RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Асу Алмабаев UFC турнирінде жеңіске жетті

📍Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде тәжірибелі америкалық, титулға экс-үміткер Алекс Пересті жеңді.

🔹Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек үш раундқа жоспарланған еді, алайда мерзімінен бұрын аяқталды — 29 жастағы қазақстандық қарсыласын үшінші раундта жеңді.
Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби ММА мансабындағы 23-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Алекс Перес үшін бұл — оныншы жеңіліс.

https://t.me/sn_kz
👍3🔥1
🇰🇬 Қырғызстанда бұрынғы шенеуніктер мен күштік құрылымдардың өкілдері ұсталды

Оларды парламент сайлауынан кейін елдегі жағдайды шайқалтпақ болды деп күдіктеп отыр. ІІМ айтуынша, бұл адамдар сайлау нәтижелері шыққан соң елдің оңтүстігінде митинг бастау, кейін оны Бішкекке және басқа өңірлерге тарату арқылы жаппай наразылық туғызуды жоспарлаған. Олар қылмыстық топтардың мүшелерін және спортшыларды да тартқан.

Тінту кезінде олардан қару, оқ-дәрі, гранаталар, іс-қимыл жоспарлары, ақша беру құжаттары, байланыс құралдары, есірткі және шамамен 150 мың доллар табылған.

23 қарашада саясаткер Темірлан Сұлтанбековтың қатысуымен видео тарағаннан кейін елде көптеген тінту мен ұстау болды. Бірнеше белгілі саясаткерлер мен бұрынғы шенеуніктер тергеуге жеткізілді. Тінтулер саясаткерлер мен журналистердің туыстарына да жасалды, оның ішінде бұрынғы президент Атамбаевтың отбасы бар.

https://t.me/sn_kz
🤯2
Тоқаев Головкинді жаңа қызметімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады.

– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.
👏2🔥1
Жауын-шашын, боран және көктайғақ: дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» болжамы.

Сондай-ақ елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында жаяу боран мен көктайғақ күтіледі.

Республиканың қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болжануда.

Ел бойынша тұман түсіп, солтүстікте, солтүстік-батыста және шығыста жел күшейеді.

Астана қаласында және 15 өңірде дабылды ескерту жарияланды

https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында “ELL QUATY” қаржы пирамидасына салымшылар шамамен 7 млрд теңге құйған

Ұйымдастырушылар кооперативке мүше болуды ұсынып, жарнасын енгізгеннен кейін тұрғын үй мен автокөліктерді пайызсыз бөліп төлеуге беруге уәде еткен. Пирамида әлеуметтік желілерде “Әр отбасыға бақыт!” деген ұранмен жарнамаланған.

Ақшаны заңдастыру мақсатында ұйымдастырушы “QAZ INFO MARKET” деген фирма ашып, салымшылардан түскен қаражатты көрсетілмеген қызметтер ретінде сол компанияға аударып отырған.

Қаржы пирамидасына 1,5 мыңнан астам адам тартылып, жалпы 6,8 млрд теңге салған.

Ұйымдастырушы қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

https://t.me/sn_kz
🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қызылордада медицина қызметкерлері зейнетке шыға алмай жүр: қауіпті аймақта еңбек ететін мамандар шу шығарды

Медицина қызметкерлері жоғары қауіпті жағдайда жылдар бойы еңбек етсе де, зейнетақы мәселесі шешілмей келеді.

Туберкулезбен ауыратын науқастармен күнделікті байланыста жұмыс істейтін орта буын мамандарының айтуынша, олардың еңбегі елеп-ескерілмей отыр. Санитарлар мен медбикелер ең лас әрі ең ауыр жұмысты атқарады, бірақ зейнетке шығу талабы жеңілдетілмеген.

Қызметкерлер барлық жауапты органдарға бірнеше рет өтініш бергенімен, нақты нәтиже болмағанын айтады. Олар әр күнін қауіппен өткізсе де, әлеуметтік қорғалуы төмен деңгейде қалып отыр. Еңбек жағдайы ауыр мамандар әділдік пен заңды құқықтарының орындалуын талап етуде.

Осы мәселеге қатысты Қызылорда әкімі әлі күнге дейін үнсіз қалып отыр.

https://t.me/sn_kz
🤯1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Депутат ашық жиналыстан тұрғындарды қуып шықты: Атыраудағы шенеуніктер дауға қалды


Атырауда өткен ашық жиналыста депутаттардың тұрғындарды залдан қуып шығуға әрекеттенуі әлеуметтік желіде үлкен сынға ұшырады.

Жиынға келген халық малдың жаппай қырылуына, ветеринариялық бақылаудың жоқтығына және аурудың нақты себебі анықталмағанына қатысты өткір сұрақ қойғанда, депутаттар жауап берудің орнына айғайға басқаны видеодан анық көрінеді.

Тұрғындар «не себепті бақылау болмады, неге ешбір маман дер кезінде араласпады?» деп талап қойғанымен, жергілікті билік өкілдерінің нақты жауабы болмаған. Жиында ветеринария бөлімдері бірде-бір рет утилизацияға қатыспағаны, фермерлердің өздері өлексені өртеп жатқанын халық ашық айтты. Сонымен қатар Атырау базарларында ауру малдың еті сатылғаны жайлы фактілер айтылып, бұл жағдай одан сайын дабыл көтерді. Халық депутаттарды «WhatsApp топтарына да кірмейді, тұрғындармен байланысын мүлде жоғалтқан» деп айыптады.

