Orientalist's Notes
10.8K subscribers
117 photos
42 videos
14 files
127 links
Download Telegram
Жазушылық – жаттығу жасау емес. Жаттығуыңды әдебиетке келгенше жаса, айналайын! Әдебиетке келдің екен, халықтың арына ар қос! Таза арды шөп-шаламмен бастырма! Жазушымысың, болды! Бұл атауға ешқандай эпитет керек емес. Жас жазушы деген болмайды. Жазушы екенсің, әрине, жаз! Бірақ әлгі бір асқар шыңдарға қарап, арыңмен жаз, барыңды сал! Шебер жаз! Жақсы жаз! Жаман жазасың екен, жазба!

(c) Өтеген Оралбай

#ой_түймекке
❤81👍16🔥11🥰1👏1🏆1
Жаңа инстаграмға салып жатқанда 47 тапсырыс еді, қазір 53 болыпты 😍

Кітаптар таусылмай, тапсырыс беріп үлгеріңіздер, себебі кітап қоймада таусылғанда каспи-магазиннен тауар аз уақытқа өшеді, келесі басылым дайын болғанша.

Алу үшін ⤵️
❤26⚡24👏8💔3👍2🏆2🔥1😱1😭1🤝1
“Шүкірлік етсеңдер, арттырамын!” дейді ғой Алла Тағала. Бүгінгі берекелі сауда болып жатыр.

Өзге адамдардың жетістіктеріне, табыстарына “ма ша Алла, Алла береке берсін” деп едім, бірден жұмыс жасайды екен. 😮‍💨🤲🏻

P.s. Бұның ақшасының бәрін бірден алмайсың ғой😁 клиенттің қолына кітап қашан түседі, сол кезде ғана ақша түседі. Ол жағынан жақсы каспи жүйесі.
❤65👏24👍14⚡3🤩3🔥2✍1
«Таңғы ас – патша асындай, түскі ас – байдың асындай, кешкі ас – кедейдің асындай болсын».

(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤118👍32💔6
Құдай Тағала пендені кейде ұсақ аурулар арқылы да сынап отырады. Сол арқылы біз өмірдің мәні мен маңызын, өзімізде бар нығметтердің шынайы қадірін ұғына бастаймыз. Адам ауырған сәтте ештеңе қызық болмай қалады. Ондай кезде тек «бас аман болса болды» деген оймен өмірге қайта қарауды үйренесің. Білім де, даму да, шетелге шығу да, өзгенің жеткен биігі де – бәрі қызықсыз көрінеді.

Сол себепті студент кезден денсаулыққа баса назар аудар. Сабақ оқып, ізденіп, өзіңді дамытқың келсе – әуелі өз денеңе, асқазаның мен ой-санаңа қамқор бол. Сонда ғана алған білімің жеміс береді, еңбегің еленеді, өмірің мәнге толады.

(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤109👍22👏12
Мен студент кезімде түскі уақытта жарты сағаттай көз іліп алуға тырысатынмын. Осылай ми тынығып, екінші жарты күніме күш қосатынмын. Бұл тәжірибені көптеген танымал тұлғалар да ұстанған.

Мәселен, Леонардо да Винчи, Уинстон Черчилль – барлығы түскі ұйқыны әдетке айналдырған. Тіпті Исламда да түскі демалыстың пайдасы жиі айтылады.

Ұйқы – жай ғана тынығу емес, ол – ағзаны қалыпқа келтірудің ең тиімді жолы. Өзіңе шын мәнінде жанашыр болсаң, алдымен ұйқы режиміңе назар аудар.

(c) Студентке кеңес кітабынан
❤107👍23💯11🔥2
Өмірлік жоспар құрыңыз. Мақсаты бар адам уақытты бағалайды. Сізге бір практикалық кеңес ұсынайын. Ақ параққа «Мен бес жылдан кейін қандай адам болғым келеді?» деген сұрақты жазып, оған шынайы жауап беріңіз.

Қазір 17-18 жастасыз делік. 22-23 жасқа келгенде кім болғыңыз келеді? Таныс-тамырларыңыздың ішінде осы жастағы адамдарды еске түсіріп, тізіп шығыңыз: бірі үлгі болса, енді бірі «қандай болмау керек» екенін үйретеді.

Сол сізге алдағы 5 жылға бағдар бола алады.

(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤91🔥11👍9✍4
Кітап оқу – жай ғана беттерді парақтау емес, өзіңе, жаның мен санаңа бағытталған саяхат. Мәселен, оқыған 100 бетіңіздің 98-бетінде сіздің өміріңізді өзгертер бір керемет ой немесе насихат тұруы мүмкін.

Сол параққа жеткенше жасаған әр қадамыңыз – еңбек. Ол ой сіздің санаңызға еңбекпен жетті, сондықтан сіз үшін құнды, әсері ұзақ болады.

(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤102👍14
❤69🔥16⚡7👍6❤‍🔥4🕊2🤯1
Білім үшін мал жұмсау — кемелдікке ұмтылудың көрінісі.

Ай сайынғы шығын ішінде міндетті түрде білімге деп бөлінетін ақша болғаны игі.

Ай сайынғы шығындарымызға қарап қайдан қайда бара жатқанымызды анықтауға болады.

