RF
1.96K subscribers
9.25K photos
2.65K videos
10.2K links
Download Telegram
Қазақстанда ұлттық символдар бекітілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары туралы Жарлыққа қол қойды. Құжатта елдің бірегейлігін айқындайтын және айдентикада, түрлі іс-шараларда әрі Қазақстанның брендтік бейнесінде қолданылатын ұлттық символдар топтамасы көрсетілген.

Енді ұлттық символдар ретінде мыналар бекітілді:
🔹 Ұран — «Алға, Қазақстан!»
🔹 Түстер — аспан түстес көгілдір және алтын түстес
🔹 Кітап — Абайдың «Қара сөздері»
🔹 Бірлік нышаны — шаңырақ
🔹 Музыкалық аспап — домбыра
🔹 Өсімдік — қызғалдақ
🔹 Отандық өнім белгісі — «Қазақстанда жасалған» / «Made in Kazakhstan»
🔹 Хэштегтер — #Qazaqstan және #Kazakhstan

Бұл бастаманың мақсаты — ұлттық бірегейлікті нығайту, мәдени құндылықтарды дәріптеу және Қазақстанның әлемдік деңгейде танымал бейнесін қалыптастыру.

https://t.me/sn_kz
👍4