Orientalist's Notes
10.7K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Алланың берген берекесімен, алдыңғы апта 320 бет кітап оқи алдым. Студенттік шақта бұдан да көп оқитынбыз. Алайда ол уақытта бұлай нәтижемді тіркеп отпайтынмын.

Уақыт өтеді, өсеміз, жауапкершіліктер көбейеді...

Сол себепті де студенттік шақты (жалпы жастау кезді) кеңінен сол кеңдігімен пайдаланып қалу керек. Сол себепті де "Студентке кеңес" деген кітап шығардық.

Кейде біздің парасат-танымымыз жетпей тұратын жерлер болады. Оны уақытпен, соны сүрумен ғана көре аласың, біле аласың. Уақытында дұрыс адамның дұрыс ақылын тыңдау арқылы, соған амал етумен біраз нәрсені еңсерген-дік.

Енді біздің кезек. Біз де мейлінше өзімізден кейінгілерге дұрыс бағыт-бағдар беріп қалсақ дейміз.

Бүгінгі оқыған әрбір әріп, әрбір бет - ертеңімізге жасалған инвестиция. Үлкен дивиденд әкеледі, сөзсіз. "Иқро" үмметіміз! Құдайдың ең алғашқы әмірі - "Оқы" болды.

#ой_түймекке
❤86👍16🔥9
Біз әдетте адамдарға "Болмағанда маған дұға етші" деп жатамыз. Шынында, дұға - "Болмағанда" дейтін нәрсе емес, керісінше, көмек үшін жасалатын ең ұлы амалдардан.

Әрдайым дұға етіп жүретін адамның уайымы да аз, стресс көрсеткіші де төмен дейді.

Себебі ол адам уайымын төге біледі, дұға арқылы сыр шертеді, ішін ақтарады.

Осындай маңызды амалды күнделікті әдетке айналдыра білу маңызды. Күн ішіндегі бір сәт. Тіпті бір күнде 5 минут ғана уақытыңыз кетуі мүмкін.

Руханият - өзге де өмірлік аспектілердің бәріне әсер етеді.

Рухани сау адам отбасында, қызметінде, достармен қарым-қатынасында болсын тығырыққа тірелгенде шығатын жолды біледі, мәмілеге келеді.

Сол рухани саулықтың ажырамас бөлігі - дұрыс дұға ете білу.

#дұға_қару
❤95👍16🔥9
Мен өзім тұрақты оқитын екі дұға кітабы бар:

1. Хизбуль Ағзам (Мулла Әли Қари)
2. Дәләил Хайрат (Имам Жәзули)

Алла ғалымдарды рақымына алсын! 🤲

Екеуі де апта күндеріне бөлінген. Яғни, дүйсенбі күні тек сол дүйсенбі бөлімін оқисың, сейсенбі күні тек сейсенбі бөлігін ж/е т.с.с.

Практикалық тұрғыдан өте ыңғайлы. Бастау нүктесін және аяқтау нүктесін білесің, уақытыңды жоспарлай аласың. Тұрақты оқып жүрсең, уақыт интервалын да есептеп қоясың.

Соның бәрінде маңыздысы - ықылас. Бір бетінің өзін, тіпті бір дұғаның өзін ықыласпен оқысаң, бүкіл күніңе күш береді.

Ол жерде сенім мәселесі. Мен таңертең үйден әлемдердің Раббысынан қажетімді сұрап шықтым, болды, гарантия деген сенім ғой. Сол сенім күніңе әр береді.

#дұға_қару
❤107👍29🔥8🥰1
Хизбты да, Дәләилді де өздеріңіз оқи алатындай деңгейге жетерсіздер. Осындайда енді түрлі адамдар шығады, қазақша дұға ете берсе болмай ма дегендей...

Ешкім жоқ демейді ғой, осыған дейін қазақша дұға етпе деген бір ұстаз жоқ. Қазақша дұға ететін адам олай өзгелерді сынап, мін іздеп те отпайды.

Арабша дұға етудегі мақсат - Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дұға еткендей, үйреткендей дұға ету. Себебі ол сөздердің терең мағынасы бар, бүкіл қажеттіліктер қамтылған. Құранда келген дұғалар бар. Алла Тағаланың өзі үйреткен дұғалар келеді. Оны мағыналық тұрғыдан қазақша да айта бер, ешқандай қиындық жоқ. Бірақ оригинал дұғада біз білмейтін, алайда өзіміз үшін хайырлы мағыналар да жасырынған.

