Құран аяттарына:
Көзіңмен қарасаң жазуды көресің. Ақылмен қарасаң ілімді көресің.
Жүрегіңмен қарасаң махаббатты көресің
Бүкіл жан-дүниеңмен қарасаң Алланы көресің.
Руми

❤10❤🔥2
Сен кез келген істің маманы бол, бірақ Аллаға деген шынайы махаббат қоятын болсаң
Аллаху Субханаху уа Та’аля сенің сол ісің Оның разылығына жетелейтіндей етіп жасап қояды🥹
СубханАллааа🤍🤍🤍

❤9
Ниет - ол ішкі күй.
Сенің ішкі сезімдерің кей амалдарға қарай бағыттағанда туады🤍
Рамадан аль Буты (рахимахуллах)

❤5
Аллаху Субханаху уа Та’аляның бізге бұйырып, тыйғандарына қатысты “неге?” деу әдепсіздік болады!
Неге 5 уақыт намаз (6 емес, 10 емес т.б)
Неге әйелдерге сыртта әтір себуге болмайды?
Неге біз осылай жасау керекпіз деген сияқты кеез келген дүниені айту - әдепсіздік саналады🥹

❤7
Сол сияқты неге күн ысып кетті?
Неге жаңбыр тоқтамай жатыр?
Неге кептеліс ұзақ болуда?
Неге уақыт тез өтеді?
т.б осындай өзіміз байқамайтын, бірақ қанымызға сіңіп кеткен шағымдарды айту да әдепсіздік!

Раббымыз ризығымызды әлемнің ең әдемі жерлеріне шашып тастасыншы, ал біз сол ризықты теріп жүрумен болайық🤍
❤11👍1🌭1
Әр адамды жылы үйде өзінің үйреншікті ыдысы мен жылы әңгіме күтіп тұрғаны қандай бақыт!
Күн суытса да: үй ішінің ауа райы шуақты болсыншы💛

💘6💔3❤2🔥1🍓1
Адамдармен қалай өмір сүру керек?
Өмірде соңынан көркем із қалдыратын жолаушы сияқты өмір сүр. Адамдармен бірге оларға мұқтаж жанша кішіпейіл бол, бай болсаң да оларға жақсылық жаса, қорғаушы сияқты оларды қорға, дәрігер сияқты оларға жаның ашысын. Олардың арасында етін жейтін қасқыр сияқты, ақылымен арбайтын түлкі сияқты немесе каперлігін (аңғалдығын) тосатын ұры сияқты өмір сүрме. Өйткені сенің өмірің – олардың өмірінен, сенің амандығың – олардың амандығынан, ал сен өлгеннен кейінгі жақсы атың – олардың мақтау-мадағынан тұрады. Сондықтан басыңа екі өлімді бірдей жинап алма (денеңнің өлуі мен атыңның өшуі), өзіңе екі әлемді де қарсы қойма, өзіңді екі даулы үкімге әкеліп тіреме және өзіңді екі есепке душар етпе. Ақыреттің есебі нағыз ауыр әрі қатал.
Мустафа Сибағи
“Өмір маған осыны үйретті”
(Бағлан ұстазымның арнасынан)

❤5💊1
“адамның табиғатын таныған сайын > кемшіліктерін көре тұра оған ренжімейсің”
формула: өз нәпсіңді тану (өзге адам нәпсісіне еріп жатқанын түсініп, үзір іздеу жеңіл болады)

Адам ұшырайтын дерттер екі түрге бөлінеді:
тәндік және рухани / жүрек аурулары.
Кез келген тәни аурудың ауыр деген соңы - бұл өмірде өліммен аяқталады.
Мұсылман адам физикалық науқас есептелген әр сәтіне сабыр еткені үшін ақыретте сыйларға бөленеді.
Ал рухани кеселдерге келсек: дұшпандық, тәкаппарлық, қызғаншақтық, сараңдық, өзімшілдік т.б, олардың азабы ол адам дүниеден озған соң орын алады.
Ақыретте: одан әрі мәңгілік өмірде де жаза жалғаса береді…
(Китаб аль-Хикам)

❤4
(Алла пайғамбарларын жіберу арқылы) жер бетін түзеп, жөнге келтіргеннен кейін, онда бүлік шығарып, бұзғыншылық жасамаңдар. Одан қорқып әрі мейірімінен үміт ете отырып дұға етіңдер. Шүбәсіз, Алланың рақымы (игілікті істер атқаруға келгенде ішкен асын жерге қоятын) ізгі жандарға өте жақын.
(7:56)
(7:56)
❤3💘1
"Әркімнің өлшемі мөлшеріне қарай.
Шелегің аз су алса: дарияға кінә артпа!"
Мәулана Руми

Аллаһ Елшісін ﷺ
таппаған адам нені тапты, Расулаллаһты ﷺ
жоғалтпаған адам нені жоғалтты?
Кез келген нәрсені алмастыруға болады, бірақ оны ﷺ емес…🩵

Аллаға деген махаббатқа толмаған жүрек: Алладан басқасының барлығына деген махаббатқа толады!
❤5
Әйелдер, еркек кіндік балалар, қап-қап алтын мен күміс, асыл тұқымды сәйгүліктер, төрт түлік мал және егінжай сынды нәпсінің құмарын арттыратын дүниелер адамдардың көз жауын алатындай тым тартымды етілді. Әсілі, бұлар дүние тіршілігінің (өткінші) қызығы мен бұйым-боқшасы ғана. Шүбәсіз, (адам жаны жай табатын) ең тамаша мекен Алланың құзырында.
(3:14)
(3:14)
❤7🔥1
Йа Раббым, Өзіңмен сырласатын сәттерімнің көп болуын нәсіп етші…
Өзіме қорғанды адамдардан емес, Сенен іздейінші.
Мені шынайы тәуекелшіл құлдарыңнан ет: Сен Өзіңнен тура жол сұрағандарды тура жолға салушысың, Саған жәрдем сұрап қол жайғандарға жәрдем берушісің!
Менің ашық та, жасырын жасаған күнәларым үшін кешіре көр!
Менің дұғаларыма жауап келуіне кедергі болып тұрған әрбір күнәм үшін кешірім тілеймін Өзіңнен!
Менің жүрегімді кірлерден, Өзіңнің әмірлеріңді орындауға кедергі болып тұрған дерттерден тазарта көр!
Сені және Сені жақсы көргендерді жақсы көретін жүрек сыйла!
Әрдайым тілімен де, жүрегімен де үздіксіз Сені еске алатын таңдаулылардан етші!🧡

❤13💘1
Forwarded from Olzhas Qazbek
«Сенің ілімің тірі болуы керек».
Ілім тек өзіңнің бойыңда сақталып, кітап беттерінде қалмауы керек. Адамдармен қарым-қатынасыңда, мәмілеңде, күнделікті өміріңде, дүниелік істеріңде де ілім иесі екенің көрініп тұруы керек.
Нұрбол ұстаз

❤6