RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Депутат Бақытжан Базарбектің әйелі қызметтік пәтерін көрсетемін деп сынға қалды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің жұбайы Әдел Әділова Астанадағы қызметтік пәтерін көрсеткен видеосымен желіде қызу талқыға түсті.

TikTok-та жарияланған бейнежазбада ол жиһаздың ескі екенін айтып, «депутаттар да қарапайым жағдайда өмір сүреді» дегенді жеткізбек болған. Алайда көпшілік пәтерде отбасы тұрады дегенге сенбеді.

Пікір қалдырушылар видеода тұрмыс белгілері байқалмайтынын айтып, пәтерді жалға алған болуы мүмкін деп күмән келтірді. Кейбірі оның әшекей бұйымдары мен пәтердің орналасқан жерін де талқылап, мысқылға толы пікірлер қалдырды.

https://t.me/sn_kz
😁4🤯2
❄️ 🌧️ Жаңбыр, қар және көктайғақ: сенбіге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” болжамы бойынша, бүгін елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, көктайғақ пен бұрқасын болады.

Батыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болжануда.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және оңтүстікте — тұман түседі.

Дабылды ескерту Қазақстанның 15 өңірінде жарияланды. Толығырақ сайттан оқи аласыз.

https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жүргізуші жол полиция қызметкерін қағып кетті

Алматының орталығында жол қиылысында қозғалысты реттеп тұрған полиция қызметкерін көлік қағып кетті.

Полицияның мәліметінше, Toyota көлігінің жүргізушісі Желтоксан даңғылынан Сәтбаев көшесіне бұрылған кезде көлік ағынында тұрған инспекторды байқамай қалған.

Полицей арқа тұсынан соққы алып, жарақаттанған. Дәрігерлер оның бел тұсындағы жұмсақ тіндерінің соғылғанын және созылу барын анықтады. Қызметкер тексеруден кейін үйіне жіберілді.

Жүргізуші бірден тоқтап, жедел жәрдем шақырып, түсініктеме берген.
Аталған оқиға бойынша әкімшілік іс қозғалды.

https://t.me/sn_kz
🤯4😢2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Меркіде дәрі алу азапқа айналды: тұрғындар 7 сағат күткен

Меркі аудандық поликлиникасында дәрі алу үшін келген тұрғындар сағаттап кезекте тұруға мәжбүр. Куәгерлердің айтуынша, кейбіреулер таңғы 8-де келіп, түстен кейін ғана қабылдауға ілінген.

Поликлиникада мамандардың тапшылығы мәселесі бірнеше айдан бері шешілмей келеді. Емхана қызметкерлері кадр жетіспеушілігін алға тартса, тұрғындар жауапкершіліктің жоқтығына наразы.

“Дәрігер таппай, сағаттап отырмыз, ал кей кабинет бос тұр”, — дейді науқастар.

Ал халықтың шыдамы таусылып барады.

https://t.me/sn_kz
👍3🤯1🤬1
Боран, көктайғақ және қатты жел: 9 қарашаға арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” мәліметінше, 9 қарашада қолайсыз ауа райы сақталады. Астанада және еліміздің 13 өңірінде дабылды ескерту жарияланды.
• Астана: қар, жаңбыр, көктайғақ, төменгі боран, жел 23 м/с дейін.
• Ақмола облысы: қатты жауын-шашын, боран, көктайғақ, жел 28 м/с дейін.
• Жамбыл облысы: түнде және таңертең тұман, желдің екпіні 28 м/с дейін.
• Павлодар облысы: қар, жаңбыр, көктайғақ, жел 23 м/с дейін.
• Атырау және Батыс Қазақстан облыстары: түнде және таңертең тұман.
• Ұлытау және Қарағанды облыстары: жаңбыр, қар, боран, көктайғақ, жел 23 м/с дейін.
• Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары: қар, жаңбыр, боран, көктайғақ, тұман, жел 23 м/с дейін.
• Абай және Шығыс Қазақстан облыстары: жаңбыр, қар, көктайғақ, боран, жел 25 м/с дейін.
• Түркістан облысы: түнде және таңертең тұман, жел 20 м/с дейін.
• Ақтөбе облысы: жел 20 м/с дейін.

https://t.me/sn_kz
😱3👍1🤯1
Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады.

