Қазақстанда амнистия аяқталды: мыңдаған сотталған бостандыққа шықты
Конституцияның 30 жылдығына орай жарияланған амнистия аясында 2 мыңнан астам адам, оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмағандар қамаудан босатылды. Тағы 11 мыңнан аса сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.
Пробация қызметінің есебінде тұрған 2 888 адам жазадан толық босатылып, 7 600-ден астамының жаза мерзімі азайтылды. Босатылғандардың барлығы пробация қызметінің бақылауында және полицияның жеке есебіне қойылды.
https://t.me/sn_kz

👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Уилл Смитке қазақтың шапаны тарту етілді
Қазақстандық Дубай қаласында өткен халықаралық іс-шара барысында голливуд жұлдызы Уилл Смитпен жүздесті. Кездесу кезінде отандық өкіл актерге қазақ халқының ұлттық киімі — шапанды сыйға тартты.

ҚМА блогер Қамза Қайсарға іздестіру жариялады
Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі блогер Қамза Қайсар Бақытжанұлына іздестіру жариялады.
Іс 2026 жылғы 10 қаңтарда Астанада тіркелген, іздестіруді ҚМА-ның Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.
Қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

👎2🤯2😁1
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы: жауын-шашын, боран және тұман
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, боран соғып, көктайғақ болады.
Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады.
– Астанада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
– Алматыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
– Шымкентте жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Сондай-ақ еліміздің 16 өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапты: күдікті — марқұмның танысы
11 қаңтар күні Шымкент қаласында 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталған. Алдын ала деректерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған.
Қазіргі уақытта күдікті іздестіріліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

😢5🤯1
Трамп өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялады
АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде өзіне жаңа қызметті таңып, оның скриншотын жариялады.
Трамп Truth Social желісінде «Википедиядағы» өмірбаянға ұқсас скриншот жариялаған. Онда оның 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарып отырғаны көрсетілген.
Бұдан бөлек, ол АҚШ президенті ретіндегі қазіргі қызметін де көрсеткен.

😁2🤯2
Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр
11 қаңтар күні Шымкент қаласының Төлеметов көшесінде 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапты. Куәгерлер оның денесінен жарақаттар бар екенін айтқан.
Шымкент қалалық Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Күдікті – 1997 жылы туған Аймахан Шерхан Әлмаханұлы, марқұммен бұрын таныс болған деп саналады. Ол оқиға орнынан Hyundai Mufasa автокөлігімен қашып кеткен және іздеуде.
Полиция күдіктіні немесе іске қатысты ақпарат білетіндерді хабарласуға шақырады: +7 (772) 52-97-66-09, 97-67-61, 21-21-87, 21-20-41.

🤯3😢2
ҚМДБ әлеуметтік желілерде оқырман санын боттар арқылы жасанды түрде көбейтуге қатысты пәтуә шығарды
Онда жалған аккаунттар арқылы жазылушы санын арттыру шынайы адамдардың әрекетін көрсетпейтіндіктен, алдау мен шындықты бұрмалау ретінде бағаланып, шариғатта харам екені айтылған.
Пәтуәде мұндай әрекеттердің адалдық қағидаларына қайшы келетіні де атап өтілді.

👍5😁1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Іздеу жарияланған атышулы блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірді.
Блогер Instagram сторисінде болып жатқан жайтқа аң-таң екенін айтып, ренішін жасырмады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі танымал блогер Қайсар Қамзаға ресми түрде іздеу жариялаған болатын. Іздеу шараларын агенттіктің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
https://t.me/sn_kz
Блогер Instagram сторисінде болып жатқан жайтқа аң-таң екенін айтып, ренішін жасырмады.
«Кімнің ала жібін аттап кеттім – білмеймін. Елмен амандасып, тыныш жүрген адам едім. Бар шаруамды тастап, дүйім жұрт іздейтіндей қылмыскер емеспін ғой. Миллиардтап тонаған Әблязов секілді етіп көрсеткендерің не?» – деді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі танымал блогер Қайсар Қамзаға ресми түрде іздеу жариялаған болатын. Іздеу шараларын агенттіктің Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.
https://t.me/sn_kz
👍5
Бүгінгі күннің басты жаңалықтары
🔹20 қаңтарда Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтай өтеді
🔹Қарағандыда жетім балаларды бопсалап, жәрдемақыларын иемденген қылмыстық топ ұсталды
🔹Адам шығыны бар: Таиландта қазақстандықтар мінген катер апатқа ұшырады
🔹Үлкен күнә: Мүфтият оқырман санын қолдан көбейтіп алатын блогерлерге ескерту жасады
🔹«Жақын туыстары түрін сипаттай алмайды»: Күдікті күйеубалаға қатысты сұмдық ақпар тарады
🔹Алматы көшесінде 3 ер адам жасөспірімді есінен танғанша ұрып-соғып кеткен
🔹Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр

😱2
🌫️ 🌨️ Жауын-шашын, боран және тұман — сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, боран күтіледі. Елдің шығысында түнде қалың қар жауады, ал батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанып отыр.
Оңтүстікте, солтүстік-батыста және елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Елдің көп өңірінде дабылды ескерту жарияланды.
Толығырақ ақпаратты сайттан оқи аласыз.

