This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Теңіз кен орнындағы зауытта трансформаторлар жанды
«ҚазМұнайГаз» өрттің таңертең болғанын және апаттық қызмет тарапынан толық сөндірілгенін растады.
Зардап шеккендер жоқ.
Қазір электр станциясындағы екі трансформатордағы өрттің себептері анықталуда.
https://t.me/sn_kz

😱2
Боран мен қатты аяз: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
Бүгін Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі.
Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болжанады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күшеюі мүмкін.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында өте қатты аяз сақталып, ауа температурасы -45°C-қа дейін төмендейді. Абай облысының шығысында -40°C-қа дейін аяз болады. Жетісу облысында -22…-27°C, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында -22°C-қа дейін суытады.
19 қаңтарға Қазақстанның 12 өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

👍4🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаркентте баласын аяусыз ұрып-соққан 28 жастағы әйел ұсталды
Оқиға Жетісу облысында болған.
Полиция тексеріс барысында әйелдің кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салғанын анықтап, қылмыстық іс қозғады.
Күдікті бөлімшеге жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі бала жағдайы анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды.
Қамқоршылық және қорғаншылық органдарына анасының ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы ұсыныс жолданады.

🤯5👍1😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алғаны анықталды
Осы дерекке байланысты Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру ісі сотқа жолданды. Күдіктілердің қатарында бұрынғы бірінші проректор бар. Олар жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасап, тозған мүлікті қағаз жүзінде есептен шығарғанымен, іс жүзінде пайдалануды жалғастырған.
Ал орнына келуі тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген. Мемлекетке келтірілген залал – 321 млн теңге. Сот шешімімен 4 тұрғын үйге, 1 көлікке және 40 млн теңгеге тыйым салынды.

👍4🤯2😱2
Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президентке жұмыс тобының қызметі мен Парламентті трансформациялауға арналған конституциялық өзгерістердің ауқымдылығын баяндады.
Тоқаев реформаны іске асыру үшін Конституцияның бірнеше бөлімін қайта қарау қажет екенін айтып, елде сапалық жаңа саяси құрылым қалыптасып жатқанын атап өтті. Ол ертең Ұлттық құрылтайда нақты пікірін білдіретінін хабарлады.

👍3
Алматы облысында бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды
47 жастағы пациентте мидың өлімі тіркелген соң, туыстары донорлыққа келісім берді.
Нәтижесінде екі бүйрек, жүрек, бауыр және мөлдір қабық алынып, медициналық көмек бірнеше науқасқа, оның ішінде балаға көрсетілді.
Қазір Қазақстанда трансплантация күту тізімінде 4 506 адам, оның ішінде 123 бала бар.

👍4
Kaspi.kz қосымшасында салық режимін ауыстыру
1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Ол бір жалпы салық тәртібін және үш арнайы салық режимін қарастырады: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оңайлатылған декларация және шаруа/фермер қожалықтары үшін.
Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-ге өтуді қалайтындар 2026 жылғы 1 наурызға дейін хабарлама беруі тиіс, әйтпесе жалпы тәртіпке ауыстырылады. Салық режимін Kaspi.kz қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде оңай әрі жылдам өзгертуге болады. Ақпарат 24 сағат ішінде жаңартылып, қолданушыға хабарлама жіберіледі.
Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе сервистің жаңа Салық кодексіне толық бейімделгенін атап өтті. Ал Қаржы министрлігі өкілі Ерқанат Шыңберген оңайлатылған режимге көшу шарттары сақталған жағдайда барлық салық төлеушілердің оған құқығы бар екенін айтты.
Толығырақ ақпарат Kaspi Гид-тен қолжетімді.

👍5
🔹Трамп Тоқаев пен Қазақстанды Бейбітшілік кеңесіне шақырды
🔹Солтүстік Қазақстанда 5 жасар бала үйде тірідей жанып кетті
🔹«Еліміздің мүлдем жаңа саяси тұрпаты қалыптасып жатыр» — Президент
🔹Жәнібек Әлімханұлының допинг ісі 23 қаңтарда қайта қаралатын болды
🔹Жаркентте баласын аяусыз сабаған әйелдің психоневрологиялық есепте тұрғаны анықталды
🔹200 мыңның креслосы 20 миллионға сатылған: Шымкентте бюджетке ірі көлемде залал келтірілген
🔹«Бір жылда бір миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін»: Сарапшы жаңа Салық кодексін сынады
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Қалжыңдайтын орын емес»: Ернар Айдар бірден 3 бап бойынша жауапқа тартылды
Таразда әлеуметтік желідегі видео бойынша жол ережесін бұзған жол талғамайтын көлік жүргізушісі анықталды.
Көлік иесі ӘҚБтК-нің үш бабы бойынша жауапқа тартылып, тоқтау/тұрақ қағидаларын бұзғаны, жол белгілерін сақтамағаны және белгіленбеген жерден өткені үшін айыппұл салынды.
Полиция жол қауіпсіздігі әр қатысушының жеке жауапкершілігі екенін ескертті.
Толығырақ

👍5🤯2
60 жастан асқан жолаушыларға пойыз билеті 25%-ға арзандады
Алпыс жастан асқан жолаушыларға пойыз билетін сатып алғанда жиырма бес пайыз жеңілдік беріледі. Ол үшін үш мың теңге тұратын және бір жыл жарамды QURMET дисконттық картасын алу қажет.
Жас адамдар үшін он бес пен жиырма бес жас аралығында купе жоғарғы орындар мен отыратын вагондарға отыз үш пайыз жеңілдік беретін KETTİK33 картасы енгізілген.
Карталарды тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан сатып алуға болады.

👍3🥰2👏1💩1