RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
Петропавлда интернет желісін тарту кезінде екі жұмысшы құлады: бір адам қаза тапты

5 желтоқсанда Петропавлда интернет-кабель жүргізу барысында қайғылы жағдай болды.

Инженерлік жұмыстар кезінде көтергіш құрылғының шамамен 7 метр биіктіктен сынып түсуі салдарынан екі маман жерге құлап кеткен.

Оқиға нәтижесінде 35 жастағы жеке компания инженері сол жерде көз жұмды.
Ал «Қазақтелекомның» 31 жастағы қызметкері ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның нақты себептерін анықтап жатыр.

https://t.me/sn_kz
😢3😱2🤯1
Даулет Тұрлыханов Федерация басшылығынан кетті

Мәжіліс депутаты Даулет Тұрлыханов Қазақстанның күрес федерациясы президенті қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметі хабарлады.

ҰОК мәліметінше, федерация отырысына қатысушылардың шешімімен ұйымның жаңа басшысы болып Еркін Оқасов сайланды. Ол бұл қызметте өз еркімен кету туралы шешім қабылдаған Даулет Тұрлыхановты алмастырды.

Айта кетейік, 5 желтоқсан күні Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының отырысы өтті. Жиын барысында федерация президенті сайланып, 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды, ұлттық құрамалардың халықаралық турнирлердегі нәтижелері талқыланып, алдағы маусымға арналған міндеттер белгіленді.

Соңғы жылдары Даулет Тұрлыхановтың аты оның жақын туыстарының әрекеттеріне байланысты болған бірқатар қоғамдық дау-дамайлармен аталған еді.

https://t.me/sn_kz
👍5
Нарынқол шекара заставасында өрт шығып, екі адам қаза тапты

Алматы облысындағы «Нарынқол» шекара заставасында өрт болды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар тілсіз жауды сөндірді. Өкінішке қарай, өрт салдарынан әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

https://t.me/sn_kz
🤯4😢2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали мансабында алғаш рет әлем чемпионатын жеңіп алды

21 жасқа дейінгі таеквондодан әлем чемпионатында даянг шеберлері арасында 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Батырхан Төлеуғали алтын медаль иегері атанды. Финалдық жекпе-жекте ол ирандық Мұхаммад Ализадені 2:0 есебімен жеңді. Бұған дейін тағы үш қарсыласынан басым түсті.

Кенияның Найроби қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төмендегідей нәтиже көрсетті:

🥇 Бейбарыс Қаблан — 87 кг-нан жоғары
🥉 Тамерлан Тлеулес — 63 кг
🥇 Батырхан Төлеуғали — 87 кг-ға дейін

https://t.me/sn_kz
👍5🔥1
Ақмола облысында қолайсыз ауа райы туралы ескертіп тұрған полицейді көлік қағып, қаза тапты

Полицияның хабарлауынша, қайғылы оқиға 7 желтоқсанда, Астана–Ерейментау–Шідерті автожолында болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушілерді қауіпті жағдай, жылдамдықты төмендету және жолдың тарылуы туралы ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторын қағып кеткен.

Аталған дерек бойынша жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізіледі, – делінген полиция хабарламасында.

https://t.me/sn_kz
😢5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда ауа райы күрт бұзылады: ТЖД ескерту жасады

ТЖД алдағы ауа райына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды. 8 желтоқсанда Алматының таулы өңірлерінде қалың қар жауып, қолайсыз метеожағдай қалыптасады. Қала ішінде тұман түсіп, ауа температурасы төмендеп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал.

Осыған байланысты мамандар жолға шығар алдында ауа райын ескере отырып, бағытыңызды алдын ала жоспарлауға кеңес береді. Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында тауға шығуды уақытша шектеген жөн.

Видео: Алматы қаласының әкімдігі

https://t.me/sn_kz
🤯4
Астана, Алматы және басқа да өңірлерде дабылды ескерту жарияланды

Дүйсенбі күні Қазақстанның астанасында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Алматы қаласында тұман күтіледі, ал таулы аймақтар мен облыста қалың қар жауып, көктайғақ пен тұман байқалады.

Сондай-ақ синоптиктер елдің 14 өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертті.

https://t.me/sn_kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты: жолаушылар автобусы аударылып, 5 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат «Самара–Шымкент» тасжолының 1024-шақырымында, Ұлғайсын ауылының маңында болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, оның оң жаққа қарай аударылып кетуіне жол берген. Автобуста Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған.

Оқиға салдарынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы 11 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол апатына не себеп болғаны анықталып жатыр.

https://t.me/sn_kz
😢4🤯1😱1
Допинг дауына қатысты Жәнібек Әлімханұлы қазақстандықтарға үндеу жасады

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс айтты.

Боксшының сөзінше, нағыз жанкүйер тек жеңіс сәтінде ғана емес, қиын кезеңде де спортшымен бірге болады.

