Чемпиондар лигасы: «Қайрат» сырт алаңда «Интерден» ұтылып қалды
Алматылық “Қайрат” сырт алаңда “Интерге” қарсы ойнап, 2:1 есебімен жеңіліп қалды.
• 45-минутта Лаутаро Мартинес “Интерді” алға шығарды.
• 55-минутта “Қайрат” капитаны баспен гол соғып, есепті теңестірді.
• Артынша Карлос Аугусто шешуші гол салып, жеңісті “Интерге” әкелді.
Қақпашы Темірлан Анарбеков бірнеше қауіпті соққыны қайтарғанымен, матч италиялық клубтың пайдасына аяқталды.
https://t.me/sn_kz

👍5👎1🥰1😢1
⚡️Президент Вашингтонға барды
Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды.
Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия – АҚШ» саммитіне қатысады.

👍6🔥1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Halyk Bank-тің алаяқтармен байланысы бар ма?
Қазақстандық әйел Halyk Bank-ке шағымданды. Банк ақша салу үшін жеке деректерін қажетсіз сұратқан.
Видеоға сәйкес, банк клиенттердің жеке ақпаратын артық жинайды. Көпшілік Halyk Bank атымен жасалатын алаяқтықтардың көбеюін және банк қауіпсіздігінің әлсіздігін сынға алды.
Мұндай әрекеттер банктің беделіне нұқсан келтіріп, қоғамда сенімсіздік тудырып отыр. Мамандар қаржылық қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауды банк басты міндет етуі тиіс дейді.

😱4🤯1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Күндіздің өзінде қараңғы»: өскемендіктер уақыт айырмасын қайта қарауды талап етті
5 қарашада Өскемендегі «Достық үйі» маңына ондаған тұрғын жиналып, Шығыс Қазақстан үшін бұрынғы уақыт белдеуін қайтару мәселесін талқылады.
Акцияны Леонид Карташёв ұйымдастырмақ болған, алайда билік ұсынған уақыт пен орынды қолайсыз деп тауып, өтінішін кері қайтарып алған. Соған қарамастан, кей тұрғындар митингтің өтпейтіні туралы ақпарат алмай, алаңға келген. Белсенділер уақыттың өзгеруі адамдардың биологиялық ырғақтарына теріс әсер ететінін айтып, биліктің назарын аудартуды көздеді.
Оқиға орнында полиция мен әкімдік өкілдері болған жоқ. Әкімдік митингке рұқсат берілгенін, бірақ ұйымдастырушы одан бас тартқанын хабарлады. Ресми акция өтпесе де, Өскемен тұрғындары уақыт белдеуі мәселесін әлеуметтік желілерде қызу талқылауда.

🤯5🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте жол опырылып, бірнеше көлік асфальт астына түсті
Шымкенттің Қуныштық шағынауданында бірнеше көлік жер опырылып, асфальт астына түсіп кетті.
Қала әкімдігі оқиға ауызсу желісін тарту кезінде болғанын мәлімдеді. Жұмыстарды «Су ресурстары — Маркетинг» ЖШС жүргізген. Топырақ кері толтырылғаннан кейін шөгіп, жол опырылған.
Қазір оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр.

😱4
Ораза қашан басталады: 2026 жылдың діни күндер кестесі бекітілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, 2026 жылы:
• Ораза — 19 ақпанда басталады;
• Қадір түні — 16 наурыздан 17 наурызға қараған түн;
• Ораза айт — 20 наурыз;
• Құрбан айт — 27–29 мамыр аралығында.
Ескерту: Бұл күндер жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге өзгеруі мүмкін.

