RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Геннадий Головкин Сауд Арабиясында Криштиану Роналдумен кездесіп, келесі жылы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін айтты.

Екі спорт жұлдызы жылы жүздесіп, бұрын 2020 жылы DAZN жобасында бірге қатысқанын еске алды.

https://t.me/sn_kz
🔥5👍3👎1
29 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

29 желтоқсанда Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклон жырасының ықпалында болады. Соның салдарынан солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде қар жауып, боран соғады. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын, яғни жаңбыр мен қар күтіледі. Ал солтүстік-шығыс пен шығыс өңірлерде антициклонның сілемі әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Сонымен қатар Қазақстанның 15 облысында дабылды ескерту жарияланды. Мамандар тұрғындарды ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.

https://t.me/sn_kz
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Oktagon 81 турнирінде сенімді жеңіске жетті

Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов Прагада өткен Oktagon 81 турнирінде чехиялық Давид Дворжакты техникалық нокаутпен жеңіп, аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Жекпе-жектің үшінші раундының соңында Жұмағұловтың жойқын оң жақ соққысы қарсыласын теңселтіп, кейінгі соққылар сериясы төрешіні айқасты тоқтатуға мәжбүр етті. Бұл жеңіске RDXsports.com шолушысы Саймон Хэд жоғары баға берді.
👍2🤯1
Тоқаев 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейінгі «Бірлігіміз – әралуандықта» тұжырымдамасын бекітті. Құжат Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі дамытуды және елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуды көздейді.

Тұжырымдамада қоғамды ұйыстыруға бағытталған жаңа қағидаттар мен тәсілдер қарастырылған. Атап айтқанда, этносаралық өзара түсіністікті арттыру, азаматтық бірегейлікті күшейту, мәдени әралуандықты сақтау және инклюзивті қоғамдық диалогты дамыту мәселелеріне басымдық берілген.

https://t.me/sn_kz
👍4
«Жалған ажырасады»: әлеуметтік көмекті теріс пайдалануға қарсы бақылау күшейтіледі

Әлеуметтік жәрдемақы алу үшін кейбір азаматтардың заңды айналып өтуге тырысатыны айтылды. Қаржы вице-министрі әлеуметтік көмектің тек шын мәнінде мұқтаж жандарға берілуі керектігін атап өтіп, осы бағытта бақылау күшейтілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттен қолдау алу үшін жалған келісімдер жасалып, тіпті ресми түрде ажырасу фактілері де кездеседі.

Алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтар анықталып, негізсіз төленіп отырған қаржы нақты көмекке зәру адамдарға қайта бағытталмақ.

Айта кетейік, 2026 жылы әлеуметтік салаға республикалық бюджеттен 10,5 трлн теңге қарастырылған.
👍2
Түркістанда келін енесінің алтындарын ломбардқа өткізіп, құмар ойындарға жұмсаған

Түркістан облысында полиция аса ірі көлемдегі ұрлық дерегін анықтады. Бір үйде бірге тұратын келін енесіне тиесілі жалпы құны 8,5 миллион теңгеге бағаланған алтын бұйымдарды ұрлап, оларды ломбардқа тапсырған.

Алынған қаражаттың барлығын күдікті құмар ойындарға жұмсағаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
🤯6
Қазақстанда боран мен қар: 16 облыста дабылды ескерту жарияланды

30 желтоқсанда Астана қаласы мен Қазақстанның 16 облысында дабылды ескерту жарияланды. Синоптиктер ауа райының күрделенетінін ескертеді — бірқатар өңірлерде жаңбыр мен қар, боран, тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады. Елордада жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Қолайсыз ауа райы елдің солтүстік, батыс, орталық және оңтүстік өңірлерін қамтиды. Кейбір облыстарда қалың қар немесе жаңбыр жаууы ықтимал, ал тас жолдарда көріну қашықтығы төмендеп, көктайғақ болады.
🤔3👍1
Ақордада 2025 жылдың қорытындысы жарияланды

Қазақстан экономика және әлеуметтік салада бірнеше ірі жобаны жүзеге асырды. Елде жүздеген жаңа өндіріс іске қосылып, тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Руслан Желдібай мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарларымен елдің 9 өңірін аралап, 50-ден астам өндірістік, ғылыми және әлеуметтік-мәдени нысандарды көрді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6 пайыздан асады деп күтілуде. Бұл соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш болмақ. Қазақстан тарихында алғаш рет жалпы ішкі өнім көлемі 300 млрд АҚШ долларынан асады деп болжануда. Жан басына шаққанда бұл көрсеткіш 15 мың АҚШ долларын құрайды.

Президент 23 елге сапар жасады. Ол Ресей мен Өзбекстанға екі рет барды, сондай-ақ Қытай, Түркия, Жапония, Иордания, Қырғызстан, АҚШ, Түрікменстан, БАӘ, Әзербайжан, Тәжікстан елдеріне ресми сапарлармен барды.
👍2🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қарағанды–Астана тасжолы көктайғаққа байланысты уақытша жабылды

Қолайсыз ауа райының салдарынан Қарағанды мен Астананы байланыстыратын автожолда қозғалыс уақытша тоқтатылды. Жол жамылғысы мұз болып қатып, көліктердің еркін жүруіне айтарлықтай қиындық туғызуда. Тараған видеоларда тасжолдың қатты тайғақ екені анық байқалады.

Осы жағдайға байланысты патрульдік полиция қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Ішкі істер министрлігі жүргізушілерге алыс жолға шықпауға, сақтық шараларын күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.
🤯2😢1
Kundelik: желіде тараған оқушылар деректері өзектілігін жоғалтқан

Kundelik желіде тараған оқушыларға қатысты ақпараттың қазіргі таңда маңызын жоғалтқанын мәлімдеді. Компанияның ресми хабарламасына сәйкес, таралған деректер 2016 жылға тиесілі.

