. Материалды кедейлік емес, рухани кедейлік.

Бұл бір шумақтан жауапкершілікті әйелге ысырып қойған ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Шыны керек, достар, наданданып барамыз.

#ой_түймекке
❤131🔥23👍17✍7😢4❤‍🔥2💯2💔2😭2
Жоқ, сонша сөздің ішінен “әйел” дегенді ғана көре қалып бірден түрпідей қабылдайтыны қалай? Оның өзінде тікелей әйелді кемсітетін контекст жоқ.

#ой_түймекке
❤82💯19👏7🔥4⚡2❤‍🔥1👍1🕊1🐳1
Әйеліне аманат деп қарап, аялап, құрметтеп, бағалап жүрген қазақтың ер-азаматтары жетерлік.

Соларды да тілге тиек етіп, жігіттердің де еңсесін көтеріп тұрған жөн.

Әйтпесе әлжелідегі нарратив тек бір бағытта өрбіп барады. Ондай үрдістің арты жақсы емес.

#ой_түймекке
👍85❤71💯13⚡2🔥2🤝1
Ақтөбелік Ihsan орталығының подкастында қонақта болдым, 1 күн бұрын YouTube-та сол шығарылым жарияланыпты. Қысқа формат, 50 минут жобасында. Көрем деушілерге сілтеме төменде. Бірқатар сұрақтарға ашылып жауап бере алдым, бірқатарына аздап ашыла алмадым. Қалай болғанда да, алатын пайдалы тұстары бар деп сенемін.

https://youtu.be/jRpAQVQqFVI?si=4JIx7h3mWZRqXhjk
❤44👍16🔥6😍3⚡1🤝1
Білім алудың мезгілі жоқ. Суыққа да, ыстыққа да қарамай білім талап ету міндетіміз. Алайда күздің өзіндік ерекшелігі бар.

Неліктен жаңа оқу жылы күзден басталады? Неліктен көптеген қаламгерлер күзді жақсы көрген? Себебі күзде адам ерекше шабыттанады, шығармашылығы оянады.

Иә, оқу жылының басталуын тарихи фактормен де түсіндіре аламыз. Аграрлық қоғамда жаз мезгілі әдетте егіншілікпен айналысатын маусым, балалар оқу-білімге ден қоя алмайды, ал күзде шаруашылық жұмыстары бәсеңдейді.

Жалпы жаздың қарбаласынан кейін көңіл орнығып, ой тереңдейтін де уақыт — күз. Жапырақтар сарғаяды, жерге түседі, өз негізінен ажырайды. Философиясы көп, ә?! Жаңа кезеңге өту үшін байланған жерінен ажырауы қажет.

Оқуға түскен студент те сондай ғой, шамасы. Әр күздің қысы, артынан көктемі бар.

#ой_түймекке
❤100👍18💯13⚡4🕊1🐳1
Кеше Мәдениет министрлігінен қоңырау түсті. "Болашақ" баспасының "Ертегілер" деген бір кітабына шағым түскен екен. Кітап ішіндегі қазақша әріптер орысша жазылған... "Қайрат" дегені "Кайрат" болып кеткен ғой, демек.

Экспертиза бөлімінің төрағасымен байланыстық. Бізде "Ертегілер" деген кітаптың жоқ екенін айттық, шағым құжатын сұраттық.

Содан анықталды, шағымның бізге ешқандай қатысы жоқ. "Болашақ" баспасы біздікі емес, себебі.

Бүкіл біздің құжаттарымызда Bolashaq баспа үйі деп рәсімделеді, осылай тіркелген. 😄

— баспасы
— баспаханасы
— баспа үйі

Әртүрлі тіркеспен әртүрлі ұйымдар тіркелген. Алматының өзінде бірнеше "Болашақ" деген типография сынды мекемелер бар екен. Кириллмен, латынмен жазылғанына дейін рөл ойнайды.