👍3
🔹Қазақстан мен АҚШ маңызды меморандумға қол қойды
🔹Енді әншілер фонограммамен ән айтқандары үшін 4 миллион теңге айыппұл арқалайды
🔹Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігімен қаққан жүргізушіге жаза кесілді
🔹9 жерден пышақ сұққан: Ақмола облысында ер адам бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған
🔹Енді алаяқтар рәсімдеген несиені банктер өз есебінен жабады
🔹Ораза қашан басталады: 2026 жылдың діни күндер кестесі бекітілді
🔹Халық кредитке тұншықты, ал банктер миллиардтап пайда табуда – депутат
https://t.me/sn_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
7 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Жұма күні елімізде күн жылынып, кей өңірлерде қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін.
• Астана: Бұлтты, қар аралас жаңбыр, жел 15–20 м/с, түнде –4…–6°C, күндіз 0…+2°C.
• Алматы: Бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +3…+5°C, күндіз +8…+10°C.
• Шымкент: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 15–20 м/с, түнде +4…+6°C, күндіз +11…+13°C.
• Ақтау: Бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +5…+7°C, күндіз +12…+14°C.
• Ақтөбе: Бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде –1…+1°C, күндіз +5…+7°C.
• Атырау: Бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +3…+5°C, күндіз +11°C шамасында.
• Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл: Бұлтты, кей жерлерде қар немесе қар аралас жаңбыр, түнде –3…–6°C, күндіз –1…+3°C.
• Жезқазған, Семей, Өскемен: Бұлтты, негізінен жауын-шашынсыз, түнде –4…–6°C, күндіз 0…+2°C.
• Қонаев, Талдықорған, Тараз, Түркістан: Бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз +3…+10°C аралығында.
• Орал: Бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +1…+2°C, күндіз +5…+7°C.
• Қызылорда: Жауын-шашынсыз, жел 15–20 м/с, түнде –1…–3°C, күндіз +8…+10°C.

«Табиғи ресурсқа бай еліңіз, парасатты Президентіңіз бар»: Трамп Қазақстанға келуі мүмкін
«Орталық Азия – АҚШ» саммитінде журналистер Дональд Трамптан Қазақстанмен ынтымақтастық туралы сұрақ қойды.
Ол АҚШ пен Қазақстан арасында жалпы құны 17 млрд доллар болатын авиация, минералды ресурстар және цифрлық технологиялар салаларындағы келісімдер жасалғанын атап өтті.
Трамп барлық бағыттың маңызды екенін айтып, болашақта Қазақстанға сапармен келуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Сіздердің еліңіз табиғи ресурстарға бай, әрі парасатты Президенттеріңіз бар», – деді ол.
https://t.me/sn_kz
👍3🔥2
🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп келіссөз жүргізді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақ үйге барды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп келіссөз жүргізді.
Ресми кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп еркін форматта әңгімелесті
Ақ үйдің іргесінде тұрып, жаңадан салынып жатқан салтанат сарайының құрылысын көрді.

👍5👏1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте блогер-журналист 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды
Шымкентте әкімдік қызметкерінен 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер-журналист ұсталды.
Полицияның мәліметінше, ол әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдарды қаралайтын материалдарды таратпау үшін ақша талап еткен.
Күдіктінің үйі мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, электронды құрылғылар тәркіленді.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

👍3🤯2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желіде тараған жалған видеоға қатысты ашық пікір білдірді
Бейнежазбада әнші белгісіз арумен құшақтасып отырғандай көрінеді, алайда ол бұл кадрлардың жасанды интеллект көмегімен жасалғанын айтты.
Әнші қаралым мен танымалдық үшін осындай жалған контент жасайтындарды қатаң сынға алды.
https://t.me/sn_kz
Бейнежазбада әнші белгісіз арумен құшақтасып отырғандай көрінеді, алайда ол бұл кадрлардың жасанды интеллект көмегімен жасалғанын айтты.
«Бұл мен емеспін! Құдай сақтасын. Ең қорқыныштысы — жасанды интеллекттің шектен тыс дамып бара жатқаны. Видеода мен емес екенім анық көрініп тұр», — деді Болманов.
Әнші қаралым мен танымалдық үшін осындай жалған контент жасайтындарды қатаң сынға алды.
https://t.me/sn_kz
😁4🤯2🤔1
Ауылда жұмыс істейтін мамандар енді 1% мөлшерлемемен үй ала алады
Қазақстанда «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 1%-дық ипотека іске қосылды.
Бағдарлама ауылда жұмыс істейтін мұғалімдер, дәрігерлер, ветеринарлар, агрономдар, әлеуметтік қызметкерлер, жаттықтырушылар және мәдениет қызметкерлеріне арналған.
Артықшылықтары:
• 100 АЕК (393 200 теңге) көтерме жәрдемақы;
• 1% мөлшерлемемен 15 жылға дейін 9,83 млн теңгеге дейін несие (үй сатып алу немесе салу үшін);
• Үйді тек өз жұмыс істейтін ауылдан алуға болады.
Шарттар:
• Соңғы 2 жылда сол ауылда үйі болмауы;
• Дипломының болуы;
• Несие алған соң кемінде 3 жыл мамандығы бойынша жұмыс істеу.
Өтінім беру:
• Ауылдан жұмыс табу немесе әкімдікке жүгіну;
• Отбасы банкінің Baspana Market платформасында онлайн өтінім беру және ЭЦҚ арқылы қол қою.

👍3🤔1