«Менің жанкүйерлерім көк байрақ желбірегенде ғана қасымнан табылатын емес, сын сәтте де қолдау көрсетіп жатқанын көріп жүрмін. Бұл – кез келген спортшы үшін үлкен бақыт», – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг анықталғаны хабарланған еді. Боксшы бұл ақпараттың өзі үшін күтпеген жағдай болғанын айтып, жаңалыққа аң-таң қалғанын жеткізді.

https://t.me/sn_kz
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сәтбаевта сауда үйінде пышақпен тұрғындарды қорқытқан күдікті ұсталды

Ұлытау облысында қоғамдық тәртіпті бұзған ер адам полицияның жедел әрекетінің нәтижесінде қолға түсті.
Оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Сәтбаев қалалық полиция бөлімінің хабарлауынша, күдікті сауда орталығына келіп, дүкен қызметкерлерімен сөзге келген. Сол сәтте ол сөреден тұрмыстық пышақты алып, күш қолданамын деп қорқытып, айналадағы мүлікке зақым келтірген.

Оқиға орнынан бой тасалап кетпек болған азамат көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

https://t.me/sn_kz
😱3🤯1🤬1
«Грэмми» жеңімпазы Иманбекке «Құрмет» ордені табысталды

«Грэмми» жүлдесінің иегері Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады.

«Бүгін осы жоғары мемлекеттік награданы табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды», – деп жазды Аида Балаева.

Сондай-ақ, орден «Құрмет» Карлыгаш Калилахановаға табысталды. Ал актер Еркебулан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды.

Айта кетейік, Иманбек Зейкенов – «Грэмми» сыйлығын алған Қазақстандағы тұңғыш музыкант.

https://t.me/sn_kz
🔥2
3 жасар баланың өлімінен кейін 622 стоматологияға тексеріс басталды

Елімізде 622 стоматологиялық клиника тексеріліп жатыр. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова соңғы уақытта жеке стоматологияларда балаларға жалпы анестезия қолдануға қатысты шағымдар көбейгенін атап өтті.

Ол жалпы анестезияның аса жоғары жауапкершілік пен қауіпсіздік талап ететін күрделі медициналық шара екенін еске салды.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиға бойынша сот процесі жүргізіліп жатыр, сондай-ақ Алматыда да тіс емдетуге барған тағы бір баланың қайтыс болғаны хабарланды.

https://t.me/sn_kz
😢4🤯1
Ел аумағында ауа райы күрт суытады

Қазақстан аумағына солтүстіктен суық ауа ағындары енеді. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде ауа райы күрт суытып, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Кейін бұл суық толқын елдің басқа аймақтарына да таралады. Көптеген өңірлерде аяз күшейіп, жел баяулап, кей жерлерде көріну нашарлайды.

Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда қар, боран, кей жерлерде көктайғақ пен тұман байқалады. Жел күшейіп, ауа райы тұрақсыз болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын аралас түрде түсіп, таулы аумақтарда қар жауады. Кей өңірлерде жаңбыр мен қар араласып, жолдарда мұз қату қаупі бар.

Батыс өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, алайда тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Жел әлсізден орташаға дейін, ауа салқындайды.

Мегаполистерде де ауа райы құбылмалы. Бір жерде қар мен жауын аралас жауса, басқа қалада тұман байқалады. Жел кей уақытта күшейіп, ауа салқындай түседі.

https://t.me/sn_kz
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының жаһандық ізгі ниет елшісі атанды

Димаш Құдайберген Женевадағы жыл сайынғы сессияда ХКҰ-ның жаһандық ізгі ниет елшісі атанды. Мәртебе оған мигранттарды қолдаудағы ұзақ жылдық еңбегі үшін берілді.

2024–2025 жылдары ол ұйыммен белсенді жұмыс істеп, ақпараттық науқандарға қатысып, адам саудасы мен осал топтарды қорғау мәселелерін көтерді және әлемдік турындағы концерттерінде ХКҰ миссиясын насихаттады.

Димаш бұл атақты үлкен жауапкершілік деп танып, гуманитарлық бастамаларды әрі қарай қолдайтынын айтты.

https://t.me/sn_kz
👍5
Түркістан облысында аурухана басшысы бюджеттен 115 млн теңгені заңсыз иемденген

Түркістан облысындағы медициналық мекемелердің бірінде күрделі қаржылық заңбұзушылық анықталды. Аурухананың бұрынғы бас дәрігері 115 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Тергеу мәліметіне сәйкес, ол медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде таныстары мен туыстарына тиесілі компаниялар арқылы бірнеше жалған келісімшарт жасаған. Нақты жабдықтарды басқа ұйым жеткізгеніне қарамастан, құжаттар бас дәрігердің бақылауындағы фирмалар арқылы рәсімделген.

Нәтижесінде ауруханадан компаниялардың есепшоттарына түскен қаражат қатысушылар арасында өзара бөлінген. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, заңсыз табысқа күдікті елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған.

Қазіргі таңда бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалып, оның сыбайласы үйқамаққа алынған.

https://t.me/sn_kz
🤯5😱1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бектенов қазақ тілінде сөйлеген вице-министрді мақтады

Бүгін өткен Үкімет отырысында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин баяндама жасады. Ол өз баяндамасын қазақ тілінде ұсынды.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов вице-министрдің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне ерекше тоқталып, оның қазақ тілінде еркін әрі сауатты сөйлеуін оң бағалады.

https://t.me/sn_kz
👍3😁2