Басқа қажеттіліктерімізді онсыз да өзіміздің ана тілімізде сұраймыз. Екеуі бөлек-бөлек тақырып қой, асылында.

#дұға_қару
❤98👍27💯13🤯2🥰1
Құран курсына орын толды. Кейде төлем чектерін, алып жатқан адамдардың жіберген түбіртегін көрсетеміз "Міне, білімге ақша жұмсай алатын адамдар бар" деген мысалмен және орындардың кетіп жатқанын дәлелдеу үшін.

Ертең алғашқы тарауық оқимыз ғой, иә?!

Берекелі Рамазан тіледім баршаға! 🌙
❤71👍18👏5🔥4
Адам өмірі сынақтардан тұрады. 100% сынақсыз адам жоқ. Кез келген адамның өзіне жараса, өз деңгейіндегі сынақтары болады.

Шынында, сынақ адамды жасыту үшін емес, келесі деңгейге шығару үшін қажет.

Қазақ даналығындағы негізгі қағида өзіме қатты ұнайды:

"Бөрі арығын білдірмес, итке жүнін қомпайтар".

Яғни, әлсіздігін көрсетпейді, бәрі жақсы деп жүре береді.

Бүгінгі қоғамда жылану сәнге айналып кеткендей. Шағымдану, разы болмау, "жаман-жаман" дей беру...

#ой_түймекке
❤100👍61😢6⚡4👏2
Шымкент. Самал. Халифа Омар мешіті.

Алаштықтардың жолымен мен де бала күнімде араби хат танып, Самал молдасынан дәріс алғам. 😅

Алғашқы тәлім берген ұстазым — Нұрғали ұстаз.

Медресе көрмедік, бірақ өз ішкі ынтамызбен алғашқы аят-хадисті де сол мешіттің қабырғасында жүріп жаттаппыз.

Сонда жаттаған дүниелер әлі есте ғой, шіркін. Жас 15-те. Және бұл бастама саналы қадам еді.

2014-2015 жылдары “Сирияға кеткен қазақтар” деген тақырып өте қатты өршіп тұрған. Содан ата-анамыз мешітке баруымызға да қарсы болды.

Дінге деген ынтызарлық — іштегі бір рухани аштықты толтыру үшін, орнын басқа ештеңе жаба алмайтын болғандықтан туды.

Мынанша зікір етсең, мынанша ризық келеді деген жарнамалар болған жоқ, намаз оқып, хижаб кию мейнстримді нәрсе емес-тін.

Сол кезде намазға келгендердің романтикасы бөлек-ақ.

#ой_түймекке
🔥75❤70👍24👏6
Рамазан аяқталғанша, күн сайын сәрсі н/е таң намазы уақыттарында 1 дұғадан бөлісіп отырайын.

“Мощь” сезіммен күні бойы жүруге үлкен септігін тигізеді, маған да, сіздерге де.

Бүгінгі дұға:

اللَّهُمَّ آتِنِي أَفْضَلَ مَا تُؤْتِى عِبَادَكَ الصَّالِحِينَ

Аллаһым, мен Өзіңнен салиқалы құлдарыңа беретін нәрселеріңнің ең жақсысын сұраймын!

P.s. “Мощь” қой, иә?! Әлем мағына сыйғызып тұр ғой бір дұғаның ішіне. 😮‍💨

#дұға_қару
❤199🔥54👍12🕊7❤‍🔥6🥰1👏1
Алдыңғы апта 312 бет кітап оқыдым.

16-17 жасымда оқиын деп жатқан кітаптың бет санына қарайтынмын. Аз бетті кітаптарды тез-тез оқып тастап, “Сен осынша кітап оқыдың” деп өзіме ішкі мотивация бергім келетін. Көмектесетін.

Уақыт өте кітаптың бет санына қарамайтын болдым, ал. 😁

2000 беттік кітаптарды көрген соң 700 беттіктер ойнамай қалды.

“Иқро” үмметіміз. Ең алғашқы түскен аят — “Оқы!” болды.

Миды дамытуға жасай алатын, қайтарымы мол инвестиция түрі — кітап оқу.

