Алланың қалауымен, кітап баспаханадан шықты. Ертең, Алла сәтін салса, тілек жазуға кірісемін. 1-2 күн уақыт алса, одан кейін кітаптарды өз қожайындарына жіберіп бастаймыз. 😮💨
Алғашқы болып, предзаказбен алған адамдардың сол себепті де орны ерек. Өйткені олар сабырмен осынша уақыт күтеді, бізді қолдайды.
Шын жүректен, ықыласпен жаздық деп сенеміз. Оқырманға, олардың жақындарына шынайы пайдасын берсе екен деп тіледік. Алла қабыл етсін!
Өмірімдегі екінші авторлық кітабымды қолыммен ұстап көруге өзім де асық болып отқаным... 🥲
#студентке_кеңес

❤96👍21🤗6🔥4⚡3
Кітап алған, алып жатқан жандардың тізімін көріп жатырмын толтырған формаларына қарай. Қазақстанның жан-жағынан бар екен, алайда ең көп - Алматы болып тұр.
Бәрібір де Алматы хаб, орталық, университеттер көп шоғырланған, студенттер көп...

❤97🔥15⚡4👍4🕊3
Құрметті достар, кітапқа қатысты жаңалықтарды мейлінше бүкіл арналарымыз арқылы хабарлап отыруға тырысып жатырмыз.
Инстаграмда кітаптардың шыққанын хабарлаған соң менеджерге көптеп "кітабымыз енді қашан келеді?" деп хат жолдап жатқан адамдар бар секілді.
Уайымдамаңыздар! Алла сәтін салса, алдағы апта ішінде (жұмыс күндері) кітаптарыңыз қолдарыңызға жетуі керек деп күтілуде. Мен тілектерді жазып алайын. 😅 Жеке кітапханаңызда тұрады, кейін бала-шағаңыз оқиды. Сол кезде автордың өзінен алынған деген ізі де болады.
Руханиятқа, тұлғалық болмысқа әсері үлкен болады деп сенеміз. Сіздер де кітапты алған кезде пайда алсам деген жарқын ниетпен оқысаңыздар екен.
Содан кейін, әрине, әлеуметтік желіде (Instagram) оқып болған соң бізді белгілеп, пікірлеріңізді, алған әсерлеріңізді білдіре жатарсыздар. 😮💨
Ол да біз үшін маңызды. Қазақстанның бүкіл университеттеріне жете берсін, ал. Әумин! 🙂📚🤲

❤94🔥13⚡3👍3🤗3🥰1🕊1
Мені білімді, сауатты сөйлейтін, өз ісін білетін адамдар қуаттайды. Сондай адамдарға қарап одан сайын дамығың келеді.
Әркімнің өз биігі бар ғой. Белгілі бір нүктеге жеткен соң сонымен шектеліп қалмау керек. Ары қарай да әрекетті жалғай беруге мүдделіміз.
#ой_түймекке

❤177👍23⚡17🔥12👏6💯3🥰2🤯1
Сіздің қалауыңызды өзіңізден артық ешкім білмейді. Сондықтан ертең емес, дәл бүгіннен бастап өміріңізге жүйелі жоспар құру - өзіңізге деген жауапкершіліктің алғашқы көрінісі.
(с) Студентке кеңес кітабынан үзінді
(с) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤99🔥12⚡10👍7🤝3🤯1
«Дұға – білім» деген сөз бар. Бұл - кімнен сұрап жатқаныңды, не сұрап жатқаныңды саналы түрде ұғыну дегенді білдіреді. Сондықтан өмірлік мақсаттарымыз ұлы әрі биік болуы тиіс. Адам өз деңгейін арманының ауқымымен анықтайды.
(с) Студентке кеңес кітабынан үзінді
(с) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤102🔥11👍8❤🔥3🤯1
Арабтың бір ғибратты мақалы бар:
«Тау басында тұрған адам – ол жерге аспаннан түскен жоқ».
Яғни ол биікке күнделікті кішкентай әрі тұрақты қадамдармен жетті.
Шәкәрім дана айтқандай:
«Әдет – мінезге, мінез – тағдырға айналады».
Бүгінгі кішкентай қадамыңыз - ертеңгі үлкен жетістігіңіздің бастауы.
(с) Студентке кеңес кітабынан

❤124👍17🔥14🤯2
Бір тәжірибеммен бөлісе кетейін. Бүгінгі таңда бәрін табуға болады, білім іздеген адамға көп мүмкіндік бар.
Мысалы, мен 2018 жылы түрік тілін үйреніп бастағанымда, Инстаграмнан қарапайым түрік қолданушыларды тауып, 20-30 шақты адамға достық жіберіп, жекелеріне хат жолдайтынмын.
Олардың ішінде достықты қабылдайтыны бар, қабылдамайтыны бар. Бірақ нәтижесінде маған да достық жіберіп, хатыма жауап жазған адамдар болды. Олармен ұзақ уақы сөйлесіп, тіпті жақсы достық қарым-қатынас орнатып алдық.
Әлі күнге дейін жылы лебіздерімізді білдіріп, хабарласып тұрамыз.

