2026 жылдан бастап не өзгереді?
2026 жыл Қазақстан үшін құқықтық және экономикалық тұрғыдан бетбұрыс кезең болмақ. 1 қаңтардан бастап елде жаңартылған Салық кодексі күшіне еніп, қаржы айналымы, әлеуметтік төлемдер, медициналық сақтандыру мен азаматтардың күнделікті шығынына тікелей әсер ететін бірқатар нормалар қолданысқа енгізіледі. Мемлекет бір мезетте екі бағытты ұстанып отыр: әлеуметтік міндеттемелерді күшейту және қаржы тәртібін қатаңдату.
Толығырақ
https://t.me/sn_kz

👍4
2026 жылы қазақстандықтарды қандай демалыс күндері күтіп тұр?
1-2 қаңтар — Жаңа жыл (сәрсенбі мен бейсенбі).
8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұр, сондықтан 9 наурыз, дүйсенбі — демалыс.
21-23 наурыз — Наурыз мерекесі. Бұл демалыстар сенбі мен жексенбіге түсуіне байланысты, 24 және 25 наурыз күндері де демалуға мүмкіндік береді.
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні (жұма).
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні (бейсенбі).
9 мамыр — Жеңіс күні сенбіге сәйкес келіп тұр, сондықтан 11 мамыр, дүйсенбі — демалыс.
6 шілде — Астана күні (дүйсенбі).
30 тамыз — Конституция күні жексенбіге келіп тұр, 31 тамыз, дүйсенбі — демалыс болады.
25 қазан — Республика күні де жексенбіге түсіп, 26 қазан күні демалысқа ауыстырылады.
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні (сәрсенбі), бұл күн ресми түрде демалыс болып саналады.

👍6
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы: қар, жаңбыр және көктайғақ
Бүгін қолайсыз ауа райы сақталады. «Қазгидромет» болжамына сәйкес, қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады.
Ал оңтүстік-батыс пен оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді деп болжануда.
Астана, Алматы қалаларында және 15 облыста дабылды ескерту жарияланды.

👍2
Тоқаев: Ел дамуы үшін шешу қажет мәселелер әлі де бар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында атқарылған жұмыстарға жалпы оң баға берді.
Президенттің айтуынша, бірқатар бағытта ілгерілеу бар болғанымен, түбегейлі шешімін таппаған мәселелер аз емес. Солардың бірі – инфляцияның жоғары деңгейі.
«Инфляция халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған еңбектің нәтижесін жоққа шығарып отыр. Сондықтан алдағы уақытта Үкімет пен өңір басшылары елдің әлеуметтік-экономикалық негізін күшейтуге бар күшін салуы тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Толық сұхбатты сілтеме арқылы оқи аласыз.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
100 млн теңгеден астам қаржы жымқырған алаяқ шетелден елге жеткізілді
Тараз қаласында өзін коммерциялық компания өкілі ретінде таныстырған азамат бірнеше адамды алдап, ірі көлемде қаржы иемденген.
Ол кәсіп ашуға көмектесемін деген желеумен 6 азаматтан 100 миллион теңгеден астам ақша алып, оны жеке басының қажетіне жұмсаған.
Қылмысқа күдікті Ресей Федерациясынан экстрадицияланып, қазіргі таңда тергеу изоляторына қамалды.
Аталған іс бойынша ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

🤯2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атырауда бір отбасы жұмбақ жағдайда із-түзсіз жоғалып кетті. Алдын ала дерекке сүйенсек, хабарсыз кеткендер саны алты адамға дейін жетуі мүмкін. Туыстарының айтуынша, әуелі жалғыз ұлы Наурыз «жұмыс таптым» деп кеткен, артынан «дәрігерге барамыз» деген отбасы мүшелері үйге оралмаған. Үйі мен мал-мүлкі сол күйі қалған.
Сондай-ақ қараша–желтоқсан айларындағы зейнетақы мен жәрдемақылардың толық шешіліп алынғаны анықталды. Полиция іздестіруді 29 желтоқсанда жариялап, желіде отбасының байланыс нөмірлері арқылы жүрген жері анықталғаны айтылған видео тарады.
Толығырақ видеода⤴️

👍2🤯1😢1
Отбасы банк операциялары істемей тұр
«Отбасы Банк» жүйесінде техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізілуде.
Сондықтан банк бөлімшелері, «Баспана Маркет» платформасы және мобильді қосымша арқылы операциялар уақытша қолжетімсіз.
Сонымен қатар, байланыс орталығы да уақытша жұмыс істемейді.

🤬4😢1
🔹Алматыны Нью-Йорк, Париж сияқты «ұйықтамайтын қалаға» айналдыру тапсырылды – Тоқаев
🔹«Темір торға байлап іліп қойған»: Шымкенттегі колония қызметкерлері сотталғандарды азаптады деген күдікке ілінді
🔹Астанада былтыр жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
🔹Трамп енді Колумбия, Мексика және Кубаға ескерту жасады
🔹Ақтауда ер адам досын пышақтап тастады
🔹Есірткі жасарып барады: мектеп партасынан басталған қауіпке «Дала Қырандары» тосқауыл қойды
🔹Атырауда жоғалған отбасының қызы мен күйеубаласы шетел асып кеткен
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Боран және қалың қар: сейсенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды «Қазгидромет». Солтүстікте қалың қар жауады, ал батыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Сондай-ақ ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Астана қаласы мен 16 өңірде дабылды ескерту жарияланды.

👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Отшашудың қауіпті салдарын көрсеткен видео жарияланды
Әлеуметтік желіде ер адам түсірген бейнежазба тарады. Видеода отшашу кенеттен дұрыс бағытта атылмай, қауіпті сәт туындағаны байқалады. Оқиға салдарынан ер адамның сырт киімі күйіп кеткен. Ол бұл жағдайды өзгелерге сабақ болсын деген мақсатта жариялап, қазақстандықтарды отшашу қолданғанда барынша сақ болуға үндеді.

🤯5😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Іс жүзінде нәтиже керек»: Бектенов жауапты тұлғаларға талапты күшейтті
Бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының жуырдағы сұхбатына тоқталып, атқарушы органдардың жұмысына қатысты қатаң талап қойды.
Оның айтуынша, ендігі уақытта бос уәде мен ұзақ сөзге емес, нақты іске көшу қажет. Әкімдер мен министрлер бюджет қаражатын тиімді пайдаланып, елге шынайы пайда әкелетін нәтижелерге қол жеткізуі тиіс.
«Егер қазіргі талаптарға сай жұмыс істей алмайтын болсаңыздар, оны ашық мойындаңыздар. Біз бұл мәселені шешу жолдарын қарастырамыз. Ең бастысы – нақты нәтиже», – деді Үкімет басшысы.

👍4😐1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Щучинскіде 4 жасар бала үйден шығып кетіп, жол бойынан табылды
Ақмола облысының Щучинск қаласында төрт жасар бала қараусыз қалып, көшеге жалғыз шыққан. Жол жиегінде жүрген сәбиді көлік жүргізушісі байқап, оны полиция қызметкерлеріне жеткізген.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бала қатты абыржып тұрған. Ол тек өз атын айтып, анасының жұмыста, ал әкесінің үйде ұйықтап жатқанын жеткізе алған.
Полицейлердің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде екі сағаттан кейін баланың туыстары анықталды. Белгілі болғандай, сол сәтте бала әпкесінің қарауында болған. Әпкесі ұйықтап қалған кезде сәби өздігінен киініп, үйден шығып кеткен.

🤯4
2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды.
Президент Үкіметке аталған жылды өткізуге бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны сапалы жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.

Атырауда жоғалып кеткен отбасы: ерлі-зайыптының денесі табылды
Атырау облысы Қызылқоға ауданында хабар-ошарсыз кеткен ерлі-зайыптылардың мәйіті үй ауласындағы сарайдан табылды.
Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер іздестірілуде.
Тағы екі адамның қайда екені анықталып жатыр. Іздестіру бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілуде, кей нөмірлер Шымкентте тіркелген, ал үйдің қызы мен күйеу баласы Өзбекстан арқылы басқа елге кеткені анықталған.

😢3
🔹Тоқаев 2026 жылды ресми түрде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады
🔹Атырауда жоғалып кеткен отбасы: ерлі-зайыптының денесі табылды
🔹СҚО-да ІІ Дүниежүзілік соғыстың соңғы ардагері қайтыс болды
🔹«Аса қорқынышты»: Экстрасенс жоғалған атыраулық отбасыға болжам жасады
🔹«Үйіне жібермей қойған»: Кентаудағы жарылыстан 18 жастағы қыз көз жұмды
🔹Қостанай облысындағы шахтада жарылыс болып, жұмысшы зардап шекті
🔹«Жұмыс істей алмасаңыздар ашық айтыңыздар»: Олжас Бектенов шенеуніктерге маңызды үндеу жасады
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Қазақстанда сәрсенбіге дабылды ескерту жарияланды
7 қаңтар күні елдің 14 облысында дабылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірлерде қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 23–28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қолайсыз ауа райы Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарын, сондай-ақ Абай мен Ұлытау облыстарын қамтиды.
Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау, Атырау, Орал және Шымкент қалаларында боран мен тұман салдарынан көріну қашықтығының төмендеуі күтіледі. Жолдарда көктайғақ болуы мүмкін.

Тоқаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады
Құттықтау мәтінінде христиан діні және басқа да әлемдік дәстүрлі діндер әділдік, мейірімділік пен ізгілік идеалдарына негізделгені атап өтілген.
«Православие еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отансүйгіштік, еңбекқорлық және отбасылық құндылықтар рухында тәрбиелеуге маңызды үлес қосып келеді», — деп атап өтті Президент.
Бірлік, ынтымақ және өзара көмек қағидаттары мемлекет жетістіктерінің берік іргетасы болып қала береді.
Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға зор денсаулық, табыс және әр шаңыраққа бақ-береке тіледі.

8 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі
8 қаңтарда Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстанның 15 облысында дабылды ескерту жарияланды. Елдің көп бөлігінде түнде және таңертең тұман түсіп, бірқатар өңірде көктайғақ болады. Кей аймақтарда жел күшейіп, екпіні 20–25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жол қозғалысына қатысушыларға сақтық шараларын күшейту, ал тұрғындарға ауа райының қолайсыздығын ескеріп, алыс жолға шықпау ұсынылады. Құтқару қызметтері мен коммуналдық мекемелер жоғары дайындық режиміне көшірілді.

👍1