👍2
Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті қамауға алынды
Шымкент қаласында 21 жастағы қыздың өліміне қатысты күдікті ұсталды. Полицияның мәліметінше, іздеуде жүрген 29 жастағы ер адам табылып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол қызды пышақтап өлтірді деген күдікке ілінген.
Еске салайық, 11 қаңтар күні кешке Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан жас қыздың мәйіті табылған болатын. Марқұмның денесінен пышақ жарақаттары анықталған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

😱6👍1👏1🤬1
Атырауда жоғалған отбасы ісі: тағы бір адамға халықаралық іздеу жарияланды
Атырау облысы Жангелді ауылында жоғалған отбасыға қатысты қылмыстық іс бойынша тағы бір адамға халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы құқық қорғау органдары мәлімдеді.
Бұған дейін полиция отбасы мүшелерін өлтіру фактісі бойынша күдікті ретінде Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғынын — марқұмдардың күйеу баласын — іздеуге алған болатын. Қазіргі уақытта іске басқа адамдардың қатысуы да тексеріліп жатыр.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда полицияға аталған отбасының жоғалғаны туралы олардың туыстары хабарлаған. Кейіннен отбасының отағасы мен оның жұбайының мәйіті табылды. Тергеу жалғасуда.

🤯6😢1
Тоқаев Ержан Қазыханды АҚШ-пен келіссөздер жүргізу жөніндегі арнайы өкіл етіп тағайындады.
Ол екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты маңызды мәселелер бойынша америкалық тараппен ресми келіссөздер жүргізеді.
https://t.me/sn_kz
Ол екі ел арасындағы ынтымақтастыққа қатысты маңызды мәселелер бойынша америкалық тараппен ресми келіссөздер жүргізеді.
https://t.me/sn_kz
👍2🤔1
Каспий құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге дрондар шабуыл жасады
Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады, экипаж арасында зардап шеккендер жоқ.
Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 18 қаңтарға жоспарланған болатын.
Алдын ала бағалау бойынша танкер теңізде жүзуге жарамды, қазіргі уақытта залал көлемін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

🤯4
🔹Президент АҚШ-пен келіссөздер бойынша өкілін тағайындады
🔹Суды үнемдеуге бөлінген 55 млрд қайда? – Бектенов министрден нақты нәтижені сұрады
🔹«Жігіттің психикалық ауытқуы бар»: Шымкенттегі 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды
🔹«Неге өзіңізге қарамайсыз?»: белгілі коуч ерекше баланың анасын жұрттың көзінше кемсітіп, көптің ашуына тиді
🔹Хасан Қасымбаевтың ісіне қатысты жаңа ақпар шықты
🔹Ержан Бабақұмаровтың өлімі бойынша істі Бишімбаевқа үкім шығарған судья қарайды
🔹«Қан іздерін жоюға тырысқан»: Атыраулық ерлі-зайыптылардың қалай қаза тапқаны белгілі болды
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Астана мен Қазақстанның 11 облысында дабылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері тұман, көктайғақ, боран және қатты жел туралы ескертеді. Елордада түнде және таңертең тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ болады.
Күрделі ауа райы жағдайлары Атырау, Маңғыстау, Абай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жетісу және Ақмола облыстарында болжануда. Кейбір өңірлерде қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын, жаяу бұрқасын, желдің екпіні секундына 20–25 метрге дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ алдағы күндері ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі — кей жерлерде аяз 30–38 градусқа дейін жетеді.

😱4👍1
Блогер Қайсар Қамзаға халықаралық іздеу жарияланды
Қайсар Қамза заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінді. Ол 5 жыл бойы Telegram-дегі «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын басқарып, азаматтарды онлайн-казиноға тартқан.
Тергеу дерегінше, блогер «Pinco» интернет-казиносынан сыйақы мен пайыздық төлемдер алып, табысын криптоәмиян арқылы жасырған. Оның 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтеріне тыйым салынды.

🤯3👍1🤬1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Дайындалып келу керек»: Қошанов вице-министрге ескерту жасады
Мәжіліс отырысында сауда вице-министрі Айдар Әбілдабеков депутаттардың кей сұрақтарына нақты жауап бере алмады. Осыған байланысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов вице-министрге ескерту жасап, отырыстарға толық дайындалып келу қажеттігін айтты.
Айдар Әбілдабеков жиында ЕАЭО кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығу тегін айқындау туралы заң жобасын таныстырды.

👍4🤯2😁1