𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
Рамазан айы құтты болсын!
Аллаһу Тағала абыроймен өткізіп, кешірілген құлдардың қатарынан болуымызды жазсын!
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
Voice message
осы тұстан бастап Һидая кітабынан "Ораза бабы" бойынша жазылған аудио дәрістерді тыңдай аласыздар.
Біздегі проблема кез келген мәселеге қатысты тек осы дүниелік перспективамен қарауымыз. Ал толық картина ақыретпен бірге қаралуы тиіс. Сонда ғана шешімдеріміздің салдарынан қасірет шегіп қалу ықтималдығы азаяды. #НиязАбуРумейса
Жан дүниені қозғалтқан әр сұраққа жауап табылмауы мүмкін. Алайда оның өзіндік тәрбиелік әсерін қалдырары сөзсіз. Сондықтан сұрақтан жалтарма. #НиязАбуРумейса
🖋Нияз Әбу Румейса:

☑️ Өмірде мынаны ұғынамын, әлде өмір ұғындырады дейін бе, қысқасы: арғы өмірдегі қылыштан өткір, қылдан жіңішке көпірден аман әрі машақатсыз өту үшін адам бұл дүниеде әр қадамын сол көпірдің үстінде тұрғандай жасап үйренуі керек шығар. Әр сөзінде, әр мәмілесінде, әр қарым-қатынасында - жауапкершілікпен, сақтықпен, жүрек дірілімен өмір сүруі керек сияқты. Өйткені бұл дүние - дайындық мекені. Кім осы жерде нәпсісін тежеп, әділеттен айнымай, Раббысынан ﷻ шынайы қорқып өмір сүрсе, Раббысы ﷻ оны Қияметтің үрейімен қайта қорқытпайды деген үміт бар. Кім бұл жақта қыл көпірдің машақатын сабырмен көтерсе, арғы жақта оның ауырлығын тартпайтын тәрізді. Асылында, өмірдің мәні де осы ғой. Яғни, бүгінгі таңда жүректі тәртіпке келтіріп, ертеңгі өткелді жеңілдету.

📚 Көңілдегі күнделік - күнде лық.

Canal:
https://t.me/taammul
𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
🖋Нияз Әбу Румейса: ☑️ Өмірде мынаны ұғынамын, әлде өмір ұғындырады дейін бе, қысқасы: арғы өмірдегі қылыштан өткір, қылдан жіңішке көпірден аман әрі машақатсыз өту үшін адам бұл дүниеде әр қадамын сол көпірдің үстінде тұрғандай жасап үйренуі керек шығар.…
...Бірақ қыл көпірден өтерде жан жақтан жұлмалайтын ілмектердің болатыны тәрізді бұл пәниде де жаңағы болмысыңнан ауытқыту үшін әйел затының жұлмалайтыны және бар.

📚 Кітапқа енбеген көңілде сөнбеген қосымша түртіп алары барлар.

Canal:
https://t.me/taammul
кто является автором этого вопроса
можете ещё раз написать
🖋Нияз Әбу Румейса:

Егер сізге тиімді бизнестің үштен бір үлесін беремін десе, қуанып қаларыңыз анық. Себебі оның пайдасын түсінесіз. Ал дәл сондай пайдаға толы, олжалы айдың да үштен бірі өтіп барады. Аллаһ Тағала бұл нығметтің үштен бірін есен-саулықпен өткізуіңізді нәсіп етті. Бірақ сіз оны қалай өткіздіңіз?

Күніңіз тағатта, түніңіз мінажатта өтті ме? Кешірімге бөленіп, тозақтан азат етілгендердің қатарына іліктіңіз бе? Құран тиләуатымен шұғылданып, жүрегіңізден бастап тұла бойыңызды нұрға бөледіңіз бе? Ауыз бекітіп қана қоймай, өзгеге ауыз аштыртуға да үлгердіңіз бе? Туыстармен арадағы мәмілеңізді түзеп, қарым-қатынасты нығайта алдыңыз ба? Садақаларыңыз көбейіп, оң қолыңыз бергенді сол қолыңыз білмейтін хәлге жеттіңіз бе?