– Сіз теннистен жыл қорытындысы саналатын беделді жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, асқан ерік-жігердің арқасында жеңіске жеттіңіз.
Қазақстандық және әлемдік теннис спортының тарихындағы осынау айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін.
Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым.
Сізге зор денсаулық, бақ-береке және Қазақстан Республикасының даңқын асыратын жаңа жетістіктер тілеймін, – делінген құттықтауда.


https://t.me/sn_kz
👍3🔥1🥰1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түркияда ем алған сарбаз Ербаян Мұхтар елге оралды

Бұл туралы заңгер Инга Иманбай Facebook-та хабарлады. Оның айтуынша, Ербаянның жағдайы тұрақты, ал ем толық әсер етуі үшін үш ай қажет. Осы уақыттан кейін ол қайтадан Ыстанбұлға барып, реабилитацияны жалғастырады.

Ем алуына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен генерал Қайрат Үмбетов көмектескен.

«Жарақатының ауырлығына байланысты өзгеріс бірден байқалмай отыр. Бірақ Ербаян өзіне лайықты өмір сүру үшін күресіп жатыр», – деді Инга Иманбай.


Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар әскерде бас-ми жарақатын алып, комаға түскеннен кейін халықтың көмегімен Түркияда ем алған болатын.

https://t.me/sn_kz
👍6👏2🤔1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Димаштың Испаниядағы концерті аншлагпен өтті 🇪🇸🎶

«Испанияның ғажайып халқы мен Барселонадағы менің концертіме келген барлық жанкүйерлерге үлкен алғыс! Сіздердің сүйіспеншіліктеріңізді сезіну – шексіз қуаныш. Ертең Лондонға ұшамыз, Wembley Arena-да кездескенше!»— деп жазды Димаш Құдайберген.


https://t.me/sn_kz
👍4🔥4
10 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Елдің көп өңірінде жауын-шашын болады, шығыста қар жауады. Солтүстік, шығыс және орталықта көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі.
• Алматы: Бұлтты, жауын-шашынсыз, +0…+2°C.
• Астана: Бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 15–20 м/с, 0…–2°C.
• Ақтау, Атырау: Тұман, +4…+6°C.
• Ақтөбе: Жаңбыр, +3…+5°C.
• Өскемен, Семей: Қар, –5…–7°C.
• Қарағанды: Жаңбыр, қар, көктайғақ, –3…–5°C.
• Петропавл: Қар, бұрқасын, тұман, –8…–10°C.
• Қостанай: Жауын-шашын, +1…+3°C.
• Оңтүстік облыстар: Бұлтты, жауын-шашынсыз, +1…+3°C.

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан жол қозғалысы шектелді.

https://t.me/sn_kz
👍4🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтаудағы мектептер қауіпсіз – полиция жалған хабарды теріске шығарды

Желіде Ақтау мектептерінде террористік акті болады деген жалған хабар тарады.
Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Тәртіп сақшылары барлық мектепті тексеріп шықты, ешқандай қауіп анықталған жоқ.

Сондай-ақ мектепте кепілге алынғандар бар деген мәлімет те шындыққа жанаспайды.
Білім басқармасы 10 қараша күні сабақтар дәстүрлі форматта өтетінін хабарлады.

Полиция тұрғындарды тек ресми дереккөзге сенуге шақырып, көрінеу жалған ақпарат таратқандарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

https://t.me/sn_kz
👍3🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Тарих жазды»: Қазақ киберспортшысы миллион долларлық турнирдің үздігі атанды

Киберспорт әлемінде аты дүркіреп шыққан Данил Голубенко, яғни molodoy, тағы бір ірі жетістікке қол жеткізді. Ол Қытайда өткен IEM Chengdu турнирінде жеңіске жетіп, ең үздік ойыншы (MVP) атанды.

