Депутат алкоголь өнімдерін сағат 20:00-ден кейін сатуға тыйым салу ұсынды
Депутат Магеррам Магеррамов үкіметке алкоголь өнімдерінің айналымын шектеуге бағытталған бірқатар ұсыныс жолдады. Атап айтқанда, алкогольді сағат 20:00-ден кейін, ал қоғамдық тамақтану орындарында 22:00-ден кейін сатуға тыйым салу ұсынылды. Сонымен қатар алкоголь өнімдерінің онлайн сатылымына толық тыйым енгізу және балабақша мен білім беру мекемелерінің маңында алкоголь саудасын шектеу мәселесі көтерілді.
https://t.me/sn_kz

👍4
Қостанай облысындағы ауруханада хирург терапевтті соққыға жықты
Дәрігерлер арасындағы жанжал 21 желтоқсанда Қостанай облысы Тобыл қаласындағы Қостанай аудандық ауруханасында болған.
Терапевт шұғыл хирургты шап жарығына күдікпен түскен науқасты қарауға кеңеске шақырған. Алдын ала мәлімет бойынша, хирург алдымен телефон арқылы наразылығын білдірген, кейін әріптесін ординаторлық бөлмеге шақырып, оның басы, беті және мойны тұсынан ұрған.
Зардап шеккен дәрігер болған жағдайды жасырмай, полиция шақырып, түсініктеме берген және алған жарақаттарын тіркеу үшін медициналық сараптамадан өткен.
Қостанай облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

😱2
«Балаларым кішкентай»: Түркістанда әкесін соққыға жыққан ер адам жазасын жеңілдетуді сұрады
Түркістан облысында әкесін ұрып өлтірді деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаев сотта кінәсін мойындап, жазасын жеңілдетуді сұрады.
“Кешірім өтінемін. Қазір ұяттан басымды көтере алмаймын. Өзім де не болғанын білмеймін. Есімнен адастым. Соттан жазамды жеңілдетуді сұраймын. Кәмелетке толмаған балаларым бар. Әйелім жұмыс істемейді, отбасындағы жалғыз асыраушымын”, – деді ол.
Прокурор 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды және айыппұл салуды талап етті. Үкім 15 қаңтарда жарияланады.

🤯2🤬2
🔹Енді елімізде сағат 20:00–ден кейін алкоголь сатылмауы мүмкін
🔹Air Astana-да тағы ақау: Алматыдан Қызылордаға ұшқан ұшақ кері қайтты
🔹«Балаларым кішкентай»: Түркістанда әкесін соққыға жыққан ер адам жазасын жеңілдетуді сұрады
🔹«Атағы жоқ, медаль алмаған кім қалды?»: депутат атаққұмарлық қоғамда дертке айналғанын айтты
🔹Салтанат Нүкенованың мемориалдық тақтасы алынып тасталды
🔹«Өртті қымызбен сөндірмек болған»: Кентауда кафедегі жарылыстан қаза тапқан жігіттің туыстары әділдік талап етті
🔹«Әр сұраққа күрсінесіз»: Ерлан Қошанов вице-министрге шүйлікті
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
15 қаңтарда ауа райы қандай болады
Елдің батысы, солтүстік-батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.
Қалған аймақтарда аяз сақталады, жауын-шашын болмайды.
Республиканың барлық өңірінде жел күшейеді, мұз жабындысы, тұман болады.
16 облыста дабылды ескерту жарияланды.

👍3
Ресейдегі зауытта екі қазақстандық қаза тапты
Қайғылы оқиға "Северсталь" компаниясына қарасты Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында болды.
“Қазіргі уақытта өлім себептері тергеліп жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде. Қызметкерлердің туған-туыстарына және жақындарына қайғыра көңіл айтамыз”, — деп жазылған компания хабарламасында.

😢5🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанада жекеменшік екі клиниканың басшысы МӘМС қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Қаржылық мониторинг агенттігі олардың үстінен тергеу жүргізіп жатыр.
2022 жылы Қор мен клиникалар арасында 2,4 млрд теңгеге келісімшарт жасалған. Тергеу дерегінше, басшы медициналық қызмет алмаған пациенттер туралы жалған мәліметтер енгізіп, нәтижесінде 682 млн теңгені заңсыз иемденген.
Қаражаттың 364 млн теңгесі басшы мен жұбайының есепшотына аударылған. Сот шешімімен Испаниядағы үй, Астанадағы пәтер және көлікке тыйым салынды.