#ой_түймекке
❤89🔥53😍11👍8
Бүгінгі дұға:

اللَّهُمَّ أَغْنِنِي بالعِلْمِ وَزَيِّنِِّي بِالحِلْمِ وَأَكْرِمْنِي بِالتَّقْوَى وَجَمِّلْنِي بِالعَافِيَةِ

Аллаһым, мені біліммен байыт, ақыл тоқтатқандықпен, жұмсақтықпен мені әсемде, маған тақуалық беріп нығметтендір және де өмірлік күш пен береке беріп көркемде.

P.s. Арабшасында бір сөздің мағыналары өте көп, кеңінен адам өмірінің көп аспектісін қамтып кете береді.

#дұға_қару
❤180🔥16👏12👍3🤯3
Реті келсе, осы курстардағы сабақтардың толық мазмұнын, тақырыптарын да тізіп саламыз.

Бағаның қолжетімдігі оның құндылығының төмендігін білдірмейді.

Былтырғы Рамазанда 1626 адамға сатқан екенбіз осы бағада. Енді ойлаңызшы, сол адамдардың кемінде 20%-ы оқып, шын нәтижеге жетсе — үлкен жеңіс.

Біздің курстардың бір ерекшелігі бар. Бұл мақтанғандық емес, жай хабардар ету: бір курсымызды алған адам, басқа да курстарымызды алуға ниетті болады. Тап осындай кейстар жетерлік.

Әрине, тарихымызда біздің форматты ұнатпағандар да болды. Нақтырақ біреуі есімде. Сабақтардың ұзақтығы аз екен деді.

Бір видео-дәріс ұзақтығы бізде 10-15 мин арасын құрайды. Арасында 20 минуттан асып кеткен сабақтар да бар, алайда созбауға тырысамыз.

Жалпы әлемдік статистика бар, адамның орта есептік фокусын ескердік.

Университет лекцияларында да алғашқы 10-15 минут екен, сол уақытта ұстаз тақырыпты ашып, оқушыларды қызықтырып, ұстап қалу қажет.

Ары қарай қайталау, бекіту, қорыту деген сынды өрбиді де бір лекция аяқталады.

#ой_түймекке
❤46👏10🔥4❤‍🔥3👍1
Қазір адамдар “жаман отзыв” жазам деп қорқытатын болған көрінеді.

Қоғам боп бар жеткен биігіміз, тредс дейтін нәрсенің үйреткен шыңы сол болған секілді.

Әл.желіде адамдардың бір-бірін солай қаралайтынын біліп қайран қалдым. Содан да тредс деген нәрседе дұрыс адам отырады деп есептемеймін. Тек өсек пен төсек ғана секілді.

Жарнама жасаймын, кәсіп жүргізем деген пайдасынан, манағындай зияны көп сынды.

Танымал адамдар кірсе “отменять” етіп тастайды екен, өздерінше приватизация жасап алған бір мекен бопты.

Қарынның ашқанынан емес, қадірдің қашқанынан жылаймын деген ғой.

Жақында әйелім тредсті удалить еттім деді, қатты қуандым. Алдында тура солай өз қалауымен тик-токты өшірген.

Болашағына алаңдайтын адамның отыратын жері емес.

Қазақтар пікір жазуды өлтіреді деген хит қой. Ол да бір мақтанатын биік емес.

Бос әуренің соңынан жүрген бір қоғам болдық.

Муминун сүресінде мұсылман адамның болмысы сипатталады, сонда 3-аятта “Олар – бос сөз, пайдасыз істен іргесін аулақ салатындар” - деп келеді.

Осы Рамазан айында ой түйіп, аздап болсын пікірлеуге тұрарлық тақырып деп ойлаймын.

Басқа бір Құран аятында “Қайда бара жатсыңдар?” делінеді. Расында, қайда бара жатырмыз?

#ой_түймекке
❤160👍44💔29👏8💯8😢4⚡3🤝2🔥1
Раббым, Сенен осы және кейінгі күннің берекесін сұраймын;

Сенен осы және кейінгі күннің жамандығынан пана тілеймін;

Раббым, Өзіңнен жалқаулықтан және жаман қарттықтан пана сұраймын;

Раббым, тозақтың отынан және қабірдің азабынан пана сұраймын.

#дұға_қару
❤155❤‍🔥15👍10✍2⚡1🕊1
(с) Масару Ибука, После трех уже поздно
👍47❤24
Масару Ибука Моцарт, Стюарт Миллдардың мысалын келтіре отырып, оларды жай ғана гений болды демейді. Керісінше, олардың әкелерінің айрықша тәрбиесі мен баласының келешегіне бей-жай қарамағандығын алға тартады.