Аталған мәліметтердегі балалар бүгінде кәмелет жасына жеткен, сондықтан оларды берілген жиынтық ақпарат арқылы анықтау мүмкін емес. Kundelik өкілдерінің айтуынша, аты-жөні, сыныбы мен мектебі секілді тіркеу деректері қазір өзектілігін жоғалтқан әрі пайдаланушыларды сәйкестендіруге жарамсыз.

Сонымен қатар компания Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік техникалық қызметпен бірлесе отырып, оқушылардың жеке деректерін қорғау шараларын күшейтетінін хабарлады.
👍3🤯1
Астанада автобус аялдамасынан ер адамның мәйіті табылды

Қалалық әкімдік аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ресми мәліметке сәйкес, марқұмның көктайғақ салдарынан тайып құлап, қайтыс болды деген ақпарат расталмады.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, А108 көшесіндегі автобус аялдамасынан ес-түссіз жатқан ер адам анықталған. Оқиға орнына жедел жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның биологиялық өлімін тіркеген.

Қазіргі уақытта полиция марқұмның жеке басын анықтады.
🤯2😱1😢1
Бестерек ауылындағы қайғылы оқиға: балаларды қағып кеткен жүргізуші 9 жылға бас бостандығынан айырылды

Бестерек ауылында алты баланы көлікпен қағып кеткен 55 жастағы ер адамға сот үкімі шықты. Ол төрт баланың өліміне себепкер болғаны үшін кінәлі деп танылды.

Белгілі болғандай, сотталушы эпилепсия диагнозымен дәрігерлік есепте тұрғанына қарамастан, автокөлік басқарған. Сот шешіміне сәйкес, ол қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесінде жазасын өтейді және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сонымен қатар, қаза тапқан балалардың отбасыларына жалпы сомасы 50 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Қайғылы оқиға 19 тамыз күні болған. Сол күні ер адам үй маңында ойнап жүрген балаларды көлігімен қағып кеткен. Ауыр соққы салдарынан алты баланың төртеуі көз жұмды.
🤔2
Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

– Бибісара Асаубаева Қазақстаннан шыққан блицтен үш дүркін әлем чемпионы және майталман шебер ретінде дүниежүзілік шахмат тарихына енді.

Қазақстандық шахмат қауымдастығы мемлекетіміздің көк туын жаһандық аренада биік желбіреткен отандасымыздың жеңісін мақтан тұтады.

Бибісара Асаубаеваның халықаралық жарыстардағы айтулы жетістіктері мен ел шахматын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін оны ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым, – делінген құттықтауда.
👍5👎2🔥1
31 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі

Қазақстанның 15 облысында ертеңге дабылды ескерту жарияланды. Бірқатар өңірлерде жаңбыр мен қар, боран, тұман және көктайғақ болады деп болжануда. Қолайсыз ауа райы Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында, Павлодар, Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында күтіледі.

Кейбір аймақтарда жел күшейіп, екпіні кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Әсіресе Маңғыстау облысында, Абай облысында және елдің солтүстігінде желдің күшеюі болжануда. Қарағанды, Орал, Павлодар, Ақтөбе, Петропавл, Атырау, Қостанай және Қызылорда қалаларында қар жауып, боран соғып, көктайғақ пен тұман күтіледі.
👍2
ЕАЭО-ның бәсекеге қабілеттілігін нығайту ортақ міндетіміз – Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына Қазақстан Республикасының Ұйымға төрағалығы басталуына орай үндеужолдады.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді.

Биыл Еуразиялық экономикалық одақ үшін мерейтойлық жыл болды. Біз интеграциялық бірлестігімізді дамытудың екінші онжылдығына нық сеніммен қадам бастық. Соңғы жылдардағы жаһандық дүрбелеңдерге қарамастан мемлекеттеріміздің экономикасы оң қарқын алды.

Алдағы ортақ міндетіміз – ЕАЭО-ның әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін нығайту, интеграциялық тиімділігін күшейту.

Толығырақ

https://t.me/sn_kz
👍5
Президент мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды

Ақорда стипендия алған қайраткерлердің тізімін жариялаған. Олардың арасында Бибігүл Төлегенова, Тұңғышбай Жаманқұлов, Зейнеп Ахметова, Самал Еслямовалар бар. 

Толық тізімді мына сілтемеден оқуға болады.

https://t.me/sn_kz
👍7
Астанада көктайғақ салдарынан 572 адам жарақат алған

30 желтоқсанда травматология пункттеріне жүгінгендердің басым бөлігі – 419 адам – көшеде тайып құлап, жарақат алғаны хабарланды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

https://t.me/sn_kz
🤯3
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «2025 жыл – халқымыз үшін мерейлі жыл»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтап, 2025 жыл ел үшін табысты әрі маңызды кезең болғанын атап өтті. Ел экономикасы өсіп, ішкі жалпы өнім 6 пайыздан асты, алтын-валюта қоры 62 миллиард долларға жетті. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, тұрғын үй, жол, мектеп және медицина нысандары салынды.

Президент ауыл шаруашылығына, білім, ғылым, мәдениет пен әлеуметтік салаға көрсетілген қолдауға тоқталып, еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетілгенін айтты. Заң мен тәртіп қағидаты нығайып, азаматтардың құқықтық санасы артты.

Жылқы жылын жақсылықтың нышаны деп атап өткен Мемлекет басшысы, елдің алдағы уақытта да дамудың даңғыл жолымен алға басатынына сенім білдірді.
👍2