🤯3👍1
Атыраудағы отбасы туралы ақпар берген «хакерге» халықаралық іздеу жарияланды
Атырау облысында өзін «хакермін» деп таныстырып, әлеуметтік желіде резонанс тудырған ер адам алаяқтық күдігімен Интерпол арқылы халықаралық іздеуге жарияланды. Полиция оның таратқан мәліметтері шындыққа жанаспайтынын және бұған дейін алаяқтық бойынша төрт қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады.
Айта кетейік, Жангелдин ауылында ерлі-зайыптының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр: күйеу баласы кісі өлтіруге күдікті ретінде, ал олардың қызы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде халықаралық іздеуде. Полиция азаматтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

😱4👍1🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Екі сәби ажал құшты: Павлодар облысында алапат өрт болды
Павлодар облысы Ертіс ауылында жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан екі бала қаза тапты. Өрт таңғы 8:30 шамасында тіркеліп, үй толықтай жанып кеткен.
Құтқарушылар үш баланы сыртқа шығарғанымен, олардың екеуі ауруханада көз жұмды.
Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып, оқиғаға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.

😢6🤔1🤯1
🔹Қазақстанда 56 мың азаматтың 209,7 млрд теңге берешегі кешірілді — Тоқаевқа есеп берілді
🔹Талғарда тұрғыны азаматтық некедегі жұбайын өлтірген
🔹Астанада ер адам арнайы жасақ қызметкеріне оқ жаудырды
🔹«Әке ішкіш, шеше опасыз, соңы мынадай»: Танымал журналист трансгендер Нико Нет туралы
🔹Екі сәби ажал құшты: Павлодар облысында алапат өрт болды
🔹«Қазақ елінен кешірім сұраймын»: Әкесін сабап өлтірген түркістандық соңғы сөзін айтты
🔹Атыраудағы отбасы туралы ақпар берген «хакерге» халықаралық іздеу жарияланды
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
Ел аумағында антициклон: аяз бен боран
16 қаңтарда Қазақстан аумағында антициклонның әсерінен ауа райы суытады. Солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы –30…–40 градусқа дейін төмендеп, кей жерлерде –42 градусқа жетеді. Оңтүстік өңірлерде түнде –5…–13 градус, оңтүстік-шығыста –8…–17 градус, таулы аймақтарда –20…–25 градус аяз болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауып, төменгі боран, тұман және көктайғақ күтіледі. Көптеген аймақтарда жел күшейіп, екпіні 15–28 м/с-қа дейін жетеді. Астанада жауын-шашынсыз, түнде –28…–30, күндіз –21…–23 градус, Алматыда қар жауып, тұман мен көктайғақ байқалады, Шымкентте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Петропавлда зейнеткер әйел аурухана маңында үсіп қайтыс болды
14 қаңтар күні 75 жастағы әйел Петропавл қаласындағы 314-ші Атқыштар дивизиясы көшесіндегі үйінен шығып, ауруханаға бет алған, бірақ қайта оралмаған. Оның ұялы телефоны өшірулі болған.
Іздеу жұмыстарына 60-тан астам адам жұмылдырылды, алайда қатты аяз бен түнгі қараңғылық салдарынан әйелді табу мүмкін болмады.
15 қаңтар күні таңертең учаскелік полиция қызметкері оны аурухананың шаруашылық корпусы маңындағы қоршаудың жанынан тапты. Әйел қатты тоңып, ауыр жағдайда болған, сөйлей алмаған. Ол дереу дәрігерлерге жеткізілді, бірақ өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция тұрғындарды, әсіресе бағдарын жоғалтуы мүмкін қарт туыстарына мұқият қарауға шақырады.

🤯4😢2
Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден озды
16 қаңтарда Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы 86 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Қаралы хабарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялады.
Рәтбек Нысанбайұлы 1990–2000 жылдары мүфти қызметін атқарып, діни басқарманың іргетасын қалады. Оның бастамасымен елде 30-дан астам мешіт салынды. Марқұм Ливия университетінде білім алған, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.
Соңғы жылдары Есік қаласындағы мешіттің бас имамы қызметін атқарды. Ол «Парасат», «Шарапат» ордендерімен марапатталған.

