Forwarded from Абылай Кенжалы
Арсен бауырым да кітабына предзаказ ашыпты. Студенттер үшін таптырмас еңбек деп білемін🙌🏻 Алла берекесін берсін🤲🏻
❤92🤝18❤🔥12🔥6⚡2👍1🥰1
Атақты шығыс ойшылы Мәуләнә Руми айтқандай:
«Сен жолға шықсаң болды, жол да пайда болады, бағыт та ашылады, мақсат та көрінеді».
Ал әрекетсіздік – адасудың басы. Қосымша ізденбеген, өзін дамытуға күш салмаған адам уақыт өте өзгелердің жетістігін немесе табысын көргенде, шабыттанып, рухтанудың орнына керісінше көңілі
құлазып, жігері төмендеп, күйзеліске ұшырауы мүмкін. Сондықтан өзіңді іздеу жолындағы алғашқы қадамыңды
дәл қазір жаса.
(с) “Студентке кеңес”
Кітапқа алдын-ала тапсырыс беру үшін 5990тг төлем жасап, чегін менеджерге жібер ⤵️

❤122👍16⚡3🫡3🔥2💯2✍1🥰1
«Ата-анама салмақ салып жүрген жоқпын ба?»
«Жұмыс істеп, оқу ақымның жартысын өзім төлегенім дұрыс па?»
«Одан да оқымай, жұмыс істеп ақша жинай тұрайын ба?»
«Ата-анам ақша сұрамайды, бірақ көмектескім келеді...»
Бұл сұрақтар сізге де таныс па? Иә, әркімнің жағдайы әртүрлі. Дегенмен, ата-анаңыз «оқытамыз»
деп шешім қабылдаған болса, олар соған дайын деген сөз. Бұл олардың махаббаты мен сенімінің көрінісі. Сен – перзентсің. Ата анаңа ризықты Алла жеткізеді. Ақша табылады. Сенде тек шынайы ниет, нақты мақсат, адал әрекет болса жеткілікті. Ал егер сен уақытыңды бос өткізіп, мүмкіндікті
текке жіберсең, міне, сол кезде ғана ата-анаңа салмақ
боласың.
(с) Студентке кеңес
Кітапқа алдын-ала тапсырыс беру үшін 5990тг төлем жасап, чегін менеджерге жіберу керек ⤵️

❤105👏11🔥4😱2😭2✍1
"4-курсқа өттім. Кітапты алсам, маған пайдалы бола ма?"
Кітаптан студент һәм студент емес адамдар да пайда алсын деген ниетпен жазылды. Мен өзім отбасылы, бала-шағалы болып шетелде магистратурамды аяқтадым. Академиялық білім алудың 60+%-ындамын. Сондықтан өзіндік тәжірибем бакалавр студенттері мен оқуды аяқтаған жандарға пайдалы болады деп сенемін.
Өмір өзі сондай ғой, Алла Тағала біреуді біреуге үлгі етеді, дүниенің дидарында солай мысал береді. Адамға жалпы үлгі керек. Сондай үлгіге қарап бой түзейміз, өзімізді іздейміз, өмірлік кейбір мысалдарымызды салыстырамыз.
#студентке_кеңес

👍47❤41👏12🔥7✍3⚡1🏆1
Шығармашылық идеялар, маңызды шешімдер, терең ойлар көбіне ми босаңсыған кезде келеді. Мысалы, душ қабылдап тұрғанда немесе жәй ғана далада серуендеп жүргенде жаңа идеялар туады. Кейде тіпті әжетханаға телефонды ұмытып кетіп кірсеңіз, неше түрлі тың идеялар алып шығасыз. Күлкілі болса да рас, иә? Намаз оқып тұрған кезде де кенет түрлі идеялар
кеп жатады.
Ол ненің белгісі? Күнделікті тіршілікте әлеуметтік желі алгоритмдерінің тұтқынымыз, миымыз бос емес, тынығуына, босаңсуына мүмкіндік бермейміз. Егер ми үздіксіз ақпарат қабылдаумен айналысса, онда ойлануға, шығармашылық ізденуге мүмкіндігі де қалмайды деген сөз.
(c) Студентке кеңес
"Студентке кеңес" кітабын предзаказбен алып үлгеру үшін, 5990тг төлем жасап, чегін менеджерге жіберу керек (предзаказбен алған жандарға TilBil Polyglot кітабының pdf нұсқасы, ағылшын тілінің Beginner курсы бонус ретінде сыйға беріледі) ⤵️

