𝓣𝓨𝓜 𝓣𝓨𝓝' 𝓔𝓜𝓔𝓢
958 subscribers
1.02K photos
110 videos
212 files
2.26K links
السلام عليكم يا إخواني وأخواتي الكرام! مرحباً بكم!

📝бот: https://t.me/taammul_bot

‼️Дәріс каналына сілтеме:
https://t.me/tabahhurr

Анонимді сауал жолдау сілтемесі:
🔗t.me/anonaskbot?start=istiftaa
Download Telegram
➖ Имам (Ағзам)-ның (رحمه الله تعالى) борышкерлерінің қабырғасының көлеңкесінде тұрмағаны¹ туралы риуаят дәлелденбеген.

📚әл-Әшбаһ уән-Назаир.

Canal:
https://t.me/taammul

1] Өзіне титтей болсын пайда көрмесі үшін.
🖌Муфти Әбу 'Али әл-Аш'ари (حفظه الله):

Дінбұзар (еретик/зындық) - өзін мұсылман ретінде көрсеткенімен, Шариғат жүктеген діни міндеттерді (таклифті) орындауды қаламайтын адам.

Таклиф сөзі "кульфа" деген түбірден шыққан, ол белгілі бір қиындықты білдіреді. Алайда бұл мүлде мүмкін емес нәрсе деген сөз емес. Өйткені Аллаһ Тағала пендесіне шамасы келмейтін істі жүктемейді. Таклиф дегеніміз - белгілі бір ауыртпалығы бар, өзін-өзі шектеуді талап ететін міндет. Ал бұл, әсіресе, Батыс елдерінде өмір сүретін адамдар үшін өмірді едәуір қиындатады. Мысалы, тамақ мәселесінде, кейбір ойын-сауықтар мен ермектерге қатысты шектеулерде және тағы басқа жағдайларда.

Дінбұзар (еретик/зындық) - бұл діни міндеттерден (таклифтен) шаршаған адам. Бірақ ол мұны ашық түрде айта алмайды, өйткені ондай жағдайда ол діннен шыққан (муртадд) болып есептеледі. Сондықтан мұндай адам үнемі түрлі жолдарды іздейді: айналып өтудің амалдарын табуға тырысады, бәрін басқаша түсіндіруге ұмтылады, әртүрлі күмәндерді алға тартып, ақырындап шариғат үкімдерін жоққа шығаруға н/е оларды өз қалауынша қайта тәпсірлеуге көшеді. Қазіргі заманда мұны жүзеге асырудың түрлі әдістері бар. Мұның бәрінің түп-тамыры адамдарда тақуалықтың, яғни Аллаһтан қорқудың жоқтығында. Олар Аллаһтан қорықпайды. Олар тек өз өмірін өздеріне барынша жайлы етуді қалайды. Ал олардың жайлылығына кедергі келтіретіннің бәрін не қайта түсіндіру керек, не мүлде жоққа шығару керек деп санайды.

❕Аллаһу Тағала зындықтардың қатарында болудан және олардың зиянында қалудан панасына алсын баршамызды.

Canal:
https://t.me/taammul
🖌Нияз Әбу Румейса:

Қорқақ ерлер болады: өзіне де сыйы жоқ, болмысы да жалған. Олар сенімді дос та, ашық дұшпан да болуға батпайды. Бүкіл ғұмыры қуыстанумен өтіп, еркек болмысын қалыптастыра алмаған күйде сор кешеді.

📚 Екі ат. Бір жолаушы.

Canal:
https://t.me/taammul
🖌Нияз Әбу Румейса:

Хиджаб тек бастың емес, жүректің де пердесі болса ғой. Себебі ұят - адамның ішкі күзетшісі. "Пенденің де пендесі бар" дегенімізбен ұяттың да пердесі барын ұмытып бара жатқандаймыз. Адамдар неге таязданып кетті? Зинаның қармауы жауын тамшыларындай әр бұрышқа жетіп, сезім мен сананы үнсіз жаулап барады. Сыртқы көрініс емес, ішкі тазалық сақталса екен деген аңсау үнмен терең тыныстаудан басқа айтарымыз жетер құлаққа қонар емес. Бұл мазасыздығыма бәлкім сіз жетесіз, әлде жетесіз сіз.

📚 Жүрек кереңдігі - тыныстың тереңдігі.

Canal:
https://t.me/taammul
❕Хазірет Тақи 'Усмани (حفظه الله) ихтиляф әл-маталиғ тақырыбына қатысты¹ "Ханафи, Мәлики және Шафиғи мәзһабтарындағы қуатты көзқарас оның иғтибар етілмейтіндігін айта келіп, мына нәрсеге тоқталады:

– Сондай-ақ, матлағтардың (айдың туу көкжиегінің) әртүрлі болуы әрдайым жақындық не алыстықпен байланысты емес. Өйткені кейде бір-біріне жақын екі елдің матлағы әртүрлі болуы мүмкін, ал бір-бірінен алыс екі елдің матлағы бір болуы ықтимал. Себебі ай туған сәтте жер шарының үстінде доға (қисық сызық) іспетті аймақ пайда болады. Сол доғаның ішінде болғандар айды көре алады, ал оның сыртында болғандар көре алмайды. Мысалы, бір ел сол доғаның бір шетінде, оның ішінде болуы мүмкін – сонда оның матлағы доғаның сыртында тұрған, арақашықтығы аз елден өзгеше болады. Ал басқа бір ел доғаның ішіндегі қарсы шетте орналасуы мүмкін – сонда олардың арақашықтығы мыңдаған миль болса да, матлағтары бір болады.

❕Кейін ихтиляф әл-маталиғ қай жағдайда иғтибар қылынатынын қорытындылап былай дейді:

– Шейх² (رحمه الله) ұсынған тұжырымның түйіні мынау: Жалпы жағдайларда матлағтардың әртүрлілігі ескерілмейді. Алайда егер оны ескермеу белгілі бір елде айдың 29 күннен кем болып қалуына н/е 31 күнге артып кетуіне алып келсе, онда оны ескеру қажет. Өйткені бұл – нақ мәтінге (шариғи нассқа) қайшы. Бұл пікір ақылға қонымды. Бірақ, егер осы айдағы ру’ят (айды көру) үкімін алдыңғы айға да тарату мүмкін болса (яғни есептеу арқылы сәйкестендіру мүмкіндігі болса), онда мәселе өзгеше қарастырылуы мүмкін. Аллаһ Тағала жақсырақ біледі.

1] بحوث في قضايا فقهية معاصرة.
2] الشيخ العلامة شبير أحمد العثماني (رحمه الله).

❗️Тақырып тақырыпты түсінетіндерге қатысты болғандықтан барлық терминге түсініктеме берілмеді.