RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
Астанада және 15 облыста дабылды ескерту жарияланды

Алдағы тәуліктерде еліміздің әр өңірінде тұман, боран, көктайғақ және екпінді жел күтіледі.

Ең күрделі жағдай солтүстік пен шығыста болжанып отыр — Шығыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында қар жауып, боран соғуы және жолдардың көктайғақ болуы мүмкін. Жетісу мен Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін күшеюі ықтимал. Ал Маңғыстау, Атырау, Қостанай және Павлодар өңірлерінде қалың тұман күтіледі.

Елордада синоптиктер жолдарда көктайғақ болатынын ескертеді.

https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
“Қазақ Аруы–2025” байқауының жеңімпазы анықталды

Алматыдағы Республика сарайында өткен ақтық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 қыз қатысып, өз бақтарын сынады.

Финалдағы дауыс беру қорытындысына сәйкес, дизайнер Дария Қуатжан бас жүлдені жеңіп алып, “Қазақ Аруы–2025” тәжінің иегері атанды.

Ол жалпы 22 771 дауыс жинап, үздік нәтиже көрсетті.

https://t.me/sn_kz
🔥3👍1
2026 жылдан бастап зейнетақы жарналарын төлемегендердің шоттары бұғатталуы мүмкін

Үкімет міндетті және кәсіби зейнетақы жарналарын есептеу ережелерін жаңартты. Жаңа талаптар жұмыс берушілерге, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға, жеке кәсіпкерлерге және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты болады.

Негізгі өзгерістер:
• Міндетті кәсіби зейнетақы жарналары барлық айлық табыстан есептеледі.
• Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар БЖЗҚ-ға жарналарды өздері есептеп, ай сайын 25-іне дейін төлейді.
• Қарыз көлемі 6 АЕК-тен (2026 жылы – 25 950 тг) асса, мемлекеттік кірістер органы хабарлама жібереді. 10 жұмыс күні ішінде қарыз өтелмесе, банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады.
• Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге жұмыс беруші кәсіби жарнаны өз есебінен ай сайын төлейді.
• Интернет арқылы қызмет көрсететіндер мен платформалық жұмыспен қамтылғандарға да талаптар қолданылады. Платформа операторлары жарна төлеу агенті болады.

Қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

https://t.me/sn_kz
🤯3👍1🤔1
⚡️Президент: «Жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына және нақты жоспары бар инвесторларға берілуге тиіс»

Президент ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселесін сынға алып, жерді жұмыс істей алатын азаматтарға ғана беру керектігін айтты. Соңғы екі жылда қайтарылған 14 млн гектар жердің әлі күнге дейін толық айналымға енгізілмегені сыналды. Жайылымдар ауыл тұрғындары мен нақты бизнес-жоспары бар инвесторларға берілуі тиіс.

Сондай-ақ Президент:
• жердің кадастрлық құны нарыққа сай емес екенін,
• жердің электронды конкурс арқылы ашық бөлінуі қажет екенін,
• бос жатқан жерлерді бақылау жүйесін түбегейлі жаңарту қажеттігін атап өтті.

Үкіметке келесі жылдың ортасына дейін мал шаруашылығын қолдау жоспары мен Жер ресурстарының бірыңғай цифрлық картасын әзірлеу тапсырылды.

https://t.me/sn_kz
👍5
Тоқаев ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауда әуе тасымалдарын белсендірек қолдануды тапсырды

Президенттің айтуынша, Қазақстан Азия елдеріне ет өнімдерінің ірі жеткізушісіне айнала алады, бірақ әзірге қой еті экспорты бойынша басқа мемлекеттерден қалып отыр.

Ол қой шаруашылығының әлеуетін ашуға жағдай жасап, логистика, стандарттар және маркетингті ескере отырып, аграрлық экспорттың нақты жоспарын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

https://t.me/sn_kz
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Банктегі тіл дауы: қызметкердің жауабы халықтың ашуын туғызды

Home Credit Bank бөлімшесінде түсірілген видео қоғамда резонанс тудырды. Онда банк қызметкерінің «қазақшасы керек емес» деген сөзі халық тарапынан мемлекеттік тілдің мәртебесін жоққа шығаратын өрескел әрекет ретінде бағаланды.

