Мен студент кезімде түскі уақытта жарты сағаттай көз іліп алуға тырысатынмын. Осылай ми тынығып, екінші жарты күніме күш қосатынмын. Бұл тәжірибені көптеген танымал тұлғалар да ұстанған.
Мәселен, Леонардо да Винчи, Уинстон Черчилль – барлығы түскі ұйқыны әдетке айналдырған. Тіпті Исламда да түскі демалыстың пайдасы жиі айтылады.
Ұйқы – жай ғана тынығу емес, ол – ағзаны қалыпқа келтірудің ең тиімді жолы. Өзіңе шын мәнінде жанашыр болсаң, алдымен ұйқы режиміңе назар аудар.
(c) Студентке кеңес кітабынан

❤107👍23💯11🔥2
Өмірлік жоспар құрыңыз. Мақсаты бар адам уақытты бағалайды. Сізге бір практикалық кеңес ұсынайын. Ақ параққа «Мен бес жылдан кейін қандай адам болғым келеді?» деген сұрақты жазып, оған шынайы жауап беріңіз.
Қазір 17-18 жастасыз делік. 22-23 жасқа келгенде кім болғыңыз келеді? Таныс-тамырларыңыздың ішінде осы жастағы адамдарды еске түсіріп, тізіп шығыңыз: бірі үлгі болса, енді бірі «қандай болмау керек» екенін үйретеді.
Сол сізге алдағы 5 жылға бағдар бола алады.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді

❤91🔥11👍9✍4
Кітап оқу – жай ғана беттерді парақтау емес, өзіңе, жаның мен санаңа бағытталған саяхат. Мәселен, оқыған 100 бетіңіздің 98-бетінде сіздің өміріңізді өзгертер бір керемет ой немесе насихат тұруы мүмкін.
Сол параққа жеткенше жасаған әр қадамыңыз – еңбек. Ол ой сіздің санаңызға еңбекпен жетті, сондықтан сіз үшін құнды, әсері ұзақ болады.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
Сол параққа жеткенше жасаған әр қадамыңыз – еңбек. Ол ой сіздің санаңызға еңбекпен жетті, сондықтан сіз үшін құнды, әсері ұзақ болады.
(c) Студентке кеңес кітабынан үзінді
❤102👍14
Білім үшін мал жұмсау — кемелдікке ұмтылудың көрінісі.
Ай сайынғы шығын ішінде міндетті түрде білімге деп бөлінетін ақша болғаны игі.
Ай сайынғы шығындарымызға қарап қайдан қайда бара жатқанымызды анықтауға болады.
#ой_түймекке
Ай сайынғы шығын ішінде міндетті түрде білімге деп бөлінетін ақша болғаны игі.
Ай сайынғы шығындарымызға қарап қайдан қайда бара жатқанымызды анықтауға болады.
#ой_түймекке
🔥66❤47👍14
Біреу біреуге қонақтыққа барса, кітап сыйласа, аса бір қош көрінбейді, қабылданбайды. Себебі кітап құндылығын әлі жете түсінбегеніміз.
Кітаппен шынайы дос адам кітапты таңдай біледі. Егер сондай адам кітап сыйлап жатса, демек, жай сыйлық емес ол. Құнды сыйлық.
Сыйға келген кітап — үлкен жауапкершілік. Ақысын өтеу — оны оқу. Оқыған соң пайдаға асыру.

🔥66❤53👍20💯12
АҚШ. Нью-Йорктың Орталық паркінде қолына кітап алып, астына төсенішін төсеп, біреу отырып, біреу жатып кітап оқуда.
Әдемі көрініс. Мен де сөмкемнен кітабымды алып, отыра кетіп қатарға қосылдым.
Әдемі өмір сүрген күшті, иә?!
Сол паркте күнде таңертең, түсте, кешке адамдар спортпен шұғылданып, жүгіріп жатады. Үзілмейді.
Олардың ақидасы: уақыт — ақша. Ерте тұруға мотив.
Бізше: уақыт — Алланың берген үлкен нығметі.
Өміріңнің өзі уақыттан тұрады.
Әдемі өмір сүргің келсе, ӘДЕМІ ӨМІР СҮР.

❤155👏21👍9✍4🔥3🕊3
Менің бірінші шетелім — Марокко Корольдігі болды. Білім сапары.
Оқыдым. Тұрдым. Жаңа таныстықтар болды. Ми шекарасын ашқан кез.
Сезімдерді жеткізу мүмкін емес. Оны алғаш шыққан кезде сезесіз.
7-10 күндік All Inclusive турларды айтпаймын… (ол да күшті).
Таным сапары — бөлек.
Аш боласың. Білімге аштық. Аштықпен оқығаның, танып-білгенің басқа деңгейде болады.
Оқыңыздар. Шығыңыздар, Ok?

❤101👏18🫡10🕊7👍5🔥2🤗1
Қазақша-орысша: Марокко 🇰🇿
Ағылшынша: Morocco 🇬🇧
Арабша: المغرب (Al-Maghreb) 🇲🇦
Түрікше: Fas 🇹🇷
Парсыша: مراکش (Marakesh) 🇮🇷
Қызық, иә?! Бір елдің атауы әр тілде әрқалай.
Мароккода Фес деген қала да бар, Марракеш деген қала да бар. Түріктер бір қаланың атымен толық елді атайды, парсылар басқа қаласының атымен толық бір елді атайды.