Ал енді қалған екі бөлігі сізге нәсіп болмаса ше? Н/е Раббыңыз ﷻ жомарттығымен тағы бір бөлігін нәсіп етсе ше? Ал егер пәнимен қош айтысар сәтіңіз осы қасиетті айдың үштен екі бөлігін өткерумен келіп жетсе ше?

Бұл сұрақтар жүрегіңізді шымшылап қана қоймасын - қамшыласын. Шаршамаңыз. Бар мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Бұл - қанша амал жасаса да, жасағанын аз санап отырған бауырларыңыздың жүрек сөзі. Сіздер де өкініште қалмаңыздар.

Рамазан айы баршамыздың есімдеріміз бақыттылардың тізімінен табылатын ай болсын! Әмин.

Canal:
https://t.me/taammul
☑️ Жалпы, әйел заты өз өмірін тек жеке бақытымен өлшемей, үлкен аманат тұрғысынан қарауы керек. Ол - діннің, отбасының, ұрпақтың аманаты. Ол бір ердің шаңырағында береке мен тыныштық орнатып, оған Пайғамбарымыздың ﷺ аманатын атқаруға алаңсыз кірісуіне жағдай жасауды өзінің Раббысы ﷻ алдындағы күресі деп қабылдаса, бұл өте биік түсінік болар еді. Өйткені әркімнің күресі әртүрлі. Біреу майданда, біреу мінберде, біреу ілім жолында күреседі. Ал әйелдің күресі отбасының ішкі тірегін бекемдеу, ерінің рухани және жауапкершілік жолында нық тұруына сүйеу болу. Бұл әлсіздік емес, бәлки, үлкен парасат пен терең иманның көрінісі. Ұлы Раббысының ﷻ ұлық жолындағы күресі дәл осы екенін түсінген әйелдер талай ердің жолын ашар еді. Себебі ер адам сыртқы жауапкершілікті көтерсе, әйел ішкі тіршіліктің шамшырағы. Шаңырақ тыныш болса, ер де өз міндетіне берік болады. Ал бүгінгі таңда кей жағдайда өмірдің күресі жеке мүдде мен шектен шыққан "мен" ұстанымының төңірегінде ғана түсіндіріліп жүр. Кейбіреулер күресті феминизммен теңестіріп, өз құқығын қорғауды отбасының тұтастығынан жоғары қояды. Нәтижесінде, ер мен әйелдің бәсекесі пайда болып, бірлік әлсірейді. Былайша айтқанда көпшілік әйелдер ерлерін өз қамдарының жолында ғана құрбаншылыққа батырып жүр. Ал шын мәнінде шынайы күрес - бірін-бірі жеңу емес, нәпсіні жеңу ғой. Шынайы күрес - өткінші дүниенің емес, мәңгіліктің қамы. Өз болашағы, бақыты және ақыреті үшін болған күрес - Раббысының ﷻ жолындағы күрес емес пе? Қысқасы, отбасы - майдан емес, аманат. Ер мен әйел - қарсылас емес, серік. Осыны түсінген жан өз орнын да, өз күресін де дұрыс табады. Тауфиқ тек Аллаһтан ﷻ. Одан ғана үрейленіп, Оған ғана үміт қыламыз. ©#НиязӘбуРумейса

Canal:
https://t.me/taammul
☑️Құран Кәрім толықтай жазылған кітапты не себепті "Мусхаф" деп атаймыз?

➖Мусхаф/المصحف сөзі "мим" әрпінің үш түрлі харакатпен (фатха, кәсра, дамма) айтылуымен келеді. Бірақ онда даммамен айтуы көбірек таралған. Оның осылай аталу себебі "усхифа/أُصحِف" етістігінен шыққандығынан. Яғни "оның ішінде парақтар жинақталды" деген мағына береді.

Canal:
https://t.me/taammul