❤102👍21👏12🤯1
Жалпы жылдық мақсаттарды саралап болған соң ғана айлық мақсаттар ортаға шығады. Тура осылай, айлық мақсаттар жүйеленген соң, күндік жоспар құруға болады. Күндік жоспар менде үш түрлі. Бірі – күн сайын тұрақты орындалатын, екіншісі – мақсаттарға жетумен аяқталатын, үшіншісі – алдын-ала біле алмайтын, күн сайынғы тіршіліктен туатын жоспарлар.
(с) Студентке кеңес кітабынан
(с) Студентке кеңес кітабынан
❤86👍17👏6🥰3
Ұйқы ретті болса, іс те ретті болады. Ерте жатсаңыз да, кеш жатсаңыз да, ерте тұру – жетістікке апарар жолдың бастамасы.
Бұл – тек денсаулықтың ғана емес, рухани тыныштық пен өнімділіктің де кілті. Исламда «бұл үмметтің берекесі – таңда» деген нақыл бар.
Бұл сөздің мәнін өмір тәжірибеммен де, өзге елдерден көргеніммен де талай рет бойымнан өткізіп, сезіне білдім.

❤125👍23🔥12💯4
Қай күннің таңын қалай қарсы алсаң, сол күннің кеші де солай батады. Ұйқыдан тұрған бойда бірден телефонға үңілу – үлкен қателік. Егер тек сағатты көру үшін ғана ашсаңыз жарайды, алайда одан әрі әлеуметтік желімен жалғасып кетпеу керек. Телефоннан бұрын өзіңізге көңіл бөліңіз.
(с) Студентке кеңес кітабынан үзінді
(с) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤116👍15🔥5👏5
Құрметті "Студентке кеңес" кітабын алушы жандар!
Сіздердің алаңдаушылықтарыңызды түсінеміз. Жазбаларды, тарихшаларды, кітап суреттерін көріп шыдай алмай жатсыздар... Алайда менеджерлерді қайта-қайта мазаламауды сұраймыз.🥹 Себебі олар сатуға жауапты, ал кітапты салып жіберумен біз айналысып жатырмыз.
Предзаказбен алған адамдар көп болғандықтан, физикалық тұрғыдан 1000-ға жуық адамға тілек жазып шығу маған оңайға соғып жатқан жоқ.
2023-те TilBil Polyglot кітабы шыққан кезде тілек жазғам, алайда ол кезде предзаказ деген нәрсе болған жоқ, тек алғашқы 200 адамға тілек жаздым. Салыстырмалы түрде қазіргі масштаб мен үшін үлкен боп тұр.
Дедлайн қойғам: осы апта түгел предзаказдың + соңғы тапсырыс кітаптарының бәрі жіберілу керек.
Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Рудный, Жамбыл, Өскемен, Жезқазған, Семей, Шу тапсырыстары толық жіберілді.
Мегаполистерден Шымкентке бір партия кетті. Ол жақтағы адамдарымыз ертең және арғы күні толық жеткізіп береді.
Алматыны жібермедік. Себебі ең көп тапсырыс сол жақтан. Тілектерді бүгін жазып аяқтаймын деп отырмын. Апта соңына дейін кітаптарыңыз қолдарыңызға жетіп қалады, ин ша Алла.
Өзім Астанадамын. Сондықтан бұл жақтың кітаптары да осы аптадан қалмайды, алаңдамаңыздар.
Бұл осындай кішігірім есеп, ал. 😁📚

❤73❤🔥13👍13🔥6👏3🫡3😭2🤝1
Кітап жазу, кітап шығару... Өзіндік бір романтикасы бар. Рахат Жақсыбай ағам айтады, 2000 дана деген кезіндегі КСРО қаламгерінің биік шыңы болатын. Қазірдің өзінде мемлекеттен қолдау тауып, сол 2000 данасын шығартып, таныс-тамыр, алыс-жақын ағайынға таратып отырғысы келетін жазушылар бар. Бүгінде әлеуметтік желінің әсерінен көп нәрсенің есебін байқамай қалдық.
2000 дана шығарып, оның жартысынан астамын сата білсек, демек, жақсы көрсеткіш.
Оның үстіне қоғамды да ескеру қажет. Кітапжегіш халық емеспіз. Кітап оқуға енді-енді бейімделіп келе жатырмыз. Алайда жақсы дамып жатыр деп пайымдаймын. Бүгін кітап оқыған жастан, ертең сапалы ұрпақ өрбиді, сенемін.