❤41👏36⚡4💯4😱2🫡2
Кітап жазу процесі өте қызық. Өзге адамдардың оқитынын сезініп, жазған сөзіңе жауапкершілікпен қарайсың.
“Студентке кеңес” кітабының редактурасын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының профессоры - Құралай Өзбекқызы жасады.
60-бетке жеткен кезде осылай жазды:
“Қайырлы күн, Арсен!
Жазған кітабыңыз, ұшқыр ойыңыз, даму бағытыңыз маған да ұнады.
Сізге сәттілік, мол табыс тілеймін.“
Кітап авторы ретінде бұндай баға алу, шыны керек, ерекше сезім. Осындай дәрежедегі адамдар баға беріп жатқан соң, сөзсіз, студенттерге де пайдалы болады деп сенеміз.
Кітапты жазуға түрткі болған студенттерден келген бірқатар сұрақтар еді. Яғни нақты себеппен жазылды. Қажет екенін түсіндім. Алла сәтін салса, осы арқылы оқыған бір адамның өмірі өзгерсе, біздің жетістік сол болмақ.
Кітаптың мазмұнымен осы жерден тағы да бір танысып, сізге немесе сіздің студент жақыныңызға қажет пе, қажет емес пе, тағы бір саралап көріңіз.
Қазір предзаказ әлі жүріп жатыр. Предзаказбен алған құн ішіне TilBil Polyglot кітабының электронды нұсқасы, ағылшын тілінен Beginner деңгейінің видео-курсы, Студентке кеңес кітабын жеткізу бағасы кіреді. Яғни 50 мыңның затын 10 есе жеңілдікпен алғандай нәрсе.
Біз тоқтамай жарнамалаймыз, себебі жақсы нәрсенің насихаты тоқтамау керек. Ал таңдау сізде!

❤41👍29👏4❤🔥3🔥3✍1😢1
Шәміл Әләүддінов деген татар ағамыз бар ғой, ресейлік. Сол кісінің "Триллионер" деген жобасы болатын. Бұрында хит еді. Бірінші курсқа түскен кезде сол триллионермен мен де біраз ауырғам. Өтпелі кезең. Алайда сол кезеңде Шәміл көкеміздің белсенділігі, ұмтылысы кәдімгідей адамды "заряжать" ететін.
"Финансы триллионера" деген кітабын алып, оқып, ішіндегілерге амал етіп ақшамды басқарып үйренгем. Солай ақша жинап умраға барғаным бар.
Қазір Шәміл көкемді мүлдем бақыламаймын, кейбір ұстанымдарына қарсымын, бірақ жақсылығын да айтуым міндет. Данияр Жігітбек ағам айтқандай, студенттік шағымызды құтқарғандардың бірі ғой, Алланың қалауымен.
"Студентке кеңес" кітабын оқып алған бір студент жылдар өткен соң бір подкастта айтып отырар "Арсен Шәди менің студенттік шағымды құтқарған адам ғой" деп... 😁 (ин ша Алла)
Әрекет - бізден, берекет - Алладан!

❤139👏24🔥14👍6🫡3🥰1
Жалпы осы "Студентке кеңес" атты жобадан көп нәрсе күтемін. Қаржылай тұрғыдан табысты болатындай, құндылық тұрғысынан өтімді болатындай.
Мен студент болған кезде жанымда дұрыс адамдар болып, жақсы бағытта дами білдік. Ал енді кейбір адамда ондай жанашыр бар, кейбірінде жоқ. Осы кітап арқылы замандас іні-қарындасқа қамқоршы аға болсақ деймін.
Жастай алынған ақыл-кеңестер, бағыт-бағдар мен насихаттар әлі жадымда. Сана таза кез. Сол таза санаға дұрыс насихатты орнатсаң, тасқа қашалғандай болады.
Қазір, біраз қалыптасып қалған соң, кім көрінгеннің ақыл-кеңесін тыңдай да бермейміз. Яғни айтпағым, жастық шақта алған кеңес бір бөлек.
Балаға, іні-қарындасқа жанашырлық танытқан, дұрыс жетілгенін қалайтын ата-ана, аға-әпке де осы кітапты алып, бірінші өзі оқып, сосын жақынына сыйласа, жасөспірімге жасаған жақсылығы болады, жақсылықтың себепкері болады деген сенімдемін.

❤66👍17🔥6✍2🤗2💯1
Компьютер клубында уақыт өткізу – демалыс емес. Демалу керек екен деп бос уақытыңызды компьютер клубтарында немесе плейстейшн ойнаумен өткізуді ұсынбаймыз.
Ондай жерлердің ортасы жиі жағымсыз энергияға толы болады. Агрессия, боқтық сөздер, ашушаңдық – осының бәрі санаңызға сіңіп, негізгі болмысыңыздан алыстай бастайсыз.
Оның үстіне қараңғы жерде сағаттап отыру – тән мен жанға да, мұсылманшылыққа да жараспайды.
Есіңізде болсын: бүгін жасаған ісіңіз – болашақтағы болмысыңызды қалыптастырады.
(c) Студентке кеңес, Студенттің демалысы

