RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
Қазақ поэзиясы қара жамылды: Күләш Ахметова қайтыс болды

Мәдениет және ақпарат министрлігі ақынның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, оның нәзік лирикасы, азаматтық үні және ұлттық руханиятқа қосқан үлкен еңбегін атап өтті.

«Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар» сияқты жинақтары бірнеше буынның эстетикалық танымын қалыптастырғаны айтылды. Ақынның жарқын бейнесі мен мол мұрасы халық жадында мәңгі сақталатыны жеткізілді.

https://t.me/sn_kz
😢5
Жаңбыр, қар және тұман: Сенбіге арналған ауа райы болжамы

Бүгін елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды “Қазгидромет”. Қазақстанның басқа өңірлерінде жауын-шашын болмайды.

Солтүстік аймақтарда боран соғып, солтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады.

Республика бойынша желдің күшеюі мен тұман болжанған. Дабылды ескерту 15 өңірге жарияланды. Толығырақ сайттан оқи аласыз.

https://t.me/sn_kz
👍3
Қазақстан Президентіне Өзбекстанның ең жоғары наградасы табысталды

Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты «Олий даражали Дўстлик» («Достық» жоғары дәрежелі) орденімен марапаттады.

Мемлекет басшысы бұл орден Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қарым-қатынастың шынайы сипатын айқын көрсететінін атап өтіп, бауырлас елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту маңызды екенін баса айтты.
👍2🔥2
Акмола облысында 14 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды

Ақмола облысының Ынтымақ ауылында 14 жастағы қыз пышақ жараларынан көз жұмды. Полиция оқиға бойынша дереу қылмыстық іс қозғап, күдіктінің тұлғасын анықтады. Ер адам қашуға әрекеттенгенімен, полицейлер оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полиция басшылығы істі ерекше бақылауға алғанын және күдіктінің заң алдында қатаң жауап беретінін атап өтті.

https://t.me/sn_kz
🤯4
Тоқаев және тағы төрт елдің басшылары Ташкенттегі Ислам өркениеті орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиёев, Ильхам Әлиев, Садыр Жапаров және Эмомали Рахмон суретке түсті.

https://t.me/sn_kz
👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚽️ Дастан Сатпаев гол соқты

Қазақстан 1:0 Бельгия

https://t.me/sn_kz
🔥4👍1
Бельгия есепті теңестірді

🇰🇿 Қазақстан 1:1 Бельгия 🇧🇪

https://t.me/sn_kz
😢3
Қазақстан құрамасы Бельгиямен 1:1 нәтижесімен тең ойнады.

ӘЧ іріктеуінде Талғат Байсуфиновтың командасы қарсыласына лайықты қарсылық көрсетіп, 9-минутта Дастан Сәтпаев гол соқты.

Осы матчпен Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңін аяқтады.
👍4
“Қазгидромет” 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Антициклон әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде тынық ауа райы күтіледі.

Тек батыс пен солтүстік-батыста өтетін фронтальды жүйелердің әсерінен жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

Республика бойынша түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көріну деңгейі төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде жел күшейіп, кей жерлерде екпіні артуы ықтимал.

https://t.me/sn_kz
👍4
🇰🇿🇺🇿 Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысу үшін Ташкенттегі конгресс-орталыққа келді.

Қазақстан Президентін Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

https://t.me/sn_kz
👍3
Махачев UFC-дің жартылай орта салмағында чемпион болды

Ресейлік спортшы Ислам Махачев Нью-Йоркте өткен UFC 322 турнирінде австралиялық Джек Делла Маддаленаны жеңіп, жартылай орта салмақта чемпиондық белбеу иеленді.

Махачев қазылардың бірауызды шешімімен жеңіп, UFC-де екі түрлі салмақта чемпион атанған алғашқы ресейлік болды. 34 жастағы Махачев үшін бұл – 28-ші жеңіс, оның бір ғана жеңілісі бар.

Отандасымыз Шавкат Рахмонов уақыт өткізбей, Махачевті жекпе-жекке шақырды.

"Исламды тамаша өнер көрсеткенімен құттықтаймын. Бірақ 170 фунтқа дейінгі салмақтағы басты сын-қатер бәрібір мен боламын", – деп жазды Рахмонов әлеуметтік желіде.

https://t.me/sn_kz
👍4👏1
Орталық Азия мемлекеттері басшылары бірнеше құжатқа қол қойды

— Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік, тұрақтылық және орнықты даму тұжырымдамасы;

— Орталық Азиядағы қауіпсіздік тәуекелдері мен олардың алдын алудың 2026-2028 жылдарға арналған тізбесі.

https://t.me/sn_kz
👍5
Стример Mellstroy -ға Қазақстанда іздеу жарияланды

Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігі бастады.

Андрей Бурим (Mellstroy) — құмар ойындарға қатысты трансляцияларымен танымал блогер және стример.

Жуырда қазақстандықтар Буримнің онлайн-казиносын алға жылжытуға бағытталған конкурсына жаппай қатыса бастаған.

https://t.me/sn_kz
🔥3👍2
Жауын-шашын, боран және тұман — дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бүгін батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ солтүстік-батыста төменгі боран соғады деп болжанған.

Қазақстанның қалған аумағында — жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Республика бойынша тұман болады. Солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде желдің күшеюі күтіледі. Қазақстанның 14 облысында дабылды ескерту жарияланды.

https://t.me/sn_kz
👍4
Ақмола облысында бұрын адам өлтірген және шизофрения диагнозы бар азаматтар мүгедектерге қамқоршы болған

«Уәкілетті органдар әрекетке қабілетсіз азаматтарды есептен шығару жөніндегі шараларды да қабылдамаған. Соның салдарынан облыста қайтыс болған 28 адамның деректері базаға әлі де “әрекетке қабілетсіз” санатындағы тұлғалар ретінде енгізіліп тұрған», – делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, заңға қайшы тағайындалған қамқоршылар қызметінен шеттетіліп, есептік деректер түзетілді, жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

https://t.me/sn_kz
😱6🤯2😢1