❤89👍16💯8✍5🔥2👏1🕊1💔1
Менің қолымда предзаказ кітаптары мүлдем қалмады. Алдыңғы апта толықтай бәрін жібердік. Алматы кітаптары Алматыда. Сол жақтағы жігіттер тарқатумен айналысып жатыр, кітап иелеріне жеке-жеке байланысқа шығады.
Аздап ренжіп жатқан оқырмандар да бар. Бір жағынан кәсіп қой бұл. Кәсіпте осындай сынақтары қатар жүреді дейді кәсіпкерлер.
TilBil Polyglot кітабы шыққан кезде мен шетелге оқуға кеттім, предзаказ деген нәрсе жасамағанбыз. "Студентке кеңес" кітабы да өзіндік сабақ бола білді. Енді предзаказ деген нәрсеге жоламаймыз деп шештім. 😁

👍53❤33😢6👏5🤯3💯3😭2🔥1🤗1🫡1
Жазушылық – жаттығу жасау емес. Жаттығуыңды әдебиетке келгенше жаса, айналайын! Әдебиетке келдің екен, халықтың арына ар қос! Таза арды шөп-шаламмен бастырма! Жазушымысың, болды! Бұл атауға ешқандай эпитет керек емес. Жас жазушы деген болмайды. Жазушы екенсің, әрине, жаз! Бірақ әлгі бір асқар шыңдарға қарап, арыңмен жаз, барыңды сал! Шебер жаз! Жақсы жаз! Жаман жазасың екен, жазба!
(c) Өтеген Оралбай
#ой_түймекке
(c) Өтеген Оралбай
#ой_түймекке
❤81👍16🔥11🥰1👏1🏆1
“Шүкірлік етсеңдер, арттырамын!” дейді ғой Алла Тағала. Бүгінгі берекелі сауда болып жатыр.
Өзге адамдардың жетістіктеріне, табыстарына “ма ша Алла, Алла береке берсін” деп едім, бірден жұмыс жасайды екен. 😮💨🤲🏻
P.s. Бұның ақшасының бәрін бірден алмайсың ғой😁 клиенттің қолына кітап қашан түседі, сол кезде ғана ақша түседі. Ол жағынан жақсы каспи жүйесі.

❤65👏24👍14⚡3🤩3🔥2✍1
«Таңғы ас – патша асындай, түскі ас – байдың асындай, кешкі ас – кедейдің асындай болсын».
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤118👍32💔6
Құдай Тағала пендені кейде ұсақ аурулар арқылы да сынап отырады. Сол арқылы біз өмірдің мәні мен маңызын, өзімізде бар нығметтердің шынайы қадірін ұғына бастаймыз. Адам ауырған сәтте ештеңе қызық болмай қалады. Ондай кезде тек «бас аман болса болды» деген оймен өмірге қайта қарауды үйренесің. Білім де, даму да, шетелге шығу да, өзгенің жеткен биігі де – бәрі қызықсыз көрінеді.
Сол себепті студент кезден денсаулыққа баса назар аудар. Сабақ оқып, ізденіп, өзіңді дамытқың келсе – әуелі өз денеңе, асқазаның мен ой-санаңа қамқор бол. Сонда ғана алған білімің жеміс береді, еңбегің еленеді, өмірің мәнге толады.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
Сол себепті студент кезден денсаулыққа баса назар аудар. Сабақ оқып, ізденіп, өзіңді дамытқың келсе – әуелі өз денеңе, асқазаның мен ой-санаңа қамқор бол. Сонда ғана алған білімің жеміс береді, еңбегің еленеді, өмірің мәнге толады.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤109👍22👏12
Мен студент кезімде түскі уақытта жарты сағаттай көз іліп алуға тырысатынмын. Осылай ми тынығып, екінші жарты күніме күш қосатынмын. Бұл тәжірибені көптеген танымал тұлғалар да ұстанған.
Мәселен, Леонардо да Винчи, Уинстон Черчилль – барлығы түскі ұйқыны әдетке айналдырған. Тіпті Исламда да түскі демалыстың пайдасы жиі айтылады.
Ұйқы – жай ғана тынығу емес, ол – ағзаны қалыпқа келтірудің ең тиімді жолы. Өзіңе шын мәнінде жанашыр болсаң, алдымен ұйқы режиміңе назар аудар.
(c) Студентке кеңес кітабынан

❤107👍23💯11🔥2