Инстаграм аккаунт ашқан сияқты нәрсе екен бұл да. Енді ресми галочка сұратамыз ау деп жатырмыз ТОО-мызға. 😂

#BolashaqBooks
❤59👍21🐳5🔥4🤩4🤝1
TilBil Academy атты жабық телеграм арнамыз бар. Ол жерде ағылшын тілі, араб тілі, түрік тілі, орыс тілі бойынша видео-дәрістер жинақталған. Видео-сабақтардың бәрінде өзім. 10 жылдық тіл білімі саласындағы тәжірибе десек болады.

Алдыңғы жылдары ол арнаға ешқандай өзгеріс енгізілмейді, тек бір реттік доступ сатылады деп ойладық. ЖИ-ді жұмыс процесіне қарқынды түрде араластырып бастағанда, керемет талдау ұсынды.

Ол арнаны тек бір реттік емес, әрдайым дамып отыратын білім платформасына айналдыру.

Қазір ол жерде 4 тіл бойынша сабақтар 0-ден бастап B1 деңгейіне дейін жетуге көмектеседі. Бұйырса, сабақтардың жалғасы, келесі деңгейлері түсіріліп, арнаға жүктеледі.

Мысалы, арнаға 1 жылдық доступ алған адам сол уақыт ішінде жаңа қосылған сабақтарды да еш кедергісіз көре алады.

Арна әрдайым дамып отырады, тіл үйренбеуге мүмкіндік қалдырмайды, бұйырса.

Ең қызығы, қазір қолжетімді бағада шексіз доступ ұсынып жатырмыз. 5290тг, егер студент болсаңыз, студенттік билетіңізді көрсету арқылы -50% жеңілдікпен (2645тг) шексіз доступ аласыз.✨

Бұл ұсыныс 31-не дейін жалғасады. Бірінші қарашадан бастап шексіз доступ құны 10мың тг, студенттерге 5мың тг болмақ. ❗️

Қазірше 1 айлық, 1 жылдық деген секілді мерзімдік тіркелімдерге сатылым болмайды. Жыл соңына қарай оларды да қарастырамыз.

Қызық болған жағдайда менеджерге (көктің үстін басыңыз) тікелей жаза берсеңіз болады.
❤21👍5🥰2🔥1
Бұл арна да жаңа бір тарихтың бастауы. Қанша жылдан бері армандап жүрген ісіміздің ақырындап орындалып келе жатқанының көрінісі.

Өмірде ештеңе оңайлықпен бола салмайды, сол себепті еңбектенуді тоқтатпаймыз. Ресми түрде баспа үйімізді тіркеп, жұмысты бастағанымызға бір жылдың жүзі болды.

Кітапқа қызығатын, елдің ертеңіне алаңдайтын, Отанымыздың сауатты, интеллегентті, рухани бай келешегін бірге қалыптастырғысы келетін барлық замандасты арнамызда күтеміз.

Қазір әлі де қалыптасу жолындамыз. Алла сәтін салса, биік белестерді бағындырып, асқақ армандарымызға жетеміз деген сенім бір сәтке болсын кеудеде сөнбеген.

Ендеше, жаңа кезеңнің ақ парағын аша отырып, Bolashaq баспа үйінің ресми телеграм арнасына қош келдіңіздер дейміз! 📚️️️️️️✨️️️️️️️

#BolashaqBooks
❤29👍6🔥4❤‍🔥2👏1
“Күніне 99 бәле көрсең, сонда да күдер үзбе бір Алладан” деген қазақтың ұрпағымыз.

Рас, кейде басымызға түскен 1 қиындық себепті, Құдайдың берген 1000 жақсылығын ұмытып жатамыз.

Нанкөрлік — ең жаман сипаттардың бірі.

Осыған ұқсас нәшкүр деген де сөз бар. Қазақ тілінің диалекті сөздерінде түктің мәнісін білмейтін адамға қарата айтылады.

Бұл сөздің шығу төркіні арабша мен парсышаның қосындысына оралады: ношукур.

Парсы тілі — индо-еуропалық тіл, асылы ағылшын тіліне жақын.

Ағылшынның “No” сөзі мен парсының “Но” дегені бір.

Шукур — шүкір.

No шүкір — шүкірі жоқ, шүкірсіз адам.

#ШығыстанушыныңЖазбалары #ой_түймекке
❤39👍16