Сарапшылар мұндай қарым-қатынастың қаржы ұйымы үшін имидждік соққы екенін, ал клиентке құрметтің мүлде сақталмағанын атап өтуде. Банк филиалында мемлекеттік тілдегі ақпараттың болмауы – тек талапқа ғана емес, қазіргі қоғамның сұранысына да қайшы. Үкімет мемлекеттік тілді қолдау туралы шешімдер қабылдап жатқанда, ірі қаржы ұйымының мұндай әрекеті ашық немқұрайдылықты көрсетеді дейді мамандар.

Бұл оқиға банктердің қызмет көрсету мәдениетін қайта қарау қажеттігін айқын көрсетті.

https://t.me/sn_kz
🤯5🤬2😢1
🇰🇿🇺🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысын Шавкат Мирзиёев ресми қарсы алды. «Шығыс» әуежайында Құрмет қарауылы сап түзеді, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін екі президент ресми делегацияларды таныстырды. Сапар бағдарламасына сәйкес келіссөздер және Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Мемлекеттер басшылары «Ташкент-Хумо» әуежайында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын тереңдету туралы пікір алмасты.

https://t.me/sn_kz
👍4🔥1
Қазақ поэзиясы қара жамылды: Күләш Ахметова қайтыс болды

Мәдениет және ақпарат министрлігі ақынның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның нәзік лирикасы, азаматтық үні және ұлттық руханиятқа қосқан үлкен еңбегін атап өтті.

«Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар» сияқты жинақтары бірнеше буынның эстетикалық танымын қалыптастырғаны айтылды. Ақынның жарқын бейнесі мен мол мұрасы халық жадында мәңгі сақталатыны жеткізілді.

https://t.me/sn_kz
😢5
Жаңбыр, қар және тұман: Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Бүгін елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды “Қазгидромет”. Қазақстанның басқа өңірлерінде жауын-шашын болмайды.

Солтүстік аймақтарда боран соғып, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады.

Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман болжанған. Дабылды ескерту 15 өңірге жарияланды. Толығырақ сайттан оқи аласыз.

https://t.me/sn_kz
👍3
Қазақстан Президентіне Өзбекстанның ең жоғары наградасы табысталды

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты «Олий даражали Дўстлик» («Достық» жоғары дәрежелі) орденімен марапаттады.

Мемлекет басшысы бұл орден Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың шынайы сипатын айқын көрсететінін атап өтіп, бауырлас елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту маңызды екенін баса айтты.
👍2🔥2
Акмола облысында 14 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

Ақмола облысының Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жараларынан көз жұмды. Полиция оқиға бойынша дереу қылмыстық іс қозғап, күдіктінің тұлғасын анықтады. Ер адам қашуға әрекеттенгенімен, полицейлер оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция басшылығы істі ерекше бақылауға алғанын және күдіктінің заң алдында қатаң жауап беретінін атап өтті.

https://t.me/sn_kz
🤯4
Тоқаев және тағы төрт елдің басшылары Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиёев, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон суретке түсті.

https://t.me/sn_kz
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚽️ Дастан Сатпаев гол соқты

Қазақстан 1:0 Бельгия

https://t.me/sn_kz
🔥4👍1
Бельгия есепті теңестірді

🇰🇿 Қазақстан 1:1 Бельгия 🇧🇪

https://t.me/sn_kz
😢3
Қазақстан құрамасы Бельгиямен 1:1 нәтижесімен тең ойнады.

ӘЧ іріктеуінде Талғат Байсуфиновтың командасы қарсыласына лайықты қарсылық көрсетіп, 9-минутта Дастан Сәтпаев гол соқты.

Осы матчпен Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін аяқтады.
👍4
“Қазгидромет” 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде тынық ауа райы күтіледі.

Тек батыс пен солтүстік-батыста өтетін фронтальды жүйелердің әсерінен жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көріну деңгейі төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жел күшейіп, кей жерлерде екпіні артуы ықтимал.

https://t.me/sn_kz
👍4