😢4🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
70 жастағы әкесін ұрып, соққыға жыққан ер адам 5 жылға сотталды
Жетісай аудандық соты әкесіне балағат айтып, ұрып-соққан ер адамды ҚК-нің 110-бабы (азаптау) және 107-бабы (орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру) бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.
Сот оны орташа қауіпсіздіктегі мекемеге жіберді.

👍3🤯3
Дінмұхаммед Қонаевтың қарындасы дүниеден өтті
Қазақ КСР Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болған Дінмұхаммед Қонаевтың кенже қарындасы, белгілі ғалым-биолог Рауза Қонаева 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Д.А. Қонаев атындағы Халықаралық қор растады.
Рауза Қонаева 1934 жылы Алматы облысының Шілік ауылында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдап, өмірінің басым бөлігін Қазақстан Ғылым академиясы жүйесінде өткізді. Ол биохимия және молекулалық биология саласында ұзақ жылдар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Рауза Қонаева – еңбектері халықаралық деңгейде мойындалған көрнекті ғалым. Ол мәдениеті жоғары, қарапайым әрі зиялы тұлға ретінде ел есінде қалды.

😢5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкенттегі 21 жастағы қыз өлімі: Полиция әрекетіне қызметтік тексеру басталды
Қылмыстық іс ІІМ-нің бақылауына алынды. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынып, полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне қызметтік тексеру басталды.
Тергеу-жедел тобы құрылып, барлық деректер мен бейнежазбалар жан-жақты тексерілуде.

👍3😢2
🔹Арқалық әуежайына Мыржақып Дулатовтың есімі берілмек
🔹«Еңбек етсең – үйренесің»: Лукашенко Тоқаевты Беларусь шенеуніктеріне үлгі етті
🔹Батыс Қазақстанда автобус апатқа ұшырап, 4 адам мерт болды
🔹Қамауға алынды: Әнші Маржан Арапбаеваны азаматтық некедегі күйеуі соққыға жықты
🔹6,5 млрд теңге пайда тапқан: Қаржы пирамидасын құрған әйел Грузиядан экстрадицияланды
🔹Ел тұрғындарына Балиге көңілдесін апаруға тыйым салынды
🔹Үйіне апарып зорлаған: Шымкентте қыз алып қашқан күдікті құрықталды
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда жоғалған отбасының балаларын іздеу тоқтатылды
Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұрған Наурыз бен Мирамгүлді іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.
https://t.me/sn_kz
Жангелдин ауылында хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде тұрған Наурыз бен Мирамгүлді іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.
"Полиция анықтаған барлық аумақ толық тексерілді. Қазір полиция департаментіне іздеуді жалғастыру туралы жаңа хабарламалар немесе өтініштер түскен жоқ", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
https://t.me/sn_kz
🤔3👍1🤯1
«Тегін кітаптар»: қазақстандықтарға интернет-алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертілді
Қазақстанның Бас прокуратурасы Telegram мессенджерінде таралып жатқан интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертті. Алаяқтар «кітап боттары» деп аталатын тәсілді қолдануда. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметінше, олар пайдаланушыларға электронды кітапханаға тегін қолжетімділік ұсынады, алайда кітаптың орнына «арнайы қосымша» ретінде жасырылған зиянды файл жібереді.
Аталған файлды орнату парольдердің және ақша қаражатының ұрлануына, хат-хабарлар мен жеке фотосуреттерге қол жеткізуге, сондай-ақ смартфонды толық бақылауға алуына әкелуі мүмкін.

👍1🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Әділ жазасын алсын»: Шымкентте Нұрайды өлтірген күдікті блогердің туысы болып шықты
Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы қыздың өліміне күдікті Шерхан Аймахан блогер Мағжан Аймаханның туыс інісі болып шықты.
Осыған байланысты Камила Әділхан мен Мағжан Аймахан мәлімдеме жасап, марқұм Нұрайдың ата-анасы мен жақындарына көңіл айтты.
Олар күдіктінің туыстығын ашық мойындап, бұл әрекетті еш қолдамайтындарын, қанша жақын туыс болса да, әділ тергеу мен заңға сай жаза болуы керектігін атап өтті.

👍4😢2