Бұл — оның соңғы айлардағы екінші ірі жеңісі. Қыркүйек айының соңында Данил FISSURE PLAYGROUND 2турнирінде де топ жарып, сол кезде де үздік ойыншы атағын иеленген болатын.

Қысқа мерзім ішінде екі мәрте MVP атағын алу — киберспортта сирек кездесетін жетістік. Golubenko өзінің жоғары шеберлігін тағы бір дәлелдеп, халықаралық деңгейде қазақ киберспортшыларының абыройын асқақтатты.

https://t.me/sn_kz
👍5🔥1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында спорттық жарыстан кейін бапкерлер төбелесіп қалды

Степногорскіде өткен балалар арасындағы спорттық жарыстан кейін бапкерлер жұдырықтасып қалды.

Әлеуметтік желідегі region03.kz парақшасында олардың төбелесіп жатқан видеосы тарады. Оқиға жарыс аяқталған сәтте трибуна маңында болған.

Куәгерлердің айтуынша, қақтығысқа төрешінің шешімі себеп болған. Ата-аналар төбелесті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Қазір оқиғаға байланысты полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

https://t.me/sn_kz
🤯3😱2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Астанада әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шықты

Астанадағы Үкімет үйі жанында қызметінде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шығып, наразылықтарын білдірді. Оларды ғимарат ішіне кіргізіп, журналистер қатысуымен іште талаптарын айтты.

Аналар үш жыл бойы ештеңе өзгермегенін айтып, Президент әкімшілігінің қызметкерлерімен, соның ішінде генерал Қайсар Үмбетов, Ұлттық гвардия мен Қорғаныс министрлігінің өкілдерімен кездесуді талап етті. Ғимарат сыртынан ер адам оларды тарауға шақырды, бірақ аналар кездесуге шақырылғандарын айтты.

Видео: FB/ Erzhan Shamsha

https://t.me/sn_kz
👍2🤯2😢2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанадағы LRT пойызы ішкі көрінісі: алғашқы видео пайда болды

Видео «Левый берег Астана события» парақшасында Threads платформасында жарияланған.

Видеоны түсірген автордың айтуынша, ол пойыздың ішін алғашқылардың бірі болып түсірген. Кадрлардан көрініп тұрғандай, Астана бойынша жүруге дайын.
Пойыз ішкі көрінісі бойынша Алматы метросына ұқсайды. Негізгі айырмашылығы – терезеден көрініс: қараңғы туннельдің орнына – астаналық көшелер мен ғимараттар.

Еске сала кетейік, қыркүйек айында Астанада LRT-ның тестілік жүруі өтті. Аким Жеңіс Қасымбектің мәлімдеуінше, желтоқсан айының соңына, сондай-ақ қаңтардың басы мен ортасына қарай барлық составтар тестілік режимде іске қосылады. Жобалық бойынша жол жүру құны – 200 теңге.

https://t.me/sn_kz
👍4
RF
Астанада әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шықты Астанадағы Үкімет үйі жанында қызметінде қаза тапқан сарбаздардың аналары митингке шығып, наразылықтарын білдірді. Оларды ғимарат ішіне кіргізіп, журналистер қатысуымен іште талаптарын…
Қорғаныс министрлігі қаза болған және зардап шеккен сарбаздардың ата-аналарымен кездесуден кейін мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі 10 қарашада қаза болған және зардап шеккен әскери қызметкерлердің ата-аналарымен кездесу өткенін растады.

Ведомство ашық диалогқа дайын екенін және әрбір істі жан-жақты қарауға уәде берді.

Министрлік әскерде тәртіп пен моральдық ахуалды жақсарту шаралары жүргізіліп жатқанын, бақылау күшейіп, психологтар тартылып, жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйелері енгізіліп жатқанын хабарлады.

https://t.me/sn_kz
👍3🤯2