❤102👍28👏6✍1
Кітап жинап, жеке кітапхана қорын қалыптастыру – рухани байлығыңның, ішкі мәдениетіңнің көрінісі. Мен өзім студенттік өмірге қадам басқанға дейін де кітап жинауға, жеке кітапхана қалыптастыруға құштар болдым.
Бала күнімде 10-15 шақты кітабым болса, он бірінші сыныптан бастап кітап санын жүйелі түрде көбейтуге, арнайы тізім құруға кірістім. Жеке кітапқа ие болудың өзі үлкен жауапкершілік: оны қадірлейсің, ұқыппен оқисың, біреуге берсең де, қайтаруын қадағалайсың.
Әр кітапқа белгі қойып, өз ізіңді қалдырасың. Ертең ұр-
пағың сол кітапты парақтап отырып: «Әкеміз (немесе
атамыз) оқыған екен» деп ой түйсе – дүниеден өткен
соң да бере білген тәліміміз болады.
Шынында, жеке кітапханамыз – біздің интеллектуалдық әрі рухани мұрамыз. Қайта парақтаған сайын өзіңнің өткен ойларыңа, сезімдеріңе көз жүгіртесің. Әр кітап – бір кезеңнің, бір күйдің куәсі.
(с) Студентке кеңес, Жеке кітапхана бөлімінен үзінді

❤112👍19👏8🔥6✍2
Қоғамда жиі айтылатын: «Балам өзі не істегісі келсе, соны істесін» деген көзқарас – көбіне ата-ананың жауапсыздығын, балаға дұрыс көңіл бөле алмауын бүркемелеудің тәсілі сияқты көрінеді.
Үйінде ата-анасы кітап оқып отырғанын көріп өскен баланың болмысы да, ойлауы да мүлде бөлек боларына сенемін. Үш атасынан бері оқымысты, зиялы әулеттер бар – бұл өмірде мүмкін нәрсе. Міндетті түрде «етікшінің баласы етікке жарымай қалуы» шарт емес.
(c) Студентке кеңес, Жеке кітапхана бөлімінен үзінді

❤104👍23✍2💯2
Кітап оқуға қатысты жиі айтылатын бір сылтау бар: «Мен аудиалмын, кітап оқи алмаймын. Ақпаратты тек тыңдап немесе көзбен көріп қабылдаймын».
Бұл да түсінікті. Бірақ осылайша өзіміздің кітап оқымайтынымызды ақтамауымыз керек. Себебі біз – «Иқро!» үмметіміз. Бізге түскен Құранның ең алғашқы аяты: «Оқы!» деген әмірмен басталды.
Демек, оқу – тек әдет емес, бұл – рухани жауапкершілік, білімге жеткізетін жолдың бастауы.
(c) Студентке кеңес, Кітап оқу дағдысын қалыптастыру бөлімінен

❤114🔥18👍10✍4
«Мактуб» дейді, шыны сатушысы романда. Яғни «маңдайға жазылған тағдыр». Мен де өмірімдегі маңызды кезең – отбасын құру тұсында осы кітаптың қолыма түскенін мактубке баладым. Кейіннен өмірлік серігім де тұңғышымызға аяғы ауыр кезінде осы кітапты оқып шықты. Ол үшін де өмірдегі маңызды сәттердің бірі – балалы болу кезеңінде романның қолына түсуін мактуб дедік. Енді, міне, бұл кітап сіздің де өміріңіздің маңызды кезеңінде – студенттік шағыңызда – қолыңызға тиіп жатса, демек, ол да мактуб.
(c) Студентке кеңес, Студентке мен оқуға ұсынатын 3 кітап бөлімінен
#студентке_кеңес
(c) Студентке кеңес, Студентке мен оқуға ұсынатын 3 кітап бөлімінен
#студентке_кеңес
❤83👍12🥰4❤🔥3😍3✍1
Шынында, жетістік тек санаулы адамға ғана бұйырған бақ емес. Біз мұсылман ретінде білеміз, Алла Тағала еңбек еткен пендесінің ризығын азайтпайды. Мұсылман болсын, мұсылман болмасын, дүниеде еңбегіне сай жемісін, қарымтасын береді. Сол нәрсені осы романнан да көре аламыз.
(c) Студентке кеңес, Студентке мен ұсынатын 3 кітап бөлімінен
P.s. Кітапта "мына кітапты оқы, ананы оқы" деп қоя салмадық, мейлінше ұсынған кітабымызды не үшін оқу керегін талдап көрсеттік. Біздің түсіндірмені бір оқып шығып, сосын айтылған романдарды оқып шығып, кейін біздің талдауды тағы бір оқысаңыз, сөзсіз, тереңірек түсінесіз.

❤82👏5⚡3👍2🏆2❤🔥1🥰1💔1