#ой_түймекке
❤62👍32✍4
“Алып анадан” деген сөз бар ғой халқымызда. 100% келісемін. Алайда осы орайда нар тұлғалы әкенің де рөлі маңызды.

Бүгінде өзім танитын көптеген мықты Құран қариларының әкелерінің айрықша көңіл бөлгендігін, сол жолда көп еңбектенгендігін білемін.

Яғни, жауапкершілік жүгін әйелге ғана арта бермеу қажет деген пікірдемін. Әкелер де білек сыбана кіріссе, сапалы ұрпақ тәрбиелеп, елдің ертеңіне солай үлес қоса алмақпыз.

#ой_түймекке
❤125👍40💯8👏5⚡1🤝1🤗1
Forwarded from Beisenali Olzhas
Полиглот – Зейд ибн Сабит

Зейд ибн Сабит өте зерек сахаба болатын. Ол Құранды көшіретіндердің бірі, әрі пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хатшысы болған.

Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) оған еврит тілін үйренуді тапсырған кезде, ол оны 15 күнде үйреніп шыққан еді.

Ал парсы тілін Кисраның елшісінен 18 күнде үйренген. Сондай-ақ, эфиоп, рим және қыбти тілін де Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қызметшілерінен үйреніп алған.
❤122👍25🤩10
Алдыңғы апта 175-ақ бет кітап оқыппын. Оған дейінгі апталармен салыстырғанда ұяттау…

Ақпан айы бойынша 1025 бет кітап оқыдым.

Жалпы өзіммен жарысым ғой. Процесс қызық. Тұрақтылығыңды байқап көресің.

Әйелім ақпан айында 1058 бет кітап оқып, менен озды.

Сан да, сапа да керек қазіргі таңда. Сапа сол санның арасынан шығады, қайткенде де.

Осындай дерекпен апта сайын бөлісуім біреуге болмасын біреуге позитивті әсерін береді деп сенемін.

Өсу, өркендеу — оқумен ғана болады.

#ой_түймекке
❤112👏24🔥11👍5💯3🏆3
OpenAi компаниясының өнімі - ChatGPT-ден ресми түрде бас тартып, тіркелімді жойдым.

АҚШ-Израиль-Иран соғысы аясында ЖИ-дің үлкен қару екеніне көзім жетті.

28 ақпан күні OpenAi компаниясы Пентагонмен келісімге кеп, қолданушылардың деректерін ұсынатыны мәлім болды.

Әлбетте, біз үлкен геосаяси ойындарда бар болғаны шаңның тозаңымыз. Бірақ сонда да өзімнің киберқауіпсіздігімді қамтамасыз еткім келеді, кем дегенде.

Алдыңғы жылы "ChatGPT-ге айтуға болмайтын деректер" деген жазба шығарғам. Шынында, заманауи нығметтерді пайдалану керек деп, өзімізді толықтай беріп қойған секілдіміз.

ЖИ-ді қолданам ба?

Әрине, қажет кезінде міндетті түрде қолданам. Ол анандай нәрсе ғой... Көлік тұрған кезде ат арбаға мінбейсің. Оның ақпаратты өңдеу жылдамдығы бәрібір де өзге деңгейде. Адамзат білім комплексінің жемісі.

Жылдам жүріп бара жатқан көліктің алдына түсіп жүгіре алмайсың. Сол көліктің ішінде отырып оны басқару қажет. Ол сені емес...

Наом Хомский айтқандай, шегін білу қажет. Толықтай бәрін ЖИ-ге тапсырған күні интеллектуалды жаратылыс ретінде тіршілігіңді тоқтатасың. Биодене ретінде өмір сүре берерсің...

Дәстүрлі білім көздері ешқашан өзгермейді. Менің және блогымның үндеуі сол.

#ой_түймекке
❤107👍35👏25🤯6🔥4🥰1
Мұсылман адам ретінде бұл дүние тіршілігінің өткінші екенін білеміз. Тағдырға иман келтіру - көп проблеманы шешеді.

Бір кем дүние дейді ғой қазақта. Сол рас екен. Рас екенін көре бересің, біле бересің, ұға бересің...

Осы күнге дейін өмірінде барлық нәрсе идеалды болған адамды кездестірмедім. Ұстазым шейх Холид Харса (حفظه الله) айтатын, абсолютті түрде кез-келген адамның сен білмейтін проблемасы бар деп.

#ой_түймекке
❤86👍30💯15🔥6