Жиналыстан тұрғындарды қуып шығу әрекеті шенеуніктердің халықпен диалогқа дайын еместігін айқын көрсетіп, өңірдегі ветеринариялық дағдарысқа деген сенімді одан әрі төмендетті.

https://t.me/sn_kz
🤯2👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Көкшетау әкімдігі жаңа жылға жұлдыз шақыруға миллиондарды қайдан алған?

Көкшетауда жаңа жыл алдындағы басты жаңалық жұртты екіге жарды.
Қала басшылығы 31 желтоқсанда өтетін мерекеге танымал әншіні шақырғанын ресми растады.

Бұл ақпаратты жиында қаланың жауапты басшысының бірі жариялап, «қала тұрғындарына сый» болатынын айтты.

Алайда әлеуметтік желі қолданушылары мұндай «сыйдың» құнын сұрап, ашық пікір білдіре бастады.
Көпшілік жаңа жылдық бағдарламаға емес, қаланың өзекті мәселелеріне қаржы бөлінуі қажет екенін алға тартуда.

Әсіресе, биылғы қымбатшылық кезінде шоуға ақша шашу орынсыз деген пікір күшейді.
«Әкімдік бұл шараға қаржыны қайдан алды, халықтың ақшасы ма?» деген сауал қоғамның басты тақырыбына айналды.
Желі жұрты мұндай шешім көпшіліктің қатысуынсыз қабылданғанын айтып, ашық есепті талап етті.


Тұрғындар тіпті жергілікті өнерпаздарды қолдап, олардың тегін немесе әлдеқайда арзан концерт бере алатынын жазып жатыр.
Ал әкімдік әзірге тек концерт өтетінін ғана хабарлап, шығын көлемі туралы нақты мәлімет бермей отыр.

https://t.me/sn_kz
😁5🤯2
Жауын-шашын, тұман және желдің күшеюі: сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында және орталық өңірлерінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» болжамы.

Сондай-ақ солтүстік пен шығыста төменгі боран соғып, көктайғақ күтіледі.

Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Ел бойынша тұман түседі, ал солтүстік, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшейеді. Дабылды ескерту 14 өңірді қамтыды.

https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға Алматы–Бішкек тас жолының 65-шақырымында болды. Полиция дерегіне сәйкес, 23 жастағы «Audi» жүргізушісі рөлге ие бола алмай «Toyota»-мен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханада қайтыс болды. Бес адам ем қабылдап жатыр. Тергеу жүргізілуде.

https://t.me/sn_kz
🤯3😢2
Әйгілі “Айка тізімінің” ұйымдастырушысы бостандыққа шықты

Оның жазасының екі жылы кейінге қалдырылып, осы уақыт аралығында ол пробациялық бақылауда болады. Екі жыл өткен соң Айка жазасының қалған бөлігін өтеу үшін қайтадан түрмеге оралуы тиіс.

Айка Мырзахметова бұған дейін 6 жыл 6 айға сотталған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2020–2023 жылдары сыбайласымен бірге қыздарды клиенттермен таныстырып, оларды интимдік қызмет көрсетуге тартқан.

https://t.me/sn_kz
🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Басына бөтелке сындырған әскерилердің көрсетілімі қайғылы жағдайға әкелді

Сарбаздардың туыстары қатысқан шара барысында тәжірибелі әскери қызметкерлер түрлі көрсетілімдер ұйымдастырған. Солардың бірі кезінде 24 жастағы Жақсылық Молдақұл басына бөтелкені соғып сындырмақ болған. Бұған дейін бұл трюкті бірнеше рет сәтті орындаған ол күтпеген жерден ауыр жарақат алды.

Оқиғадан кейін Жақсылық дереу ауруханаға жеткізіліп, бір көзіне ота жасалды. Әскери қызметкер алты жыл бойы қызметте, оның бес жылы – келісімшарт негізінде.

Қазіргі таңда оқиғаның нақты қалай болғанын анықтау мақсатында қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

https://t.me/sn_kz
😢3🤯2🤬1
«Әкесін алқаш деді»: Талғар ауданында мас адам 15 жастағы қызын 16 рет пышақтап өлтірді

Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында мас күйдегі әке 15 жастағы туған қызын асүйде жанжал кезінде пышақтап өлтірген.

Қыз 16 рет жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Үйде сол сәтте ешкім болмаған. Кейін ер адам туыстарына хабар беріп, қылмысын мойындаған.

Туыстарының айтуынша, әкесі ішімдікке салынған, қызымен бұрыннан арақатынасы шиеленісті болған.

Қазір күдікті қамауда, қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Марқұмның артында анасы мен екі бауыры қалды. Анасы полиция жұмысына көңілі толмайтынын айтқан.

https://t.me/sn_kz
👍2😢2😱1
Тоқаев Головкинмен кездесіп, оны «Барыс» I дәрежелі орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Ол бұл шешімді Головкиннің кәсіби шеберлігін, беделін және әлемдік боксты дамытуға қосқан үлесін халықаралық деңгейде мойындау деп атады.

Президенттің айтуынша, Головкин қазақ боксы мектебін лайықты деңгейде танытып, миллиондаған жасқа шабыт берді және Қазақстанның спорттық держава ретіндегі беделін нығайтты. Сондай-ақ оның Ұлттық Олимпиада комитетін басқару кезеңіндегі еңбегі жоғары бағаланды.

https://t.me/sn_kz
👍2🔥1
26 қарашаға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» мәліметінше, елдің солтүстігі мен шығысы қайтадан атмосфералық фронттардың ықпалына түседі. Бұл аймақтарда жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы, жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Қалған өңірлерде антициклонның әсері байқалады. Жауын-шашын болжанбайды, алайда кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Сонымен қатар солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда жел күшейеді.

https://t.me/sn_kz
👍3