#ой_түймекке
🔥66❤47👍14
Біреу біреуге қонақтыққа барса, кітап сыйласа, аса бір қош көрінбейді, қабылданбайды. Себебі кітап құндылығын әлі жете түсінбегеніміз.

Кітаппен шынайы дос адам кітапты таңдай біледі. Егер сондай адам кітап сыйлап жатса, демек, жай сыйлық емес ол. Құнды сыйлық.

Сыйға келген кітап — үлкен жауапкершілік. Ақысын өтеу — оны оқу. Оқыған соң пайдаға асыру.

#ой_түймекке
🔥66❤53👍20💯12
АҚШ. Нью-Йорктың Орталық паркінде қолына кітап алып, астына төсенішін төсеп, біреу отырып, біреу жатып кітап оқуда.

Әдемі көрініс. Мен де сөмкемнен кітабымды алып, отыра кетіп қатарға қосылдым.

Әдемі өмір сүрген күшті, иә?!

Сол паркте күнде таңертең, түсте, кешке адамдар спортпен шұғылданып, жүгіріп жатады. Үзілмейді.

Олардың ақидасы: уақыт — ақша. Ерте тұруға мотив.

Бізше: уақыт — Алланың берген үлкен нығметі.

Өміріңнің өзі уақыттан тұрады.

Әдемі өмір сүргің келсе, ӘДЕМІ ӨМІР СҮР.

#ой_түймекке
❤155👏21👍9✍4🔥3🕊3
Менің бірінші шетелім — Марокко Корольдігі болды. Білім сапары.

Оқыдым. Тұрдым. Жаңа таныстықтар болды. Ми шекарасын ашқан кез.

Сезімдерді жеткізу мүмкін емес. Оны алғаш шыққан кезде сезесіз.

7-10 күндік All Inclusive турларды айтпаймын… (ол да күшті).

Таным сапары — бөлек.

Аш боласың. Білімге аштық. Аштықпен оқығаның, танып-білгенің басқа деңгейде болады.

Оқыңыздар. Шығыңыздар, Ok?

#ой_түймекке
❤101👏18🫡10🕊7👍5🔥2🤗1
Қазақша-орысша: Марокко 🇰🇿

Ағылшынша: Morocco 🇬🇧

Арабша: المغرب (Al-Maghreb) 🇲🇦

Түрікше: Fas 🇹🇷

Парсыша: مراکش (Marakesh) 🇮🇷

Қызық, иә?! Бір елдің атауы әр тілде әрқалай.

Мароккода Фес деген қала да бар, Марракеш деген қала да бар. Түріктер бір қаланың атымен толық елді атайды, парсылар басқа қаласының атымен толық бір елді атайды.

#ой_түймекке
👍63❤39🤯9⚡2🔥2
Қандай керемет деймін да…

Қазір ұстаздар белсенді…😍

Өзім құрмет тұтатын, білімін мойындайтын Олжас Бейсенәлі ұстазымыз сапалы сарф дәрістерін тегін ұсынып жүр.

Өзім де бір қайталап қарап шыққым келеді.

Өтініш, мүмкіндікті жібермеңіздерші, иә?! Осындай кеңшілік заманда білім ала алмасақ, үлкен айып қой… 🥲

Сабақтар топтамасын көру үшін ⤵️
❤107🔥20👍11😍6💯2
❤31⚡28👍7👏1
Білім жолында жетістікке жеткен адамға қызығамыз ғой, иә?!

Соны сіз де жасай аласыз, негізі.

Айырмашылық неде?

Ол оқуды, ізденуді, жаңа қабілет игеруді таңдаған кезде, сіз демалуды, ұйқыны таңдаған болуыңыз мүмкін.

Әркім өз хәлін жақсырақ біледі.

Тіпті нені жасау керегін, нені жасамау керегін де жақсы білеміз.

Біреу арман-мақсатына шын жетіп жатқанда, біз арман-мақсатымызды тек қиялдаумен ғана жүрмеуіміз керек.

#ой_түймекке
❤120👍28💯14❤‍🔥6🔥2⚡1
Кітап оқудан ұтылмайсыз. Тіпті мәтінді толық түсінбесеңіз де, миыңыз сөздердің жазылуын, сөйлем құрылымын, ойдың өрілуін бейсаналы түрде қабылдай бастайды. Зейін қою, логикалық байланыс орнату, ақпаратты өңдеу – бәрі де кітап оқу арқылы дамиды.

(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
❤107👍11🔥11💯5
Кітап – тек ақпарат көзі емес. Ол – сіздің ішкі әлеміңізбен сырласуға, өзіңізді тануға берілген мүмкіндік. Роман кейіпкерлерінің тағдырын оқи отырып, өз сезімдеріңізді қайта танисыз, өз шешімдеріңізді қайта бағалайсыз. Осылайша көркем әдебиеттен басталған сапар біртіндеп кәсіби кітаптарға, жеке даму бағытындағы еңбектерге ұласуы мүмкін.

(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
❤76👍15⚡5✍3
Кітап оқитын адамның тілі анық, ойы тұжырымды болады. Кей адамдардың айтпаққа ойы көп, бірақ кітап оқымағандықтан, сөйлемдерін жүйелі құрап, тиянақты айта алмай жатады.

(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
❤78👍43💯7