👍63❤39🤯9⚡2🔥2
Қандай керемет деймін да…
Қазір ұстаздар белсенді…😍
Өзім құрмет тұтатын, білімін мойындайтын Олжас Бейсенәлі ұстазымыз сапалы сарф дәрістерін тегін ұсынып жүр.
Өзім де бір қайталап қарап шыққым келеді.
Өтініш, мүмкіндікті жібермеңіздерші, иә?! Осындай кеңшілік заманда білім ала алмасақ, үлкен айып қой… 🥲
Сабақтар топтамасын көру үшін ⤵️

❤107🔥20👍11😍6💯2
Білім жолында жетістікке жеткен адамға қызығамыз ғой, иә?!
Соны сіз де жасай аласыз, негізі.
Айырмашылық неде?
Ол оқуды, ізденуді, жаңа қабілет игеруді таңдаған кезде, сіз демалуды, ұйқыны таңдаған болуыңыз мүмкін.
Әркім өз хәлін жақсырақ біледі.
Тіпті нені жасау керегін, нені жасамау керегін де жақсы білеміз.
Біреу арман-мақсатына шын жетіп жатқанда, біз арман-мақсатымызды тек қиялдаумен ғана жүрмеуіміз керек.

❤120👍28💯14❤🔥6🔥2⚡1
Кітап оқудан ұтылмайсыз. Тіпті мәтінді толық түсінбесеңіз де, миыңыз сөздердің жазылуын, сөйлем құрылымын, ойдың өрілуін бейсаналы түрде қабылдай бастайды. Зейін қою, логикалық байланыс орнату, ақпаратты өңдеу – бәрі де кітап оқу арқылы дамиды.
(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
❤107👍11🔥11💯5
Кітап – тек ақпарат көзі емес. Ол – сіздің ішкі әлеміңізбен сырласуға, өзіңізді тануға берілген мүмкіндік. Роман кейіпкерлерінің тағдырын оқи отырып, өз сезімдеріңізді қайта танисыз, өз шешімдеріңізді қайта бағалайсыз. Осылайша көркем әдебиеттен басталған сапар біртіндеп кәсіби кітаптарға, жеке даму бағытындағы еңбектерге ұласуы мүмкін.
(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
❤76👍15⚡5✍3
Кітап оқитын адамның тілі анық, ойы тұжырымды болады. Кей адамдардың айтпаққа ойы көп, бірақ кітап оқымағандықтан, сөйлемдерін жүйелі құрап, тиянақты айта алмай жатады.
(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
❤78👍43💯7
Кітап көп оқитын адам әртүрлі көзқарастарды оңай түсініп, проблема туған жағдайда жедел шешімдерді ұсынуға қауқарлы келеді. Себебі әдеби шығарма кейіпкерлерінің шешім қабылдауымен, біз де соны бойымыздан өткеріп, тәжірибе аламыз. Яғни шешімді өзіміз қабылдағандай күй кешеміз.
(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
(c) "Студентке кеңес" кітабынан үзінді
❤89👍26🔥4💯3
فإن الجنة لا تنال إلا بالصبر عند الشدائد
Жәннатқа тек қиындық кезінде сабыр ету арқылы ғана қол жеткізуге болады.
#ғалымдар_өсиеті
Жәннатқа тек қиындық кезінде сабыр ету арқылы ғана қол жеткізуге болады.
#ғалымдар_өсиеті
❤136🔥5⚡4👍4✍1👏1🫡1
Бәрін сұра Алладан. Дүниені де, ақыретті де, қолыңнан келетін істі де, келмейтін істі де…
Ибн Рәжәб Әл-Хәнбәли (رحمه الله) айтады:
“Бұрынғы ізгілер Алладан бүкіл керегін сұрайтын. Тіпті қамырға тұз, қойға шөпті де.”
#ғалымдар_өсиеті
Ибн Рәжәб Әл-Хәнбәли (رحمه الله) айтады:
“Бұрынғы ізгілер Алладан бүкіл керегін сұрайтын. Тіпті қамырға тұз, қойға шөпті де.”
#ғалымдар_өсиеті
❤177✍15👍9🕊6😱2🔥1
Бұйырса, осы арнаны оқырмандарға пайдалы еткіміз келеді. Алдағы айда керемет білім жарысын ұйымдастыру жоспарда бар. Сол үшін жаңалықтарды қарай жүріңіздер, жазбаларды оқи жүріңіздер.
Қазір форматын ойластырып жатырмыз. Бірақ жарыс - Google форма арқылы жүзеге асады. Белгілі бір күні, белгілі бір сағатта сілтеме жіберіледі, сол сілтеме бойынша өтіп тест өту қажет болады.
Тест сұрақтары - осы арнада соңғы 1 айда жарияланған жазбалардан құралады.
Арнайы орындар болады. Жеңімпаздарға қаржылай ж/е басқа да сыйлықтар тағайындаймыз. Мүмкін 5 орын, мүкін 10 орын, мүмкін 20 орын.
Қатысу тегін болады. Алайда оқырмандарды белсендіріп, арна жазбаларын тұрақты оқуға баулысақ дейміз.
Білім - мүмкіндіктер есігін ашады.
Білімді адам мен білімсіз адам тең бола алмайды. Білім жолында қоғамды ағартуға түрлі бағытта үлес қоса аламыз.
#жаңалық_күтіңіздер

❤134🤩17👍15🔥10🤝6👏3💯3😍2🫡1
Тек сандармен ғана ойланатын адам үшін "Береке" ұғымы түсініксіз.
(c) Ізгілердің сөздерінен
#ғалымдар_өсиеті
(c) Ізгілердің сөздерінен
#ғалымдар_өсиеті
❤122👍27💔12